Литература
1 Каримов И.А. Родина священна для каждого. – Т. 3. – Ташкент: Узбекистан, 1996.
2 Волков Г.Н., Баубекова Г.Д. Этнопедагогика. – Ташкент, 2000.
3 Вместе – рекой быть, врозь – ручейками. Узбекские пословицы и поговорки / Перевод Н. Гацумаева. –
Ташкент, 1988.
4 Антология педагогической мысли Узбекской ССР / Отв. ред. О.С. Аббасова. – Москва: Педагогика, 1986.
Аңдатпа. Мақалада оқушының тұлғасын қалыптастырудағы рухани-адамгершілік тәрбиенің рөлі
қарастырылады. Тұлғаның жағымды және жағымсыз қасиеттері аталады. Тұлғаның үйлесімді қалыптасуына
ықпал ететін мақал-мәтелдер келтіріледі.
Аннотация. Статья раскрывает роль духовно-нравственного воспитания в формировании личности
обучающегося. Названы положительные и отрицательные качества личности. Приведены пословицы и
поговорки, влияющие на гармоничное формирование личности.
Abstract. The article reveals the role of the spiritual and moral education in the formation of student personality.
Named the positive and negative personality traits. Results proverbs affecting the harmonious development of
personality.
253
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР МЕН АМАЛДАР БҮГІНГІ МЕКТЕПТЕ
С.С. Маусымбаев, Б.С. Желдыбаева
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. balgun@mail.ru
Пікір беруші – Жакиянова Ж.Г. ҚИУ педагогика, психология және дизайн кафедрасының доценті, доктор
PhD, Семей қ.
Жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізілетін білім мен тәрбие жұмыстарында әлі де болса халықтық
педагогиканың мол мұрасын қолданысқа алуға жеткілікті мән берілмей келетінін байқаймыз. Осының орнын
толтыруда халық қазынасын жан-жақты, әсіресе жаратылыстану пәндерін оқытуда пайдалану қажет екендігін
қазіргі күннің өзі талап етуде. Өйткені адам баласы жаратылыстың өркендеуін, табиғаттың әдемілігін халық
педагогикасының асыл мұралары болып саналатын салиқалы сөздерден, өнегелі өсиеттерден, ақиқаты
мол аңыздардан, әңгімелерден, даналық нақылдардан, ұлы ақын, жыраулардың жыр жолдарынан алып
сусындайды. Жаратылыстану ғылымдарының салаларына физика, химия, және т.б. пәндерде қарастырылатын
мәселелер халқымыздың асыл қазыналарында мақсат-мүддесі ретінде, тұрмыс-тіршілігі ретінде, салт-дәстүрі
ретінде бейнеленеді. Қазақ атамыз «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаны қайсы?!» - деп
бекер айтпаған.
Қазақ этнопедагогикасы материалдары, халық шығармалары оқушының білімі мен тәрбиесіне ықпал
етіп, сезімін оятып, сонымен бірге осы туындыларды талдау, салыстыру, зерделеу, қорытындылау сияқты оның
дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.
Құнды қазына сияқты халық шығармалары да қоғам өмірін, тіршілігін, жаратылысын, өмір сүріп отырған
ортада болып жатқан өзгерістер арқылы бейнелейтіні белгілі. Себебі, көп заңдар математикалық теңдеулер
арқылы беріледі, ал халық педагогикасынан мысалдар келтіре оқытсақ, қоршаған ортаға деген көзқарастары
қалыптасып, танымдық қызығушылықтары артып, білімді игеруіне жеңілірек, түсініктірек болады.
Үйрету, бағыт-бағдар беру неден басталады? - деген сұраққа келер болсақ, А. Құнанбаев осыдан бір ғасыр
бұрын «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында ... үйір қылу керек, үйрене келе өзі
іздейтіндей болғанша», [1, 80 б.] – деп этнопедагогикалық тәлім мен тәрбиенің негізгі әдістеріне жол сілтейді.
Дәстүрлі үдерісте білім беру жүйесінің бастапқы сатысы сынып болды. Инновациялық үдерістегі «жеке
тұлғаға бағыттап оқыту» технологиясы бойынша төменде келтірілген білім беру жүйесінің «иерархиялық
сатысының» ең төменгі «баспалдағында» оқушы белгіленген. «Топ», «сынып», «сыныптар жүйесі» болып
«саты» баспалдақтары ары қарай жоғарылай береді (1-сурет).
оқушы
оқушы
топ
топ
сынып
сынып
сынып
сынып
жүйесі
жүйесі
-
-
мектеп
мектеп
мектептер
мектептер
жүйесі
жүйесі
қалалық
қалалық
оқу
оқу
бөлімі
бөлімі
облыстық
облыстық
білім
білім
департаменті
департаменті
Білім
Білім
және
және
ғылым
ғылым
министрлігі
министрлігі
С
С
= Со* Ст* Сс* См
= Со* Ст* Сс* См
* См.ж
* См.ж
* С
* С
қ* Со* Сб.ғ.м
қ* Со* Сб.ғ.м
R=
R=
Б
Б
*
*
Ә
Ә
Ә
Ә
=
=
Ә
Ә
1
1
*
*
(0,7+0,3Ә
(0,7+0,3Ә
2
2
)
)
1-сурет – Білім беру жүйесінің иерархиялық сатысы
Ықтималдықтар теориясы бойынша берілген формулада негізгі сапа – ықтималды шама.
С = С
0
·С
т
·С
с
·С
м
·С
м.ж
·С
қ
·С
обл
·С
б.ғ.м
(1)
Негізгі сапа (С) әр баспалдақта келтірілген сапалық белгілердің көбейтіндісіне тең. Мұнда:
С
о
– оқушының жақсы оқу ықтималдығы;
С
т
– осы оқушы құрамына енетін топтың жақсы оқу ықтималдығы;
С
с
– осы топ құрамына енетін сыныптың жақсы оқу ықтималдығы;
С
м
– осы сынып құрамына енетін мектептің жақсы оқыту ықтималдығы;
С
м.ж
– осы мектеп құрамына кіретін қаладағы мектептер жүйесінің жақсы оқыту ықтималдығы;
С
қ
– мектептер жүйесі орналасқан аудан, қала білім бөлімінің жақсы оқытуға барлық жағдайды туғызу
ықтималдығы;
С
обл.
– облыстық білім департаментінің жақсы оқытуға барлық жағдайды туғызу ықтималдығы;
С
б.ғ.м
– білім және ғылым министрлігі тарапынан туғызылатын барлық жағдайдың жасалу ықтималдығы.
254
Егер баспалдақта белгіленген бір шама «ақсаса» (төмендесе), онда формулада көрсетілгендей,
ықтималдықтар көбейтіндісі де төмендейді, негізгі сапа көрсеткіші де ақсайды.
Келтірілген мысалдағы тұжырым Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры А.В.
Юшковтың [2, 24 б.] пайымына негізделген.
Ұстазға қатысты «баспалдақтар»: оқушы, топ, сынып, сыныптар жүйесі.
Оқығанын қайта айтып беру шәкіртті ойға жетелемейді. Ой туындау үшін сұрақ қойыла білуі тиіс. Мұғалім
жетекші, кеңесші, үйлестіруші міндетін атқара отырып, оқушыларды танымдық іс-әрекет кеңістігіне енгізіп, ой
белсенділігін ұштауға бағытталған сұрақтар кешені арқылы баланың танымдық қасиеттерін жетілдіруі керек.
Бұны ата-баба «көру», «теру», «түю» деп астастырып, соған байланысты, «Көп көргеннен сұрама, көп тергеннен
сұра; Көп тергеннен сұрама, көп түйгеннен сұра», – деп, мәселені жеріне жеткізген. Этнопедагогикалық
негіздегі ата-бабымыздың қағидаларын зерделегенде: «Түсінгенін айту – көруге саяды, сұрақ қою – теруге
саяды; Ой қозғау қайталана берсе, өзінен-өзі түю басталады», – деген түйінді ойлары айшықтылығымен
ерекшеленеді. Жаратылыстану пәндері табиғат заңдылықтарына тікелей қатысты болғандықтан халық
педагогикасының мысалдары қоршаған орта құбылыстарын бейнелейді. Жаратылыстану пәндерін халық
педагогикасымен байланыстыру:
а) оқулық және халық педагогикасы материалдарын бейнелейтін кескіндеме, суреттерді бір-бірімен
салыстырудағы көрнекілік;
ә) білім мазмұнын игерудегі ұғынықтылық;
б) проблемалық ситуациядан шығу барысындағы өміршеңдік;
в) өздік іс-әрекет ұйымдастырудағы еркіндік;
г) оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудегі ғылымилық;
д) білім мазмұнындағы деректерді тиімді үйлестірудегі жүйелілік;
е) сабақ және сыныптан тыс жұмыстардың бекіту кезеңін іске асырудағы сабақтастық;
ж) білімін (нақтылығын және тереңдігін) тексерудегі үздіксіздік;
з) практикалық білік пен дағдыларды қалыптастырудағы табиғат пен үйлесімділік сияқты, яғни мектеп
оқушыларына халық педагогикасын қазіргі білім беру үдерісімен оңтайлы сабақтастыруда оқытудың негізгі
принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім беру үдерісінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында
да этнопедагогикалық негіз жатыр. Оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырудың негізгі факторы – ғылымдар
жүйесінің мазмұны. Әрбір пәнде өз ғылымының негізі жатыр. Мазмұн ауқымындағы ғылыми деректерді
этнопедагогикалық мысалдар арқылы оқушыға түйсіндіру шәкірттің оқу-материалын тиімді меңгеруіне
оңтайлы септігін тигізеді.
Біздің ойымызша, физика сабағын оқытудағы назарға алатын мәселелер:
7-8 сынып оқушыларының нақты көру-бейнелеу арқылы ойлауы басым. Сондықтан демонстрациялық
тәжірибе, құралдар, модельдер, макеттер, аудио-визуальды құралдар арқылы көрсетілімдер, халық
педагогикасының материалдары, таратпа материалдар негізінде ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттер
олардың оқу материалын меңгеруіне пәрменді ықпал етеді.
9-сынып оқушыларының абстрактылы ойлауы басым. Сондықтан кинематика, динамика, статика
(материалдық нүкте, жылдамдық, үдеу, масса, күш, т.б.), яғни көзбен көре алмайтын объектілер жайлы
ұғымдарды меңгеру үшін халық педагогикасынан келтірілген мысалдар арқылы шынайы көріністі
оқушылардың өздігінен пайымдау икемділігін қалыптастыруға назар аударуы тиіс.
10-сынып оқушыларының теория негізінде ойлауын дамыту, яғни дедукция әдісі арқылы ой түйіндеу
икемділігін қалыптастыру қажет. Осыған әсер ететін оқу материалдары молекула-кинетикалық теория
зат құрылысы, электрондық теория элементтері әр ортада туындайтын электр құбылыстары, т.т. халық
туындыларынан келтіруге болады.
11-сынып оқушыларының интеллектуалдық икемділіктері жоғары дәрежеде қалыптасатындықтан
олардың танымдық белсенділіктері артады. Халық шығармаларынан танымдық тапсырмалар беріп, табиғат
заңдылықтарымен сабақтастырып, өресін кеңейтеді.
Мысалы, жазушы С. Мұқановтың «Қостағы өмір» әңгімесінде «Суықта өсіп, еті үйреніп кеткендіктен бе
немесе жылқының еті мен сорпасы расында қуатты ма, Мақан қандай суық болса да, қалың кимейді. Оның
қалың деген киімдерінің өзі: байпақты үлкен етік, балағын соған сұққан мол тері шалбар, етегін шалбарына
сұққан қысқаша тон, оның сыртынан киетін жұқа түйе жүн шекпен ғана болады. Таңертең бір, түсте бір
ішкенде, ол үнемі майлы етті жеуге, майлы сорпаға езген құртты ішуге тырысады» [3, 92 б.] – деп сипатталған.
Бұл үзіндіден естіп тұрғанымыз судың тазасын ғана ішіп, шөптің дәмдісін ғана жейтін қазақтың ерекше
қастерлеген малы жылқының етінің қуаттылығы, физикалық тұрғыда – дәлірек айтсақ, калориясы өте жоғары
екенін байқаймыз.
Сонымен қатар мынадай сұрақтар қоюға болады.
- Неге суықта үлкен етік киеді? Жауабы: себебі, етік үлкен болғандықтан дене мен етік арасында ауа
қабаты бар болады, ал ауа жылуды нашар өткізеді.
Мұнда «тері шалбар, қысқаша тон, түйе жүн шекпен» дейді.
- Неге теріден тігілген киімдер киеміз? Жауабы: себебі, аң терілерінің жүндерінің арасы ауаға толып
тұрады, ал ауа болса жылуды нашар өткізеді. Сондықтан теріден тігілген киім адамның жылуын жақсы
сақтайды, яғни оның жылу өткізгіштігі өте төмен.
255
- Неге суықта майлы етті жеуге, майлы сорпаға езген құртты ішуге тырысады? Өйткені май суға батпайды,
тығыздығы аз. Май суық өткізбейді, қуаттылығы – физика тілімен айтсақ, калориясы жоғары.
Сонымен, танымдық қызығушылығы арта түскен оқушылар пәнаралық байланыстағы оқу-материалдарын
оңтайлы сараптап меңгере алады, рухани мұраларды және анықтама материалдармен өздігінен жұмыс жасау
дағдылары қалыптасады, топтау, жүйелеу, жинақтау, жіктеу сияқты икемділіктері дамиды.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда қолданылатын әр түрлі әдіс-тәсілдер жаңа оқыту
технологиясына негізделеді. Қолданысқа алып жүрген осы технологияның мәні: ұжымдық әрекет барысында
топтың әр мүшесі өз қырынан көріне біледі; оқушылардың бірі лидер болса, екіншісі байсалдылығымен,
салиқалы ойымен көзге түссе, үшіншісі көтеріңкі көңіл күйімен оң әсер қалдырса, төртіншісі күрделі
мәселелерді шешудің жолдарын жылдам іздестіруші болып келеді.
Мұғалім өз іс-әрекетін ұйымдастырғанда оқушылардың ұғу, түсіну, жадында сақтау т.б. қабілеттері әр
түрлі деңгейде болып келетіндігін есепке алады.
Осыдан, бірқатар теориялық және практикалық маңызы бар ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
- халықтық педагогикалық шығармашылығының оқу-тәрбие үдерісіндегі орны және оны пайдаланудың
мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыра отырып, оларды бүгінгі таңдағы жаңа технологиялармен сабақтастыру
мәселесі оңтайлы бағытта шешілуі тиіс;
- этнопедагогикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу, оқушылардың
танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудағы тәжірибелік үлгілерін ұсыну бүгінгі заманғы оқыту үдерісін
технологияландыру талабымен пәрменді үйлесуі тиіс;
- жаратылыстану пәндерінде этнопедагогика материалдарын инновациялық мектепте пайдаланудың
үлгілері мен мысалдарына баса назар аудару қажет.
Қолданылған әдебиет
1 Құнанбаев А. Қара сөз. –Алматы: «Ел», 1993. -38-сөз. - 90 б.
2 Юшков А.Ю. Основы теории системы непрерывного образования // Физика. 2007. - №5. – С. 22-24.
3 Мұқанов С. Аспаз. Әңгімелер. -Алматы: Жазушы, 1965. -107 б.
Аңдатпа. Мақалада халық педагогикасында физикалық ұғымдар мен амалдар бүгінгі мектепте
қолданулары туралы қаралады. Сонымен бірге, этнопедагогика материалдарын инновациялық мектепте
пайдаланудың үлгілері мен мысалдарына көңіл бөлінген.
Аннотация. В статье рассматривается физические понятия в народной педагогике, которые используются
в современной средней школе. Наряду с этим, рассматривается применение этнопедагогических материалов
в инновационной школе.
Abstract. The article discusses the physical concepts in traditional pedagogy, which are used in modern high
school. At the same time, we consider the application ethnopedagogical materials in an innovative school.
ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ
С.Д. Махметова, М.С. Жангозиева
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ.
alsau@mail.ru
Пікір беруші – А.Х. Аренова, п.ғ.д., профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті, Ақтау қ.
Адам баласы ерте кездерден бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян.
Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат
тәрбие ісімен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып,
ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік,
тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр,
жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек,
өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала
берді бүкіл халықтық қарым-қатынастар берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс-әрекетін
қалыптастырудың белгілі өлшемі болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының
(алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше
ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін
байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдерінің
сабақтастығы, принциптік-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік арнаға жеткен ғылыми-педагогика
халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты
зерттеп, қарастырып, өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп, халықтық эмпирикалық тәжірибесіне
негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдарымен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу,
даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың
256
ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.
Халық педагогикасын зерттеген академик Г.Н. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі:
оның адам баласының дүниеге келген күнінен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда,
қоршаған ортаны-табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты
рөл атқарғаны деген пікір айдады. Тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі
қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмпирикалық білім болып келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың
жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы; сондықтан да оны
шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай бүкіл халықтық мұраға айналып кетуінде
екенін дәлелдеген. Халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-
тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие
жүйесінен алынып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу
үстінде болды. Сондай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге, теорияларға құрылмай, жеке бастың
тәрбиесінің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып
келуі (преемственость), алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, біркелкі тұтас түрінде берілуі (мысалы,
би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып
келуінде) деп саралай көрсетіп берді. Елімізде балаға тәлім-тәрбие беру ісі мұғалімдерге сеніп тапсырылған.
Ал әйгілі орыс педагогы К.Д. Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен
оқыту әдістеріне тоқтала келе «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз
байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек»-деді. К.Д. Ушинский бала
тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы
және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір
тәрбие құралы жоқ» деген еді.
Бастауыш мектеп оқушыларын халық педагогикасындағы табиғат сұлулығы негізінде тәрбиелеуді пәндер
арқылы да жүзеге асыруға болады. Оқушыларға эстетикалық тәлім-тәрбие сабақ үстінде және сабақтан тыс
уақыттарда да беріліп отырады. Әсіресе, халықтық педагогика элементтері енгізілген пәндердегі материалдар
ерекше орын алады. Мысалы, орта сыныптардағы пәнінде ескерілетін жағдай-бала тәрбиесінің туған, өскен
ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланыстылығы. Үлгі көрсету-ішкі еліктеу, қызығушылық
сезімдерін жан-жақты тәрбиелеуге эмоциялық әсер ететін құрал. Әсіресе ата-анасының, үлкен адамдардың
бойындағы үлгі боларлық ізгі қасиеттері мен сыпайы адамгершілік қарым-қатынастары баланы еліктетіп
сол адамға ұқсап бағуға жағдай жасайды. «Болмасаң да ұқсап бақ» деген өлең шумақтарының өзі жақсы
мінез қалыптастырудың ең негізгі өзегі болмақ. Сондықтан түрлі пәнінде Абайдың табиғатқа, әдепті мінез
қалыптастыруға арнап жазған шығармаларын, қара сөздері мен педагогикалық ой-тұжырымдарын үнемі
пайдаланып отыру, баланың жеке басын қалыптастыруға, тәрбиелеуге үлгі болмақ.
Ұлы ойшыл ғалымдардың табиғатқа, айналадағы дүние құбылыстарына арнап жазған еңбектері, әдеби
шығармаларымен таныстыра отырып, аталар ісінен үлгі алуға жетелеуге болады. Ш. Уәлихановтың «Табиғаттың
өзінде өзінше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар...»-деген сөзінен-ақ ата-бабаларымыздың табиғат
сұлулығын адамның түсініп, қадірлеп, қабылдай білу сезімдерін тәрбиелеудегі үлгісі деп қарастыруымызға
болады. Біздің рухани және табиғи азығымыз-өзімізді қоршаған әсем табиғат, оны қорғау, оған өз үлесін
қосу әр адамның азаматтық міндеті екенін үнемі дәріптеп айтып отырған. Халықтық тәлім-тәрбиелік, ой-
тұжырымдар мен әдеби мұралар, мақал-мәтелдер сияқты үлгі-өнеге болатын ақыл-кеңестер отбасынан
бастап үйретіліп, талап қоя ескертіліп отыратын болған.
«Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге, көпір салған бір сауап.
Жолға ағаш еккен бір сауап»-деп адамға міндет арта, үміт күте, талап қоя білген халқымыз, енді бірде:
«Ормансыз жер-жалаңаш,
Армансыз ер-жалаңаш»-деген мақал сөздер арқылы баланы елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелей
отырып, туған өлке мен адамның мүддесін бірге қояды. Осындай теңдесі жоқ асыл мұраларды дүниетану
сабақтарында тиімді пайдаланып отыру, сабақтың мазмұны мен мақсаттарын аша түседі, баланы жан-жақты
тәрбиелеуге жол ашады.
Ата-бабаларымыз баланы құрғақ өсиет, ақыл айтумен емес, жеке бастың үлгісін көрсету, үлгі болу,
насихаттау арқылы қоршаған ортаны қорғауға, аялай білуге тәрбиелеген. Ол үшін табиғат пен адам өміріне
байланысты қызықты ертегілер, әңгімелер, өлең мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, халықтық болжамдар мен
тұжырымдарды үнемі үлгі етіп айтып отырған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-деген мақалды әрдайым
есте ұстаған үлкен адамдар отбасынан бастап балаға жақсы үлгі-өнеге көрсетіп, жақсы жағынан көріне білсе,
ұрпақ тәрбиесіне тигізетін әсері ерекше болмақ. Жас ұрпақ алдындағы өз парызы мен қарызын адал өтеп,
үлгі бола білген ата-бабамыздың артында қалдырған асыл қазыналары дүниетану пәнінен ерекше орын
алған, соны тәлім-тәрбиеге пайдалану әрбір мұғалімнің міндеті.
Ата-бабаларымыздың айтуынша, туған жерден қасиетті, одан киелі ешнәрсе болған емес. Сондықтан да
алыс сапарға аттанарда, ел басына күн туып, уақытша қоныс аударғанда, кіндік кесіп, кіндік қаны тамған
жердің бір уыс топырағын өзімен бірге ала жүрген. Сол топырақты қастерлеп, бұл дүниеден өткенде өзімен
бірге жерлеткен. Олар «жер-қазына, су-алтын, мал -байлық»-деп туған жерді қастерлесе, - F. Мүсірепов
«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ»-деп жас ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеуге
байланысты үлкен ой тастайды. Кең далаға егін салып, төрт түлік мал өсірген, өз өмірін малмен, жермен, кең
257
даламен байланыстырған аталарымыздың бізге қалдырған өзіндік дәстүрлік белгілері де бар. Міне осындай
асыл қазыналарды әрбір сабақта жүйелі түрде пайдаланып отыратын болсақ, барлық пәндерден берілген
білімдік және тәрбиелік мазмұн өте құнды болар еді.
Ата-бабалардың көрегендік болжамдары мен салыстырмалы тұжырымдарына сүйену сияқты
тәжірибелерді сабақтың мәнін ашып, дәлелдеу үшін және балаларды қосымша ізденту, дамыту мақсатында
қолдануға болады. Осы күнге дейін күшін жоймай тәрбиелік мәнін сақтап келе жатқан, өнеге боларлық
өсиеттерді бала жас күнінен естіп меңгере білсе, одан ұтарымыз көп. Жергілікті материалдар негізінде
берілетін білім мазмұны тікелей тәрбиелік мақсатқа құрылуы, тәрбиелей отырып білім беру бүгінгі күннің
ең өзекті мәселелерінің бірі. Жас баланың дүниетанымдық көзқарастары дұрыс қалыптасу үшін, оқулықтағы
берілген материалдардың тәрбиелік жақтары терең ашылуы шарт. Ол үшін құрғақ әңгімеден гөрі, нақты ақыл-
кеңестер мен ұлттық ырымдар, салт-дәстүрлерді пайдаланған ұтымды болады. Мысалы:
1. «Обал болады» деп егінді, шалғынды бейсауыт басқызбайды.
2. «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын»-деп малды тепкізбейді.
3. «Құстың ұясын бұзба бетіңе шұбар түседі немесе» «Киелі құс» деп аққуды атқызбаған.
4. «Бақаны өлтірсең жаңбыр жауады» деп өлтіртпеген, т.с.с.
Халқымыз балаға үлгі көрсетумен қатар қатаң талап та қоя білген. Баланың жанын жақсы түсініп, мінезін,
жеке басын толық зерттеп болған соң, оған ерік беріп, өз мүмкіндіктерін сынауға, өмірде қолдана білуге
жағдай жасаған. Дүниетану пәніндегі табиғатқа бақылау, саяхат, серуен (экскурсия), сияқты жұмыс түрлерін
балаларға сеніп тапсыруға болады.
Бала табиғатты тікелей бақылап, зейін тұрақтату арқылы нақтылы тұжырымдар жасап үйренеді. Бақылау
баланың өзін қоршаған табиғатты талдай отырып қабылдауына жағдай жасайды. Табиғатқа саяхаттар мен
бақылаулар жасау арқылы балалар мынадай нақтылы деректер алып, өзін-өзі одан әрі дамытады: Затты
бақылап, тану арқылы логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Оларды салыстырып, өзгерістерін бақылап
өздігінен қорытынды шығарып үйіренеді. Мысалы, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты өлі және тірі
табиғаттың өзгеруі, төрт түлік мал күтімі мен жасалатын адам еңбегінің түрлері, жануарлар мен өсімдіктер
өміріндегі маусымдық өзгерістері т.б. Табиғатқа жасалатын бақылау мен серуендер бала бойындағы зейіннің
тұрақтауына, есте сақтау мен тапқырлық, білімге қызығушылық т.б. дамуына себепкер болады.
Бақылау жұмысы дұрыс ұйымдастырылса, баланын еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, жинақтылық және
жүйелі жұмыс жасау шеберліктері дамиды. Осындай ізгі қасиеттерді баланың бойына сіңіру барысында
халықтық мұраларды, ата-бабаларымыздың табиғатқа байланысты болжамдары мен тұжырымдарын жиі
қолданған дұрыс болар еді. Аталған тәрбие түрлері бұрын халықтық жырлар, әңгімелер, ертегілер aрқылы
біртіндеп беріліп отырған. Ата-бабамыз өзін қоршаған табиғаттың ішкі мән сырларын ғылыми жолмен
зерттемесе де, жапан түзде жолсыз жерлерде жұлдыздарға қарап, түрлі белгілермен адаспай жол тауып
жүрген. Жастайынан-ақ есту, көру, бақылу, тапқырлық сезімдері шынығып, іздеп табатын ізшіл де, құралайды
көзінен тигізетін мерген де болған.
Дүниетану пәнінде «Туған жердің табиғаты мен өсімдіктері» деген тақырыпты өткенде, туған елдің
сұлу табиғатын, табиғи байлықтарын, түрлі өсімдіктерін көшіп-қонып жүріп-ақ сақтағанын, жердің тозып
кетпеуін, өз суын, малын қадірлеп келгенін үнемі түсіндіріп айтып отыру керек. Халқымыз ағып жатқан
суға, өзенге кір шайқамаған. Балаларға құстар ұясын бұзба, құмырсқаның илеуіне тиіспе, табиғаттағы
тірі жәндіктерді, өсімдіктерді сақта деп үйретіп отырған. Қазақ ертегілерінде қысылғанда әлсізге көмек
көрсеткен түрлі құстар, аңдар, жан-жануарлар, құрт-құмырсқалар т.с.с. айта отырып баланы табиғатты аялауға,
қорғауға дағдыландырған. Баланы құсбегілік, аңшылық кәсіптерге баулығанда да табиғатпен байланысты
болжамдармен байланыстыра, қалай шығу керек екені туралы ақыл-кеңес беріп отырған. Осы кәсіптің тиімді
жақтары мен қырына, сырына толық түсініктер берген.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сезімдерін ұлттық тәлім-тәрбие негізінде дамыту, жан-
жақты терең ізденісті талап ететін, өзекті проблемалардың бірі. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
арқылы ғана сезімдерін дамытуға болатындығын, түрлі теориялық зерттеулер мен ғылыми еңбектер дәлелдеп
келеді. Шығыс ойшылдары философиялық ой толғап, әсемдік, эстетикалық және адамгершілік мәселелері
бойынша құнды пікірлер жазып қалдырған. Олардың еңбектерінде эстетикалық тәрбие теориясы бірқатар
философиялық, этикалық және педагогикалық-психологиялық ережелерге негізделеді. Эстетикалық тәрбие
теориясының негізгі ережелерінің бірі-адам үшін сұлулық құбылыстарының, асқақтықтың, көркемдіктің,
әсемдіктің т.б.құндылығын түсінуден тұрады. Соның ішінде халық педагогикасындағы табиғат сұлулығы,
табиғатпен адам арасындағы адамгершілік қарым-қатынастар, оны көздің қарашығындай сақтау, ата-жұрт
қадірі т.б. зерделеніп, оның тәлім-тәрбиелік жақтары қарастырылған.
Ұлттық тәлім-тәрбиені кең көлемде оқу-тәрбие үрдісіне енгізу арқылы, оқушыларды жан-жақты жетілдіріп,
түрлі (эстетикалық, этикалық т.б.) сезімдерін дамытып, жетілген толық азамат дайындауға мүмкіндіктер туады.
Сондықтан, халықтық тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие үрдісіне үнемі енгізіп отырғаннан ұтылмаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |