Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

«Б
АЛА
 
ҚҰҚЫҚТАРЫН
 
ҚОРҒАЙТЫН
 
ЗАҢДАР
» 
БӨЛІМІ
Бұл  бөлімнің  сұрақтары  респонденттердің  дүние  жүзіндегі  және 
Қазақстандағы  бала  құқықтарын  реттейтін  нормативтік  құжаттардың 
мазмұнын  білу  деңгейін  анықтауға  бағытталған.  Бөлімде  үш  сұрақ 
берілген, олар барлық сауалнамаларда қайталанады. 
«Б
АЛАЛАРҒА
 
ҚАТЫГЕЗДІКПЕН
 
ҚАРАУ
 
СЕБЕПТЕРІ
» 
БӨЛІМІ
  
Бұл бөлімде сарапшыларға арналған сауалнама бар. Сәйкес сұрақтар, 
біріншіден,  сарапшының  кәсіби  қызметінде  неғұрлым  жиі  кездесетін 
балаларға  қатыгездікпен  қараудың  түрлерін  анықтауға  мүмкіндік 
береді.  Екіншіден,  ересектердің  түрлі  санаты  тарапынан  қатыгездікпен 
қарау  жағдайларының  жиілігі  бойынша  жауаптарды  қарастырады:  ата-
аналардың,  педагогтардың,  туыстарының,  құқық  қорғау  органдарының 
өкілдерінің және т.б. Бөлім 3 сұрақтан тұрады. 
«Б
АЛАЛАРҒА
 
ҚАТЫГЕЗДІКПЕН
 
ҚАРАУДАН
 
ЖӘНЕ
 
НӘПСІЛІК
 
ПАЙДАЛАНУДАН
 
ҚОРҒАУ
» 
БӨЛІМІ
Бұл  бөлім  мектеп  оқушылары  мен  сарапшыларға  арналған  сауал-
намаларда  ғана  берілген.  Респонденттердің  жауаптары  бала  үшін 
жауапкершіліктің бірінші кезектілігі, сарапшының өмір сүру аймағындағы 
баланы  және  оның  дамуын  қорғау  инфрақұрылымы  туралы,  сондай-
ақ  балаларға  қатыгездікпен  қарау  жағдайында  кімге  және  нақты  кім 
хабарласатындығы  туралы  сарапшылардың  пікірін  анықтауға  мүмкіндік 
4 бґлім
Əлеуметтік зерттеулердіѕ нəтижелері 

Хатшының көмекші кітабы
50
береді.  Балаларға  арналған  сауалнамада  бұл  бөлімнің  жауаптарында 
мектеп  оқушыларының  қиын  жағдайларда  көмек  алу  үшін  қайда  бара 
алатындығы және өзін-өзі қорғау мәселелері мен қиын өмір жағдайларында 
өздерін  ұстай  алулары  бойынша  ақпарат  көздері  туралы  білімдерін 
көрсетеді. Мектеп оқушыларына арналған сауалнамада 3 сұрақ бар, ал 
сарапшыларға арналған сауалнамада – 5 сұрақ. 
Сауалнамаларда  салыстырмалы  талдау  жасалған  сәйкес  келетін 
сұрақтар  болды.  Төменде  өзара  сәйкес  келетін  сұрақтарға  бірнеше 
мысалдар берілген және олардың мақсаттары сипатталған. Мысалы: 
 Сіз  баланың  құқықтарымен  қайда  таныстыңыз?  М
АҚСАТЫ
:  рес-
понденттің балалар құқықтарымен танысу көздерін анықтау.
 Сіз  «Мен ... мазмұнымен  таныспын»  деп  қандай  дәрежеде  айта 
алар едіңіз. Сарапшыларға арналған сауалнамаға мектеп оқушылары мен 
халыққа арналған сауалнамаларға қарағанда балалар құқықтарын қорғау 
жөніндегі сегіз мамандандырылған заңнамалық актілер қосылған, оларға 
жауаптың тек үш нұсқасы ғана берілген: «БҰҰ бала құқықтары туралы» 
Конвенциясы (1989), «ҚР бала құқықтары туралы» Заңы (2002) және «ҚР 
неке  және  отбасы  туралы»  Заңы (1998). М
АҚСАТЫ
:  белгілі  нормативтік 
құжаттар  (мысалы, «БҰҰ  бала  құқықтары  туралы»  конвенциясы, «ҚР 
бала құқықтары туралы» Заңы, «ҚР неке және отбасы туралы» Заңы және 
т.б.) бойынша респонденттердің хабардарлық деңгейін сүзгі-сұрақтардың 
көмегімен нақтылау – «жақсы», «үстірт», «таныс емеспін». 
 Бұл  заңдарда  Сізді  нақты  не  қызықтырады?  Заңдардың  ішінде 
біреуін ... деп айта алар ма едіңіз? М
АҚСАТЫ
: респонденттің хабардарлық 
деңгейінің  объективтілігін  бағалау,  үшінші  сұраққа  респондент  тек 
алдыңғы сұрақтағы «жақсы» сүзгісінен өткен жағдайда ғана жауап береді.
Балаларды  қандай  жерлерде  жиі  жәбірлейді?  М
АҚСАТЫ
:  респонденттің 
пікірін  анықтау,  социумның  қандай  бөлігінде  балалар  жиі  қатыгездікпен 
қараудың түрлі формаларына ұшырайды: отбасында, мектепте, көшеде 
және т.б.
Балаларды  кім  жиі  жәбірлейді?  М
АҚСАТЫ
:  респонденттердің  мектеп 
оқушыларына  қоршаған  ортасында  кім  жиі  балаларға  қатыгездікпен 
қарайтындығы  туралы  пікірін  анықтау.  Мұндай  сұраққа  жауап  бере 
отырып,  адамдар  өз  тәжірибесін  пайдаланады  деген  болжамдар  бол-
ды  (жобалық  сәйкестендіру).  Басқа  сұрақтармен  үйлесімде  зерттеуші 
балаларға қатыгездікпен қарау бойынша неғұрлым толық суретті алады. 
Сарапшыларға  балаларды  қорғау  мен  балаларға  қатыгездікпен  қараудың  ал-
дын  алуға  қатысты  он  екі  қосымша  сұрақтар  қойылды.  Олардың  ішіндегі  бірнешеуі: 
(1)  Балаға  қатыгездікпен  қарау  және  нәпсілік  пайдалану  кезінде  халық  көбіне 
кімнен  көмек  сұрайды? (2) Сіздің  ойыңызша,,  бірінші  кезекте  бала  үшін  кім  жауап-
ты? (3)Сіздің  пікіріңіз  бойынша,  балалардың  зорлықтан  қорғау  құқығы  мен  заңды 
мүдделерін қорғауға мемлекет жеткілікті қаржы бөле ме? (4) Сіздің ойыңызша, біздің 
аймақта,  қалада,  облыста  балаларды  зорлықтан  қорғау  құқығының  әлеуметтік 
инфрақұрылымы  жеткілікті  дамыған  ба? (5) Сіз  қатыгездікпен  қарау  және  нәпсілік 
пайдалану құрбандарын оңалту бойынша жұмысты жүзеге асырасыз ба? (6) Балаға 
қатыгездікпен  қарау  немесе  нәпсілік  пайдалану  жағдайларын  анықтауға  байла-
нысты  қандай  шаралар  жасалуда? (7) Балаларға  қатыгездікпен  қарау  мен  нәпсілік 
пайдаланудың алдын алу жұмысы қалай жүргізіледі? (8)Сізге зорлық құрбандарымен 
жұмыс  бойынша  қандай  дағды  қажет? (9) Сіздің  пікіріңіз  бойынша,  жұмысыңыз  үшін 
қатыгездікпен қарау және нәпсілік пайдаланудың құрбандарымен жұмыс бойынша сен-
минарлар мен тренингтерді өткізу қажет пе?

4 бөлім
51
4.1. ОҚУШЫЛАР, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ЖӘНЕ САРАПШЫЛАР 
ТҰРҒЫСЫНАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ 
А.  Б
АЛАЛАР
 
ҚҰҚЫҚТАРЫ
 
ТУРАЛЫ
  
АҚПАРАТ
 
КӨЗДЕРІ
 
М
ектеп оқушылары үшін бала құқықтары бойынша ақпараттың негізгі 
көздері, сөзсіз, мектеп болып табылады, сондықтан да балалардың 
70% мектепті таңдады. Шындығында, сауалнама нәтижелерін неғұрлым 
тереңнен  талдау  мектептің  басты  білім  көзі  болып  табылатындығын 
көрсетті. Сонымен қатар, балалар құқықтары туралы ақпарат көздері бо-
йынша балалардың/жасөспірімдердің және қыздардың/бойжеткендердің 
пікірлерінде  айырмашылықтың  болмағаны  дәлелденді.  Алайда,  бұлай 
басқа критерийлер бойынша айтуға болмайды – ұлты бойынша, пікірлер 
елеулі  айырмашылықтарға  ие:  қазақ  және  басқа  ұлт  өкілдерінің  бала-
лары орыс ұлтының балаларына қарағанда жиі «Мен балалар құқығын 
білмеймін» және «Жауап беруге қиналамын» жауап нұсқаларын таңдады. 
Егер  балалар  өздерінің  құқықтарын  қорғайтын  заңмен  таныс  болмаса 
да, балалардың арасындағы респонденттердің 40% жасына, жынысына 
және ұлтына тәуелсіз, олармен үстіртін таныстығы туралы айтады. 
Жалпы, ата-аналар балалар құқықтары туралы заңдармен өз беттерімен 
танысуға  мәжбүр,  себебі  олардың  мектепте  оқыған  жылдарында  мұндай 
білімде олқылықтар болғаны байқалады. Білім деңгейі жоғары болған сайын, 
балалар құқықтары туралы өз бетімен танысқан адамдар саны да жоғары. 
Екінші  жағынан,  тағы  да  бір  байланыс  байқалады – білім  деңгейі  төмен 
болған сайын, балалардың құқын білмейтін адамдар да көп. Соңғы елеулі 
айырмашылық - бұл сұраққа жауап беруге қиналғандар арасында орта білімі 
ғана бар адамдар көп. Ұлты бойынша да қазақ ұлтының респонденттерінің 
пікірілерінде елеулі айырмашылық байқалады (1 сур.қара)
Негізінен, сарапшылар «ҚР бала құқықтары туралы» (2002), «ҚР Неке 
және отбасы туралы» (1998) және «Кәмелетке толмағандар арасындағы 
құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және 
панасыз  қалуын  алдын  ала  ескерту  туралы» (2004) Заңдарын  біледі. 
Сарапшы-ер адамдар арасында қылмыстық және азаматтық кодекстерді, 
сондай-ақ «БҰҰ бала құқықтары туралы» конвенциясын жақсы білетіндер 
көп. Қылмыстық және әкімшілік кодекстерді педагогтарға қарағанда по-
лиция офицерлері неғұрлым көбірек біледі. «Білім беру туралы» Заңды 
мемлекеттік  қызметкерлер  басқаларға  қарағанда  азырақ  біледі.  Жақсы 
таныс  сурет – сарапшы-әйелдер  сарапшы-ер  адамдарға  қарағанда 
қылмыстық  кодекстің  мазмұнын  аз  біледі,  бірақ  ер  адамдардың 
халықаралық  конвенциялар  туралы  білімдері  таяз.  Бұл,  ең  алдымен, 
білім беру жүйесінде халықаралық акциялар мен конвенциялар туралы 
ақпараттардың көп таратылатындығымен байланысты, ал құқық қорғау 
органдарында  кәмелетке  толмаған  құқық  бұзушылармен  күнделікті 
жұмысқа көбірек көңіл аударылады. 
Зерттеу  балаларды,  ата-аналарды  және  сарапшылар  қауымдастығын 
балалар  құқықтарымен  тек  жай  таныстыру  ғана  емес,  халықтың  барлық 
тобын  балалар  құқығын  қорғаудың  тәжірибелік  дағдыларына  тереңдетіп 

Хатшының көмекші кітабы
52
оқытудың  қажеттілігін  көрсетті.  Қазақстан  қоғам,  соның  ішінде  мектеп-
тер,  орта  білім  беру  орындары  мен  жоғары  оқу  орындары,  мұны  ертерек 
бастаса,  бұл  қоғам  үшін  жақсы  болар  еді.  Қазақ  мектептерінде  балалар 
құқықтарын оқытуды тереңдету керектігі, ал мемлекеттік органдарға қазақ 
мектептеріндегі мұғалімдері арасында балалар құқықтарын қорғау жөнінде 
қосымша  дайындықтар  жүргізу  қажеттігін  тағы  да  атап  өткіміз  келеді. 
Өкінішке орай, құқықтарды насихаттаудың басым бөлігі еліміздегі үкіметтік 
емес  секторы  арқылы  жүргізіледі.  Ақпараттық  компанияларды  жүргізу  ба-
рысында ҮЕҰ өз қызметінде негізгі (бастапқы) тіл ретінде қазақ тілін сирек 
қолданады: буклеттер мен кітаптар негізінен орыс тілінде шығарылады, се-
минарлар мен тренингтер 90% жағдайда тек орыс тілінде өткізіледі. Мем-
лекетке 50% мемлекеттік  тілде  және 50% орыс  тілінде  деген  формуласы-
нан  бас  тартып,  әрбір  жеке  алынған  аумақтағы  қазақ  және  орыс  тілдерін 
білетіндердің  пайыздық  арақатысын  ескере  отырып,  мектеп  жасындағы 
балаларға  арналған  ақпараттық  материалдардың  пайыздық  арақатысын 
реттеу саясатын өзгерту керек. Біздің зерттеуімізде қазақ тілінде оқытатын 
мектептің балалары мемлектеттік тілдегі ақпараттардың тапшылығы тура-
лы атап өтті және бұл мәселені шешуге көмек беруді сұрады. 
Әлеуметтік  зерттеу  балалар  құқықтары  жөніндегі  сынып  сағаттарын 
жүргізудің немесе мектептерде ақпараттық стендтерде балалар құқықтары 
жөніндегі  заңнамалық  актілердің  мәтіндерімен  безендірудің  қажеттілігін 
дәлелдеді.  Жас  қазақстандықтар  болашақта  балалар  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі ойын түрінде нақты шынайы білім алу мен мектеп жасындағы ба-
лалар үшін айқын әрі қол жетімді басылымдарының жариялануын күтуде! 
Егер респонденттер өздерін қорғай алмаса және өздерінің құқықтары 
туралы үстірт қана білетін болса, олар ақпаратты қайдан алады? Өзін-өзі 
қорғау туралы ақпарат көздері бойынша ұлтына қатысты статистикалық 
байланыс  бақыланады:  орыс  ұлтының  балалары  көбіне  «мектептен», 
«инспекторлардан»  және  «брошюралардан,  проспектілерден»  сияқты 
жауаптарды таңдаған (2-сур.қара).  
Б. «М
ЕНІҢ
  
МИЛИЦИЯМ
 (
ПОЛИЦИЯМ

МЕНІ
 
ҚОРҒАЙ
 
МА

Б
ізді  респонденттердің,  әсіресе,  мектеп  оқушылары  мен  олардың  ата-
аналарының  полиция  қызметкерлеріне  қатынасы  өте  қызықтырады. 
Әрбір үшінші оқушы полицияда жазалаумен, әрбір бесінші – немқұрайлықпен, 
ал әрбір оныншы – соққыға жығумен жиі кездесетіні анықталды (3-сур. қара). 
Полицияға қатысты жынысы, ұлты жағынан қатынасының айнымалы-
лар  арасында  статистикалық  елеулі  байланыс  жоқ.  Ұлдар  полицияда 
жиі  жазалаумен  кездесетіндіктерін  мойындайды.  Ал  қазақ  ұлтының  ба-
лалары басқа ұлт балаларына қарағанда жазалауға жиі ұшырайды. Әр 
жас  тобында  полициямен  байланыс  жазалау  және  айқайлармен  қатар 
жүретіндігін атап өткен жөн. (4-сур.қара).
Жауаптардың соңғы үш нұсқасында балалардың пікірлері ересектердің 
пікірлерінен ерекшеленеді: мұғалімдер мен полиция қызметкерлері олар-
ды  ересектердің  ойлағанынан  аз  жәбірлейді.  Қалғандары  бойынша 
бетбағыттар ұқсас (5-сур.қара).

4 бөлім
53
Сарапшылардың пікірі бойынша және тәжірибелері көрсетіп отырғандай, 
қатыгездікпен  қарау  субъектілері  ретінде  ата-аналардың  өздері  жиі 
кездеседі. Ең алдымен, мұндай пікірді педагогтар мен полиция қызметкерлері 
қолдайды. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен туыстары сирек. 
Отбасындағы балаларға қатыгездікпен қараудың негізгі себептерін 
зерттеу, сарапшы-ер адамдар үшін статистикалық мәнді айырмашылықтар 
объективті,  әлеуметтік  себептерден  көрінетіндігін,  сарапшы-әйелдер  үшін 
терең, психологиялық себептерде жатқандығын көрсетті. 
Мектепте және көшеде балаларға қатыгездікпен қарау себептері, 
сарапшылардың  пікірі  бойынша,  құқықтық  сауат сыздығына  балалардың 
өздері  кінәлі  (сарапшы-әйелдер  сарапшы-ер  адамдарға  қарағанда  ба-
сым  болды).  Біздің  ойымызша,  бұл  балаларға  қатыгездікпен  қараудың 
елеулі  себебі,  әсіресе  ресми  және  уәкілетті  тұлғалар  тарапынан,  мысалы: 
мұғалімнің,  полиция  қызметкерінің,  дүкендегі  сатушының  және  т.б.,  яғни 
ресми жүктелген, формальді нормалармен жазылған және регламенттелген 
рөлдерін атқарушы тұлғалар тарапынан болады. Бірақ зорлық көшеде бол-
са, онда полицияның жауапсыздығы маңызды себепке айналады. 
Педагогтар  тарапынан  балаларға  қатыгездікпен  қараудың 
басты  себебі  жалақы  мөлшерінің  төмен  болуынан  деп  ер  адамдар 
әйелдерге қарағанда көбірек ойлайды. Бұл – педагогтарға тәуелді емес 
объективті себеп. Жаман көңіл-күй де төмен жалақының кесірінен шығар. 
Тұлғалық қалыптаспағандық – бұл қиын өлшенетін субъективті себеп.
В.  Қ
АУІПСІЗДІК
 
ЖӘНЕ
 
БАЛАЛАР
 
Ә
леуметтік  зерттеу  қоғамдағы  балалар  қауіпсіздігі  мәселесіне  де  на-
зар  аударды.  Балалар  өздерін  қайда  қауіпсіз  сезінеді?  Сонымен, 
кө шедегі қауіпсіздік сезімі мен жынысы арасында байланыс байқалады 
-  бұл  айнымалылар  статистикалық  тәуелді.  Қыздар  көшеде  ер  адам-
дардың,  қайыршылардың  және  басқа  да  (бейтаныс)  тұлғалардың  жа-
нында  өздерін  қауіпсіздікте  сезінбейтіндігін  атап  өткен.  Ал  қасында 
жеткіншек  балалар  болғанда  өздерін  қауіпсіз  сезінеді.  Ұлттар  бойынша 
байланыс  жоқ,  ал  ұяшықтар  бойынша  бар – балалар  көшеде  полиция 
қыз меткерімен бірге болған кезде қазақ балалары өздерін орыстарға қа-
рағанда, аз қауіпсіздікте сезінеді (6-сур.қара).
Г.  Б
АЛАЛАРДЫ
 
ЖӘБІРЛЕГЕН
  
КЕЗДЕ

ОЛАР
 
КӨМЕК
 
СҰРАП
 
ҚАЙДА
 
БАРУЛАРЫ
 
КЕРЕК
?
Қ
ыздар  мұғалімдер  мен  тәрбиешілерге  айтуға  бейім  екендіктерін  мо-
йындады,  ал  балалар  көбіне  прокуратураны  таңдаған.  Ұлт  пен  жасқа 
байланысты  осы  сұрақ  арасында  тәуелділік  байқалады.  Орыс  ұлтының 
респонденттері  бейтаныс  адамдарға  хабарласуға  болады  деген  жа-
уапты бәрінен аз таңдаған. 7 жастан 11 жасқа дейінгі ең кіші жас тобының 
респонденттері  басқаларға  қарағанда  жиі  туыстарын,  мұғалімдерді 
(тәрбиешілерді), бейтаныс адамдарды (!!!) және үкіметтік емес ұйым дарды 
таңдаған.  Төменгі  сынып  оқушыларының  бейтаныс  адамдарды  таңдауы 
бәріне  қарағанда  көп  секем  тудырды!  Дәл  осы  жастан  бастап  балаларды 
тірі қалу мен қауіпсіздік мінез-құлықтарына үйреткен дұрыс! (7-сур.қара).

Хатшының көмекші кітабы
54
Респондент-ата-аналардың  негізгі  бөлігі  егерде  бала  нәпсілік 
пайдалануға  ұшыраған  жағдайда  арнайы  ұйымдарға  баруды  таңдаған. 
Жауаптар  қоғамда  әлеуметтік  топтар  мен  мүдделері  бойынша  топтар 
арасындағы  ынтымақтастықтың  әлсіздігін  көрсетеді (6,5%) (4  кестені 
қара).
№4-кесте

Жауаптар
Пайыздар 
1
Полицияға 280
21,4
2
Кәмелетке толмағандардың  істері 
жөніндегі  комиссияға 
182
13,9
3
Дағдарыс орталықтарына 175
13,4
4
Прокуратураға 168
12,8
5
Сенім телефондары бойынша 122
9,3
6
Сексуалдық пайдалану құрбандары 
болған басқа балалардың ата-
аналарына 
85
6,5
7
Туыстарына 73
5,6
8
Мұғалімдерге (тәрбиешілерге)
59
4,5
9
Мемлекеттік органдарға 44
3,4
10
Достарына 41
3,1
11
Білім басқармаларына 21
1,6
12
Жауап беруге  қиналамын 19
1,5
13
Үкіметтік емес ұйымдарға 18
1,4
14
Бейтаныс адамдарға 16
1,2
15
Басқа (жазу керек) 7
0,5
Барлығы
1310
100,0
Жынысы  бойынша  әйелдер  статистикалық  тұрғыдан  «Туыстарына» 
жауабын таңдаған. Сонымен қатар бұл жауапты статистикалық тұрғыдан 
жоғары білімді респонденттер таңдаған. Орта білімді респонденттер жиі 
«Полицияға»  жауабын  таңдаған.  Ұлты  қазақтар  орыстарға  қарағанда 
жиі  «Дағдарыс  орталықтарына»  жауабын  таңдаған;  басқа  ұлттар  оры-
стар мен қазақтарға қарағанда жиі «Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі 
комиссияға» жауабын таңдаған. 
Сарапшылардың  пікірі  бойынша,  балалар  жиі  ата-аналарынан (35%), 
туыстарынан (10% аз)  және  сенім  телефондары  бойынша  (шамамен 
10%)  көмек  сұраған,  ал  олардың  ата-аналары,  біріншіден,  полицияға 
хабарласуға (15%), екіншіден,  туыстарына  (шамамен 10%), содан  кейін 
барып дағдарыс орталықтарына ( 8%) хабарласқан. 
Ата-аналар  көмек  сұрап  хабарласатын  инстанциялар  арасында 
Кәмелетке  толмағандар  ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі 
комиссия  соңғы  орында.  Мемлекеттік  органдар  халыққа  КІК  тиімді 
жұмысы  туралы  көп  хабарлауға  тиіс.  КІК  жұмыстарын  белсендендіру 
КІК  хатшысының  және  комиссияның  өзінің  мәртебесін  көтеруге  себтігін 
тигізер еді (8-сур.қара). 

4 бөлім
55
4.2. САРАПШЫЛАР ТҰРҒЫСЫНАН  БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН 
ҚОРҒАУ БОЙЫНША  ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ 
Б
алаларды  зорлықтан  құқығын  қорғау  жөніндегі  инфрақұрылымның 
дамуы  мәселелері  бойынша  сарапшылардың  пікірлері  жынысына 
қарай бөлінді: сарапшы-әйелдерге қарағанда сарапшы-ер адамдар 80% 
жағдайда қолда бар инфрақұрылымдарды жеткілікті бағаламауға бейім 
(көрсеткіш екі есе төмен).
Балаға  қатыгездікпен  қарау  немесе  нәпсілік  пайдалану  жағдайларын 
анықтауға  байланысты  қабылданатын  шараларға  қатысты,  жынысы-
на, ұлтына және біліміне тәуелсіз неғұрлым тәжірибелі сарапшылардың 
тәжірибесіз 
сарапшыларға 
қарағанда 
неғұрлым 
енжарлықпен 
қарағандығын атап өтуге болады (9-10-сур.қара). 
  Қатыгездікпен  қараудың  алдын  алуда  жеткіншектер  арасын-
да (19%), олардың  ата-аналарының (12%), әлеуметтік  қызметтердің 
қызметкерлерінің (6%) арасында  ақпараттық  материалдарды  тарату 
және БАҚ жариялау (9,5%) секілді шаралар қолданылады. 
Полиция  офицерлері  қатыгездікпен  қарау  құрбандарына  ақпарат 
және білім беру, оңалту бойынша шараларға аз тартылған, алайда олар 
басқаларға  қарағанда  жиі  өздерінің  күнделікті  жұмыстарында  олармен 
жиі кездеседі, бірақ сарапшы-педагогтар құқық қорғау органдарындағы 
әріптестерінің бұл мәселеде артықшылыққа ие деп қате ойлайды. «Етікші 
етікке жарымайды» дегендей (11-сур.қара)!
Зорлық құрбандарымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру үшін семи-
нарлар мен тренингтерді өткізу қажеттілігі туралы сұраққа жауап беруде 
сарапшы-әйелдер сарапшы-ер адамдарға қарағанда неғұрлым белсенді 
болды (47,5% қарсы 73,4% ).
Сарапшылар зорлық құрбандарымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру 
бойынша пікірсайыстық (18%), тренингтік (15%) және басқа да білім беру 
шараларын (13,5%) ұйымдастыру бойынша қаржыландыруды көбейту ту-
ралы өз өтініштерін жиі қайталаған. 
Сарапшылар 
қатыгездікпен 
қарау 
мен 
нәпсілік 
пайдалану 
құрбандарының алдын алу мен оңалту бойынша тиімді жұмыс үшін ба-
лалар  гинекологтары  кабинетінің,  балалар  писхологтары  кабинетінің, 
зорлықтың  алдын  алу  қызметтерінің  және  құрбан-балалармен  жұмыс 
жөніндегі ҮЕҰ жетіспейтіндігі туралы да атап өтті (12-сур.қараңыз)
Ата-аналар  комитетінің  жұмысын  белсенденділендірмей,  бұл  жұмыс 
толыққанды бола қоймас. Сарапшы-педагогтар да осыны ескертіп отыр 
(7,5%).  Қатыгездікпен  қарау  мен  нәпсілік  пайдалану  құрбандарымен 
күнделікті жұмыста сарапшылар қандай мамандардың көмегін неғұрлым 
көп  қажет  етеді?  Дағдарыс  орталықтары  үшін  педагогтар  (шамамен 
20%), дәрігерлер (10% астам) және психологтар неғұрлым қажет екендігі 
анықталды. 
Бұл – ӘЗИ  жүргізген  әлеуметтік  зерттеулердің  кейбір  нәтижелерінің 
қысқаша мазмұны ғана. Авторлар алынған нәтижелер жағдайды жақсы 
жағына қарай өзгерту үшін, Қазақстандағы балалар құқықтарын қорғау 
жөніндегі мәселелері туралы ойлауға себтігін тигізеді деп сенеді. 

Хатшының көмекші кітабы
56
Ќолданылєан əдебиеттер тізімі 
1. Буянов М.И. Тұрмысы қолайсыз отбасынан шыққан бала. – М, 1988. 
2.  Башкатов  И.П.  Бейресми  жеткіншек-жастар  топтарының  психологиясы. 
М.: Информпечать, 2000. – 336 б 
3. Беличева С.А. Превентивті психология негіздері. – М.: «Ресейдің әлеуметтік 
денсаулығы» Консорциумының редакциялық-баспа орталығы, 1993. –199б.
4. 
Бойко 
А.А. 
Оқушылардың 
бейәлеуметтік 
мінез-құлқының 
профилактикасының әлеуметтік-психологиялық аспектілері.// Бейімделу және 
аман қалу. – 1995. – N10.
5. Боссарт А.Б. Жас немесе тәрбие парадокстары. – М.: Просвещение, 1991.
6. Жас және педагогикалық психология/ Петровский А.В. редак. – М., 1996.
7. Вилюнас В.К. Адам мотивациясының психологиялық механизмдері. – М., 1990.
8. Еникеева Д.Д. Кең тараған психиатрия. – М., 1998 
9.  Ермолич  С.Я.  Девиантты  мінез-құлықтың  ерте  профилактикасының 
тиімділігін  арттыру  шарттары  ретінде  жеткіншектердегі  құнды-нормативтік 
білімдер. //Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. –1999. – N6.
10. Заморев С.И., Кудрявцева С.В. Ойыннан тұлғаның дамуына. Практикалық 
басшылық. «Ұйымдастыру  ұжымдарында  балаларды  сауықтыру». – СПб., 
1995.
11. Захаров А.И. Баланың мінез-құлқындағы ауытқулар. – М., 1993.
12. Змановская Е.В. Девиантология: Ауытқушылық мінез-құлық психология-
сы. – М., 2003.
13. Кибирев А.А., Сеньчукова И.В. Мектеп жағдайында қатерлі топ балалары-
мен жұмыс үлгісі мен технологиясы – Оқу-әдістемелік құрал. – Хабаровск, 2005 
14. Клышевич Н.Ю. Әлеуметтік ортадағы мектеп оқушыларының психикалық 
бейімделуінің  тиімділік  шарттары.//  Қазіргі  заман  жағдайында  тұлғаның 
ізгілікті қалыптасуы: мақалалар жинағы Торхова А.В. редак.. Мн., 1998.
15. Кон И.С. Ерте жастық шақ психологиясы. – М., 1989.
16.  Кондратьева  С.В.  Практикалық  психология:  оқу-әдістемелік  құрал. – 
Минск: Университетское, 1997.
17.  Корнилова  Т.В.,  Григоренко  Е.Л.,  Смирнов  С.Д.  Тәуекел  тобының 
жеткіншектері. – СПб., 2005. – 336 б.
18. Крайг Г. Даму психологиясы. – СПб., 2000. – 992 б.
19.  Кулагина  И.Ю.  Жас  психологиясы  (Баланың  туған  кезінен  бастап 17 
жасқа дейінгі дамуы): Оқу құралы. 5-ші басылым. – М.: УРАО Баспасы, 1999.
20. Литовченко В.Н. Әлеуметтік-педагогикалық проблема ретіндегі тұлғаның 
бейімделуі. //Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. – 1999, №1.
21. Личко А.Е. Жеткіншектердегі психопатия және акцентуация мінезі // Жеке 
ерекшеліктер психологиясы: Мәтіндер. – М, 1982.
22.  Майсак  Н.В.  Девиантты  мінез-құлықпен  кіші  жастағы  жеткіншектің 
тұлғалық ерекшеліктері. – М., 2001. – 213 б. 
23.  Макартычева  Г.И.  Жеткіншектерге  арналған  тренинг:  бейәлеуметтік 
мінез-құлық профилактикасы. – СПб., 2007
24. Малышев К. Девиантты мінез-құлық профилактикасы мен коррекциясы // 
ОБЖ. – 2003. – №2. – 52-53 Б. 

25.  Марковская  И.М.  Ата-аналардың  балаларымен  өзара  әрекеттестік 
тренингі. – СПб., 2006.
26.  Менделевич  В.Д.  Девиантты  мінез-құлық  психологиясы // Клиникалық 
және медициналық психология. – М.: Медпресс, 1999. – 351-416 Б. 
27.  Минаева  О. «Қиын»  жеткіншектің  отбасымен  психологиялық-
педагогикалық жұмыс // Отбасылық тәрбие. – 2000. – №1. – 78-79 б. 
28.  Мицкевич  В.В.,  Метлицкий  И.Е. «Бала  құқығы  туралы»  Конвенцияның 
ережелеріне  қатысты  балалар  мен  жеткіншектердің  девиантты  мінез-
құлқының  қалыптасу  көздері  туралы  мәселеге  әлеуметтік  –педагогикалық 
жұмыс. – 1999. – №3
29. «Бала  құқығын  сақтау  мониторингі.  Бала  құқықтарын  сақтау,  олар-
дан  түскен  шағымдарды  қарастыру  және  балаға  кешенді  көмек  көрсету 
мақсатында  басқа  органдарға  қарастыруға  беру  монитрингі  бойынша 
жаттықтырушыларға  арналған  басшылық».  ЮНИСЕФ,  Қазақстан 2007. 
Адам  құқығы  мен  демократия  бойынша  бастама  Еуропалық  Комиссиясы 
EIDHR/2005/110-891, Қазақстан, Астана, 2007. 
30. Біздің проблемалы жеткіншек: Оқу құралы // Ретуш Л.А. редак. – СПб.: 
Союз, 1999.
31. Овчарова Р.В. Білім беру психологяның технологиясы. – М.: ТЦ «Сфе-
ра», 2000.
32.  Петровский  А.В.,  Абраменкова  В.В.  Әлеуметтік  психология:  пед. 
институттардың студенттеріне арналған оқу құралы. – М.: Просвещение, 1987.
33. Потанин Г.М. Жеткіншектермен психологиялық-түзету жұмысы. – СПб., 
1995. 
34.  Прихожан  А.И.  Жеткіншек  дағдарысы  мәселелері // Психологиялық 
ғылым және білім – №1, 1997.
35. Сермягина О.С. Отбасындағы эмоционалдық қатынастар / Әлеуметтік-
психологиялық зерттеу. - Кишинев. 1991.
36.  Реан  А.А.  Делинквентті  тұлғаны  тексеру  локусы // Психол.  журнал. – 
1994. – №2.
37.  Ремшмидт  Х.  Жеткіншек  және  жасөспірім  жасы:  тұлғаның  қалыптасу 
мәселелері. – М.: Мир, 1994.
38.  Қазақстан  Республикасының  бала  құқығы  саласындағы  заңнамалық 
базасының жинағы. – Алматы. 2008. – 393 б.
39. Отбасына психологиялық кеңес / Бодалев А. А., Столин В.В. реадк. – М.: 
Педагогика,1989.
40. Психолог сөздігі / Головин С.Ю. жас. – Минск, 1998. – 800 б.
41. қатерлі топтың балаларымен және жеткіншектерімен әлеуметтік жұмыс // 
Конференция тезистері / Реан А.А. редак. – СПб., 2000.
42. Степанов В.Г. Қиын жеткіншектер психологиясы: Оқу құралы Моск. пед. 
Ун-т. М.: Академия, 2001.
43. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы, 2000.
44Фельдштейн Д.И. Жас және педагогикалық психология мәселелері. – М., 
1995.
45. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Өзін-өзі дамыту психологиясы. – М.: Ин-
терфакс, 1995.
46.  Цукерман  Г.  Өзін-өзі  дамыту:  жеткіншектер  мен  олардың  ұстаздарына 
арналған тапсырма. – М., 2001..
Қолданылған әдебиеттер тізімі
57

Хатшының көмекші кітабы
58
АДДИКТИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Адамның  психикалық  күйін  өзгертетін  түрлі  зат-
тарды,  алкоголь  мен  темекіні  қоса,  теріс  пайдала-
ну  нәтижелерінде,  психикалық  және  физикалық 
тәуелділік  фактісі  тіркелген  сәтке  дейінгі    туындай-
тын мінез-құлықтың бұзылуы.
АФФИЛИАЦИЯ
Ортақтыққа тән болу, топқа кіру қажеттілігі.
АЛАҢДАУШЫЛЫҚ
Индивидтің    уайымдауға,  үрей  реакциясының  пай-
да болуының төменгі  шегімен сипатталатын үрейге 
бе йім ділігі;  жеке  айырмашылықтардың  негізгі  па-
раметрлерінің    бірі.  Жалпы,  үрей    тұлғаның    бере-
кесіздігінің субъективті көрінуі  болып табылады.  
ӘЛЕУМЕТТІК 
БЕЙІМСІЗДЕНДІРУ
Баланың, жеткіншектің немесе ересектің қоғам және 
тұлғаның  дамуы  үшін    өзін  іс  жүзінде  көрсетудің 
деструктивті стратегияларын  қолдануы.
ӘЛЕУМЕТТІК 
БЕЙІМДЕЛУ
(1)  индивидтің  әлеуметтiк  ортаның  жағдайларына 
белсендi  түрде  бейiмделуінің  тұрақты  процесi; 
(2)  осы  процесстің  нәтижесі.  Мінез-құлық    сипа-
тын  анықтайтын  бұл  компоненттердің  ара қа тысы 
индивидтің  мақсаттары  мен  құнды  бағ дар лау-
ларына,  әлеуметтік  ортада  оған  қол  жеткізу  мүм-
кіндіктеріне  тәуелді болады.
БЕДЕЛ
(1)  белгілі  бір  қасиеттеріне,  еңбегіне  қарай  бір  тұл-
ғаның немесе топтың көпшілікпен танылған ықпалы, 
мә ні; (2) қандай да бір қызмет саласында танымал, 
құр метке бөленген тұлға.
БАСҚЫНШЫЛЫҚ 
(лат. тілінен aggredi – 
шабуыл жасау)
Басқа  адамды  немесе  адамдар  тобына  дене  не-
месе  психологиялық  залал,  зардап  тигізуге  немесе 
жоюға  бағытталған  жеке  немесе  ұжымдық  мінез-
құлық, әрекет. Көптеген жағдайларда басқыншылық 
субъектінің  фрустрацияға  реакциясы  ретінде  туын-
дайды және ашу, ыза, араздық, жек көрушілік және 
т.б. эмоционалдық күйлермен қатар жүреді.
БЕЙӘЛЕУМЕТТІК 
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Қоғамдық нормаларға және ұстанымдарға қайшылық 
тудыратын, адамгершілікке жат немесе құқыққа қарсы 
әрекеттер түрінде көрінетін  мінез-құлық.
БАЛА АСЫРАП
АЛУШЫ
Баланың 
биологиялық 
ата-аналарынан 
барлық 
құқықтар  мен  міндеттер  өтетін    адам,  мұнда    бала 
құқықтық қатынаста толығымен бала асырап алушының 
биологиялық  баларына  теңеледі.  Бұл  жағдайда  
баланың туған (биологиялық) ата-аналарының  барлық 
құқықтары мен міндеттері  күшін жоғалтады.
ВИКТИМИЗАЦИЯ
(лат. тілінен viktima – 
құрбан)
Құрбанның  сәйкес  социомәдени  ерекшеліктерімен, 
оның  ерекше,  негізінен  қылмыстық  ортамен  қаты на-
сымен, адаммен белгілі бір рөлді, мысалы, «қа тысушы-
куәгер» рөлін ойнаумен және т.б. байланысты тұлға үшін 
әлеуетті құрбан рөлін жанама қа лыптастыру процесі.
Г
ЛОССАРИЙ

Глоссарий
59
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-
ҚҰЛЫҚ (ағылш. тілінен 
deviation – ауытқу)
Қоғамда (әлеуметтік топта) нақты қалыптастырылған 
немесе ресми белгіленген моральдік және құқықтық 
нормаларға  сәйкес  келмейтін  және  бұзушыны  (де-
виантты)  оқшаулауға,  емдеуге,  түзетуге  немесе 
жазалауға  әкеліп  соғатын  әрекет.  Негізгі  түрдері: 
қылмыстылық,  маскүнемділік,  нашақорлық,  өзіне 
қол салу, жезөкшелік, сексуалдық девиациялар.
ДЕЛИНКВЕНТТІ 
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
(лат. тілінен delinquens 
– құқық бұзушы)
Қылмыстық  жазаланатын  әрекеттерде  көрінетін 
ауытқушылықты мінез-құлық.
ДАМУДЫҢ 
ӘЛЕУМЕТТІК  
ЖАҒДАЙЫ
Әрбір  жас  кезеңі    баланың  берілген  қоғамдағы 
қатынастармен  қабылданған  жүйедегі    ерекше  ор-
нымен  сипатталады.  Осыған  байланысты  түрлі 
жастағы  балалардың  өмірі    ерекше  мазмұнға  то-
лы:  өзінің  айналасындағы  адамдармен    ерекше,  
қарым-қатынастармен  ерекше,  дамудың  осы    ке-
зеңі  үшін  жетекші    қызметпен – ойынмен,  оқумен, 
ең бекпен.  Әрбір    жас  кезеңінде    бала  пайдалана-
тын  құқықтардың    және    олар  орындаулары  тиіс 
міндеттердің белгілі бір жүйесі  әрекет етеді. 
ЕНЖАРЛЫҚ 
(грек тілінен apatheia – 
селқостық)
Эмоциялардың,  қызығушылықтардың  және  тілек те рінің 
толық болмауымен сипатталатын пси хи калық күй; бұл – 
өзінше бір «эмоциялық-моти вациялық сал ауруы».
ЖЕТЕКШІ ҚЫЗМЕТ
Келесі  үш  белгілермен  сипатталатын  бала  қызметі. 
Біріншіден,  бұл – ішінде  басқа  жаңа  қызмет  түрлері 
жіктелетін  және  туындайтын  түрдегі    қызмет  түрі. 
Екіншіден,  бұл – жеке  психикалық  процесстер 
қалыптасатын  немесе  қайта  құрылатын  қызмет. 
Үшіншіден,  бұл – осы  жаста  бақыланатын  бала 
тұлғасының негізгі өзгерулері тәуелді болатын қызмет.
ЖАС
ДАҒДАРЫСТАРЫ
Индивидтің дамуындағы күрт секірісті, жас дамуындағы 
жаңа  сапалы  арнаулы  кезеңіне  өтуін  білдіретін 
ұғым.  Сыртқы  мінез-құлықта  жас  дағдарыстары 
тілазарлықпен, қыңырлықпен, негативизммен көрінеді. 
Уақыт  бойынша  олар  тұрақты  жастар  шегінде 
оқшауланады  және  жаңа  туылған  шақ (1 айға  дейін) 
дағдарысы,  бір  жас  дағдарысы, 3 жас  дағдарысы, 7 
жас дағдарысы, жеткіншек дағдарысы (11-12 жас) және 
жастық шақ дағдарысы ретінде көрініс табады.
ИМПУЛЬСИВТІЛІК 
(лат. тілінен impulsio – 
түрткі)
Адамның  сыртқы  жағдайлардың  немесе  эмоция-
лардың  әсерінен  болатын  алғашқы  түрткі  бойынша 
әрекет етуге бейімділігін көрсететін мінез-құлқының 
ерекшелігі. Импульсивті адам өзінің қылықтарын ой-
ланбайды, «иә»  және  «қарсы»  салыстырмайды,  ол 
жылдам және тура әрекет етеді.
КОНГРУЭНТТІЛІК
Адамның өз сезімдерімен байланысқа түсу қабілеті 
және олардың шын көңілмен білдіру қабілеті.

Хатшының көмекші кітабы
60
ҚАМҚОРШЫ
Заңды  түрде  баланы  қамқоршылыққа  алу  сеніп 
тапсырылған адам.
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ
Ата-аналары қайтыс болған, жоқ немесе басқа да себеп-
термен баласына қамқорлық жасай алмайтын бала аты-
нан әрекет етуге басқа адамға соттың шешімі бойынша 
заңды құқық беретін формальды заң құрылымы.
МӘРТЕБЕ
 (әлеуметтік психологи-
яда) (лат.тілінен  status 
– жағдай, күй)
Субъектінің құқықтарын, міндеттерін және артық шы-
лықтарын  анықтайтын  тұлғааралық қатынастар жү-
йе сіндегі жағдайы. Түрлі топтарда бір индивид  түрлі 
мәртебеге ие болуы мүмкін.
МЕН-
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Адамның өзі туралы  ойларының жүйесі: Мен-физи-
калық, Мен-әлеуметтік, Мен-экзистенциальді.
НЕГАТИВИЗМ
Оппонентке қатысты артық сыни қатынасымен және 
бір  нәрсені  қарсы  істеумен  (кейде  ойланбастан)  си-
патталатын қарым-қатынастағы тосқауыл.
ОҚШАУЛАУ
1) индивидті басқа адамдармен әдеттегі қатынастан 
айыру; 2) психологиялық қорғаныс түрі, ол олар мен 
олардың  қайнар  көздері  арасындағы  байланыс-
тарды  санадан  өшіру  есебінен  теріс  эмоцияларды 
тежеудің жүзеге асырылуымен сипатталады.
ОБСЕССИВТІК МІНЕЗ-
ҚҰЛЫҚ
Көмпістік мінез-құлық.
ОҢАЛТУ
Адамның әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру; жақсы 
күйін немесе сәйкес әрекет ету күйін қалпына келтіру.
ӨМІРЛІК ӨЗІН-ӨЗІ 
БИЛЕУ
Бұл  өмір  мағынасының  жалпы  адамдық  крите рий-
леріне қатысты өзін анықтау және  осы өзін-өзі билеу 
негізінде өзін іс жүзінде көрсету.
ӨМІРЛІК МАҚСАТТАР
Болашақтағы  өмір  жолында  негізгі  бағдарлар  болып 
табылатын өмірдің белгілі кезеңдерінің соңғы нәтижесі.
ӨЗІН-ӨЗІ 
ЖІГЕРЛЕНДІРУ
Шынайы  білім  беру    негізі  біздің  адамға    қабілетіне 
қарай  кім  болғысы  келетініне    көмектесе    ала-
тын  жолдарды  табыстаудан  тұрады.  Бұл – өзін-өзі 
жігерлендіруші тұлғалар  білім алатын  тәсіл.
ПАТТЕРН
Белгілі  бір  жағдайларда  шамамен  тұрақты  және 
болжамды реттілігімен тұрақты қайталанып тұратын 
индивид  реакциясының  жиынтығы.  Әдет  синонимі, 
негізінде  стимулға  санасыз  әрекет  етудің    шартты-
рефлекторлы механизмі бар.
ПРЕВЕНТИВТІ 
ҚЫЗМЕТ
Белгілі  бір  құбылыстар  мен  процесстердің  ал-
дын  алуға  бағытталған  қызмет.  Мысалы,  жастар 
үшін  кәсіби  бағдарды  өткізу  оның  еңбекпен  қамту 
қызметіне  баруының  алдын  алуға  және    жастарды 
еңбекпен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Глоссарий
61
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЖЕКЕ АДАМ ТҰРПАТЫ
Тұлғаның психикалық бейнесінің немесе тұрпатының 
қатысты  тұрақтылығы  ретінде  қарастыруға  бола-
тын  әрбір  нақты  адамда  тұрақты  бірлікті  түзетін 
қасиеттердің 
өзіндік 
жекелігінің 
қайталанбас 
үйлесімі (А.В. Петровский).
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ 
БӨГЕЛІСІ (ПДБ)
Жалпы психиканың немесе оның жеке функцияларының 
(моторлық, сенсорлық, сөйлеу, эмоционалдық-жігерлік) 
дамуының  уақытша  артта  қалу,  генотипте  кодталған 
ағзаның  қасиеттерінің  баяулаған  қарқынның  син-
дромы;  қарқынның  бөгелісі  қайтымды  сипатқа  ие 
болуы  мүмкін.  Негізгі  бітістері – жоғары  жүдеулілік – 
төмен жұмыс қабілеттілігі, эмоциялардың кемелденуі, 
жігердің әлсіздігі, психопатқа ұқсас мінез-құлық, жалпы 
елестің  шектелген  қоры,  аз  сөз  қоры,  дыбыстық  тал-
дау  қиындықтары,  зияткерлік  қызмет  дағдыларының 
қалыптаспағандығы.
ПУБЕРТАТ
Жыныстық  жетілумен  аяқталатын  адам  ағзасының 
жыныстық  дамуының    қалыптасу  кезеңі.  Жеткіншек 
және ерте жастық шаққа сәйкес келеді – 13 жастан  
18 жасқа дейін.
РИГИДТІЛІК 
(лат. тілінен rigidus – 
қатал, берік)
Оны  қайта  құруды    объективті  талап  ететін 
жағдайларда  қызмет  бағдарламасына    субъектпен  
көзделген    өзгертулердегі    қиыншылықтар  (толық 
кабілетсіздікке  дейін);  психикалық  қызметпен  мінез-
құлықтағы  жеткіліксіз  икемділік,  қандай  да  бір 
жаңа  нәрсеге    ауысуының  қиындығы,  өзгертулерге  
қарсыласу, өзіндік қайраттылық (Н.Д. Левитов).
РЕФЕРЕНТТІК ТОП 
(лат. тілінен referens – 
хабарлаушы)
Индивид  өзін  эталонмен  байланыстыратын  секілді 
және  өзінің  мінез-құлқында  әрі  өзін-өзі  бағалауда 
нормаларына,  пікірлеріне,  құндылықтарына  және 
бағаларына бағдар алатын шынайы немесе шартты 
әлеуметтік қауым.
СЕНЗИТИВТІЛІК
Адамның  өзімен  болып  жатқан    оқиғаларға  деген  
жоғары  сезімталдығынан  көрінетін  сипаттамалық  
ерекшелігі.  Әдетте,  жоғары  алаңдаушылық,  жаңа 
жағдайлардан,  адамдардан,  сынақтың  барлық 
түрлерінен және т.б.  қорқумен бірге жүреді.
ТӘУЕКЕЛ ТОБЫ
Белгілі бір жағдайларға байланысты өз өмірлерінде 
басқаларға  қарағанда  неғұрлым  жиі  қоғам  мен 
оның қылмыстық элементтері тарапынан жағымсыз 
сыртқы  әсерлерге  ұшырағыш  болатын  тұлғалар 
тобы  (жиі  жеткіншектер),  бұл  әлеуметтік  және 
психологиялық бейімсіздендіруге әкеліп соғады.
ТОПТЫҚ 
СӘЙКЕСТЕНДІРУ
Өзін қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымның 
мүшесінің жалпыланған бейнесімен ұқсастыру, осының 
есебінен оның мақсаттары мен құндылықтарын сыни 
емес қабылдау жиі  жүзеге асады.

Хатшының көмекші кітабы
62
ТҰЛҒАНЫҢ ДЕВИАНТ-
ТЫ ДАМУЫ
Заңды түрде нәтижесінде моральға немесе құқыққа 
қайшы  келетін  әрекеттерге  әкелетін  ауытқушы 
психикалық даму, мысалы: маскүнемділік, жыныстық 
тәртіпсіздік,  алаяқтық,  ұрлық,  тұлғаға,  адам  абыр-
ойына, денсаулығына қарсы қылмыстар.
ТОРЫҒУ
Жабығыңқы  көңіл-күймен,  жабырқаңқылықпен  неме-
се  мұңмен  сипатталатын  күй.  Жан  күйзелісі  ортасы 
бұзылған  психикалық  қызметтің  бөгелісінен  көрінеді. 
Симптом немесе синдром ретінде торығу аурулардың 
бірқатар түрлерінде негізгі немесе елеулі ерекшелігі бо-
лып табылады. Синонимі: уайымшылдық.
ТҰЛҒАНЫ 
СӘЙКЕСТЕНДІРУ
«Басқа  мәнді»  адамдарға  ұқсастыру.  Үлгі  ретінде 
басқа  адамға  ұқсағысы  келу  әлеуметтік  үйретудің 
көрсеткіштерін елеулі арттырады.
ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ 
БИЛЕУІ  
Бұл қоғамда жасалған (және аталған адаммен қа был-
данған)  тұлғаның  қалыптасу  критерийлеріне  қатысты 
өзін-өзі  билеуі  және  осы  критерийлер  негізінде  ары 
қарай өзін көрсету. Тұлғалық өзін-өзі билеуі кәсібиден 
бұрын қалыптасады, тұлғалық өзін-өзі билеу негізінде 
мамандыққа талаптар қалыптасады.
ТҮРТКІЛЕР
Адамның  қызметін  не  үшін  жасалатындығына 
түрткі болады. Түрткілер субъектінің белсенділігін 
тудыратын  әртүрлі  құбылыстар  мен  күйлерді 
белгілеу  үшін  қолданылады.  Түрткілер  ретінде 
қажеттіліктер мен мүдделер, қызығушылықтар мен 
эмоциялар, идеалдар.
ТАЛАПТАНУ ДЕҢГЕЙІ
Сипаттайды: 1) жеңіп  шығу  болашақ  әрекеттер 
топтамасының  жалпы  мақсаты  болып  табыла-
тын  қиыншылық  деңгейі  (тамаша  мақсат); 2) өткен 
істерінің    табысын  немесе    табыссыздығын      уай-
ымдау  нәтижесінде  қалыптасатын  кезекті әрекеті  
мақсатының субъектісін таңдау; 3) тұлғаның  өзін-өзі 
бағалауының қажетті деңгейі (МЕН деңгейі).
ФОБИЯЛАР (грек 
тілінен phobos – 
қорқыныш)
Қорқыныш  күйі.  Түрлері:  ашық  жерлерде  болу 
қорқынышы (агорафобия), жабық кеңістіктерден қорқу 
(клаустрофобия), өлімнен қорқу (танатофобия) және т.б.
ФРУСТРАЦИЯ (лат.
тілінен frustratio – ал-
дау, мұқият күту)
Қажеттілікті,  тілекті  қанағаттандыруда  табыс сыз дық-
тан  болған  психикалық  күй.  Фрустрация  күйі    түрлі 
жағымсыз  уайымдаулармен  бірге  жүреді:  кө ңіл  тол-
маушылықпен, тітіркенушілікпен, үреймен, үміт сіз дікпен 
және  т.б.  Фрустрация  қажеттілікті  қа на ғат тандыруда 
жеңілмейтін  немесе  қиын  жеңілетін  тос қа уылдармен 
кездесетін жанжал жағдайларында ту  ындайды. Фрус-
трацияның жоғары деңгейі  қыз мет тің  берекесін кетіру 
мен оның тиімділігін төмендетуге әке  леді.
ЭГОЦЕНТРИЗМ
Әлемге  тек  өзінің  жеке  келешегі  тұрғысынан  ғана, 
басқа адамдардың  ой-пікіріне қатыссыз    көзқарас
өзімшілдіктің  көрінуінің соңғы формасы.
ЭМПАТИЯ  (грек  тілінен 
empatheia – көңіл күйге 
ортақтасу)
Көңіл  күйге  ортақтасу    түріндегі    басқа  адамның 
эмоционалдық  күйін  түсінумен  сипатталатын    адам 
психикасының күйі.

Қосымша
63

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет