§1 ТҮРІКШІЛДІКТІ ТҮРЛЕНДІРГЕН
ХХ ғасыр басындағы Ресей қоғамындағы саяси-
әлеуметтік жағдай, соған орай туындаған факторлар
империяның шығыс өңірін мекендейтін халықтардың
этникалық, тілдік және діни тұрғыда тұтаса түсуіне
итермеледі. Әсіресе, 1905-1907 жылдардағы революциялық
қозғалыс Ресей мұсылмандарының саяси-идеялық тұрғыда
өсуін тездетті және ұлттық рухының оянуы мен нығаюына
әрі демократиялық принциптердің сақталуына ықпал етуші
қозғаушы күш болып табылды.
Әлбетте, этникалық сана-сезімнің өрлеу тұсында барлық
ұлттың өкілдерінде өздерінің өткен тарихына, рухани
66
құндылықтарына деген қызығушылықтары жаңа бағыт,
арнаға түсері рас.
Тарих беттерін парақтасақ, жалпы түрікшілдік идеясы
сонау Түркі қағанатының тұсында тасқа қашалып жазылған
жәдігерлерден бастау алып, бертінгі Осман империясы
құлағанға дейін ұласты. Тек XVIII-XIX ғасырдағы батыс
алпауыттары мен Ресей империясының әлемдік иелікке
ұмтылысы қарқынды бәсеңдетіп, Түркиядағы жас түріктер
(младотюрки) қозғалысына әкелді. Осындай қозғаушы
күштердің әсерінен Таяу Шығыс елдері ғана емес, Ресей
түрік мұсылмандары да ояна бастады.
Шетел капиталының Шығыс өңірді әлемдік саяси
аренадан ығыстыра бастауы ол елдердің өркениетке
ұмтылуына айрықша ықпал етті. Сөйтіп, батыстық алпауыт
мемлекеттердің қармағына ілінген мұсылмандар, оның
ішінде түріктер тіл мен дін бірлігін сақтап, жақындасуға
ниеттенді.
Тағдыры мен тарихы ұқсас, түбі бір түркі халықтарының
тұтасу процесінде тіл мен дін ерекше рөл атқарады десек,
бұл тұрғыда зиялы қауым өкілдерінің еңбектері өлшеусіз.
Басқаға қарағанда, ұлттық санасы ертерек оянған татар
халқы қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, т.б. ұлттарға үлгі-өнеге
көрсетті. Қазан, Қырым жерлерінің түлектері бүкіл түркі
халықтарының саяси-әлеуметтік, азаттық үшін күрестерінің
алдыңғы қатарынан көрінді.
Бұл ретте, біз, алдымен түркі жұртының тұлғалы азаматы
Исмаил Гаспринскийді ауызға аламыз. Оның бүкіл түркіге
түсінікті ортақ тілде «Тәрджиман» газетін шығаруы, сөйтіп,
осы негізде, түп, тіл, дін бірлігіне жол ашуы- рухани
тұрғыдағы алғашқы батыл қадам еді. Бұл жөнінде ғалым
Р.Бердібай былай дейді: «Отаршылдықтың зұлматына
душар болған түрік халықтарының ортақ мұңын сөйлеген
Исмаил Гаспринский (1851-1914) шығармалары ұлттық
сананың оянуына күшті ықпал жасады... Түрік
халықтарының өзара айырмашылықтарынан гөрі олардың
жақындықтарын насихаттауды, рухани бірлестікті күшейтуді
67
ұдайы мақсат етіп ұстану «Тәрджиманның» негізгі бағыты
болған» [1,140,142].
Шыныда оның бұл әрекеті қараңғылық пен езгі
тұмшалаған Ресей түрік мұсылмандарын өркениет өрісіне
итермелеуден туындаған теңдессіз ерлік еді. Әлемдік
өркениет жетістіктерін игерудің ең дұрыс әрі төте жолы-
ғылым мен ағартушылық деп білді ол. Сөйтіп, жаңа
бағдарламаға негізделген мектептерде дін сабағымен қоса,
дүниеуи (светские) пәндер де өткізілді. Сондай-ақ, араб
алфавитін жетілдіріп, ,жаңаша оқытудың үлгісін ұсынды.
Кейін осы Гаспринский әдісі немесе «дыбыспен оқыту
жүйесі» жұртшылық арасында кеңінен қолдау тапты. Ал,
осы «Усули-жәдит» оқыту жүйесін барынша насихаттаған
«Тәрджиман» газеті Ресей мұсылмандарының арасында
ғана емес, бүкіл шығыс елдеріне танымал беделді басылым
болды. Сөйтіп «Тәрджиман» сол тұстағы бүкіл түркі
халықтарының басын құраған орталықтың рөлін атқарды.
Демек бұл басылымның құрылтайшысы әрі редакторы-
Исмаил бей түркі жұртының тұтастығына жол бастап, оның
тіл, дін бірлігіндегі айқындамасын жасады. Ал, тұтасу, бірігу
арқылы азаттыққа апаратын бұл даңғыл жолды түркілік
түлектер жаппай қуаттады. Олар ұлт мүддесі тұрғысынан ой
өрбітіп, Ресей құзырындағы мұсылман халықтарына
қатысты ортақ мәселелердің шешімін күн тәртібіне қойды.
Сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық, тұрмыстық және мәдени-
идеологиялық қатынастарды қозғады. Ұлттық зиялылар
мәдени-ағарту орындарын көбейту, баспасөз ісін дамыту,
халықтың экономикалық жағдайын жақсарту сияқты өзекті
мәселелерді көтеріп, тіл, дін бостандығын талап етті.
Алайда, өкімет орындары, патша әкімдері ұлт өкілдерінің
талап-тілектерін аяқ-асты қылып, олардың іс-әрекеттеріне
барынша кедергі келтіруге тырысты. Ұлт мүддесін
үлпектеген ұландар саясат майданынан ауытқымай, халық
үшін қатерлі жолдан таймады.
Қазақ зиялылары да отаршылдыққа қарсы тұрып, сол
тұстағы саяси әл-ахуалды ұлттық мүддеге сай
міндеттермен ұштастыруды ұсынды. Әлбетте, саяси
68
аренадан енді көрініп келе жатқан жас қазақ
интеллигенциясы саяси-экономикалық, шаруашылық
мәселелерді шешуде біржақты принцип ұстанған жоқ.
Өйткені жаңа қалыптаса бастаған қазақ зиялылары ұлт
мүддесін қорғау мақсатында елдің прогреске жету
жолдарын іздестірумен ғана шектелді. Осыған орай ұлт
өкілдері көтерген идеялар жаппай халықтық тұрғыда қолдау
көрген жоқ. Себебі ол ұстанымдар қоғамдық санаға ықпал
ететіндей деңгейде көрінбеді.
Қазақ зиялыларының түрікшілдік идеясына бой ұруына
ғылыми талдау жасай келіп, әдебиетші-ғалым С.Әсіп оның
үш негізгі бастау көзін атап көрсетеді: «Біріншіден, ХХ
ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өздерінің бейімділігі
мен ізденістері нәтижесінде байырғы түрік мәдениетіне,
оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі
аралықтағы ұлы далаға үлкен, күшті тайпалық бірлестік
құрып, дүниежүзілік тарихта із қалдырған ұлы Түрік
қағанатының батырлық, ерлік істеріне қанық болды да,
солардың тікелей ұрпақтары ретінде өз халқын сол бай
тарихи, аталар дәстүрімен патриотизмге жігерлендіру
арқылы отарлық саясат пен ұлттық езгіге қарсы тұру
санасын оятқысы келді. Екіншіден, түрікшілдік идея, қазақ
зиялыларының пікірінше, Ресейдің қол астында отарлық
саясаттан тепкі көрген барлық түрік тілдес халықтарды бір
ту астына біріктірер бірден-бір ортақ күш ретінде танылды.
Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды
шеңгелінде ұстап тұрған екі басты самұрық құстың
тырнағынан жеке-жеке ұлт болып босанып шығулары
мүмкін еместігін анық түсіне білді. Үшіншіден, түрікшілдік,
түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының бай тілі мен
мәдениетін, тамырын тереңнен тартқан дінін дүниежүзілік
деңгейге көтеретін, сол арқылы евроцентристік
көзқарастарға тойтарыс беріп, ғылымдағы ұлыдержавалық
шовинизмді тежейтін негізгі факторлардың бірі деп
саналады» [2].
Осы үш негізгі ұстыннан бастау алатын концепция қазақ
зиялыларына ғана емес, басқа түркі халықтарының
69
тұлғаларына да тікелей тиесілі. Олай дейтініміз, түрік
мұсылман халықтары Орыс империясының зорлық-
зомбылығының ащы дәмін бірдей татты. Халықтың мұңын
ойлап, мүддесін қорғаған зиялы қауым өкілдері отарлық,
нәсілшілдік саясат пен шектен тыс езгіге қарсы күш біріктіру
үшін түрікшілдік туын көтерді.
Тегінде, Алаш ұранды азаматтардың бәрі дерлік
И. Гасприалы бастап, Г.Баруди, Р.Ибрагимов, З.Кадыри,
Ф.Кәрими, Ш.Күлтәси, Г.Буби, Ж.Валиди және т.б. татар
зиялылары жалғастырған түрікшілдік идеясынан нәр алып,
қанаттанды десек артық айтқандық емес. Өйткені, Ресей
мұсылмандарының ішінде татарлар басқаларға қарағанда ,
әлдеқайда сауатты, саяси-идеялық санасы да жетілген еді.
Мұны сол тұстағы Ресейдегі халық санағының есебін
көрсеткен құжаттар дәлелдейді[3]. Міне, соған орай, татар
интеллигенциясының шоғыры да едәуір үлкен еді.
Сонымен қатар, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» («Қазақ»
газетінен- С.С.) бола білген баспасөз ісі Татарстанда өте-
мөте жолға қойылды. Оның үстіне, қазақ зиялыларының
бәрі дерлік татар-башқұрт жеріндегі жаңа оқу үлгісінде дәріс
жүргізетін мектеп-медреселерде оқыды. Бір сөзбен
айтқанда «Алаш ұранды» (Р.Нұрғалиевтің айтуында- С.С.)
азаматтар түркішілдік идеясының ұрығын сеуіп, Ресей
мұсылмандарына арнап айтқан И.Гаспринскийдің «Тілде,
істе, пікірде- бірлік» деген девизін басшылыққа алып,
өздерінің саяси-идеялық көзқарастарын қалыптастырды.
Ал, осы жәдитшілдіктің өзі ұлттық ағым болып табылады,
өйткені, оның өкілдері ұлт мүддесінің шын жанашырлары
еді. Ұлтжанды адам әуелі өз ұлтының қамын ойлап, оның
әлемдік өркениеттен орын алуы үшін бар күш-жігерін
жұмсамағы анық. Ал, үстемдікті жақтаушы империялық үгіт-
насихат жүргізушілер ондаған жылдар бойы бұл атауға
шовинистік реңктегі әсіре қызыл ұлтшылдық сипат берді.
Бірақ ұлтшылдықтың шовинизммен үш қайнаса сорпасы
қосылмайды. Идеологиялық жүйе ретінде шовинизм бір
ұлтты екінші ұлттан жоғары қоюға, сөйтіп, бір ұлттың
басқаларға үстемдік жүргізуіне негізделген десек болады.
70
Ұлтшылдықта мұндай мақсат көзделмейді. Оның өкілі өз
ұлтының сұранысын өтеуге тырысады және ол бір ұлтты
басқаға қарсы қоюға ниетті емес, бұл-бір.
Екіншіден, жәдитшілдік- Осман түрікшілдігін уағыздаушы
бүкіл түркі халықтарын түрік сұлтанының қанатының астына
бірігуіне үндеген ағым ретінде қарастырылды.
Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл пікірде қайшылық
бар. Философ –ғалым Я.Г.Абдуллиннің пайымдауынша,
жәдитшілдік пен түрікшілдікті теңдестіру теңдестіру
қисынсыздығы мынада- біріншіден бұл атау (жәдитшілдік-
С.С.) Түркияда түркішілдік идеясы пайда болмай тұрғанда
қалыптасты. Шынында, жәдитшілдік татарлар арасында ХІХ
ғасырдың 80-жылдары пайда болды, ал бұл кезде Түркияда
османизм үстемдік етті. Тек ХХ ғасыр басында жас түріктер
қозғалысының негізінде түрікшілдік идеясының негізі
тамырын жая бастады. Демек, татар ғалымының айтпағы-
жәдитшілдік түрікшілдіктен ертерек пайда болды және оған
иек артпады дегенге саяды. Зерттеуші ойын былай
қорытындылайды: «В рамках джадидского движения
возникло призывающее к единению народов проживающих
в Российской империи. Во главе этого течения стоял
Исмагил Гаспринский. Он провозгласил лозунг «единства
мысли, слова и дела» и всю свою жизнь посветил
претворению этой идеи в жизнь. На страницах газеты
«Тарджиман», в выступлениях, звучавших в регионах
проживания тюркских народов России, он призывал их к
единению ради прогресса к созданию единой культуры и
литературы, подчеркивал необходимость совместной
борьбы во имя защиты общенациональных интересов» [4].
Алайда, ресей түріктерін империядан бөлу жәдитшілдік
концепцияға жат тұжырымдама болатын. И.Гаспринский,
керісінше, еңбектерінде үнемі түркі халықтарының Ресей
империясының қол астында тұтасу идеясын уағыздады.
Мәселен, «Орыс мұсылмандығы» атты еңбегінде: «В
моменты исторической необходимости, вошли в состав
растущей Руси царства, Рязанское, Казанское,
Астраханское, Сибирское, Крымское, далее- ханства
71
Закавказья и в последнее время- некоторе ханства
Средней Азии, где по нашему мнению, Россия еще не
достигла своих исторических естественных границ. Мы
думаем, что рано или поздно границы Руси заключат в себе
все тюрки- татарские племена» и «России суждено будет
сделатся одним из значительных мусульманских
государств, что нисколько не умалит ее значения, как
великой христианской державы» [5] -деп, өз пікірін айқын
білдіреді.
Демек, жәдитшілдіктің түрікшілдік сипаты әуелде
ресейлік (империя тұсындағы-С.С.), ал кейін кеңестік
идеологияны уағыздаушылар ойдан шығарған әрі түрік
зиялыларына таққан айып болатын. Анығында, жәдитшілдік
Ресей аумағында туындап, өрістеді. Сол себепті ол
империя ішіндегі түркі халықтарының істе, пікірде бірлік
идеясын алға тартты.
Біздіңше, түрікшілдік екі бағытта дамыды. Бірі-
Түркиядағы османшылдық идеясын тірек еткен болса,
екіншісі- Ресей өңіріндегі түркі халықтарының тұтасуын
көздеді. Нақтырақ айтқанда, біріншілері бүкіл түркі
халықтарының бір орталыққа бағынған түрік сұлтандығы
іспетті ірі мемлекет болуын аңсады. Ал, екіншілері Ресей
империясын мекендеген түркі жұртының рухани тұрғыда
бірігуін қалады.
Сонымен бүкіл түркі халықтарының шекара бірлігі емес,
империя аясындағы «тіл, іс, пікір бірлігін» қуаттап,
түрікшілдіктің түрленген жаңа концепциясын насихаттау сол
тұстағы әдеби-публицистикалық және көркем туындыларда
айрықша орын алды. Әсіресе, баспасөз беттерінде жарық
көрген материалдарда түркі халықтарының тарихынан,
әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен мол мағлұматтар беріліп, Түрік
елдерінің көрнекті тұлғаларының өмірі мен ерлік істері
туралы жазылды. Басылымдар Шығыстың әлемге әйгілі
шамшырақтарын үлгі-өнеге ету арқылы түркілік, ұлттық
санаға қозғау салуды, сөйтіп әлемдік өркениет дамуына
ілесуді мақсат тұтты.
72
Бұл ретте, ғасыр басында күрт алға жылжыған татар
баспасөзінің рөлі ерекше еді. Олай дейтініміз, ХХ ғасыр
басы бүкіл түркі халықтарының тарихында қоғамдық ой-
пікірдің өрлеуі мен ұлттық сананың оянуына мүмкіндік
туғызған кезең десек, саяси-әлеуметтік қозғалыстың
дамуына түрікшіл сарындағы шығармалардың әсері
айрықша болды. Мәселен, татардың «Тәржеман», «Вакыт»,
«Иолдыз», «Тормыш», газеттері мен «Шура» журналының
беттерінде қазақ, өзбек, қырғыз халықтарының тұрмыс-
тірлігі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, тарихы туралы құнды әрі
қызықты материалдар берілді.
Татар баспасөзінің игілікті ықпалының негізінде
қарқындаған қазақ газет, журналдарының беттерінде
түрікшілдік, ұлттық идеяға бойұру байқалды. Атап айтқанда,
«Айқап», «Алаш», «Қазақ», «Сарыарқа» сияқты
басылымдарда, жалпы, Түркістан тақырыбы ең өзекті
саналынды.
Түрікшілдікті түрлендіріп, оны Алашқа ұластырған сөз
зергерлері Мағжан, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбектердің ұлттық
рухпен нәрленген ұранды сөздері халықты күреске
жігерлендірді. Міне, осындай ой-пікір, идея өзегінде өскен
өркендер жас құрақтай жайқалып, тез жетілді. Түркі
жұртының сүйінішінен күйініші көп тағдыр –талайы, қилы
тарихы, т.б. –бәрі үркердей топқа үлкен жүк артты.
Сөйтіп, түрікшілдік татар, башқұрт, қазақ, өзбек
ұлыстары ұлдарының саяси-идеялық позицияларын
нығайтып, олардың нақты ұлттық –демократиялық бағыт
ұстауына мүмкіндік туғызды. Соның әсерінен патша
самодержавиясы құлаған кезде, яғни Ресейдегі Уақытша
өкімет тұсында Еділ-Орал татар ұлттық мәдени
автономиясы, Башқұрт Орталық Кеңесі, «Алашорда» өкіметі
мен Қоқан автономиясы сияқты бірнеше түркі
халықтарының өз алдына дербес мемлекеттер құрылымы
пайда болғаны баршаға мәлім. Ал, Қазан төңкерісінен кейін
ол құрылымдар мүлдем жойылып, олардың көрнекті
тұлғаларына «түрікшіл», «ұлтшыл», «діншіл» деген айдар
73
тағылып, жазықсыз жазаланғаны, айдалып атылғаны тағы
аян.
Сайып келгенде түркі елдерінің текті түлектері өзіндік
менталитеттің сақталып, тіл мен діннің жойылмауы үшін
өзара рухани қарым-қатынас жасады, бірлесе еңбек етті.
Түрікшілдікті түрлендірген арда ұлдардың қажырды
қайраты мен ерен істерінің арқасында бүгінде түркі
халықтары жеке-жеке мемлекет болып, егемендік алып
отыр десек, шындықтан аластамағанымыз.
§ 2. «ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫ ДЕП... »
Кейінгі кезде баспасөз беттерінде жарық көрген, ел
ертеңі мен мемлекет мерейі жөнінде жазылған мақалалар
мен еңбектерді тізбектесек, «бізде ұлттық рух, патриотизм
жетіспейді, тіпті жоқтың қасы» деген даурықпа сөзге иек
сүйеген ой-пікірлер барын байқаймыз. Біздіңше, сондай
аптыққа сөзге тізгін бергеннен гөрі Алашты ұран қылып,
ұлтына ұлтан, жұртына құрбан болған ұлдардың еңбегін
әспеттегеніміз жөн сияқты. Сөйтіп, ұлы қасиетті үлгі ету
арқылы ұрпақтың санасын уланудан сақтап, ұлттық
мұратпен өзектес ұғымның ұрығын сепкеніміз дұрыс.
Әлбетте, ұлттың ұлы атанар ұлы қасиет екінің біріне
тиесілі емес.Бұл жөнінде Алаштың ардақтысы Мұстафа
Шоқайдың: «біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттар соңында
жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттар төңірегінде
жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады.
Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси,
экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет
ете алатын адамдар ғана кіре алады. Зиялылардың міндеті
ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр» [1]-деуі сөзімізді
нақтылай түсері даусыз.
Жалпы, бұл концепцияның түркілік таным,
мұсылмандық қағидамен астасып жатқанын білмек керек.
Олай дейтініміз, түркілік пен мұсылмандық халықтық
74
қасиеттермен біте қайнасқан, қазақи қалпымызды
танытатын әрі ұлттық менталитетімізді айқындайтын
сипаттар екені анық.
Әрине, ұрпақтың ұлтжанды болып өсуі төл этникалық
ортаға байланысты екені баршаға мәлім. Сол ортада бойға
дарыған қасиеттерді шыңдау, жетілдіру арқылы іргелі елдің
ұл-қыздары, тұлғалы азаматтары өсіп-өнбек. Сөйтіп, ұлттық
асыл қасиеттерді бойға жинақтаған жан ғана халық үшін
өзін құрбан етуге бар.
Бұл ретте, тағы да М.Шоқайдың тұжырымдамасына
сүйенеміз: «Жалпы, ұлттың мүддесін жеке қожалықтар мен
жеке топтардың мүддесінен жоғары қоя білген, өзінің белгілі
бір түзімге, белгілі бір себептермен қалыптасқан қатынасын,
оған тәуелділігін жалпы ұлт мүддесі тұрғысына сәйкес,
ұлттың жалпы жағдайына үйлесетін түзім жолында құрбан
ете білген адамдар ғана ұлттық патриот және ұлтқа
пайдалы қызметші бола алады» [2].
Түркі халықтарының жоқтаушысы, қазақтың
қамқоршысы ұлт тағдырын сөз қылып, оны басқа мүдде
атаулыдан жоғары қояды. Көсем сөз иесінің бұл тұжырымы
көңіл көрігінен шыққан жүрекжарды сөзі екені айдан анық.
Өйткені Мұстафаның өзі де халықтық қасиеттерді бойға
жиған, ақиқат жолына түскен жан емес пе еді?!
Әрине, мұндай киелі атау- ұғымдардың мән-
мағынасын халықтық таным-түйсік өресінде түсінбейінше,
кісілікке бейімделу де мүмкін емес.
Былайша айтқанда, адамгершілік қарым-қатынастарды
да, халықтар арасындағы достықты да осы ұлттық
қасиеттер реттейді.
Байқауымызша, ұлттық қасиеттерді бойға дарытқан
зиялылар басқа халықтардың да мұң-мұқтажын, мұрат-
мақсаттарын түсінді. Сөйтіп, ұлт мүддесі жолында тізе
қосып, күш біріктірді. Өйткені бұл кезде, яғни ХХ ғасыр
басында кертартпа ескілік татар, башқұрт, қазақ, өзбек,
қырғыз және т.б. түркі халықтарының болашағына үлкен
қауіп төндірді. Қоғамдық жағдайға байланысты аренаға
жаңа саяси-әлеуметтік күштер – ұлт зиялылары шықты.
75
Олар ұлт руханиятының өрлеуі жолында, халық өмірін
қайта құру мақсатында еңбектенді.
Ғасыр басындағы тарихи әлеуметтік жағдай, Ресей
аймағындағы ішкі ахуал - төңкеріс пен қозғалыстар кезеңі
түркі түлектерінің түленіп, саяси аренадан көрінуіне көп
әсер еткені аян. Сондықтан қай қаламгер, не қайраткер
болсын, оның шығармашылығын, не қызметін әдеби-тарихи
процесс тұрғысында қарастырмай, тура бағасын беру
қисынсыз. Бұл - көпке мәлім аксиома болса да, дәл осы
тұста оны тілге тиек етпей, көздегенге тимейміз.
Шынында, ұлт зиялылырының ұлы мақсат жолындағы
ғұмырлары әрі қауіпті, әрі қиыншылыққа толы болды. Тарих
беттерін парақтасақ, Алаш азаматтары болсын, Түркістан
автономиясы басшылары болсын – бәрі бір ғана мақсат
үшін қызмет етті. Ол- елдің егемендігі, ұлттың тәуелсіздігі
еді. Бұл жөнінде М.Шоқай мынандай тұжырым жасайды:
«Ұлттық тәуелсіздік- отаршыл озбырлардың езгісінен,
талан- таржысынан атамекеніміз бен халқымызды құтқару
қозғалысы болып табылады» [3].
ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының
көрнекті қайраткерлері қоғам өмірінің объективі тұстарын
өзгертуді күшпен емес, сананың сол процеске енуі арқылы
жүргізілуге тиіс деген түйінді пікірді қуаттады. Олар иық
тіреген басты концепция- бостандық пен рухани езгіден
құтылу және халықты жалпыадамзат құндылықтарымен
нәрлендіру секілді мақсаттарға негізделінді. Нақтылай
айтқанда, олар қазақ елінің өркениетті, егеменді мемлекет
болып, дамыған елдер қатарынан көрінуін мұрат тұтты. Ол
мақсат-мұраттардың негізі байырғы төл мәдениетіміздің
өрісі мен рухани дүние өресінде екенін зайырлы қауым
өкілдері жете түсінді.Сондықтан олар империя кезінде
бастаған іс-әрекет, қимылдарын қызыл үкімет тұсында да
жалғастырды.
Кейде халық тағдыры өз көрнекті өкілдерінің
ғұмырнамасында айқын із қалдыратыны мәлім. Мәселен,
түркінің түлектері- башқұрт Ахмет-Зәки Уәлиди мен төл
76
перзентіміз- Мұстафа Шоқайдың өмір жолдары бұған нақты
дәлел бола алады.
Бұл тұрғысында, тарихшы С.Шілдебайдың: «Тұтас
Түркістан идеясына М.Шоқаймен бірмезгілде қызмет
жасаған түркістандық саяси эмигранттар- А.З.Уәлиди, А.
Ысқақи, А.Ақшора, Ә.Топшыбашоғлы және т.б. тарихи
қызметіне тоқталмай өту әділетсіздік болар еді. Өйткені,
бұлардың қай- қайсысы да болмасын азат және тұтас
Түркістан үшін өз өмірлерін арнаған тұлғалар еді» [4],- деуі
шындыққа саяды.
Шынында, Зәки Уәлиди - өз кезінде, нақтырақ
айтқанда, Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша
өкімет тұсында Башқұр Ұлттық үкіметінің негізін
қалаушылардың бірі еді. Бірақ қызылдардың
(большевиктер-С.С.) қысымына шыдамай және олармен
мәңгі мәмлеге келмесін біліп, шетелге - Түркияға өтеді.
Ал өз ұланымыз-Мұстафа Шоқай болса, ол да ұстанған
принципі мен алған бетінен қайтпай, Кеңес басшыларымен
келіспей, шетел асып кеткені мәлім.
Қос қайраткер де азаттық үшін алыса жүріп, өз
ұлттарын күреске көтерді. Бірақ Қазан төңкерісінің жеңісі
олардың алға қойған мақсаттары мен бастаған істерін
жүзеге асырмады, өздері қудалауға алынды. Мәселен,
А.З.Уәлиди «Естеліктер» атты кітабында төңкерістер
аралығындағы кезеңді баяндай келіп: «Мәскеу съезінде
(Ресей мұсылмандарының құрылтайы- С.С.) мен
Башқұрстан тәуелсіздігін ұсынып сөз сөйлеген кезде
тәуелсіз біртұтас Түркістан идеясының іске асуын да
қаладым. Өйткені, менің ойымша, Еділ бойында орыс
ықпалы басым болғандықтан, мәдени автономия Шығыс
өңірге ғана тиесілі. Ендеше «кіші Башқұрстанның»
территориялық автономия алуы үшін күресушілердің
Түркістан мен Қазақстан қозғалысына қосылуына болады
[5].
Бұдан біз башқұрт зиялысының ұстанған позициясын
ғана емес, Түркістан мен Алашорда қозғалысына деген
77
сенімін де байқаймыз. Сондай-ақ, З.Уәлиди Ақпан
төңкерілісінен кейін башқұрттар автономия, жер, тіл,
мәдениет, дін мәселелері бойынша Қазақстан мен Орта
Азия қозғалысына қосылады деген ойда болып, жеке
башқұрт саяси қозғалысын көзге елестетпеген секілді.
Демек, Ақпан революциясының Алаш, Түркістан
қозғалысына ықпалы қандай болса, Алашорда мен Қоқан
автономиясының Башқұрт ұлттық үкіметінің құрылуына
сондай әсер еткені анық.
Ұлт-азаттық
қозғалысқа
бүкіл
башқұрт
интеллигенциясы ат салысты. Онда, әсіресе, ақын-
жазушылар- Ш.Бабич, Г.Иркабаев, С.Магази, Х. Ғабитов,
Г.Тоган, ағайынды Қарамышевтар және т.б. айрықша рөл
атқарды [6].
Ал, азамат соғысы кезінде саяси платформасы
ақтардан (адмирал Колчактан-С.С.) қолдау таппаған соң
амалсыздан келіссөз арқылы ұлттық әскери құраманың
қызылдар жағына өтуі қозғалыс лидерінің жазбаларында
шынайы көрініс берген. З.Уәлиди бұл туралы: «Біз Кеңестер
жағына өту арқылы бостандық пен демократия идеялдарын
біржола өшірдік; соншалық табан тіресе соғысқан
жауымызға бас идік, бар мүддеміз бен еркіндігімізді
олардың табанының астына тастадық. Маған халқымыздың
көмескі келешегінің суреті елестеді»,- [7]- деп, Кеңес
кеңістігіндегі шығыс халықтарының болашағын дәл болжап
айтуын- сұңғыла ойшылдығы демеске шара жоқ. Және бұл-
Кеңестік кезеңдегі ұлт саясатының шексіз аярлығын тағы да
айғақтайды.
Түркі түлегі-Шоқай да Кеңестік идеологиясының сұрқия
саясатын, түпті мақсатын терең түсініп, «шаһид» болғанша,
«шовинизм», «рассизм» секілді адамзат өркениетіне жат
қылықтарымен бітіспес күрес жүргізді. Жат елде жабырқау
күйде жүрсе де, туған елінің тыныс-тіршілігін үнемі
қадағалай отырып, Кеңестер Одағының келеңсіз іс-әрекетін
әшкерелеп, оның келешегіне сенімсіздікпен қарады.
Мәселен, Мұстафаның халық алдындағы қажырлы
қайратын, еткен еңбегін екшеп, ұлттық қасиеттерін жоғары
78
бағалай келіп, жазушы Әнуар Әлімжанов эссе іспеттес
еңбегінде: «Ол большевизмнің империялық саясатына
қарсы тұрды, Ресейдің бұрынғы отар халықтарын
қорлайтын жәдігөйлік нәсілдік кемсітушілікке бастаған
білектің билікке, қатыгездің қара жер бұрын соңды көрмеген
тоталитарлық тәртіпке, халықтардың тарихын, дәстүрін,
әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілі мен ғасырлық тұрмыс- салтын
табан асты еткен бірбеткей идеологиясына қарсы тұрды»
[8],- деп, тебірене толғанады.
Міне, сөйткен есіл ер Ақиқат үшін алысып, шындық
іздеп, шарқ ұрып «шовинизм» құрбаны болды.Жалпы
Мұстафа Шоқай – түркі ұлыстарының біртұтас тәуелсіз ел
болуын көздеген, соның үшін жарғақ құлағы жастыққа
тимей, қалтқысыз қызмет еткен алаштың арда ұлдарының
бірі саналады. Бірақ сол ірі тұлға тірісінде өзі шыққан биік
тұғырдан көріне алмай жүр. Турасын айтқанда, көрсете
алмай жүрген жайымыз бар.
Түріктік тұтастыққа негізделген түрікшілдік
тұжырымдарын сол кездегі қай ұлттың өкілі, қай партияның
мүшесі болмасын- бәрінің де ой-пікір орамдарынан
кездестіреріміз хақ. Өйткені зиялы деген атаққа лайық әр
адам ұлтын үлпектеуге, халқын қадірлеуге, салт-дәстүр,
әдет-ғұрпы мен тілін, дінін, ділін қызғыштай қорғауға тиіс.
Осы тұрғыда қызмет қылып, бір Алладан ғана рахым күтіп,
қайтарымы жоқ қаракет істеуі қажет еді.
Жалпы, шығыс халықтарының ұлттық тәуелсіздік пен
бостандыққа ұмтылысы қатал жазалаумен қайтарылса,
күрес басшыларының қудалауға ұшырап, каторгага
айдалғаны көпке аян. Ғасыр басындағы түркі түлектері де
осындай күй кешті.
Тарих беттерін парақтасақ, сол кезде қазақтар бастан
кешкен қиямет-қиын, нәубәт басқа шығыс халықтарын да
жанай, жалмай өткенін байқаймыз. Бірақ ұлт зиялылары
елдің санасын сергілтіп, намысын найзаға байлап, халық
арасында рухани қозғалыс туғызды. Ақпан төңкерісінен
кейін шығыс ұлттарының ұлдары Ресей мұсылмандарының
басқосуын өткізіп, түп, тіл, дін бірлігін көздеп, кемел
79
келешекті кеңесті. Мәскеудегі бұл мұсылман съезіне өзбек,
татар, башқұрт, қазақ, қырғыз және т.б. халықтардың
өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері-М.Қари, С.Максуди,
Р.Фахрутдинов, А.З.Уәлиди, М.Шоқаев, Ә.Бөкейханов
секілді сайдың тасында іріктелген азаматтар қатысты. Әр
түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан тіл, дін, діл бірлігі болса,
мүдде мен мақсаттың ортақтығы да оларды осыған
жетеледі. Бұл жөнінде тарихшы-ғалым М. Қойгелдиев
былай деп жазады: «Ұлттық зиялылардың мұндай бағытты
ұстануы, белгілі дәрежеде сол кезеңдегі қазақ қоғамының
қоғамдық-саяси даму деңгейіне, содан туындаған талап-
тілектеріне тәуелді болғандығын ұмытпаған жөн. Ал, сол
тарихи кезеңде қазақ қоғамы үшін бірінші кезекте тұрған
нәрсе, әрине, ұлттық тәуелсіздік, ұлттық бостандықты өз
қолына алу еді. Қазақ демократиялық интеллигенциясы бұл
мақсатқа толық болмаса да, алғашқы кезеңде жарым-
жартылай, яғни империя шеңберіндегі ұлттық автономияға
жалпыресейлік демократиялық күштермен біріге отырып
қол жеткізуге болады деп түсінді» [9].
Бұл идея кейін Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқан бір
топ түркі текті тарландар тарапынан да қолдау тапты. Атап
айтқанда, Т.Рысқұлов, М.Сұлтан-Ғалиев секілді төңкерістің
ыстық-суығына төзіп, ұлт мәселесін өміріне өзек еткен қоғам
қайраткерлері өз принцип, идеалдарынан айнымай, Ресей
аймағындағы күллі мұсылман жұртының тұтастығын
көздеді. Мәселен, Т.Рысқұлов И.Сталиннің ұлттар мәселесі
жөніндегі ұсынысымен келіспей, жеке республикаларға
бөліп, жіктеуге қарсы шыққаны тарихтан мәлім. Соның үшін
құрбан болғаны және рас.
Ал, туысқан ұлт өкілі- Мирсаид Сұлтан- Ғалиев болса,
ол Кеңес үкіметі орнамай жатып-ақ, түркі ұлыстарының
автономиясын өткір ұсынып, ұлы державиялық саясатты
әшкереледі. Бірақ Кеңес үшін керемет істер қылысып,
кеудесін оққа керген ұлт ұшқынын лаулатпай өшірді. Оның
да арманы- елінің егемендігі, жерінің жекелігі еді. Ал,
еркіндік пен жекешілікке жету үшін сол кезеңде түркі
жұртының тұтастығы қажет екенін ол жақсы түсінді. Бұл
80
жөнінде, яғни башқұрт халқының қаһарман ұлы жайында
ғалым С.Шілдебай: «М.Сұлтан-Ғалиев Т.Рысқұлов пен
М.Шоқай сияқты Кеңес үкіметінің Түркістан халықтарын
жеке республикаларға жіктеу саясатына қарсы шықты және
оны ашық білдірді» [10],- деп жазады.
Демек, бұдан шығатын қорытынды мынау- түркі
түлектерінің түпкі мақсаты шығыс мұсылман халықтарының
территориялық қана емес, рухани бірлігін сақтап, түп, тіл,
дін тұтастығына жол ашу, сөйтіп өркениеттің өресінен,
мәдениеттің сөресінен көріну еді.
Алайда, елдің санасын сергілтіп, намысын найзаға іліп,
халық арасында рухани қозғалыс туғызған бұл үрдістің
адымы ұзаққа бармады. Кеңестің келеңсіз саясаты ұлттық
зиялылардың дұрыс пайымдарын пайдаға асырмай, оң
істерін теріске айналдырды.
Жалпы «еуроцентризм концепциясы» мен
«ұлыдержавиялық»пиғылдар бой көтере бастаған сол тұста
түркі зиялыларының, оның ішінде қазақ қайраткерлерінің
түрікшілдікке бейіл бұруы тарихи процесс негізінде
сипатталып, бағалануы тиіс. Олай етпейінше, яғни уақыт
тезіне салып, кезең кеңістігінде көрсетпей ұлт ұлдарының
ұлы істерін елемек түгіл, екшеудің өзі қиын. Сол кездегі
саяси әл-ахуал, қоғамдық жағдайға байланысты бой түзеп,
ой үзген татар, башқұрт, өзбек, қазақ жерінде пайда болған
партиялар мен ұйымдардың («Шораи-Ислам», «Эрик»,
«Алаш» т.б.) басты мақсаты- түркі ұлыстарының санасына
саңлау тауып, ұлт-азаттық идеясын жаңғыру, мешеу
халыққа дұрыс жол меңзеу еді. Осы тұрғыдан келгенде,
олардың тұтас Түркістан идеясын көтерулері әбден дұрыс.
Сайып келгенде, зиялы деп аталатын әр ұлт
өкілдерінің ғұмырлары мен өмірлік мақсат-мұраттарын сөз
ету арқылы оларда пікір ортақтығы, идея жарастығы барын
бағамдап қана қоймай, Хақ жолындағы ақ, адал жандардың
асыл қасиеттерін үлгі ету, олардың түсінік- танымынан
тағылым беру еді. Сол үрдіс өресінен шығып жатсақ,
діттеген жерге дөп тигізсек, кәне?!
81
|