§4. Басылымдар бағыты
Қазақ әдебиетінің ел тағдырына ұқсас аумалы-төкпелі
кезеңдері, өзіндік даму тарихы мен болмыс-бітімі, қыр-сыры
бар десек, соған байланысты айқындалатын бағыт-бағдары
да болғаны рас. Және ол үрдістің пайда болып,
қалыптасуында басқа ұлттар әдебиетімен қарым-
қатынастың жетекші рөл атқарғанын байқаймыз. Әсіресе,
мұны ХХ ғасыр басындағы әдеби-тарихи процестен аңғару
қиын емес.
Нақтырақ айтқанда, Ресей империясына қарасты
мұсылман, түркі тұқымдас халықтардың тағдыры мен
тарихы шытырман оқиғаларға толы қилы кезеңге тұспа-тұс
келді. Қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қырғыз, түрікмен,
қарақалпақ сияқты түбі, діні бір, тілдері ұқсас халықтардың
өзара рухани әрі саяси-әлеуметтік тұрғыда байланыстар
жасап, түріктік және ислами тұтастықты сақтап қалуына бір
қоғамда, яғни патша өкіметіне тәуелді ортада өмір сүруі,
жан-жақты қысымшылық көруі, т.т. басты себеп болды.
Шынында, ғасыр басында қаз тұрып, қадам басқан қазақ
баспасөзінің даму тарихына көз жіберсек, оның басқа ел
басылымдарымен ұқсас даму тенденциясы, бағыт-бағдары
болғанын аңғарамыз. Әрине, мұның - «кемедегінің жаны
бір» дегендей, тағдыры мен тарихы ұқсас, мұң-мұқтажы мен
арман-аңсары бір Ресей мұсылмандары атануы басты
фактор екені анық. Бұл секілді тарихи факторлар түркі
39
елдерінің текті ұлдарын бір мақсат ұстап, болашақты дұрыс
бағамдайтын бағыт-бағдар айқындауға итермеледі. Сөйтіп,
ұлт мүддесін үлпектеген ұландар елдің ұлы мұраттарымен
өзектес ой-пікірлер өрбітті.
Бұл ретте, сол тұста ерен өркен жайған татар
баспасөзінің қоғамдық-саяси аренадағы орнына жоғары
баға берген жөн сияқты Өйткені татар басылымдары бүкіл
түркі жұртшылығының арасында саны жағынан ғана емес,
сапасы жағынан да ілгері кетті. Бұл жөнінде өз кезінде
«Қазақ» газеті оқырмандарға арналған үндеуінде былай деп
жазды: «...Күні кеше өзімізбен шамалас, қатар халық –
татар қандастарымыз сөзін жұрты түзеуге жұмсай бастап
еді, түзеліп бара жатыр... Бұл татардың бізден ілгері
кеткендегі, олар бізден емес, біздің олардан үйреніп
жатқанымыз, білім дәрежесінде біздің төмендегенімізді
көрсетеді» [1].
Ғасыр басындағы төңкерістің нәтижесінде келген
жеңілдіктерді дұрыс пайдалана білген татар
интеллигенциясы көпес-байлардың қолдауымен бірнеше
шаһарларда баспахана ашып, басылымдарды көбейтті.
Осы орайда, бір жәйтті есте тұтқан жөн. Қазан төңкерісіне
дейінгі татар баспасөзінің қалыптасу мен өрістеу процесін
талқылау және оның халықаралық-мәдени аспектілерін
қарастыру арқылы сол кезеңдегі аталмыш ұлттың
мәдениетіне тиесілі негізгі тенденцияларды анықтап қана
қоймай, түркілік басқа халықтардың баспасөз ісінің даму
заңдылықтарын да айқындауға мүмкіндік туады. Татар
баспасөзі өз халқының ғана мұқтажын өтеп қойған жоқ, ол
сонымен қатар, Ресей мұсылмандарының рухани тұрғыда
оянуында жетекші рөл атқарды.
Нақтырақ айтқанда, 1905-1907 жылдары, яғни бірінші
орыс революциясынан кейін татар тілінде 33 газет-жорнал
шықса, Қазан төңкерісіне дейін 25 газет, 23 жорнал
таралымы болған. Ал, бұл басылымдар өз құрылымына
қарай түрлі бағыт ұстанды деп келсек, осы жайында татар
ғалымы М.Х.Ғайнуллин мынадай ой сабақтайды:
«Татарскую периодическую печать тех лет можно
40
разделить на демократическую, либерально-умеренную и
буржуазно-консервативную. В первую группу входят газеты
«Азат», «Азат халық», «Фикер», «Эль-ислах», во вторую-
газеты «Казан мохбире», «Иолдыз», «Вакит», «Идель»,
журнал «Шура» и др; в третьих-газеты «Нур», «Иль», «Суз»,
журнал «Дин вэ магишат» и другие.[2]
Әрине, мұны баспасөз материалдарын сыртқы пішініне,
тақырыбына қарап жіктеу, жіліктеу және ол- кеңестік
идеологияның салқын лебі десек те болады. Өйткені
бажайлап қарар болсақ, татар қандастарымыздың («Қазақ»
газетіндегі сөз қолданысы-С.С.) газет-жорналдарында
жарық көрген әдеби-көркем туындылар, хат-хабар,
суреттемелер болсын, бәрі дерлік бір мақсатқа – ұлтына
қызмет етіп, оны өркениетке жетелеуге, ел болашағына
елеңдеуге негізделінді. Осындай ойларды екшеген
материалдардың ішкі мазмұнында, түпкі идеясында
тарихи-мәдени процеске сай туындаған пікірлер тоғысы мен
концепциялардың бағыт-бағдары айқындалды. Мәселен,
либерал-буржуазиялық деп аталып келген «Вакыт»
(«Уақыт») газеті мен «Шора» («Кеңес») жорналының
беттеріндегі материалдар ұлттық рухты оятып,
жұртшылықтың қоғамдық санасын өрістетуді алға мақсат
етіп қойды. «Уақыттың» бірінші нөмірінде газет
бағдарламасының негізгі ережелері берілген: «Уақыт»
мұсылмандар арасында оқу-ағарту ісін нығайтып, білім-
ғылымды тарату, ана тілін нығайту және әдебиетті дамыту
жолында қызмет етеді» [3].
Осы тұрғыда, М.Х.Ғайнуллин былай дейді: «И все же,
несмотря на умеренность общего направления и серьезные
промахи в годы реакции, главными по их объективному
значению следует считать материалы прогрессивного
характера, хотя их в газете было не так уж много... [4].
Сөйтіп, тоталитарлық тар жүйе қыспағында бола тұра, татар
ғалымы газет материалдарына объективті баға беруге
тырысады. Шынында да, сол тұстағы баспасөз беттерінде
ислам философиясы мен шариғат заңдарының
ағартушылық пен прогреске еш қайшылығы жоқ, қайта
41
олардың ортақ үндестігі барын айғақтайтын дәлелдемелер
жеткілікті жазылды.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай, соған
байланысты пайда болған ағартушы-демократиялық және
төңкерісшіл күштердің белсенділігі, жалпы, сол тұстағы
қоғамдық-саяси өмір басылымдар бағытын айқындады.
Өкімет органдарының қатаң қысымына, цензурасына
қарамай, газет-жорналдар прогресшіл идеяларды жақтап,
саяси-әлеуметтік тақырыптарға баса назар аударды.
Бұл әдеби үрдіс жаппай етек алып, жайылды десек те,
сол кездегі басылымдардың бәрінде дерлік ағартушылық,
азаттық идеялары батыл әрі ашық түрде берілген жоқ.
Әрине, қалың жұртшылықтың қозғалысын туғызып,
халықтың сана-сезіміне қозғау салатын ой-пікірлер
тоғысының көрінісі редакция алқасының қызметіне де
байланысты еді. Мысалы, 1905-1907 жылдары шыққан
«Фикер» («Пікір») газеті мен «Әл-гасрул-жадит» («Жаңа
ғасыр») журналында К.Мутыги, Ғ.Тоқай, Ғ.Камал, Н.Думави,
М.Чолпани, З.Башири, Ғ.Ғафури сияқты көрнекті
қаламгерлердің көрінуі басылымдардың беделін көтере
түсті. Сонымен қатар, баспасөз ісінің жанданып, ілгерілеуі
әдебиет пен өнер қайраткерлерінің қаламының ұштала
түсуіне, қабілет-қарымының өсуіне де көп септігін тигізді.
Татар зерттеуші-ғалымдары да мұны қуаттайды: «В
журнале систематически работал и отдел художественной
литературы, публиковавший лирику, прозы, драматические
произведения.
На страницах журнала «Эль-гаср-эль джадид» вырос и
расцвел талант Габдуллы Тукая. Здесь в 1905-1907 годах
были опубликованы его первые сатирические
произведения...» [5].
Татар журналистикасының негізін қалап, қалыптасуында
айрықша рөл атқарған басылымдар- «Нұр», «Казан
мухбире»(«Қазан хабаршысы»), «Фикер», «Иолдыз»,
«Азат», «Өлфәт» («Келісім») «Вакыт» газеттері мен «Әл-
гасрул-жадит», «Уклар» («Оқтар»), «Шура» («Кеңес» )
журналдары сол кезеңде көркем сөз бен көркемөнер
42
өкілдерінің әдеби-мәдени аренада көптеп көрінуіне
мүмкіндік туғызды. Және олардың саяси санасының өсіп-
өрістеуінде баспасөздің жетекшілік еткені рас. Мәселен,
«Әл-гасрул-жадит» газеті: «Біздің басты мақсатымыз- өз
ұлтымыздың езгіден құтылуы мен азаттық алуы жолында
аянбай қызмет ету» [6] деп жазды.
Сондықтан да болар, революциялық идеяларды
жақтаушы социал-демократтар мен ағартушылық бағыттағы
қоғам әрі қалам қайраткерлерінің арасында әуелде пікір,
көзқарас қайшылықтары болғанмен, түпкі мақсат бірлігі
оларды біріктірді. Алайда, қантөгісті аңсаған төңкерісшіл топ
өкілдерінің бет-әлпеті айқындала бастаған сайын, ағымдар
арасы да алшақтады. Мұны әр ағым ұйымы саналатын
газет-жорналдағы жарияланған материалдардың ішкі
мазмұны мен негізгі идеясынан байқау қиын емес. Мәселен,
жоғарыда аттары аталған басылымдардың бәрі дерлік таза
ағартушылық бағыт ұстанып, әдеби-қоғамдық орган
саналды. Бұл газет-жорналдарда татардың көрнекті көркем
сөз өкілдерінің әдеби туындылары- өлең, әңгіме,
фельетондар жарық көрді. Әсіресе, ол басылымдарда
ескілікке қарсы бағытталған, қоғамдық прогрес пен
ағартушылық идеяларын көтерген шығармалар-
Р.Фахрутдинов, Ф.Карими, К.Мутыги, М.Чолпани, Ғ.Тоқай
және т.б. хат-хабарлары мен мақалалары, өлең-әңгімелері
ерекше орын алды.
Бұл ретте, көптеген ақын, жазушы, публицистердің
ағартушылық ұстанымы оқу-білімге үндеумен байланысты
десек, тәуелсіздік, азаттық мәселесі ағартушылықты
дамытумен бір деңгейде көтерілді. Атап айтқанда,
Ғ.Тоқайдың «Фикер» газетінің беттерінде жарық көрген
«Азаттық туралы», «Достарға бір сөз», «Бірлік туралы»
өлеңдерінде ағартушылық-азаттық жыры айшықталып, өздік
идеялық-эстетикалық жүк арқалап тұрғаны мәлім.
Дәлірек айтқанда, сол тұстағы «ағартушылық», «оқу-
білім» деген ұғымдар әлде қайда кең мағынаға ие болды.
Оқу-білім, өнерге қатысты туындылар ескілікке, феодалдық
құрылысқа ғана емес, езгіге, отарлауға қарсы бағытталып,
43
елдікке үндеді. Біздіңше, осы тұрғыда ағартушы ақын-
жазушылар мен төңкерісшіл ағым өкілдерінің
шығармаларында тұтасушылық байқалады. Өйткені түрлі
ағым өкілдері ұлт сұранымын өтеу жолында, бір сапта
еңбек ете отырып, ағартушылық пен азаттық идеяларын
біріктірді, сөйтіп халықтық, биік тұрғыдан көрінді де. Ал,
Ресей шығыс халықтарының бұл биік тұғыр үшін күрестері
өзара үндестік тауып, олардың әдеби-мәдени
байланыстарының алғышарттары жасалынды.
Ыбырай, Абай секілді алыптардың адымына ілесіп,
ағартушылық дәстүрді ілгері сүйреген қазақ қаламгерлері де
мәдениетті жақтап, руханиятты ақтады. Осы орайда, «татар
қандастарына» қарап көшін түзеген, қатты қарқындаған
ғасыр басындағы қазақ бапасөзі де ұлт әдебиетінің
өрістеуіне ерекше ықпал еткенін атап өткен жөн. Ал, осы
тұста қазақ әдебиеті қоғамдағы тарихи-мәдени процесс
әсерінде және Шығыс пен Батыстың классикалық
әдебиеттерінің игі дәстүрлерінің негізінде сыншыл
реализмнің жаңа сипаттағы эстетикалық бағдарламасын
жасады.
Сол кездегі көп қырлы қазақ поэзиясы, прозасы және
драматургиясының басты тақырыбы халықтың тарихи даму
жолы, ұлт мәдениетінің тағдыры болды. А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ж.Аймаутов,
Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпеев, Ғ.Қараш, Қ.Кемеңгеровтердің
шығармаларында эстетикалық мұраттардың азаматтық
сипаты, халықтық пен шынайылықты бейнелеу
тұрғысындағы хақиқат және биік деңгейдегі көркемдік
формалары- негізгі принциптер болып табылды. Әрине,
ұлттық тұрпаттағы жаңа әдебиеттің дамуы үшін мерзімді
басылымдардың өрісін кеңейтіп, сапасын жақсарту аса
қажет еді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ газет-жорналдарының ішінде
өзінің мазмұн байлығы жағынан болсын, саны жағынан
болсын айрықша орынға ие – «Айқап» жорналы мен
«Қазақ» газеті. Ол басылымдар қамтыған тақырыптардың
бірі- әдебиет мәселесі болды. Газет-жорнал беттеріндегі
44
материалдардың көбі сол тұстағы қазақ әдебиетшілеріне
тиесілі еді. Бұл тұстағы қазақ әдебиеті мерзімді баспасөз
арқылы әдеби дамуға күшті прогрессивті ықпал етіп, ұлттық
сана-сезімнің оянуына қызмет етті.
Бұл ретте, олар (қазақ басылымдары-С.С.) екі ғасыр
аралығында шыға бастаған, биік беделге ие- «Иолдыз»,
«Вахыт» газеттері мен «Тәржіман», «Шура»
жорналдарының бағыт- бағдарын ұстанды. Әсіресе, татар
әдебиетінің өрістеуінде жетекші рөл атқарған «Шураның»
орны айрықша болды.
Жалпы, «Шура» жорналы 1908 жылдың қаңтарынан 1917
жылдың желтоқсанына дейін шығып тұрған. Тек 1918
жылдың басында «Баспасөз туралы декрет» негізінде
Халық Комиссариатының Кеңесі (Совнарком) «Шура»
жорналы мен «Уақыт» газетінің редакцияларын жауып,
баспахананы бүкіл мүлкімен кәмпескеледі [7].
Жорналдың бірінші санында редакция алқасы өз
айқындамасын ұсынып, қалың оқырманның ой-өрісін
кеңейтуді мақсат еткенін; қоғам мен жұртшылықты
толғандырған мәселелер төңірегіндегі көзқарастар тоғысын
анықтайтын аренаға айналатынын; мәдениет пен әдебиетті
қолдаушыларға арналған басылым екенін жариялайды.
Жорнал редакторының айтуынша, басылым халық ағарту
ісіне қызмет ету, мәдениет пен білім беру функциясын
атқарады және бұл жорнал бағдарламасын ғана әйгілеп
қоймай, басты ерекшелігін де білдіреді.
Шынында «Шура» - ғасыр басындағы татар баспасөзінің
тарихындағы мазмұны жағынан өте бай, бағдарламасы
ауқымды және безендірілуі ерекше басылым болды.
Жорналдың шығарушысы –Рамиевтер, ал редакторы-
Р.Фахреддин болуы үлкен бедел әкелді. Сондай-ақ, ол түрлі
ағымдар орталығы ретінде ұйымдастырушы қызметін де
атқарды. Онда татар әдебиетінің болашақ классиктері
Дәрдменд (Закир Рамиев), Ғ. Тоқай, Ғ.Ибрагимов, М.Ғафури
және т.б. шығармалары басылды. Тіпті, Ш.Камал мен
Ш.Бабич сияқты башқұрт ақын-жазушыларының есімдері
«Шура» жорналының басылымдары арқылы әйгілі болды.
45
Ғ.Ибрагимов, Дәрдменнің романтикалық әңгімелері де
осында жарық көрді. Дәрдменднің ақындық мектебі жорнал
арқылы татар әдебиетіндегі жаңа ағымның қалыптасуына
игі әсерін тигізді. Сондай-ақ басылым беттерінде көптеген
жас ақын, прозаиктер шығармашылық-шеберліктерін сынап,
бақыт, шындық, әділет, ар-намыс, махаббат сияқты
тақырып пен мотивте туындылар берді [8].
Сонымен бірге басылым татар әдебиетінің тарихын оқыту
мәселесін көтерді. Татар әдебиетінің теориясы мен сыны
мәселесі де назарынан тыс қалмады. Басқа басылымдарға
қарағанда «Шураның» тағы бір артықшылығы- жорнал
беттерінде оқыту әдістемесі – «жаңа ағым» методикасы
–«жадит» үлгісі талқыға салынып, оның оң жақтары
айтылды.
Жорнал, сонымен қатар, түркі фольклорын оқып-білуге
және насихаттауға үлкен үлес қосты. Онда түрлі жанрдағы
ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері басылды. «Шура» өз
оқырмандарын Шығыс және Батыс әдебиетінің інжу-
маржандарымен таныстырып, классикалық туындылардың
татар әдебиетіне ықпалын жоғары бағалады. Жалпы,
журналдағы әдебиеттануға қатысты материалдар негізінде
Шығыс пен Батыстың эстетикалық таным-түсінігін білдіретін
татардың ұлттық әдебиеті қалыптасты.
Сонымен, 10 жыл үзбей жарияланған «Шура» журналы
ХХ ғасырдың басындағы шығыстық әдеби процесті танып-
білу үшін аса қажет құнды, бай мұра екені талас
тудырмайды.
Сол тұста әдеби-мәдени аренаға шығып, қазақтың
рухани дүниесін өрге сүйреген зиялы қауым өкілдері түгел
дерлік татар әдебиеті мен мәдениетінің ықпал-әсерінде
өсіп, өркендеді. Бұған, біріншіден, қазақ жастарының татар
молдалары арқылы мұсылманша хат танып, білім-ғылым
жолына түсуі болса, екіншіден, өз халқының мұң-мұқтажын,
арман-аңсарын сезген, келешегін кемеңгерлікпен көздеген
ұлт ұлдарының мақсат бірлігі де бұл тұрғыда жетекші рөл
атқарды.
46
Сөз жоқ, ғасыр басындағы қоғамның саяси-әлеуметтік
жағдайына байланысты әртүрлі ағымдардың болғаны рас.
Нақтырақ айтқанда, таза ағартушылық пен социал-
демократтық бағыттардың бәрінің игі ықпалы, ал екіншісінің
кері әсері болды. Мәселен, ағартушылық бағыттағылар
халықты прогреске жетелесе, революциялық көзқарасты
таратушылар тап қайшылығына итермелеп, ел ішінің
бүлінуіне әкелді. Бірақ олар түрлі бағыт ұстанғанмен,
болашаққа даңғыл жол ашуды мақсат етіп, ұлт мұраты үшін
қызмет қылды.
Бұл жөнінде ғалым Б.Ысқақов былай дейді: «ХХ ғасыр
басында өркен жайған татар әдебиеті мен оның аса ірі
өкілдері Ғ.Тоқай, М.Ғафури, Ғ.Ибрагимов, Ш.Камал, тағы
басқалардың игі ықпалы нәтижесінде көптеген қазақ
ақындарының ағартушылық, прогресшіл, демократиялық
көзқарастары өсіп, қалыптасты. Алайда, олардың
кейбіреулеріне татар қоғамындағы ұлтшылдық, діншілдік
бағыттың да әсері тимей қоймады. Олар татардың кейбір
буржуазияшыл- ұлтшылдарына еріп, дін-ислам «милләт-
хұрият» деген желөкпе ұрандардың жетегінде де болды»
[9].
Әлбетте, бұл кеңестік кезеңде идеология ықпалымен
жазылған теріс пікір екені рас. Мұндай солақай пікірлер сөз
етіп отырған татар-қазақ баспасөзіне де қатысты айтылғаны
мәлім.
Мәселен, дін-ислам мен милләт құндылықтарын
уағыздаған татар басылымдары - «Иолдыз», «Вакыт»,
«Нур», «Идел» («Еділ»), «Ил» («Ел»), «Тәржемен»
(«Аудармашы») газеттері мен «Шура», «Дин вә мәгыйшәт»,
(«Дін және өмір») жорналдарын оқып , оң пікір айтуға тиым
салынды, тек қаралауды қолдады.
Ұлттық баспасөздің ғана емес, қоғамдық ой-сананың
өрлеуіне де елеулі үлес қосқан қазақ басылымдары да
осындай күй кешті. Атап айтқанда, «Қазақ», «Алаш»,
«Сарыарқа» сияқты газеттер тоталитарлық тар жүйе
қыспағында қалып, егенмендік алғаннан кейін олардың
бағыт-бағдары айқындалып, дұрыс бағасы берілді.
47
Әрине, белгілі бір күрделі кезеңді бастан кешкен ұлттың
өзіндік ой-санасы қоғам дамуының бағытын айқындап,
бағдарлауда жетекші рөл атқаратыны анық. Ал, қоғамдық
сана әрбір ұлттың тарихы мен таным-түсінігіне, тілі мен
діліне байланысты анықталмақ. Ендеше, қай кезеңде, қай
қоғамда өмір сүрмесін әр ұлттың өзіне тән менталитеті
болуы шартты нәрсе.
Осы орайда, ғасыр басындағы қоғамдық сананың
қалыптасуына айрықша ықпал еткен рухани құндылықтарды
алдымен атаған ләзім. Өйткені ол басылымдардың
айқындамасы ұлттық ерекшелікке негізделініп, ұлт мүддесі
көзделінді. Мәселен, қазақ елінің өкініш-күйініштерінің
орнын толтыру мақсатымен шыққан «Айқап» жорналы
бірінші санында-ақ өз бағдарламасын ұсынады: «Бұл
жорнал айына бір мәрте шықпақшы, программасы мынау
болмақ.
1. Сыртқы хабарлар.
2. Мұсылмандар тіршілігіне мысалдар, уақиғалар.
3. Фельетон (әңгімені 20-жылдарда С.Д. осылай атаған).
4. Кітаптар хақында һәм ғылым баптан кеңестер.
5. Басқарушыға келген хаттар һәм одан-бұдан» [10].
Осындай бағдарламаға орай «Айқап» бетінде жарық
көрген материалдарды ... тақырып, мазмұнына қарай ғалым
Б.Кенжебаев былай жіктейді:
«1) саяси- әлеуметтік мақалалар; 2) әдеби
шығармалар, әдебиет мәселелері; 3) қазақ арасындағы оқу,
ағарту істерінің жай-күйі және маңызды мәселелері ; 4) ана
тілі, әліппе емле мәселелері;5) қазақ әйелдерінің жайы,
бостандық, теңдік мәселесі; 6) дәрігерлік, агротехникалық
кеңестер, ғылым табыстары; 7) ішкі, сыртқы хабарлар; 8)
кітап сындары; 9) тілші хаттары, жауап хаттар» [11] .
Сөйтіп жорнал бетінде жарияланған мақала, хат-хабар,
суреттемелерде елдің ішкі, сыртқы саяси-әлеуметтік
мәдени-шаруашылық
саяси-әлеуметтік
мәдени-
шаруашылық өміріне қатысты мәселелер талқыланып,
халық санасының оянуы ел шаруашылығының түзеліп,
мәдениетінің өркендеуі қарастырылды. Сол мәселелердің
48
шешімін табу мақсатымен басылым көптеген сұрақ-жауап
түріндегі материалдарды басты
Жорнал, әсіресе, халық ағарту және мәдениет ісіне көп
көңіл бөлді Ел ішінде көптеп школ-мектеп ашу қажет екенін
айта келіп, ғылым мен өнерді жете меңгерген орыс, неміс,
француз тағы басқа шетел тілдерін үйрену керектігін , ал
оқу-ағарту, мәдениет мәселелерін шешу үшін
отырықшылыққа
жаппай
бейімделу
керектігі
дәйектемелермен дәлелденді. Мысалы, М.Жұмабаев
«Айқапта» жарық көрген «Дала, қала» деген мақаласында
дала мен қала тірлігін салыстыра суреттеп, мәдениетті ел
болу үшін, алдымен отырықшылыққа бойын ұсыну
қажеттігін алға тартады. Бір шумақ өлеңмен:
«Қырда ерік, жібек кілем, тау мен су бар,
Шулаған көңілге хош қаз бен қу бар.
Қалада жан азығы, шамшырағы,
Белгісі адамдықтың білім -ту бар»,- деп басталатын
бейнелі сөз тіркестерінен құрылған, көркем тілмен
кестеленген суреттеме былай аяқталады: « ...Қала - ол
өнер-білімнің бесігі, анасы. Онда шын бүтін адамдар бар,
онда адамды адам қылатын оқу жұрттары бар. Онда өнер
бар, онда білім бар, онда адамға жан бар» [12].
Осы орайда, өзіміз байқаған Мағжан шығармашылығының
бір қыры- журналистік шеберлігіне көңіл аударғымыз келеді.
Сөйтіп, ақын талантына тағы да тәнті боламыз.
Бұл тұрғыдағы ой-пікірлер тоғысы жорнал редакциясына
біршама құйылғанға ұқсайды. Нақтылай айтқанда, татар
ағартушы –реформаторлары енгізген жаңа оқу үлгісі- «ұсұл
жәдитке» деген оң көзқарастарды аңғарамыз [13].
Сондай-ақ, «Айқап» бетінде А.Байтұрсыновтың
жәдитшілдік негіздегі қазақша төте жазу үлгісі жарияланып,
жұртшылық талқысына түседі. Сөйтіп, жорналдың сол
жылғы нөмірінде осы жөнінде жазған хаттарға шолу жасап,
редакция алқасының берген жауабы жарияланады [14].
Сонымен қатар, елдің экономикасы мен саяси
жағдайлары туралы хат-хабар, мақалалар қалың оқырман
тарапынан қолдау тапқанға ұқсайды. Өйткені елдің бүгінгі
49
хал-ахуалы мен ертеңгі болашағы көзі ашық, көкірегі ояу
азаматтың қай-қайсын болса да бейтарап қалдырмасы аян.
Жорнал беттерін парақтай отырып, бұл мәселелер
төңірегінде бас редактор – М.Сералиннен бастап, алқа
мүшелерінің, сондай-ақ, зиялы қауым әйелдерінің де
жаппай ат салысқанын көреміз.
Жорнал бетінде әйелдің бас бостандығы мәселесі
көтеріліп, ескілік әдет-ғұрып сынға алынып, өткір де ашық
пікірлер жарияланды. Мәселен, редакция хатшылары-
Ә.Ғаламов пен С.Торайғыровтар бұл мәселені күн
тәртібінен түсірмей, үнемі жарияланымдар беріп тұрды. Бұл
кездегі тұжырымдар топтамасы бір арнаға келіп тоғысты.
Әйел теңдігі сол тұстағы қоғам өмірінің ең көкейкесті
мәселесі ретінде өзінің гуманистік тұрғыда дұрсы шешімін
күтті.
Бұл ретте, көрнекті қалам иелерінің еңбектерін ерекше
ілтипатпен атаған жөн. Атап айтқанда, М.Қалтайұылының
[15], Ә.Ғаламовтың [16], С.Торайғыровтың [17]
мақалаларында қазақ әйелдерінің басындағы ауыр
жағдайлар, кері кеткен әдет-ғұрыптар баяндалады.
Сондай-ақ жорналда әдебиет пен тіл жөнінде жазылған
мақалаларға молырақ орын бөлінді. Біздіңше, мұның себебі,
біріншіден, редакция мүшелерінің бәрі әдебиетшілер - я
ақын, я жазушы болғандығынан сияқты. Өйткені жорнал
редакторы- М.Сералин, хатшылары- Ә:Ғаламов пен
С.Торайғыровтар жорнал арқылы қалам қарымын байқатып,
біршама көркем шығармалар жариялады. Әсіресе,
Сұлтанмахмұт талантының ұшталуы «Айқаппен» тығыз
байланысты.
Екіншіден, татар басылымдарына қарап көш түзегендік
байқалады. Мәселен, «Шура» жорналы айқындамасының
көрінісі «Айқапта» да сезіледі. Төл басылымдарымызда да
шығыс, батыс және орыс классиктері шығармаларының
аудармалары, халық ауыз әдебиетінің үлгілері және жалпы
әдебиеттануға қатысты еңбектердің басылуы оқырман
қауым үшін үлкен жаңалық болды.
50
Әлбетте жорнал бетінде орын алған С.Торайғыров,
С.Сейфуллин, С.Дөнентаевтардың қазақ әдебиетінің тілі
мен стиліне қатысты сын-ескертпелері сөз өнерінің
теориясы мен сынына арналған алғашқы еңбектер ретінде
аталуға тиесілі.
Сонымен, «Айқап» бетіндегі материалдарға қысқаша
тоқтала отырып, оның бүкіл болмысын, ішкі тынысын
айқындауға тырыстық. Сондағы бір байқағанымыз- қазақ
жорналының татар басылымдарына қарап бой түзеп, ой
сүзгендігі. Татар баспасөзінің саны жағынан ғана емес,
сапасы жағынан да озық тұрғандығы осыны аңғартады.
Қазақ баспасөзінің тарихында «Қазақ» газетінің алатын
орны ерекше. Осы тұрғыда ғалым Ә.Әбдіманов [18]
аталмыш басылымның бар болмыс-бітімін аша түсіп,
ондағы материалдарға кеңінен тоқталуға және бүгінгі күнгі
биік талап деңгейінен шығуға тырысқан. Ол еңбекке қосып
аларымыз- жоқ десек те, өз тарапымыздан мынаны
айтпақпыз.
Ұлттық баспасөздің елеулісі әрі сол тұстағы аса беделді
басылым ретінде «Қазақ» газеті қоғамдық сананың
қозғаушы күшіне ғана айналып қоймай, әдеби-мәдени
қатынаста да жетекші рөл атқарды. Олай деуге толық негіз
бар.
Біріншіден, қазақ басылымы мен татар газет-
жорналдарының («Вакыт», «Шура») бір қаладан, бір
баспаханадан шығып тұруы олардың тығыз қарым-қатынас
жасауына игі әсерін тигізді.
Екіншіден, басылым бетіндегі материалдардың тақырып,
мазмұн тұрғысынан ұқсастықтары рухани алмасу
арналарының бастау көзін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда,
азаттық, елдік, діни тұтастық туралы мәселелер төңірегінде
пікір тоғысы мен ой бірлігінің сәйкестігі осыны аңғартады.
Үшіншіден, «Қазақ» газетінің бағыт-бағдары мен
болмысынан өздерінен көп ілгері кеткен татар баспасөзінің
ықпалын сезінуге болады. Оған дәлел болар дерек көздері
жетерлік.
51
Түйіндей айтқанда, ғасыр басындағы қазақ, татар
басылымдарының бағыт-бағдарын айқындау арқылы газет-
жорналдар көтерген мәселелердің ауқымы мен мән-
маңызы, олардың қоғамдық сананың қалыптасып,
өрістеуіне тигізген ықпалы біршама қамтылған іспетті.
Сөйтіп, қазақ, татар басылымдарын салыстыра отырып,
олардың ұқсастықтарымен қатар, өзгешеліктерін де атап
өту- негізгі мақсат болатын. Сондағы бір байқаған жәйт-
тарихы мен тағдыры ұқсас бұл халықтардың шер-мұңы,
мақсат-мүддесіне байланысты басымдар айқындамасында
бірлік, тұтастық байқалады. Бүкіл түркі жұртын тіл бірлігіне,
дін тұтастығына шақырған ұран, ең алдымен, татар
оқығандарынан туындаса, кейін «Алаш» ұранды қазақ
зиялыларының азатшыл үніне ұласты. Осы тұрғыда
жазылған ой-пікірлер ұлттық ұлы мұраттармен үндестік
тауып, болашақтың бағдарламасымен ұштасып жатты.
Міне, сондықтан баспасөздің бағыт- бағдары арқылы сол
тұстағы қоғамдық дамуға сәйкес тұжырымдамалар мен
елдің болашақ бағдарламасы жасалынды десек те болады.
Және басылымдардың ішкі мазмұны мен тақырып
ауқымынан әр ұлттың өзіне тән ерекшелігін, ой-сана өрісін
де байқау қиын емес. Мәселен, қазақ басылымдары
көтерген діни-рухани сауатсыздық, әйел теңдігі,
отырықшылық мәселелері туралы жазбалар татар
баспасөзінде мүлдем кездеспейді. Сондай-ақ, татар
басылымдарындағы материалдардан , атап айтқанда, оқу-
ағарту, баспасөз істері жөніндегі хат- хабарлар мен
әдебиеттануға қатысты мақалалар және т.б. еңбектер көрші
халықтың ілгері кеткендігін аңғартады.
Сонымен, қазақ баспасөзі ХХ ғасырдың басында өз көшін
біршама түзеп, қатты қарқынмен алға жылжығанына
куәгерміз
Сөйтіп,
қазақ-татар
әдеби-мәдени
байланыстарының нәтижесінде баспасөз ісі жолға қойылды.
Ал, ұлттық басылымдардың көбеюі халықтың рухани
жетілуіне , ой-санасының өсуіне әкелді.
Түйіндей айтқанда, басылымдар байланысы түркі
халықтарын ілгері итермелеумен қатар, рухани алмасу
52
арналарының бірі ретінде ұлттар әдебиетінің көш ілгері
жылжуына да септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |