Список литературы
1 Закон Республики Казахстан «Об образовании» (с изменениями и дополнениями по состоянию на
09.04.2016 г.), http://www. http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30118747.
2 Национальной образовательной базы данных, https://e.edu.kz/73.
3 Портал «Академии малокомплектных школ Республики Казахстан КазНПУ им. Абая», http://vsa.kaznpu.
kz/?tm=1&menu=52.
4 Массовые открытые онлайн-курсы: новая реальность современного образования.– Алматы, 2015. - Со-
временное образование. №2 (98) -С. 67-70.
Аңдатпа. Мақалада Қазақстандағы шағын жинақты мектептердің жағдайы мен проблемалары
қарастырылады, Қазақстандағы сандық шағын жинақты мектептер құрудың механизмі ғана емес, сонымен
қатар жобаны іске асыру кезеңдері де ұсынылады.
Аннотация. В статье рассматриваются состояние и проблемы малокомплектных школ Казахстана,
предлагается не только механизм построения цифровой малокомплектной школы Казахстана, но и этапы
реализации проекта.
Abstract. The article discusses the condition and problems of ungraded schools of Kazakhstan, offered not
only the mechanism of constructing digital ungraded schools of Kazakhstan, and implementation phases of the
project.
232
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ә.Д. Қабылов
1
, С.Қ. Абылғазиева
2
1
ф.ғ.к., доцент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ., adlet_kabylov@mail.ru
2
педагогика және психология магистрі, №11 мамандандырылған физика-математика мектебі, Ақтау қ.
sarua@mail.ru
Пікір беруші – Ж.Т. Қобланов, ф.ғ.к., доцент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ.
Жаһандану жағдайында қоғамдағы өзгерістерге икемделе алу, шұғыл да ұтымды шешімдер таба білу,
білімді де білікті маман болып қылыптасу үшін адамның жас кезінен өзін қоғамдық өмірге дайындауы
маңызды. Жедел өзгерістерге бейім қазіргідей зымыран заманда қоғамның толыққанды мүшесі болу
азаматтың жан-жақты дамуын қажет етеді. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі, өскелең қоғам сұраныстары
мемлекеттік-ұлттық мүдде тұрғысынан жастардың өз елін шексіз сүйетін, өз қабілетін толық жүзеге асыра
алатындай мамандықты жетік меңгерген, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды сыйлайтын,
коммуникативті және бірнеше тіл білетін, адал да жоғары мәдениетті азамат болып қалыптасуына мүдделі.
Сондай азаматтар ғана бәсекеге қабілетті болып, заман мен қоғамның жоғары талаптарына жауап беріп,
уақыттың кез келген сынына қарсы тұра алады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде: «Өзіндік ортада туған бәсекеге қабілетті
тұлға, алдымен, өз халқының мәдениеті мен тілін білуі керек. Білім беру жүйесі арқылы сіңірілетін, туған
тілдің мәдени бастаулары мен рухани дәстүрлерін сақтау, жас ұрпақтың бойында жаһанданудың барлығын
жұтатын, бірыңғайлайтын және кіріктендіретін үрдістеріне қарсы тұра алатындай иммунитеттің қалыптасуына
көмектеседі», – деген болатын [1, 467].
Қазақстанның болашақ азаматтары өз мамандығын жақсы меңгеруімен қатар, қоғамның әлеуметтік
үміттерінің үдесінен шығатындай толыққанды зиялы азаматы болып қалыптасуы маңызды. Ең алдымен, оның
бойында шын мәніндегі зиялы адамға тән адамгершілік, ұлтжандылық және интеллектуалдық қасиеттер
қалыптасуы қажет. Сондықтан жастарды зиялылыққа тәрбиелеу – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын орнықтыру
мен жастарымыздың бойына сіңірудегі оқыту мен тәрбиелеу саласындағы өзекті міндеттердің бірі болмақ.
Зиялылық (лат. Intelligens – ұғымды, ойшыл) – әлеуметтік үміттерге жауап беретін, қоғамның алдыңғы
қатарлы саналы да білімді тұлғаларына қойылатын индивидтің даралық сапаларының жиынтығы.
Зиялылық ұғымының мәні терең де жан-жақты, ол қазақ ұғымындағы тектілік, ақсүйектік, бекзаттық,
зайырлылық секілді адамдық жоғары қасиеттердің жиынтығын құрайды. Зиялылық – тұлғаның ойшылдығы,
адамдар тірлігі мен дүние құбылыстары туралы пайымдай алуы; интеллект байлығы, мінез жайлылығы, сөздің
беріктігі мен әрекетінің игіліктілігі; жан жомарттығы, жүрек мейірімділігі мен ақыл-ой қабілеті; тарихқа,
өнерге, әдебиетке құштарлығы, мәдениеттілігі мен мақсаткерлігі.
«Зиялы – саналы ғұмырында ұлт руханиятына терең тамыр жіберген, жаңа кәсіби білімнің биігіне құлаш
ұрған, зерделі ойдың, парасатты пайымның, ірі азаматтық мінездің иесі, – деп жазады ғалым, ақын Дүкен
Мәсімханұлы – Ондай тұлға қашан да еріктіліктің құлы. Олар ешкімнің міндеттемесінсіз-ақ кез келген салада
адал да қажырлы еңбек етіп, ұлтын әманда өркениеттің өріне сүйрейді. Оның бәрі өзі істеуге тиісті перзенттік
борыш екенін шынайы сезінеді. Ғұмыр дариясына тәй-тәйлап аяқ басқаннан тартып, кәтепті қара нардай
қасқайып, бабалардан қалған аманатты көш жерге болса да алға апаруға атан күшін аямайды» [2].
Зиялылық тұлғаның рухани дамуы мен оның тиімділігінің бірлігін білдіреді. Зиялылық дегеніміз – тұлғаның
моральдық бағыттылығының, білімділіктің жоғары деңгейіне ұмтылуының, үлкен мұраттар жолында ұдайы
өзін-өзі жетілдіріп отыруының нәтижесінде қалыптасатын, дамып отыратын сапа болып табылады. Зиялылық
адамның ой-өрісінен, жан-жақты білімділігінен, өзін ұстау мәдениетінен, сөйлеген сөзінен, сөзі мен ісінің
бірлігінен көрінеді. Зиялылықтың ең басты өмірлік мұраты – өз еліне, туған халқына қалтқысыз қызмет ету.
Зиялылықтың ел болашағы, халық игілігіне қызмет етудегі маңызы туралы қоғам қайраткері, ғалым М.
Кемел былай дейді: «Зиялысы көп ел, зиялылары биік ел ғана өркениет жолында өрге өрлейді. Зиялыға
тектілік, тазалық, тәрбиелік, кісілік жарасады. Халықтың халық болмағы – алдыңғы қатарда жол көрсетіп
жүрген осындай азаматтарында. ...Адамның зиялы болып жетілуі үшін ақыл аздық етеді, айла тіптен керексіз,
үлкен жүрек керек!» [3, 75-76].
Халқымыздың ғасырлар бойы ана тілі арқылы жинақтап, ата-бабаларымыз ұрпағына аманаттап кеткен
дүниетаным, әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениет, өмір сүру жолдары туралы білім-ғылымы жаһанданудың жайын
ауызына жұтылып, ұлттық сана-сезіміміз жұтаңсып бара жатқаны жасырын емес. Бүгінде қазақ қоғамында
орын алып отырған ұлттық құндылықтардың, салт-дәстүрлердің аяқ-асты болуы саналы көпшілікті алаңдатуда.
«Бұл кез келген ұлттың келешек ұлт болып сақталып қалуын сынға салатын ең бір күрделі де қиын кезең. Бұл
кездің дүрлігісі тіпті «Қаратаудың басынан көш келедінің» уағынан да қауіпті. Себебі, бүгінгі таңда Батыстың
тікелей ықпалымен адамзат баласын осы кезге дейін уыздай ұйытып келген құндылықтардың бәрінің парша-
233
паршасы шығып жатыр. Қазақ сол адуын ағынның ығында кетіп қалмауы тиіс», – деп жазады аға газетіміз
«Егемен Қазақстан» [4].
Тұтынушылық қоғам адамдарды құлдық санамен бағындырып, олар тіпті таңдау жасау қабілетінен
айырылуда. Қалың көпшілікке керегі – тамақтың тоқтығы мен киімнің бүтіндігі ғана. Адамдардың бақытты
өмір сүруі дегеннің өзі – материалдық игіліктер жолындағы жойдасыз бәсеке мен «алып қалу», «жеп қалу»,
«қызық көріп қалу» секілді тән құмарының көрінісі болып отыр. Бұл туралы: «Әдет-ғұрпынан, адамгершілік
нормаларынан, ұлттық дәстүрлерінен айырылып, ертеңгі күнінен үмітін үзе бастаған болашағы күңгірт қазіргі
адамдар бұл тығырықтан шығар жолды шарқ ұрып іздегенімен де гуманистік бет пердесі жыртылған маймыл
қоғамда бейшаралықпен өмір сүруге мәжбүр», – деп жазады ғалым Д. Ысқақов [5].
Жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі – өркениеттің даму өзгерістеріне орай заман мен қоғам талаптарына
сай келетіндей іс-әрекет дағдыларының болуы. Бұл – қандай жағдайда да қоғамнан өз орныңды тауып, оның
сұраныстарына жауап бере білу қабілеті. Жастарымыз жаһандану жағдайында өзінің өмір сүру жағдайын
қамтамасыз етіп қана қоймай, мемлекеттік саясат пен ұлттық мүдде тұрғысынан әрекет етіп, өмір шындығына
белсенді ықпал жасап, жақсы жағына қарай өзгертетін білім, білік және дағдыларға ие болулары керек.
Қазіргі заман талабына сай білім алушыларға кәсіби құзыреттіліктер қалыптастыруда оқу орындарының
алдында орасан зор міндеттер тұр. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан білім алушыларды тек
білімге ғана емес, өмір сүруге үйрететін қабілеттерді талап етуде. Болашақ мамандардың осынау ақпараттық
қоғамнан қалыспай жете ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, іскер ұйымдастырушы, нақты бағыт-бағдар
беруші болып шығуы – қазіргі уақыттың талабы.
Елбасымыз ұсынған бес институттық реформада көрсетілгендей, мемлекеттік қызметтің меритократия
қағидаттары негізінде өзін-өзі көрсетуге бірдей мүмкіндіктер беретін әділетті қазақстандық қоғамның
түпбейнесіне айналуы көзделіп отыр. Меритократия – әлеуметтік шығу тегіне және қаржылық жағдайына
қарамастан, басқарушы лауазымдарды ең қабілетті адамдардың иеленуін алға қоятын басқару қағидасы,
яғни нағыз лайықтылардың билікке араласуы. Мұнда қоғамды басқару түрі – «еңбегі сіңгендердің билігі»
– меритократия, мемлекеттік ұйымның басында ең ақылдылар, ең іскерлер – қабілетіне қарай іріктелген
игі жақсылардың отыру тиістілігін білдіреді. Ал ондай лайықтылар мектеп пен ЖОО-да даярлана бастауы,
тұлғалық тұғырлары қалануы керек.
Адамның зиялылығы көрінетін басты қасиеттерінің бірі – оның қоғамдық ортада адамдармен қарым-
қатынас жасай білу мәдениеті. Сөз өнерін жақсы меңгеру, бірнеше тіл білу, коммуникативтік дағды, шешендік
шеберлік пен сөйлеу мәдениеті – қазіргі заман адамынан, білікті маманнан талап етілер негізгі қасиеттердің
бірі.
Жастарға зиялылықтың негіздерін, қарым-қатынас мәдениетін үйрету қазіргі қоғамның рухани-
адамгершілік идеалын қалыптастырудың, жас ұрпақты отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелеудің,
бүгінгі қоғамда етек алып отырған парақорлық, жемқорлық, даңғазалық, жағымпаздық, мақтаншақтық, әсіре
бәсекешілдік, жершілдік пен рушылдық, атаққұмарлық секілді жағымсыз құбылыстардың таралуына тосқауыл
қоятын маңызды алғышарттардың бірі болмақ.
Ұлттың ең басты рухани тұғыры, ұлттық болмыс, салт-сананың негізгі тегершігі – сол ұлттың ана тілі.
Бодандықтың бұғауында тұмшаланып, кешегі кеңестік саясаттың салдарынан адымын аша алмаған ана тіліміз
егемендік жылдарында мемлекеттік мәртебеге ие болғаны белгілі. Бұл жылдарда ана тілінің мәртебесін
көтеруде біршама жұмыстар жасалғанмен, әлі де күрмеуі шешілмеген мәселелер баршылық. Қазақ тілінің
қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылып, өзінің қасиетті тұғырында мәртебесі өсе түсуі
үшін оны алдымен өз перзенттері қадыр тұтып, алақанда аялап, төбесіне көтеріп пір тұтуы лазым.
Ана тілінің проблемасы – ата-баба аманатына адалдықтың қарызы, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің
парызы болуымен бірге, шынтуайтына келгенде, мемлекеттік қауіпсіздіктің де мәселесі. Өйткені, Қазақ
тілі болмаса Қазақ елі де болмайтыны аян. Ә. Кекілбаев айтқандай, «Ендігі жерде бұл майдандағы басты
көрсеткіш – ана тілімізде қандай мөлшерде, қаншалықты дәрежеде білім беріп жүргендігіміз болуға тиісті.
Егер барлық пән бойынша барлық дәрежеде білім бере алсақ қана, ана тіліміз мемлекеттік тіл бола алады.
Онсыз биліктің тілі, ұлттық тіл, мемлекеттік тіл болмай, аудармашылар мен халықтың белгілі бір бөлігі ғана
білетін этнографиялық құбылыс күйінде қала береді» [6, 185].
Қазіргі ғылым мен білім саласындағы реформалар, интеграциялық процестер еліміздің әлемдік
аренадағы орнын айқындауға жұмыс істеуде. Бұл – уақыт талабы, қазақ жастары әлемнің көптеген елдерінде
білім алып, бәсекеге қабілетті маман атанып, байрақты бәсекелерден жүлдемен оралып жүргендері кім-
кімді де қуантады. «Үш тұғырлы тіл» саясаты да кең қанат жайып, білім саласына дендеп енуде. Ендігі жерде
бірнеше тіл меңгерудің қажеттілігі баршаға мәлім. Оны білім алушылар да жақсы түсінеді, ата-аналар да
қуана қолдайды, ұстаздар да барынша үлес қосуда. Тек қазақ тіліміз сол көптілділіктің ығында қалып қоймай,
қайта екінші, үшінші тілдерді үйренудегі негізгі тұғыр болғаны, баланың ең алдымен ана тілімен ауызданып,
содан кейін өзге тілдерді үйренуі керектігін жалпы көпшілік естен шығармағаны игі.
Яғни жас ұрпақ бойында мықты иммунитет қалыптастырудың бірден-бір жолы – ұлттық тәрбие, туған тіл
234
мен әдебиетті, ата тарихты оқушылар мен жастардың бойына бала жастан сіңіру болып табылады. Өзінің ана
тілін жақсы меңгеріп, сүйіп өскен бала ешқашан басқа тілге саналы түрде басымдық бермейді. Өз халқының
тарихын жақсы білетін, текті халықтың ұланы екенін көкірегіне сіңіріп өскен ұрпақ ешқашан өзгенің алдында
еңсесін түсірмейді. Ғасырлар қойнауынан жеткен жыр-дастандар мен классикалық әдебиетті оқып өскен
жеткіншектің рухы биік болып, ешқашан жақсылықты жат жұрттан іздемейді.
Бұл орайда тағы да Елбасымыздың мына сөзін еске сала кеткіміз келеді: «Тарихи тек-тамырыңның
тереңнен бастау алғанын танып-түсіну, ата-бабаның шапағаты мол шабытты істерін заңды мақтаныш ету,
тоталитарлы кезеңнің зардаптарынан арылу, сөйтіп тарихи сананы уақыт талабына сай қалпына келтіру
ұлттық тұтастануға тегеуірінді серпін беруге тиіс» [7, 56].
Қорыта айтқанда, тарихи зердені ойсыратпау, ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен салт-санасын,
халқымыздың бекзаттық қасиеттерін баланың бойына жастайынан сіңіруге атсалысу – әрбір ата-ана мен
ұстаздың, жалпы қоғамның міндеті. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі тұғыры да осында жатыр.
Қолданылған әдебиет
1 Назарбаев Н. Қазақстан жолы. -Астана, 2012. -472 б.
2 Мәсімханұлы Д. Ұлт үшін туған ұлы тұлға // Егемен Қазақстан. 11 ақпан, 2016.
3 Кемел М. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. -Алматы. Қазығұрт, 2013. -848 б.
4 Қазақ қыздары шектен шығып жүр // Егемен Қазақстан. 11 ақпан, 2016.
5 Ысқақов Д. Жаһандану дегеніміз не? // Ақиқат. №1, 2016.
6 Кекілбаев Ә. Сыр десте. 4-т. -Алматы, 2009. -304 б.
7 Назарбаев Н. Тарих толқынында. -Алматы. Атамұра, 1999. -296 б.
Аңдатпа. Макалада жаһандану жағдайындағы ұлттық құндылықтарды бағалау және жастарды зиялылыққа
тәрбиелеу мәселелері қарастырылған. «Мәңгілік ел» идеясына сәйкес отаншыл тұлға қалыптастырудағы
зиялылық тәрбиенің ролі ашылған. Елбасы мен көрнекті қоғамтанушы ғалымдардың пікірлері негізінде
ұлттық сана мен зиялылық қасиеттердің өзектілігі көрсетіледі.
Аннотация. В статье рассматриваются актуальные вопросы национальных ценностей и воспитания
молодежи в духе интеллегентности. Расскрыты особенности воспитания интеллегентности национальной идеи
«Мәңгілік ел». Актуализируется национальное сознание и интеллегентные качества на основе высказывания
Президента страны и видных ученых.
Abstract. The article deals with questions of national values and theeducation of youth in the spirit of
intelligence. Disclosed the value of education intelligence to conformity of the national ideas “Mangilik el”.
Updated national consciousness and intelligence qualities at the heart of the President scholars statements.
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
К.Н. Кокшова
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, Атырау қаласы Kokshovsgn71@mail.ru
Пікір беруші – Б.К. Оралбекова №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі.
ҚР Білім беру ісінің үздігі. Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері
Тәуелсіз еліміздің тірегі келешектегі білімді ұрпақ екенін ескерсек, қазіргі заман талабына сай білім беру
мен ғылымды дамыту басты міндет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 бабында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу» деп айтылғандай білім беруді дамытуда
келешек ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысы болашақ мамандығының
маңызды қасиеттерін меңгеруге бағыт алуы тиіс. Сондықтан да өмірге жан-жақты бағытта дайындалған,
еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен жұмыс жасап, ұшқыр ойлай алатын, рухани – интеллектуалдық
тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті. Білім мен тәрбие беруде «жеке тұлға» тәрбиелейтін
мұғалімнің де өзіндік шығармашылығының орны ерекше деп білемін. Қазіргі заман талабына орай білім
беру саласына да түрлі өзгерістер еніп шығармашылықпен білімін дамытуда жаңа инновациялық әдістер
қолданылып отыр.
Инновациялық білім беру жеке тұлғаның озық ойлы көзқарасы мен өз ой-пікірімен бөлісе алатын және
шығармашылықпен жұмыс жасайтын тұлға болып қалыптасуының негізі.
Инновациялық әдістермен оқыту технологиясының тиімділігі оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да
235
байланысты болады. Инновациялық оқыту технологиясы оқыту формасымен әдістерін таңдауда мұғалімдердің
өзіне және оқушы үшін тиімді нұсқаны қолдануына мүмкіндік алады. Шығармашылықпен жұмыс баланың
жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін, нәтиже тудыруға бағытталған жауапкершілігін қамтитын
әрекет. Сондықтан оқыту үдерісінде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында тығыз ынтымақтастық
байланыс болуы керек. Мұғалім сабаққа әдіс-тәсілдерді оқушының бойындағы мүмкіндіктерін ашуға, оны үй-
лесімді дамытуға шығармашылық жағдай жасайтындай етіп таңдауы керек. Осынадй әдістердің нәтижесінде
оқушылардың өзіне деген сенімділігі артып, шығармашылық қабілеті артады. Инновациялық әдістердің
негізгі міндеттері мынада:
Сабақтарды жаңа форматта ұйымдастыру;
Оқушылардың өз пікірлерін еркін айтуына жағдай жасау;
Іс-әрекетті зерттеу арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру;
Оқушының өз алдына мақсат қоя білуіне көмектесу;
Оқушының білім деңгейін және жас ерекшелігін ескеру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау әдістерін меңгерту;
Танымдылық, шығармашылық икемділігін дамытуға жұмыстану.
Жаңа модульдік әдіс-тәсілдер теориялық білімді өмірмен байланыстыра отырып, аз уақытта меңгеруге
мүмкіндік береді. Бірлескен тпотық іс- әрекетке негізделген бұл әдіс тиімді пайдаланылған жағдайда
төмендегідей нәтижеге ие болады.
Оқушының өздігінен оқып түйінді мәселелер туралы өзіндік пікірі қалыптасады;
Өзіне деген сенімділігі қалыптасады;
Оқуға деген ынтасын оянып, қызығушылығы қалыптасады;
Іскерлік дағдысы қалыптасады;
Мақсатқа жетуге өз бетімен ұмтылады;
Ойлау белсенділігі артып, шығармашылықпен жұмыс жасауға талпынады;
Өздігінен шешім қабылдай алады.
Осындай оқыту модулінің негізгі өлшемдері де бар:
Емін-еркін пікір таласқа түсу мүмкіндігінің болуы;
Топтық тапсырмалардың қолданылуы;
Ұжымдық іс-әрекетті дамыту;
Бірін-бірі оқыту;
Өзгені тыңдау арқылы үйрену.
Жаңа форматты сабақ заман талабы. Олай болса, білім саласында заман талабына сай еңбек етіп жүрген
ұстаздар шәкірттеріне сапалы білім берудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып алған білімдерін келешекте
қолдана алатын жаңа өмірге бейімделген ұрпақ тәрбиелеуде. Бүгінгі таңдағы ұстаздың мақсаты – әр болашақ
маман иелеріне сапалы білім беру және оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасай отырып, оқуға деген
белсенділігін арттыру. Соның ішінде математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге қойылатын талап
деңгейі өте жоғары. Менің оқушыларға білім беру барысында дәстүрлі сабақ пен инновациялық жаңа әдіс-
тәсілдермен өткізілген сабақ арасында айырмашылық та, әрі байланыс та бар.
Менің байқағаным, жаңа әдіс- тәсіл түрлерімен жұмыс жасауда оқушылар қатты қызығушылық танытады.
Мұғалімнің әр сабағы жан-жақты зерделеніп, оқушы қабілеті мен деңгейі ескеріліп құрылуы тиіс. «Тамаша
өткен бір сабақ – баланың мәңгі есінде қалады» - деп Қ. Айтқалиев айтқандай, сабақтың тақырыбына сай
әдістерді оқушы үшін тиімді болатындай етіп сабақ құрылымы жасалуы тиіс. Сабақта оқушы белсенділігі мен
қызығушылық танытуын арттыру мұғалімнің шеберлігінде. Мен қолданатын әдістерімді әр сабақта өзгертіп
отырамын. Әр сабақ соңында өзіме рефлекция жасай отырып, келесі сабағымды жоспарлаймын. Сабағымды
жоспарлауда оқушы қажеттілігін анықтап алып қана әдістерді пайдаланамын. Осы негізде өзімнің бір
сабағымдағы әдістеріме тоқталмақпын. Бұл сабаққа
smart мақсат қойылған.
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістеріне есептер шығару.
SMART мақсаты:
S. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістері туралы білімдерін кеңейтеді.
M. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің 3 әдісін үйренеді.
A. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін пайдалана алады.
R. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қасиеттері мен әдістерін есеп шығаруға
қолдана алады.
T. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін қолдануды 3 сабақ негізінде
үйренеді.
Сабақ негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші: ой қозғау бөлімінде оқушылар арасында психологиялық
азуал тудыру үшін «Дейін, кейін» әдісі бойынша «көңіл күй» смайлигін қолдандым. Бұл әдіс бойынша
оқушылардың сабақ басында және соңындағы көңіл күйлері арқылы сабақтың әсерін білуге болады және ол
236
көңілдері арқылы көрініп тұрады. Осы бөлімде пысықтап қайталап алу үшін топпен бірлескен жұмыс ретінде
«Фишбоун», «Венн дивграммасы», «Екі жақты күнделік» әдістерін қолдандым. Бұл әдістермен жұмыс жасау
барысында топтағы барлық оқушылар қамтылып бірінің білмегенін бірінен үйренеді. Сондай-ақ тақырып
бойынша оның әдістері мен қасиеттері және оны шешу жолдары, екі тақырып арасындағы ортақ қасиеттер,
ондағы негізгі ұғымдарды анықтап өз беттерімен мәтінмен жұмыс жасай білді.
Сөйтіп топ мүшелері арасында жақын арада даму аймағын құрады. Өз ойларын еркін айтуға үйренеді.
Екінші мағынаны тану бөлімінде «Блум түймедағы» әдісін пайдаланып оқушылардың білімдерін шыңдадым.
Түймедақ жапырақшаларының әрқайсысына жеңілінен қиынына қарай тапсырмалар бердім. Соның ішінде
«Келісемін, келіспеймін», «Математикалық диктант», «Сәйкесін анықта», «Ыстық орындық», «Графигін тап»
және есептер берілді. Бұл тапсырмалар негізінде жоғарғы және төменгі (жабық) сұрақтар болды. Сонымен
бірге сұрақтың үш түрі түрткі, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сияқты сұрақтар болды. Бұл бөлімдегі әдістер
арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетіп және алған білімдерін қолдана алады. Қолданған білімдерін талдау
мақсатында «Өрмекшінің торы» әдісімен тақырыптағы қиындық тудырған мәселелері бойынша оны шешу
жолдары ұсынады. Үшінші ой толғаныс бөлімінде білімдерін жинақтау мақсатында Эдвард Де Бононың «Алты
қалпақ» стратегиясын қолдандым. Осы әдісте тақырып бойынша ақ қалпақ- негізгі үйренген ақпараттар,
қара қалпақ – әліде қиындық келтіретін мәселе, қызыл қалпақ – осы тақырыпты меңгерудегі сезімі, сары
қалпақ – жетістіктері, жасыл қалпақ – осы тапсырмалардың креативтілігі, көк қалпақ – жалпы ұғым, түйінді
бір ой-пікірін айтады. Сабақтағы әр тапсырма соңында өз-өздерін критериалды бағалау бойынша бағалап
отырды. Сонымен бірге ынталандыру мақсатында кейбір тапсырмалардан кейін смайликпен, қолшапалақтау,
бағдаршам арқылы да өзара бағалау жүргізілді. Сабақ соңында келесі сабақты жоспарлау үшін оқушылармен
кері байланыс жасалды. Жалпы сабақтың табысты болуының критерийі жасақталды. Олар:
Сабақта оқушы
Достарыңызбен бөлісу: |