Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Жұмағұлова Қ.Б., Шәріпбаева Г.Р. Мектеп жасына дейінгі тәрбие теориясы және әдістемесі. –Астана.
«Арман-ПВ» баспасы. 2007.
2 Ниязбекова Ф., Сансызбайқызы М. Балабақшада баланы мектепке дайындау. –Алматы. «Шартарап».
2000.
3 Дүкенбаева Ғ. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. –Алматы.
1992.
4 Кошанова Д.А., Молдаханова А.Г. Біздің балабақша. 2007.
5 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізгі ережелері. –Астана. 2009.
6 «Бала мен балабақша» журналдары. 2010, 2011, 2012 жылдар.
7 «Отбасы және балабақша» журналдары. 2010-2012 жылдар.
Аңдатпа. Мектеп жасына дейінгі балалармен өлеңді мәнерлеп жаттауда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану
балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын, жаттауға ниетін туғызады. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана
отырып, мектепке дейінгі кезеңде поэзияға деген қызығушылыққа тәрбиелеу жұмысын жалғастыра отырып,
еске сақтауы және мәнерлеп оқуға табиғи дауыс ырғағын қалыптасады.
Аннотация. Дети дошкольного возраста учать песни по рисункам различными методами и подходами
при посещении детского садика, что вызывает желание учиться. Чтобы продолжить образовательную работу
дошкольного периода используются различные методы, воспитывают интерес к поэзии, сохранение в
памяти, продекламирование стихов и формирование естественного голоса.
Abstract. Preschool children learn a song on the figure of different methods and approaches in the field of
children’s attendance, causes a desire to learn. Using a variety of methods to continue the work of the education
of pre-school period, with an interest in poetry, memory and recited formed a natural voice.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Г.Ж. Божбанова
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің химия пәнінің оқытушысы, Жаңаөзен қ.
Пікір беруші – Дүйсенбаева Р.Т., Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
директорының ҒӘЖ орынбасары
Біздің елімізде Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ете отырып, отандық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне
ендіру үшін, мұғалімдердің мәртебесін арттыруға, кәсіби біліктілігін дамытуға ерекше назар аударылған.
Бәсекеге қабілетті, білімді әрі дамыған ел болу үшін жаңаша ойлайтын маман болып қалыптасуымыз тиіс.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел
болашағы үшін маңызды Жолдауында білім беру жүйесі мен ғылым салаларын дамытудың жаңа міндеттері
алға қойылған. «Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық
елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны түсінуге тиіспіз. Біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия
құрғанымыз жөн. Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз», – деген Елбасының
сөзін аса жауапкершілікпен жүзеге асыруымыз қажет [1].
Сондықтан, «Ғасырлар мақсаты – саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын,
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»
- деп Елбасы айтқандай, кәсіби жетілген, білім мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының
82
талаптарына сәйкес меңгеріп, ойлауды, шығармашылығымызды, рефлексиялық машықты дамытатын құзіретті
ұстаз болып қалыптасуымызға мүмкіндік мол [2]. Сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге
асыру мен кәсіби құзіреттілікті дамытуда технология қарқынды дамып отырған кезде мұғалім ақпарттың
басты көзі бола алмайды. Сондықтан білім беру үрдісінде оқушылардың өз бетімен білім алуына, өзін-өзі
дамытуға жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Жаңа талаптарға сай, әлеуметтік-кәсібилік көрсеткіштерді
көтере отырып, оқушыларды зерделеу жолдары мен әдістерін жетік меңгеруді үйренуге бар күш жігерімізді
аямай жұмсауымыз керек. Сондықтан, білім беру нұсқалығына сай, білім алу құзіреттерін қалыптастыру,
қабілетті арттыру, зерттеушілік және коммуникативті әдістермен жұмыс жасауды жүзеге асырып келемін.
Құзіреттілік дегеніміз – мұғалімнің қабілеті, тәжірибесі, даярлығы, еңбегі. Құзыреттілікті қазіргі заман
талабына сай мұғалімнің өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі десек, ал, оқушыға білім ғана емес, өмірге
үйрететін қабілеттілікті дарытуымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай, жедел ойлаушы және шешім
қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт – бағдар беруші болуымыз керек [5, 6].
Яғни, құзыреттілік қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып
ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығып, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспе-
ушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырамыз. Ендеше, педагогикалық құзырлылық
дегеніміз – мұғалімнің заманауи білім беру жүйесі дамуына сәйкес, тұлғалық, адамгершілік, психикалық, ког-
нитивтік, әдістемелік және мәдени сипатын көрсететін кәсіби құзіреттілікті меңгеруі. Талапқа сай білімімді
жетілдіріп, бірсарынды сабақтардан гөрі, инновациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтарымды
тартымды, тиімді өткізудемін.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің
бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп, өте айқын атап көрсеткен [4]. Сондықтан, болашақта өркениетті
дамыған елдердің қатарына ену үшін білімді меңгертемін.
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, экономикалық
өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын және оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлға қалыптастыру
үшін оқушыларға қойылатын талаптар – шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби
сауаттылық болып табылады.
Сабақ барысында оқыту үдерісін тың идеяларға негіздей отырып, рефлекцияға қабілетті, коммуникативтік,
ақпараттық құзыреттіліктерді жинақтаған рухани-адамгершілікті, белсенді, сауатты, шығармашыл жеке
тұлға қалыптастыру арқылы кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтере отырып, оқушылардың білімі мен білігі
арқылы педагогикалық шеберлікке қол жеткіздім. Педагогикалық шеберліктің негізінде күрделі әлеуметтік-
мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық үрдістерді басқара алатын, компьютерлік
оқыту өнерін терең меңгерген жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны қалыптастыру жолында еңбек етіп
келемін.
ХХI ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, кертартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін
алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғамда дарынды, қабілетті, жан-жақты
жетілген адамдар қажет. Сондықтан да білім берудегі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге
шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан, белсенді, ізденімпаз және білімді өз бетінше ала
білетін дарын иесі – жеке тұлға тәрбиелеу. Мен әрбір сабағымда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға
мүмкіндік туғызып отырамын. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және
қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі
әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы қабілеті жоғары баламен жұмыс жасай отырып, оқушылардың
шығармашылық деңгейін бақылап отыруды жүзеге асырамын.
Сабақты мына өлшемшарттарға сай өткіземін:
1.
Сабақ барысын жүйелі жоспарлау.
2.
Өзгерістерді тез игеру.
3.
Оқушылармен ортақ тіл табу.
4.
Білімділік, іскерлік, шеберлік.
Нәтижесінде, инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен
жаңалықтарды өмірге әкелу арқылы өздігінен білімге ізденетін жеке тұлға қалыптасады және дүниетаным
қабілеті жоғары, дарынды, ізденімпаз, талантты, өз алдына мақсат қоя білетін болып жетіледі. Тәуелсіз ел
тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту.
Өркениеттің өзегі – ғылым мен тәрбие. Ендеше, өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей білетін
және оны рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелей отырып, еңбегімнің жемісін көрудемін.
Орыс педагогы К.Д. Ушинский айтқандай, сабақ беріп қана қоймай адал тәрбиеші, әділ, шыншыл болып,
білім мен тәрбиені ұштастыра жүйелі жүргізгенде ғана сабақ мақсатына жетпек. Сондықтан, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Менің басты мақсатым – оқушыға
білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына
жағдай жасау, бағыт – бағдар беру.
83
Осы күні сабақтарды Кембридж тәсілінің 7 модулін пайдалану арқылы өткізуге тырысамын. Олар:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау;
4. Білім беруде ақпараттық –коммуникативтік технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Жеті модульдің ішінен «Сыни тұрғыдан ойлау», «Диалогті оқыту» тәсілдерін сабақта қолдандым. Бұл
жаңа тәсіл оқушылардың ойын ашық, еркін айтуға, белсенділігін арттыруға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге
өте қолайлы. Мен өз сабағымда көбінесе зерттеушілік және топтық (кумулятивті) әңгіме жүргізуге жағдай
туғызамын. Сабақтың іс-әрекет кезеңінде оқушылар орындаған тапсырмаларды өзара тексеру кезінде, бір-
бірімен ақылдасып, постер жасаған кезде, өмірмен байланысты сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы мен
оқушы (О-О), оқушы мен мұғалім (О-М) арасында диалог орнатылады. Нәтижесінде оқушылар тақырып бой-
ынша өз ойларын, өз идеяларын дәлелдей алады. Мысалы, «Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері»
деген тақырыптағы сабақта әр жұп өздерінің тақырыптарының маңыздылығын бір-біріне дәлелдегенде,
түрлі аргументтер келтіргенде әңгіме-дебатты қолдандым. Жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылар
ақпаратты кеңейтуге және талдауға тиіс болады. Осындай сабақтар арқылы мен оқушылар арасында белсенді
қарым-қатынасты орнатуға болатынына көзім жетті.
Сабақ үдерісіне өзгеріс енгізуде:
1. Жеті модульді барынша тиімді ықпалдастыруға;
2. Нәтижеге қол жеткізу үшін әрекет етуге;
3. Сабақтың әрбір кезеңінің алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етуге;
4. Сабақ барысында барлық оқушыларды қамтуға баса назар аудардым.
Оқушы құзыреттілігін қалыптастыруда проект технологиясын пайдаланамын. «Проект әдісі» кітабының
авторы психолог, педагог Вильям Килпотрик «Оқыту теориясы бойынша оқушы өзіне ұнамайтын және
мәжбүрлеу арқылы орындалған іс-әрекеттен гөрі, өзінің икемі бар іс-қимылды орындау арқылы қажеттілігін
қанағаттандырады»деген.
Проектілеу нәтижесінде мынадай құзыреттіліктер дамиды:
1. Арнайы әрекет арқылы соңғы нәтиже - өнім жасауға бағытталады.
2. Ғылыми зерттеушілік әрекет тәжірибеге көшеді.
3. Оқушының ойлау қабілеті әлеуметтік тәжірибе арқылы іске асады.
4. Түрлі жағдаятта бала өзін-өзі таныта алады.
5. Білім беру шынайы проблемаларды шешуге негізделеді.
6. Зерттеу еркіндігі өз таңдауымен білім алуға жетелейді.
7. Білім беру мазмұнында үнемі жаңашыл шешімдер жүзеге асады.
Сабақ барысында проектінің мына түрлерін пайдаланамын: Тәжірибелік бағыттағы проект, зерттеушілік
проект, ақпараттық проект, шығармашылық проект. Проект технологиясы нәтижесінде оқушылар ғылыми
жоба жасауға машықтанады. Сонымен бірге өзіндік жұмыстарда нақты тапсырмалар беруге, жұмысты
орындаудың уақытын белгілеуге, жұмысты өз еркімен орындауға ерекше көңіл бөлемін. Тапсырмаларды
орындау барысында оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік,
табандылық, ұйымшылдық, бір - біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыс арқылы
оқушылардың танымдық міндеттері қалыптасып, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығы жетіледі,
білімге қүштарлығы артады. Сабақты жүйелі жүргізе отырып, зерттеу үшін жапондық «Lesson Studу» тәсілін
қолданамын. Оқушылардың шығармашылығын зерттеу мақсатында сауалнама, психологиялық тест, пәндік
тест, бақылау жұмысын жүргіземін. Сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен қалыптастыруды
басшылыққа аламын. Оның дәcтүрлі оқытудан басты айырмaшылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі.
оқушының шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкiндік беру, шешiм қабылдауға үйрету,
жауапкершілігін арттыру. Оқушының жетістігін қолдау арқылы оның өзіне деген сенімділігін арттыруды
көздеймін. Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет. Сондықтан, әр өтілген сабақ
бoйыншa оқушылардың не үйренгенін, оған қалай қол жеткізгенін, нені дамыту қажет екендігін айқындап,
дағдыға айналдырып отырамын. Түрлендіріп өткізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушылар топтық
жұмысқа бейімделеді, ойлау қабілеттері дамиды, жауапкершілігі артады.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» - деп Елбасымыз атап көрсеткендей,
білім беруді жаңарту, жоғары сапалық деңгейге көтеру менің күнделікті ісіме айналуда. Қазір кәсіби шебер
мұғалімге деген сұраныс артуда. Сондықтан білімді, білікті және кәсіби қабілетті дамыту үшін оқыту мен
тәрбиелеудің әдістерін түрлендіріп, шығармашылық ізденісті арттыру қажет. Кәсіби шебер мұғалім болу
үшін өз бойымызда сенімділік, әділдік, ұстамдылық, шыншылдық қасиеттерді терең қалыптастырғанымыз
жөн [3].
84
Мен кәсіби шеберлікті арттыру үшін мына принциптерді жүзеге асыру тиімді деп ойлаймын:
1. Оқытудың модульдік технологиясы. Бұл технологияда оқушылар белгілі-бір кәсіпті жан-жақты меңге-
реді. Модульдік оқытудың мәні мұғалім мен оқушы ара қатынасы паритетті, яғни, тепе-тең субьект-субьект
негізінде болады.
2. Дуальды оқыту жүйесі. Мұнда өндірістік оқыту мен теориялық оқытуды біріктіріп, өндіріс шеберлерінің
біліктілігін әлемдік деңгейге көтереді [9].
3. Халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату. Оқушы бойына ұлттық мінез-құлық,
адамгершілік, кішіпейілділік арқылы олардың рухын оята аламыз. Оқушыларға қатаң тәртіптен гөрі олармен
жылы қарым-қатынас оң нәтиже береді. Абай атамыз айтқандай, «Адамға үш алуан мінез адамнан жұғады:
ата-анасынан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.»
дегендей, осы үш тұлға баланың дамуына қатты әсер етеді.
4. Қашықтықтан оқыту және интерактивті тақтаны пайдалану. Техникалық құралдар арқылы сабақ сапасы
артып, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейі жоғарылайды.
5. Озық іс-тәжірибе алмасу. Қала, облыс көлеміндегі әр түрлі семинарларға қатысу арқылы әріптестердің
педагогикалық тәжірибе жетістіктерін, ғылыми жаңалықтарды өз тәжірибесіне енгізе алады.
6. Біліктілік арттыру курстарына қатысу. Біліктілік арттыру курстарына қатысу арқылы мұғалім жаңа тех-
нологияны тиімді пайдалана отырып, үздіксіз білім алады.
Нәтижесінде, мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі артып, жоғары жетістіктерге
жетуге болады. Демек, оқушыларды ғылыммен, біліммен қамтамасыз етіп, оларды Отандық, ұлттық және
әлемнің мәдениет арналарынан сусындатуымыз қажет. Қоғам мүддесіне сай өзін-өзі белсенді етуге дайын,
жаңа өмір сүруге бейім, шығармашыл, білімді тұлғаны дaмыту мен қалыптастыруда білім берудің жаңа
мазмұнға ие болуына қол жеткізе отырып, бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен
дамыту үшін білім беруді әлемдік деңгейге көтеруге бар күш жігерімді жұмсаймын деп сенім білдіремін.
Болашағы жарқын, білімі биік, келешегі кемел XXI ғасырдың бәсекеге қабілетті және құзіретті дарынын
тәрбиелеу үшін өзіміз ізденімпаз, еңбекқор, жан-жақты шебер, терең білімді, білікті, мәдениетті, жаңаша
ойлайтын маман болғанда ғана қол жеткізе аламыз. Ендеше, мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті ұштастыра
алғанда ғана шын мәнінде мұғалім болмақ - деген ой иірімдері әрбір мұғалімнің білім беру жолындағы
ұстанымы мен ұранына айналғанда ғана ең жоғарғы нәтижеге жете аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы - 2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының Қазақстан
халқына Жолдауы. -Астана, 2014.
2 Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана,
2007.
3 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. -Астана, 2006.
4 ҚР «Білім туралы» заңы.
5 Бақыт Әжіғұлқызы «Жеке тұлғаның руханилығын байытудағы мұғалімнің кәсіби компетенттілігі».
6 Жадрина М.Ж. Өмірлік дағдылар мен құзырлылықтарды дамыту технологиясын құру тәсілдері //
Открытая школа. №2. 2005.
7 Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. // Интернет қорлар.
8 «Қазақстан мұғалімі» журналдары. 2013 - 2015.
9 Кәсіптік – техникалық білім беру жүйесіне кадрларды дайындаудың дуальды жүйесі енгізіледі. http//
kaz.gazeta.kz/ant.asp.aid-124494
10 Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізі. -Алматы, 2007.
11 «Химик анықтамалығы» журналдары. 2013 - 2015.
Аңдатпа. Мақалада жаңа педагогикалық идеялар арқылы кәсіби шеберлікті арттыру принциптері жан-
жақты талданып, дүниетаным қабілеті жоғары, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлға қалыптастыру
жолдары қарастырылған.
Аннотация.
В
статье
рассматриваются
пути
формирования
высокоинтеллектуальной,
конкурентноспособной, творческой личности через новые педагогические идеи путем всестороннего
анализа принципов повышения профессионального мастерства.
Abstract. This article discusses how to formation of highly intelligent, competitive, creative personality through
new pedagogical ideas by a comprehensive analysis of the principles of improvement of professional skill.
85
ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ В РАЗВИТИИ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ НАВЫКОВ, УЧАЩИХСЯ НА
УРОКАХ ХИМИИ
А.Ж. Болатова, Д.Т. Бейсембаева
Назарбаев Интеллектуальная школа г. Астаны, г. Астана
bolatova.aibarshin@nisa.edu.kz, beisembayeva.dinara@nisa.edu.kz
Рецензент – К.О. Шайхеслямова, д.п.н., профессор, Каз ЭУ им. Т. Рыскулова, г. Астана
Обучение на основе исследования является одним из популярных подходов при обучении и преподавании
естественнонаучных дисциплин [1]. Активные исследования позволяют интегрировать навыки критического
и творческого мышления и глубокое понимание учащихся, которому может содействовать социальное взаи-
модействие с более компетентными людьми в «зоне ближайшего развития» [2].
Для полноценного развития навыков исследования необходимо соблюдать преемственность в обучении
и формировании навыков.
Преемственность – это последовательная, непрерывная связь между различными ступенями в развитии
качеств личности школьника, опора на его нравственный опыт, знания, умения, навыки, расширение и
углубление их в последующие годы образования.
Суть преемственности в обучении заключается в установлении необходимой связи и правильного
соотношения между частями учебного предмета на разных ступенях его изучения, т.е. в последовательности,
систематичности расположения материала, в опоре на изученное и на достигнутый учащимися уровень
развития, в перспективности изучения материала, в согласованности ступеней и этапов учебно-
воспитательной работы [3].
В соответствии с программой средней школы Международного Бакалавриата формирование
исследовательских навыков по химии начинается с 7-го класса, где учащимся предлагается тема исследования,
соответствующая уровню данного класса, по которой они должны составить вопрос исследования. Перед
тем, как начать формирование навыков составления вопроса исследования необходимо научить учащихся
правильно определять зависимые и независимые переменные. Кроме того, нужно предоставить учащимся
возможность обсудить вопрос исследования в парах, в группах, и оценить их качество. В 8-м классе
продолжается развитие навыков формулировки вопроса исследования и построения гипотезы. Например,
при выполнении исследовательской работы «Кислоты и щелочи в повседневной жизни» можно использовать
стратегию «Think – pair – share» (подумай – обсуди в паре – поделись со всеми), где необходимо задавать
вопросы высокого порядка, которые развивают критическое мышление, что необходимо при формулировании
вопроса исследования. Опыт работы показал, что следующие вопросы являются эффективными при
направлении учащихся в постановке вопроса исследования и гипотезы:
1) Как мы можем определить рН веществ?
2) Можно ли сделать предположения о природе исследуемых нами веществ?
3) Похожи ли значения рН используемых нами напитков и продуктов питания?
4) У всех ли моющих средств похожи значения рН?
5) Будут ли одинаковыми значения рН водопроводной и дистиллированной воды?
6) Каким образом мы можем использовать переменные для формулировки вопроса исследования?
Как показали результаты работы, учащиеся справились с данным заданием, и правильно сформулировали
вопрос исследования и гипотезу. Косвенным доказательством овладения навыком определения переменных,
которому учащиеся обучались в 7 классе может служить правильное составление учащимися вопроса
исследования и построения гипотезы, а также правильная формулировка названий цифрового и визуального
предоставления данных, а также при интерпретации результатов исследования.
Последовательное развитие навыков работы с циклом исследования происходит в несколько этапов.
Так, например, в 8-м классе учащиеся обучаются разрабатывать метод собственного исследования по
предоставленной теме или вопросу исследования. Например, при выполнении исследовательской работы
на тему «Определение объема NaOH, необходимого для нейтрализации аскорбиновой кислоты в таблетках
различных производителей», учащиеся проходят все этапы работы по циклу исследования.
На следующем этапе, в 9 классе, усложняются требования к уровню сформированности навыков работы
с циклом исследования. Если в 7-8-х классах для достижения высокого уровня учащиеся должны были
описывать процесс исследования, то в 9-м классе им необходимо дать научное обоснование по каждому
аспекту цикла исследования. Например, при выполнении исследования по титрованию раствора аспирина
раствором щелочи, учащиеся не только определяют все возможные переменные, но и объясняют, как будут
манипулировать ими и контролировать их.
В 10 классе учащимся предлагаются комплексные открытые исследования, подразумевающие не
развитие, а применение сформированных навыков. Например, при выполнении открытого исследования на
86
тему: «Изучение факторов, влияющих на скорость химических реакций», учащиеся стараются выбрать такой
вопрос исследования, ответив на который учащиеся смогут предложить решение проблем, возникающие в
повседневной жизни.
Таким образом, обучение навыкам работы с циклом исследования в среднем звене помогает существенно
преодолеть проблемы при изучении химии и выполнении экспериментов в Дипломной программе
Международного Бакалавриата (старших классах).
Все навыки, приобретенные детьми за период обучения в Дипломной Программе, позволяют решать
проблемные ситуации в реальной жизни, осмысливать и оценивать достоверность информации, анализировать
и обобщать различные источники знаний. Основной акцент в 11 классе направлен на развитие навыков
определения величины и значимости систематических и случайных ошибок. Например, при выполнении
исследовательской работы «Определение точности и аккуратности различных видов мерной посуды
при определении плотности воды» учащиеся 11-го класса развивали навыки работы с новыми видами
оборудования и обращали внимание на погрешность измерений. Рассмотрение и оценка значимости
понятий ошибки эксперимента и погрешностей помогает развивать навыки исследования и мышления,
которые необходимы детям не только на уроках химии, но и в дальнейшей жизни. Оценка достоверности
данных, с помощью которых могут быть сделаны выводы, находится в центре научного метода и других
областях познания, таких как теории познания.
Таким образом, преемственность в обучении и развитии навыков определения переменных эксперимента
помогает учащимся осознать взаимосвязь между каждым этапом цикла исследования, включающем в себя
формулирование вопроса исследования, определение переменных, составление гипотезы, разработка
метода, сбор и обработка данных, оценка своего метода, предложения мер по улучшению работы.
Процесс исследования, где учащиеся знакомятся с научным методом, особенно важен при изучении
химии, он позволяет учащимся почувствовать себя настоящими исследователями.
Достарыңызбен бөлісу: |