Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті


 МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІН



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2.3. МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІН 
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ 
Р
еспубликалық маңызы бар қалалар (астаналар), аудандар (облыстық 
маңызы  бар  қалалар)  әкімшілігі  жанындағы  комиссия  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасымен  өз  құзырына  жататын  кәмелетке 
толмағандардың ісін қарастырады. 
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді: 1) мамандандырылған 
әкімшілік  соттардың  судьялары  және 2) Қазақстан  Республикасының 
2006  жылғы 20 қаңтардағы N123
1
  «ҚР  Кодексіне  әкімшілік  құқық 
бұзушылықтар туралы өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына 
сәйкес, әкімшілік Кодекспен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың 
лауазымды тұлғалары қарастырады. 
Кәмелетке  толмағандар  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар 
туралы істер Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құзырына 
жатады.  Егер  комиссия  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  істерді 
қарастыру  процесінде  комиссия  қылмыс  белгілерін  анықтаса,  онда  ол 
тиісті ақпаратты ішкі істер органдарына жібереді. 
Комиссияның  кәмелетке  толмағанның,  оның  ата-анасының  неме-
се  басқа  да  заңды  өкілдеріне  қатысты  материалдарды  комиссияның 
қарастыру шарттары: 
кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе бас-
қа заңды өкілдерінің жазбаша шағымы; 
комиссия мүшелерінің жеке бастамасы бойынша; 
азаматтардың ақпараттары бойынша; 
білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ ұйым дас-
ты рушылық-құқықтық түрлері қандай да болсын ұйымдардың өтініштері 
бойынша; 
қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толғанға дейін қоғамға 
қауіпті  әрекет  жасаған  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  ішкі  істер  ор-
гандары немесе прокуратура материалдары бойынша.
А. ҚҰЖАТТАРДЫ АЛДЫН АЛА ДАЯРЛАУ  
К
омиссия хатшысы құжаттарды дайындау жұмысын жүргізеді. Комис-
сия  төрағасы  немесе  оның  тапсырмасымен  комиссия  төрағасының 
орынбасары  құжаттармен  алдын  ала  танысуы  тиіс.  Комиссияның 
қарауына  түскен  материалдармен  алдын  ала  танысу  үрдісінде  негізгі 
шарттардың орындалу барысы анықталады:
аталған материалдарды қарастыру оның құзырына жататындығы; 
комиссия мәжілісіне шақыртылуы тиіс тұлғалар; 
 материалдарды дұрыс және уақытылы қарастыру үшін маңызы бар 
жағ дайларға қосымша тексеру жүргізу қажеттігі, сондай-ақ қосымша мате-
риалдарды талап ету. 

Мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомствосына  жатқызылған әкімшілік 
құқық бұзушылықтар туралы істерді, егер  сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік 
аумағында құрылмаған болса, аудандық (қалалық) соттар  қарастыруға  құқылы.

Хатшының көмекші кітабы
26
Материалдарды  алдын  ала  зерттеу  нәтижелері  бойынша,  комиссия 
келесі шешімдерді қабылдауға құқылы: 
 материалдарды  қарастыруға  тағайындау  және  комиссия  оты-
ры сының  болатын  күні  мен  орны  туралы  кәмелетке  толмаған  тұлғаға, 
оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне, отырысқа қатысуға 
міндетті деп танылған басқа тұлғаларға хабарлауға; 
 түскен материалдардағы мәліметтерге тексеруді жүргізуге немесе 
оны жүргізуді тиісті мамандарға тапсыруға; 
 комиссия отырысында қарастырылуы тиіс мәселелердің негізі бо-
йынша кәмелетке толмаған тұлғаның, оның ата-аналарының немесе өзге 
де заңды өкілдерінің қолдаухаттарын қарастыруға; 
Ереженің 16 тармағында  қарастырылғандай  комиссия  отырысына 
кәмелетке  толмаған  тұлғаның  келуін  қамтамасыз  ету  бойынша  шара 
қабылдауға. 
Отырыс  басталғанға  дейін,  кәмелетке  толмағанда  мен  олардың  ата-
аналарына және өзге де заңды өкілдері мен қорғаушыларына комиссия 
дайындаған материалдармен танысу құқығы берілген. Берілген тармақта 
көрсетілген тұлғалардың материалдармен танысу құқығы комиссия оты-
рысына шақыру туралы шақырту қағазында түсіндіріледі. Комиссияның 
алған  материалдарды  қарастыру  мерзімі – олардың  комиссияға  түскен 
күнінен бастап он бес күн. 
Қ
ҰЖАТТАРДЫ
 
АЛДЫН
 
АЛА
 
ДАЯРЛАУ
Т
үскен істерді зерттеп, әрбір жеке кәмелетке толмаған тұлға жөнінде 
алынған ақпараттарды мұқият тексергеннен кейін КІК хатшысы келесі 
құжаттарды дайындайды: 
1. КІК мүшелерінің тізімін жасайды (тізім үлгісі №1 қосымшада берілген);
2. шақырылған тұлғалар тізімін жасайды;
3. КІК төрағасымен келісе отырып, күн тәртібін жасайды;
4. қажет болған жағдайда болатын КІК отырысы туралы БАҚ ақпарат 
беру үшін баспасөз хабарламасын дайындайды (№2 қосымшаны қара);
5. КІК отырысының бағдарламасын ресімдейді (№3 қосымшаны қара);
6. КІК отырысы басталуына дейін 3 күн қалған мерзім ішінде кешіктірмей, 
КІК кезекті отырысының қатысушыларына факс, телефон арқылы, пошта 
немесе электронды пошта арқылы ақпараттар жібереді; 
7.  алда  болатын  отырыста  істері  қаралатын  кәмелетке  толмағандар 
туралы материалдар жинайды; 
8.  қаулы  жобаларды  (№7  қосымша  қараңыз),  ювеналдық  сотқа  ұсы-
ныстарды  (№8  қосымша  қара),  талап  шағымдарды  (№9  қосымша  қа-
раңыз),  қорытындылар  (№10  қосымша  қараңыз)  мен  №11-17  қо сым-
шаларға сәйкес басқа да құжаттарды жинайды және/немесе ресімдейді. 
К
ОМИССИЯ
 
ОТЫРЫСЫНА
 
ҚАТЫСУШЫ
 
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
 
ҚАТЫСУЫН
 
ҚАМТАМАСЫЗ
 
ЕТУ
 
К
әмелетке толмаған тұлғаның комиссия отырысына келуін қамтамасыз 
ету ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдеріне, не ол тәрбиеленіп 
жатқан  білім  беру  ұйымының  әкімшілігіне  жүктеледі,  олар  өз  кезегінде 

2 бөлім
27
аталған  мәселелер  бойынша  жазбаша  міндеттеме  береді.  Комиссия 
отырысына  себепсіз  жағдайлармен  келмей  қалған  жағдайда  кәмелетке 
толмағандардың заңды өкілдеріне ескерте отырып: 
он төрт жасқа толған, қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған кәмелетке 
толмағандарды; 
 он  алты  жасқа  толған,  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  жасаған 
кәмелетке толмағандарды мәжбүрлеп алып келу жүзеге асырылады;
 кәмелетке толмағандар қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әкімшілік 
құқық  бұзушылықтар  жасағаны  үшін  жауапкершілік  басталатын  жасқа 
толмаған жағдайда, олардың заңды өкілдері мәжбүрлеп әкелінуі тиіс.
Б. 
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗУ
 
К
омиссия отырысы қажетіне қарай, бірақ 
айына екі мәртеден сирек 
емес өткізіледі және ашық түрде болады. КІК отырыстары арасындағы 
бұл мерзім тиімді болып саналады және комиссия мүшелеріне келіп түскен 
істерді мұқият қарауға себін тигізеді. Кәмелетке толмағандар, олардың 
ата-аналары  немесе  өзге  де  заңды  өкілдері  туралы  ақпараттардың 
құпиялылығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  комиссия  қарастырылатын 
материалдардың сипатын ескере отырып, іске қатысы бар тұлғалардың 
өтініші  бойынша 
жабық  отырыс  өткізу  туралы  уәжделген  қаулы 
қабылдай алады. Егерде мұндай қажеттілік туындаған жағдайда немесе 
КІК  жабық  отырысын  өткізу  туралы  шешім  қабылданса,  хатшы  мұндай 
ұсынысты алдын ала дайындауы қажет. КІК хатшысы ата-аналардан не-
месе  заңды  өкілдерден  жазбаша  өтініш  алуы  тиіс.  Егер  жабық  отырыс 
туралы бастама КІК ішінен шыққан болса, онда бұл шешімге хаттама жа-
сайды және дауысқа салынады. БАҚ, қоғамдық ұйымдар немесе басқа да 
тексеру органдары тарапынан түсінбеушіліктер туындамау үшін мұндай 
шешім алдын ала қабылдануы тиіс.
Қажетті  жағдайларда  комиссия  істері  қарастырылатын  тұлғалардың 
оқу,  жұмыс  немесе  тұрғылықты  жерлерінде  көшпелі  отырыстарды 
өткізе  алады.  Тәжірибе  КІК  көшпелі  отырыстарының  жоғары  тиімділігін 
көрсетеді.
КІК кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты материалдарды тек кәмелетке 
толмаған  тұлғаның  өзінің  және  оның  ата-анасының  немесе  заңды 
өкілдерінің қатысуымен ғана қарастырады. Кәмелетке толмаған тұлғаның 
қалауы бойынша комиссия жұмысына оның қорғаушысының қатысуына 
рұқсат  беріледі.  Комиссия  отырысында  кәмелетке  толмаған  тұлғаға 
жағымсыз  әсер  етуі  мүмкін  жағдайларды  тексеру  барысында  комиссия 
оны отырыс залынан шығарып жіберу құқына ие, бұл туралы комиссия 
отырысының хаттамасында жазылады. 
Комиссия  отырысын  өткізу  күні,  орны  және  уақыты  туралы  міндетті 
түрде  прокурорға  хабарлау  керек.  Қылмыстық  жауапкершілік  бастала-
тын жасқа жеткенге дейін қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған кәмелетке 
толмаған тұлғаға қатысты материалдарды қарастыру кезінде отырысқа 
прокурор  шақырылады.  Қазақстандағы  КІК  тәжірибесі  прокурорлардың 
комиссияның  барлық  дерлік  отырысына  қатысатындығын  көрсетеді, 

Хатшының көмекші кітабы
28
бұл  олардың  арасындағы  өзара  ықпалдастықтың  дұрыс  жолға 
қойылғандығын көрсетеді. 
Төрағалық  етуші  тұлға  қандай  материалдар  қарастырылатындығын 
комиссия  отырысының  бас  кезінде  жариялайды,  отырысқа  қатысатын 
тұлғаларды  таныстырады.  Осыдан  кейін  қажетті  құжаттар  жариялана-
ды,  келіп  түскен  материалдар,  сондай-ақ  негізді  шешімдерді  қабылдау 
үшін маңызы бар жағдайлар зерттеледі, қолдаухаттар қарастырылады, 
отырысқа қатысушы тұлғалардың сөздері тыңдалады. 
Кәмелетке  толмаған  тұлға,  оның  ата-анасы  немесе  басқа  заңды 
өкілдері,  қорғаушысы,  материалдарды  қарастыруға  қатысатын  маман-
дар, сондай-ақ кәмелетке толмаған тұлғаға және оның заңды өкілдеріне 
қатысты  ұсыныспен  комиссияға  жүгінген  тұлғалар  қарастырылатын 
материалдардың негізі бойынша колдаухаттар жасауы мүмкін. Ұсынылған 
қолдаухаттарды қарастыру нәтижесі 
комиссия отырысының хатта-
масына енгізіледі. Қолдаухат – бұл бір жақты жазбаша түрде жазылған 
ресми өтініш. Комиссия мәжілісінің хаттамасы төменде берілген 2.3.3. т. 
сәйкес ресімделеді.
2.3.1. К
ОМИССИЯ
 
ҚАУЛЫСЫ
 (№7 
ҚОСЫМША
)
К
әмелетке  толмаған  тұлға,  оның  ата-анасы  немесе  өзге  де  заңды 
өкілдеріне 
қатысты 
материалдарды, 
сондай-ақ 
кәмелетке 
толмағандар жасаған қылмыстарының, құқық бұзушылықтарының және 
қадағалаусыз  қалуының  алдын  алуы  үшін  жауапкершілік  атқаратын 
білім  беру  ұйымдары  мен  органдарының  ұсыныстарын,  ұйымдастыру-
құқықтық  түрлері  әртүрлі  ұйымдардың  мәлімдемелерін,  азаматтардың 
ақпараттарын қарастыру нәтижелері бойынша комиссия төменде берілген 
шешім баяндалған қаулы қабылдайды:
 берілген КІК Ережесінің 10 тармағымен қарастырылған кәмелетке 
толмаған  тұлғаны  орналастыру  туралы  анықталған  тәртіпте  шара 
қабылдау туралы; 
берілген КІК Ережесінің 11 және 12 тармақтарымен қарастырылған 
ықпал ету шараларын қолдану туралы; 
 дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі 
істер органдарына жіберу туралы. 
Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің көпшілік 
қарапайым  дауысымен  қабылданады.  Дауыстар  тең  түскен  жағдайда, 
комиссия отырысына төрағалық етуші тұлғаның дауысы шешуші болып 
табылады. 
Комиссия қаулысында келесі тармақтар көрсетіледі: 
комиссияның атауы мен жеке құрамы; 
комиссия отырысының өтетін күні мен орны; 
материалдары қарастырылып жатқан тұлғаға қатысты мәліметтер; 
материалдарды қарастыру барысында анықталған жағдайлар; 
негізінде шешім қабылданған дәлелдемелер; 
кәмелетке толмаған тұлғаның құқық бұзушылық үшін жауапкершілігін 
қарастыратын немесе құқына кепілдік беретін нормативтік құқықтық акті; 

2 бөлім
29
комиссия қабылдаған шешім; 
кәмелетке толмаған тұлғаға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ко-
миссия ұсынған шаралар, көмек көрсетуге тапсырма берілген органдар 
немесе тұлғалар; 
 аталған қаулыға шағымданудың мерзімдері мен тәртібін түсіндіру 
туралы мәліметтер. 
Төрағалық  етуші  тұлға  мен  оның  жауапты  хатшының  қолдары 
қойылған  комиссия  қаулысы  комиссия  мәжілісінде  жарияланады  және 
ол шағымдану үшін белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін заңды күшіне 
енеді. 
Комиссия 
қаулысы 
сәйкес 
мемлекеттік 
органдар 
мен 
ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері әртүрлі мемлекеттік органдар мен 
ұйымдарға орындалу үшін жіберіледі. Комиссия қаулысын орындамаған 
жағдайда  Қазақстан  заңнамасымен  көрсетілген  жауапкершілікке  тарты-
лады. 
2.3.2. К
ОМИССИЯ
 
ҰСЫНЫСЫ
 (№8 
ҚОСЫМШАНЫ
 
ҚАРА
)
Е
гер  де  материалдарды  қарастыру  барысында  кәмелетке  тол ма-
ғандардың  қылмыс,  құқық  бұзушылық,  қоғамға  қарсы  әрекеттерді 
жасауларына  және  қадағалаусыз  қалуларына,  сондай-ақ  кәмелетке 
толмағандардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  бұзылуына  себін 
тигізетін  жағдайлар  мен  себептер  анықталатын  жағдайда,  комиссия 
мемлекеттік  органдарға,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары  мен 
ұйымдастырушылық-құқықтық  түрлері  әртүрлі  ұйымдарға  оларды  жою 
туралы сәйкес ұсыныстар береді. 
Осы  тармақта  көрсетілген  органдар  мен  ұйымдардың  лауазымды 
тұлғалары, комиссия ұсынысын алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде 
оны қарастыруға және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды 
мүдделерінің бұзушылықтарын жою бойынша қабылданған шаралар ту-
ралы хабарлауға міндетті. 
2.3.3. К
ОМИССИЯ
 
ОТЫРЫСЫНЫҢ
 
ХАТТАМАСЫ
 
К
омиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүр-
гізеді, бұл хаттамада: 
комиссия атауы мен жеке құрамы; 
комиссия отырысының өтетін күні мен орны; 
қарастырылатын материалдардың мазмұны; 
 материалдары қарастырылатын тұлғаның тегі мен аты-жөні және 
әкесінің аты, туған күні мен жері, тұрғылықты жері, сондай-ақ материал-
дарды қарастыру үшін маңызы бар басқа да мәліметтер; 
 комиссия отырысына қатысатын тұлғалардың келуі мен олардың 
құқықтары мен міндеттемелерін түсіндіру туралы мәліметтер; 
комиссия мәжілісіне қатысушы тұлғалардың түсініктемелері; 
 материалдарды  қарастыру  барысында  зерттелген  құжаттар  мен 
айғақтық заттар; 
ұсынылған қолдаухаттар және оларды қарастыру нәтижелері; 

Хатшының көмекші кітабы
30
комиссия отырысында қабылданған қаулылар немесе ұсыныстарды 
жариялау туралы мәліметтер; 
 қабылданған қаулыларға немесе ұсыныстарға шағымдану мерзімі 
мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. 
Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші тұлға мен оның 
хатшысы  қол  қояды.  Комисия  хатшысы  хаттамалар  мәтінін  сандық 
тасымалдағыштарда  сақтайды,  ал  басылып  шығарылған  түрін  «Комис-
сия отырысының хаттамалары» папкасына тігеді.
2.3.4. Қ
АРАСТЫРЫЛҒАН
 
ІСТЕРДІҢ
 
БАРЛЫҒЫН
 
САҚТАУ
 
К
әмелетке  толмағандардың  қылмыс,  құқық  бұзушылық,  қоғамға  қар-
сы  әрекеттерді  жасауына,  сондай-ақ  қадағалаусыз  қалуына  себін 
тигізетін  жағдайлар  мен  себептерді  жою  жөніндегі  жұмыстарды  зерттеу 
мақсатында комиссия отырыстарда қарастырылған барлық істерді есепке 
алу  мен  сақтауды  ұйымдастырады,  аталмыш  есептің  мәліметтерін  өзінің 
аумақтық қатыстылығы шегінде қорытындылайды. Кейбір комиссиялардың 
тәжірибелері, КІК материалдарын әрбір жеке жағдай бойынша жеке тігілген 
және нөмірленген түрде сақтау қолайлы болып табылатындығын көрсетеді. 
Құжаттарды  сақтаудың  мұндай  түрі  қажетті  құжаттарды  іздеу  мен  оған 
мүдделі ұйымдар мен тұлғалардың қол жетімділігін жеңілдетеді.  
2.3.5. К
ОМИССИЯ
 
ҚАУЛЫЛАРЫНА
 
НЕМЕСЕ
 
ҰСЫНЫСТАРЫНА
 
ШАҒЫМДАНУ
 
Т
ұлға, оның заңды өкілдері, сондай-ақ зардап шегуші қарастырылған 
материалдар  бойынша  комиссия  қабылданған  қаулы  немесе 
ұсыныстар жөнінде сотқа немесе жоғары тұрған комиссияға шағымдануы 
мүмкін.
Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті қаулының немесе ұсыныстың 
орындалуын тоқтатады. 
Комиссия қаулыларына немесе ұсыныстары жөнінде сотқа шағымдану 
мерзімдері мен тәртібі қазақстандық заңнамаға сәйкес анықталады. 
Қазақстанның заңнамасымен анықталған тәртіпте прокурор комиссия 
қаулысына немесе ұсынысына наразылық білдіруі мүмкін. 
Комиссиялар  Тұрпаттық  ережелердің 7-бабында  көрсетілген  алты 
негізгі ұстанымда жұмыс істейтіндігін әрқашан есте сақтау керек: 
заңдылық;
кәмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау;
 кәмелетке  толмағандарға,  ата-аналарына  немесе  оның  заңды 
өкілдеріне құрметпен қарау; 
кәмелетке толмағандар, ата-аналары немесе оның заңды өкілдері 
туралы ақпараттардың құпиялылығы;
 кәмелетке  толмаған  баланың  ата-анасымен  және  өзге  де  заңды 
өкiлдерiмен  оның  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  мәселелері 
бойынша өзара қарым-қатынас жасау;
 кәмелетке  толмаған  тұлғаның  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін 
бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жауапкершілігі.

3 бөлім
31
3.1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ТҰЛҒАНЫҢ ЗАҢДЫ ЖӘНЕ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ 
ЗАҢ АСПЕКТІСІ 
К
әмелетке  толмағандар  деген  кімдер?  Бұл  терминді  этимологиялық 
тұрғыдан - «кәмелеттік» жасқа толмаған адам деп түсіндіруге бола-
ды. Яғни, белгілі бір жас кезеңіне жетпеген тұлға. Және бұл кезеңнің шегі 
түрлі тарихи кезеңдер мен түрлі елдерде әртүрлі болды. Көптеген елдер-
де кәмелетке 18 жаста толады. Ал кейбір елдерде – кәмелеттік жас 21 
жас  болып  табылады.  Кәмелетке  толмаған  деп 18 жасқа  толмаған  ба-
ланы айтуға болады. Қай жастан басталады деген сауалдың туындауы 
заңды да. Үш жаста да, бес жаста да, тіпті он жастағы баланы кәмелетке 
толмаған деп айтуға бола ма? 
  «Кәмелетке  толмаған»  деген  ұғым  көп  жағдайда  заң  терминология-
сында қолданылады және қылмыстық жауапкершілік туындайтын жаспен 
байланыстырылады. Бұл жағдайда да бұл шек түрлі елдерде әртүрлі бо-
лады. Мысалы, Ұлыбританияда қылмыстық жауапкершілік 10 жастан ба-
сталады, Польшада - 13 жастан. Ресей мен Қазақстанда 14 жастан бас-
талады. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, 
кәмелетке толмағандар деп «қылмыс жасаған уақытында он төрт жасқа 
толған, бірақ әлі он сегізге толмаған тұлғалар танылады» [43, 48 б.]. 
Осындай анықтамаға сәйкес, кәмелетке толмаған деп, 14 жастан 18 
жасқа дейінгі баланы айтуға болады. Алайда 14* жасқа толмаған бала-
лар да құқық бұзушылық жасайды. Егер бала 11-12 жаста болса және 
ол құқық бұзушылықты жасаса, онда ол қылмыстық жауапкершілікке 
тартылмайды.  Бірақ  бұл  жағдайда  ол  кәмелетке  толмаған  деп 
есептелуі мүмкін бе?
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  АСПЕКТ
П
сихологиялық  тұрғыдан  қарағанда  кәмелетке  толмаған  деген  кім? 
«Кәмелетке толмаған» санатына 14 тен 18 дейінгі жас аралығы жа-
тады, ал бұл жас ауқымы екі жас кезеңдерінің – жеткіншек (орта мектеп) 
және жасөспірім (жоғары мектеп) жасының ауысуымен сипатталады.
3 бґлім
Комиссия хатшыларына кґмек ретіндегі
 практикалыќ материалдар
2
2009 жылы ҚР ІІМ ҚР ҚК өзгертулер енгізіледі: қылмыстық жауапкершілік басталатын жас 
14 жастан 16 жасқа дейін көтеріледі.

Хатшының көмекші кітабы
32
Ж
ЕТКІНШЕК
 
ЖАСЫ
 (11-15 
ЖАС
)
Ә
дебиетте адам өміріндегі бұл жас кезеңі түрлі атаулармен сипатта-
лады: жеткіншектік, өтпелі кезең, пубертальды, пубертантты кезең, 
жасөспірім, жыныстық жетілу жасының қолайсыз фазасы, екінші рет кіндік 
кесу жасы. Түрлі атаулар жеткіншектің өміріндегі болатын өзгерістердің 
алуан жақтарын көрсетеді. 
Ж
ЕТКІНШЕК
 
ЖАСЫНЫҢ
  
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Ж
еткіншек  кезеңінің  биологиялық  мағынасы  пубертантты  кезең  не-
месе  жетілу  кезеңі  ретінде  анықталады.  Қалыпты  физикалық 
пубертанттылық  кезеңінің  басталуының  төменгі  шегі 11-12 жасқа, 
жоғарғы  шегі 17-18 жасқа  жатады.  Дәстүрлі  түрде  (Ш.  Бюлерден  кейін) 
пубертант кезеңінің екі басты фазасын атап өтуге болады – теріс фаза 
және позитивті фаза (жастық шақ).
Жеткіншек  тулаған  гормондардың  құрбаны  болып  табыла  ма?  Г.  Крайг 
гормонды дағдарыстың жалпы эмоционалды көрінуін атап өтеді [18, 566 б.].
Иә
Жоқ
Көңіл-күйдің жиі өзгеруі: 
торығу; 
мазасыздық және зейіннің нашар 
шоғырлануы; 
тітіркенушілік; 
импульсивтілік; 
алаңдаушылық; 
агрессия және проблемалы мінез-
құлық.
Жеткіншектің күйіне көптеген басқа 
да факторлар әсер етеді:
отбасылық қарым-қатынастар;
жеткіншектер ортасындағы 
мәртебесі;
академиялық жетістіктерінің 
деңгейі;
ұзақ мерзімді болашақты құру 
қабілеті және т.б.
Ж
ЕТКІНШЕК
 
ДАҒДАРЫСЫ
 
12-14 жаста көптеген балалардың психологиялық дамуында «жеткіншек 
дағдарысы»  деген  атпен  белгілі  өтпелі  сәт  басталады.  Жеткіншек 
дағдарысының белгілері: 
тіл алмаушылық дүмпуі, 
дөрекілік, 
қырсықтық;
тұйықтық;
дәлелсіз ересектерге қарсы тұру; 
мұғалімдерге қатысты теріс қылық; 
ересектердің ескертулерін елемеу;
құрбыларының арасына сіңісе алмау жағдайын қатты уайымдау, 
белгісіз жарқын болашаққа деген үміт; 
 өз тәуелсіздігін көрсететін, материалдық мүдделерге жақындығын 
көрсететін дөрекі қимыл. 
Көптеген 
психологтардың 
пікірінше, 
жеткіншек 
дағдарысы 
жеткіншектердің өзін жеке тұлға ретінде тану қабілеті мен қажеттілігінің 

3 бөлім
33
туындауы  сипатты  белгісі  болып  табылатын,  өзін-өзі  танудың  жаңа 
деңгейінің  пайда  болуына  байланысты.  Бұл  жеткіншектің  өзін-
өзі  қалыптастыру,  өзін-өзі  таныту  және  өзін-өзі  тәрбиелеуге  деген 
ұмтылысынан көрініс табады. 
Өзіндік  сана-сезімді  дамыту  механизмі  рефлексия  болып  табыла-
ды.  Жеткіншектер  өздерінің  теріс  мінездерінің  теріс  бітістеріне  сыни 
көзбен  қарайды,  басқа  адамдармен  өзара  қарым-қатынастар  жасау 
мен достасуға кедергі келтіретін мінез бітістері үшін уайымдайды. Мінез-
құлықтарының  теріс  сипаттары  туралы  мұғалімдердің  ескертулерінен 
кейін  бұл  күйзелістер  күшейе  түседі.  Бұл  ашу-ыза  мен  кикілжіңдерге 
әкеліп соғады.  (www.sunhome.ru/psychology).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет