Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы ресей федерациясының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/124
Дата03.03.2017
өлшемі23,53 Mb.
#6682
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124

 

248

1. 

3-сынып оқушыларының логикалық ойлауын құрама кері есептер арқылы дамытудың зерттелуі 

Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интелектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл 

салада,  біз  сөз  еткелі  отырған  технологияның  алар  орны  ерекше.  Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру 

деп аталатын математикалық білім технологиясы 1964-1986 жылдар арасында академик П.М. Эрдниевтің 

жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалық жұмыстың нәтижесінде 

өмірге келді. 

П.М. Эрдниев оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын 

өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады. 

Академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп 

таныған. 

Дидактикалық бірліктері ірілендіру әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей: 

1. 


Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту. 

2. 


Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану. 

3. 


Деформацияланған жаттығуларды пайдалану. 

4. 


Өз бетінше шығармашылыққа берілетіп тапсырмалардың үлес салмағының артуы. 

2. 3-сынып оқушыларының логикалық ойлауын құрама кері есептер арқылы дамытудың тәжірибедегі 

жайы 

ДБІ теориясымен мына мәселелер тығыз байланысты: оқу материалдарын тірек схемалар мен сигналдар 

арқылы  қабылдау  және  жазу  идеясы  (В.Ф.  Шаталов);  ғылыми  теорияларды  және  олардың  құрылымдық 

элементтерін  бөліп  қарастыру  (Б.С.  Гершунский);  сабақ  құрылымының  тұтастығы  мен  дамуына  қатысты 

оқыту  мен  оқудың  актілері  (Г.Д.  Кириллова).  Ғалымдардың  пікірінше,  «құрылымдандыру»  ұғымы  –  оқу 

материалдарының  құрамдас  элементтерін  біріктіреді  (ұғымдар,  заңдар,  идеялар,  ұстанымдар).  Оларды 

оқушыларға жеткізу және меңгерту белгілі бір байланыстар мен қатынастар арқылы тізбек түрінде болады. 

Ірілендірілген оқу мазмұнында ерекше орын алатын психологиялық жай - ес пен жады. 

Психология  ғылымында  ес  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  деп  екіге  бөлінеді.  Есті  осылайша  екіге  бөліп 

ажырату адамның материалды ойда сақтаудың ұзақтығы мен оның қызметіне байланысты. Қазіргі заманғы 

мәліметтер бойынша қабылданған кез келген ақпарат жедел жадыда 10-15 минут тұрады да, ұзақ мерзімге 

кетеді.  Іріленген  тақырыптарға  көшу  барысында  ұқсас,  біртектес  ұғымдарды  бір  мезгілде  қарастырғанда, 

оқушылардың  санасында  олар  туралы  мүлде  «жаңа»  білім  пайда  болады.  Оқыту  материалын  жан-жақты 

зерттеп үйрену үшін көру арқылы да есте қалдырудың мәні зор. Әдіскер-ғалым С.Н. Лысенкованың пікірінше: 

«Схема – опора мысли ученика, опора его практической деятельности, связывающее звено между учителем 

и учеником. От традиционной наглядности они отличаются тем, что они являются опорами мыслей, опорами 

действия». ДБІ технологиясы негізінен ойдың анализ және синтез, индукция және дедукция, салыстыру, топтау, 

жалпылау сияқты операцияларына сүйенеді. 

Құрама кері есептерді шығара алу үшін оқушының ақыл-ойы белгілі бір дәрежеде дамыған болуы керек. 

Оның тапқырлығы, ойлай білуі, қорытынды тез жасауы қажет. Осы айтылған қасиеттерді оқушылар санасында 

дамытудың ең қуатты, ең пәрменді құралы – мәтін есептерді шығару. 

Осы  тұрғыда,  П.М.  Эрдниевтің  «Дидактикалық  бірліктерді  ірілендіру»  технологиясының  алатын  орны 

ерекше. Тура және оған екі кері есеп шығарған кезде, тура есептегі сөздер ғана қолданылады. Егер осы үш есеп 

алынса, олардағы қолданылатын сөздер саны, сандар түрі көбейеді. Бұл – уақыт үнемдеу және оқушы ойының 

бір бағытқа, атап айтсақ, қарапайым ақпарат беретін сандар арасындағы байланысты түсінуге бағытталады. 

Яғни, қысқа мерзімде көп білім алуды қамтамасыз етеді. Құрама кері есептер шығару барысында баланың 

байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, логикалық ойлауы дамитыны сөзсіз. 

3. Құрама кері есептерді шығару тәсілдері 

Есеп ұғымын өзінің кең мағынасында түсіндіру мақсатында бастауыш сынып оқушыларының есеп туралы 

ұғымын жүйеге келтіретін арнаулы сабақтар өткізілді. 

Сабақтан үзінді: 

М: Балалар, мына есептерге назар аударайық. Асханаға 33 л сүт әкелінген еді. Оқушыларға таңертең 20 л, 

ал түсте 10 л сүт берілді. Асханада неше литр сүт қалды? 

Балалар біз есепті шығардық, жауабын таптық. Бірақ осы есебіміздің шешуін тексеруіміз керек. Жауабының 

тура екендігін анықтау қажеттігі туындайды. Демек, есепті кері есептерді құрастыру және шығару арқылы 

тексереміз. 

Тура есеп (көк к) 

1-кері есеп (қызыл к) 

2-кері есеп (жасыл к) 

Әкелгені - 33 л 

Әкелгені - ? л 

Әкелгені - 33 л 

Сатылғаны - 20 л, 10 л 

Сатылғаны - 20 л, 10 л 

Сатылғаны - 20 л, ? л 

Қалғаны - ? 

Қалғаны - 3 л 

Қалғаны - 3 л 

Ш: 33-(20+10) = 3 

III: (20+10)+3 = 33 

Ш: (33-3)-20 = 10 

Ж: 3 л 


Ж: 33 л 

Ж: 10 л 


249

М: Енді осы есептердің қысқаша жазудың жолдарын қарастырайық. 

2-жаттығу. Есепті шығар.Шу каналының ұзындығы 82 км, ал Көксу каналы одан 21 км ұзын. Басқара каналы 

Көксу каналынан 55 км қысқа. Басқара каналының ұзындығы неше км? 

Тура есеп 

Кері есеп 

Шу каналы - 82 км 

Шу каналы - ? 21 км қысқа 

Көксу каналы - ? 21 км ұзын 

Көксу каналы - ? 55 км ұзын 

Басқара каналы - 55 км қысқа 

Басқара каналы - 48 км 

III: (82+ 21)-55 = 48 

Ш: (48 + 55)-21 = 82 

Ж: 48 км 

Ж: 82 км 



Жалпы қорытынды, әдістемелік нұсқаулар 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  логикалық  ойлауын  ДБІ  технологиясы  арқылы  дамытудың  тиімді 

тәсілдері жайлы теорияларды талдай, жаңа жағдайларда пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға 

келдік: 


1. 

Есептерді сызба арқылы шығару нәтижесінде оқушының қызығушылығы оянды. 

2. 

Өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру арқылы бала 



өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді. 

3. 


Осы әдістерді тұрақты пайдаланып отыру арқылы бұл мәселеде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге 

болады.Уақыт үнемделеді. 

Осылайша  зерттеудің  жақсы  нәтижеге  жету  себебін  алдымызға  қойған  болжамның  дұрыстығымен 

түсіндіруге болады. Демек, оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда ДБІ технологиясының кері есептерді 

сызба арқылы шығару тәсілі-тиімді тәсіл. 

Ұсыныс: 

П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының тура есепке кері есеп құрастыру 

және  шығару  қағидасын  басшылыққа  ала  отырып,  кері  есептерді  сызба  арқылы  шешу тәсілін тәжірибеде 

қолдану. 



Әдебиеттер тізімі

1 Эрдниев П.М. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. – Москва: Просвещение, 1986. 

-260 с. 

2 Нугусова А. Элементарная математика и практикум по решению математических задач. –А: РИК, 1996, 

-156 с. 

3 Эрдниев П.М. Обучение математика в начальных классах. Книга для учителя. –М. АО «Столетие», 1995, 

- 194 с. 

Аңдатпа. Қысқа мерзімде көп білім алуды қамтамасыз ететін П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді 

ірілендіру»  технологиясы-баланың  байқампаздығын,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу  дағдысын,  логикалық 

ойлауын дамытатын жаңа технология. Сондықтан, «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» әдістемесін қолдана 

отырып, педагог жеке тұлғаның логикалық ойлауын дамыту мақсатында құрама кері есеп шығартудың тиімді 

тәсілдерін қарастырады. 

Аннотация. Методику «укрупнения дидактических единиц» (УДЕ) в преподавании математики в начальной 

и средней школы предложил академик П.М. Эрдниев – известный калмыцкий ученый-педагог. Обучение по 

УДЕ совершается в обстановке эмоционального обогащения психики учителя и учащегося радостью открытия, 

удовольствием самостоятельного постижения целостности и полноты усваиваемых знаний. 



Abstract. «Consolidation of didactic units» technology by P.M. Érdnïevtiñ, which provides large amount of 

education in a short period, is a new technology aiming to develop the observation ability of chiledren and the 

skills to express their views freely,as well as logical thinking. Therefore,by using the methodology of «Consolidation 

of didactic units», pedagos consider the effective ways to solve the complex problems reversely to develop the 

individual’s logical thinking. 


250

ПРОБЛЕМЫ ИННОВАЦИОННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПЕДАГОГОВ 

И.В. Семидоцких 

КГУ «Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования», г. Петропавловск, 

irina-65.08@mail.ru 

Рецензент – Альмагамбетова Л.С., кандидат педагогических наук, заведующая кафедрой дошкольного 

воспитания и начального обучения ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО 

Учитель,  воспитатель  всегда  были  центральными  фигурами  в  образовании.  Необходимые  изменения 

в  образовании  не  могут  происходить,  если  педагоги  не  будут  стремиться  совершенствовать  свою 

профессиональную деятельность. Время и усилия, которые требуются, чтобы новые идеи и новые способы 

образования  вошли  в  практику,  в  большой  степени  зависят  от  готовности  и  способности  учителей, 

воспитателей изменять свою деятельность, осваивая новшества и становясь сотворцами новой практики. 

Под  готовностью  к  инновационной  деятельности  мы  понимаем  совокупность  качеств  педагога, 

определяющих  его  направленность  на  совершенствование  собственной  педагогической  деятельности,  а 

также его способность выявлять актуальные проблемы образования, находить и реализовать эффективные 

способы их решения. 

Следовательно,  необходимо  создание  условий  для  педагогического  творчества,  совершенствования 

форм и методов обучения и воспитания, необходимо обеспечение вариативности в отборе содержания. 

Участие  педагога  в  инновационной  деятельности  противоречиво.  С  одной  стороны,  это  должно  быть 

полезно для его профессионального развития, так как позволяет освоить новые педагогические технологии, 

приобрести новый педагогический опыт, а с другой - инновация - деятельность, сопряженная с преодолением 

ряда типичных трудностей, способных привести педагога к кризису профессионального развития. 

Высокие достижения педагога в учебной деятельности являются фактором, существенно развивающим 

личность. Занимаясь инновационной деятельностью, развивая инновационную активность, создавая что-то 

значительное, новое, достойное внимания, педагог и сам растет, поскольку «в творческих, доблестных делах 

человека - важнейший источник его роста». С другой стороны, чем проще, однороднее деятельность, выпол-

няемая преподавателем, чем меньше поле проявления его активности, тем в меньшей степени оказывается 

развитой его личность. Ведь человек, выполняющий всю жизнь простые операции, не требующие напряжения 

умственных способностей, в конце концов, собственноручно деформирует свою личность. 

Инновационная  деятельность  преподавателей  имеет  свою  специфику.  Она  предполагает  наличие 

определенной  степени  свободы  действий  у  соответствующих  субъектов.  В  силу  специфики  новаторской, 

поисковой работы она осуществляется очень часто на ощупь, за пределами существующего опыта и лишь 

частично  может  регулироваться,  и  контролироваться  действующими  институтами.  Поэтому  общество 

вынуждено доверять исследователю, новатору, полагая, что в процессе свободного поиска истины, новых 

решений и способов реализации, стоящих перед обществом задач он не предпримет действий, способных в 

дальнейшем нанести ущерб интересам общества. Следовательно, свобода творчества должна сопрягаться с 

высочайшей личной ответственностью субъекта инновационного поиска. 

Необходимым условием успешной реализации инновационной деятельности педагога являются умения 

принимать инновационное решение, идти на определенный риск, успешно разрешать конфликтные ситуации, 

возникающие при реализации новшества, снимать инновационные барьеры. 

Первая составляющая готовности учителя к инновационной деятельности – наличие мотива включения 

в эту деятельность. Мотив придает смысл деятельности для человека. В зависимости от содержания мотива 

инновационная  деятельность  может  иметь  разные  смыслы  для  разных  людей.  Участие  в  инновационной 

деятельности может восприниматься: 

- как способ получения дополнительного заработка; 

- как способ избегания возможных напряжений в отношениях с руководством и коллегами по работе в 

случае отказа от участия; 

- как способ достижения признания и уважения со стороны руководства и коллег; 

- как выполнение своего профессионального долга; 

- как способ реализации своего творческого потенциала и саморазвития. 

Отсутствие мотивации свидетельствует о неготовности учителя к инновационной деятельности с точки 

зрения  его  направленности.  Материальный  мотив  или  мотив  избегания  неудач  соответствуют  слабой 

готовности к инновационной деятельности. Высокому уровню готовности к инновационной деятельности 

соответствует зрелая мотивационная структура, в которой ведущую роль играют ценности самореализации 

и саморазвития. 

Направленность  учителя  на  развитие  своих  профессиональных  способностей  и  на  достижение  как 

можно лучших результатов – необходимое условие приобретения инновационной деятельностью смысла 



251

ценности и цели, а не средства для реализации каких-то других мотивов. Любой человек в профессиональной 

деятельности сможет достигать все более высоких уровней мастерства только изменяясь, только осваивая 

все новые способы деятельности и решая все более сложные задачи. Работая лишь в режиме репродукции, 

воспроизведения уже освоенных когда-то способов деятельности, высококлассным профессионалом стать 

невозможно. Всякий, кто стремится достичь высот мастерства, должен сознавать, что путь туда лежит через 

критическое отношение к себе, тому, что достигнуто, и поиски путей и средств развития своей практики. Без 

осознания участия в инновационной деятельности, как ценности для себя лично, не может быть и высокой 

готовности к этой деятельности. 

Вторая  составляющая  рассматриваемой  готовности  –  комплекс  знаний  о  современных  требованиях 

к  результатам  школьного  образования,  инновационных  моделях  и  технологиях  образования,  иначе,  о 

всем том, что определяет потребности и возможности развития существующей педагогической практики. 

Чувствительность учителя к проблемам определяется, прежде всего, тем, как он понимает цели школьного 

образования вообще и из них выводит требования к результатам своей работы. Если эти требования не будут 

соответствовать самым высоким стандартам, то и проблем в результатах своей работы учитель видеть не будет. 

Точно так же учитель, слабо ориентированный в инновационных моделях образования и инновационных 

программах,  и  технологиях,  не  будет  видеть  и  недостатков  педагогической  системы  школы  и  своей 

практики, и возможностей их устранения. Но недостаточно только знать о существовании инновационных 

образовательных моделей, программ, технологий. Чтобы учитель мог хорошо ориентироваться в пространстве 

возможностей  и  мог  сделать  правильный  выбор,  он  должен  хорошо  понимать  условия  их  эффективного 

применения. Всякое изменение в деятельности должно быть не только актуальным, но и реалистичным, т.е. 

соответствующим реально существующим в данной школе условиям. Если, например, учитель хочет строить 

свою работу, реализуя технологию развивающего, проблемного или исследовательского обучения, а в целом 

педагогический  процесс  в  школе  строится  по  знаниево-ориентированной  модели, то  он должен  отдавать 

себе отчет в том, что в этих условиях возможно лишь частичное применение инновационной технологии. 

Степень компетентности учителя в инновационном образовании может быть различной, поэтому различным 

будет и уровень его готовности к инновационной деятельности в этом аспекту. 

Третий компонент готовности учителя к инновационной деятельности – совокупность знаний и способов 

решения задач этой деятельности, которыми владеет учитель, т.е. компетентность в области педагогической 

инноватики. Учитель, хорошо подготовленный к инновационной деятельности в этом аспекту: 

- владеет комплексом понятий педагогической инноватики; 

- понимает место и роль инновационной деятельности в образовательном учреждении, ее связь с учебно-

воспитательной деятельностью; 

- знает основные подходы к развитию педагогических систем школы; 

- умеет изучать опыт учителей-новаторов; 

-  умеет  критически  анализировать  педагогические  системы,  учебные  программы,  технологии  и 

дидактические средства обучения; 

-  умеет  разрабатывать  и  обосновывать  инновационные  предложения  по  совершенствованию 

образовательного процесса; 

- умеет разрабатывать проекты внедрения новшеств; 

- умеет ставить цели экспериментальной работы и планировать ее; 

- умеет работать в рабочих группах внедренческих проектов и проведения экспериментов; 

- умеет анализировать и оценивать систему инновационной деятельности школы; 

- умеет анализировать и оценивать себя как субъекта инновационной деятельности. 

Общий уровень готовности учителя к инновационной деятельности является функцией от: 

- уровня мотивационной готовности; 

- уровня компетентности в инновационном образовании; 

- уровня компетентности в педагогической инноватике. 

Готовность  к  инновационной  деятельности  в  современных  условиях  –  важнейшее  качество 

профессионального педагога, без наличия которого невозможно достичь и высокого уровня педагогического 

мастерства. 

Для  вхождения  образовательных  учреждений  в  рыночные  отношения,  которые  формируют  реальную 

ситуацию  их  конкурентоспособности,  инновационная  деятельность  в  образовании  приобретает 

избирательный,  исследовательский  характер.  Именно  поэтому  важным  направлением  в  деятельности 

руководителей  педагогических  коллективов,  методических  служб  учебных  заведений  становится  анализ 

и оценка вводимых преподавателями педагогических инноваций, создание необходимых условий для их 

успешной разработки и применения. 

Если  говорить  более  просто  и  однозначно,  то  главной  причиной,  заставляющей  обращаться  к 

инновационной деятельности, является острая конкуренция, с которой приходится сталкиваться практически 

каждому  коллективу,  оказывающему  услуги  в  сфере  образования.  Сегодня  образовательные  учреждения 



252

обязаны самостоятельно заботиться о сохранении конкурентоспособности, отслеживать и прогнозировать 

ситуацию на образовательном рынке, линию поведения основных и потенциальных конкурентов, появление 

новых научных и технологических достижений и, соответственно, быть чуть впереди. 



Список использованной литературы

1 Гнездилова О.Н. Психологические аспекты инновационной деятельности педагога // Психологическая 

наука и образование. - 2006. - № 4. - С. 61-65. 

2 Гуров В. Инновационная деятельность педагога // Дополнительное образование и воспитание. - 2008. - 

№ 2. - С. 9-15. 

3 Калачикова О.Н. Исследование содержания и этапов вхождения педагогов в инновационную деятель-

ность // Вестник Томского государственного университета. - 2008. - № 316. - С. 174-177. 

4 Разина Н.А. Профессионально-личностное развитие педагога в условиях инновационной деятельности 

образовательного учреждения // Современные наукоемкие технологии. - 2008. - № 1. - С. 14. 

5 Сластенин В.А., Подымова Л.С. Готовность педагога к инновационной деятельности // Сибирский педа-

гогический журнал. - 2007. - № 1. - С. 42-49. 

6 Ильенко Л.П. Новые модели методической службы в общеобразовательных учреждениях. - М.: Изд. 

Аркти, 1999.-48 с. -С. 8-23. 

Аңдатпа.  Бұл  мақалада  білім  беру  мекемесіндегі  инновациялық  қызметтіңөзектілігі  қарастырылған. 

Оқу-тәрбие жұмысындажоғары нәтижеге қол жеткізу мақсатында,заман талабына сай балалармен жұмыс 

жүргізуде  инновациялық  жұмысты  ұйымдастыруға  ерекше  көңіл  аударылған.  Әдістемелік  қызметтіңбілім 

беру  ұйымдарын  мақсатты  қолдау  түрлері  туралы  мәселелер  кеңінен  ашылған  және  тиімді  қолданған 

жағайда  білім  беру  мекмелерінде  инновациялық  қызметті  үдете  түсетін  ерекше  ынталандыру  ортаны 

қалыптастырады. 



Аннотация.  В  статье  рассматривается  актуальность  проблемы  инновационной  деятельности  в 

образовательном учреждении. 

Уделяется  внимание  организации  инновационной  деятельности  с  целью  достижения  высокой 

эффективности учебно-воспитательной работы с детьми на уровне современных требований. 

Раскрыты  вопросы  о  формах  целевой  поддержки  образовательных  учреждений,  используемых 

методической  службой,  что  при  правильном  применении  создает  своеобразную  мотивационную  среду, 

побуждающую учреждения к активизации инновационной деятельности. 

Abstract. The article is about relevance of a problem of methodical support of innovative activity in educa-

tional institution. 

The attention of the organization of innovative activity for the purpose of achievement of high efficiency of 

teaching and educational work with children up-to-date is paid. 

Questions of forms of target support of the educational institutions used by methodical service are opened 

that at the correct application creates the peculiar motivational environment inducing establishments to activa-

tion of innovative activity. 

СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗІНДІК ТАНЫМҒА 

ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА ӘСЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

Н.Б. Серикбаева 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ., nurgul.sgpi@mail.ru 



Пікір беруші – И.А. Оралканова, PhD доктор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 

университеті, Семей қ. 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің басты өлшемі – білім мен 

білік  алған  кез-келген  азамат  әлемнің  кез-келген  елінде  қажетке  жарайтын  маман  болатындай  деңгейге 

көтерілу болып табылады», - деп атап көрсетті. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт 

өсіп  отырған  бүгінгі  күнгі  жан-жақты  дамыған  бәсекеге  қабілетті  азаматтарды  қалыптастыру,  әсіресе 

студенттердің өзіндік танымы мен шығармашылық ойын қалыптастырып, одан әрі дамытумен қатар, олардың 

өздігінен білім алуын, ізденуін, қорытынды жасауын және талдай білу дағдыларын қалыптастыру қажет [1]. 

Бүгінгі күні құндылықтардың жаңа жүйесіне бағытталған қоғамның құрылуы, әлеуметтік-экономикалық 

жүйенің  күрделенуі  жағдайында  білім  берудің  негізгі  мақсаттарының  бірі  өзін-өзі  жан-жақты  дамытуға 

қабілетті,  шығармашылық  потенциалы  жоғары  жасөспірім  тұлғасын  қалыптастырудан  тұрады.  Өзін-өзі 

дамыту индивидтің өз тіршілік әрекетін тәжірибе жүзінде өзгертуге қабілеттілігін түсіндіреді. 



253

Өзін-өзі тану мәселелері психология ғылымында кеңінен өңделген. Өзін-өзі танудың теориялық және 

методологиялық аспектілері Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің, Б.Г. Ананьевтің, И.С. 

Конның, Д.В. Ольшанскийдің, А.Г. Спиркиннің, Г.Я. Розеннің, И.И. Чеснокованың, В.В. Столиннің еңбектерінде 

қарастырылады. Шетел психологиясында өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның психоаналитикалық, гуманистік, 

когнитивті, интеракционистік теорияларында көтеріледі. 

Қазіргі  кезде  елімізде  және  әлемде  болып  жатқан  әлеуметтік  көптеген  өзгерістер  студенттердің 

өзіндік таным белсенділігіне әсерін тигізбей қоймайтындығы белгілі. Сондықтан да студенттердің өзіндік 

ерекшелігіне сай олармен жүйелі, өзіндік танымға әсері мен олардың белсенділігін дамытуға жүргізілетін 

жұмыстар зерттеуді қажет етеді. 

Студенттік  кезең  тұлғаның  қалыптасуындағы  күрделі  және  маңызды  кезеңдердің  бірі,  себебі  осы 

кезеңде адам балалық шақтан ересектік тәуелсіз өмірге қадам жасайды. Белгілі бір жастық кезеңнің даму 

ерекшеліктерін кеңестік психологияда дамудың әлеуметтік жағдайы түсінігімен байланысты талдайды. Л.С. 

Выготскийдің пікірінше, әрбір жас кезеңнің басына қарай бала мен орта арасында сол жасқа тән жалғыз 

және қайталанбас қарым-қатынас орнайды. Бұны ол «берілген жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы» деп 

атады. Осы терминмен Л.С. Выготский дамудың ішкі процестері мен сыртқы орта жағдайларының ерекше 

үйлесімін белгіледі [2]. 

Студенттердің өзін-өзі тануға қабілеттері де түрлі болып келеді. Өзін-өзі тануға қабілет – бұл адамның 

өзін-өзі  тез,  сапалы,  жан-жақты,  адекватты  тануына  мүмкіндік  беретін  тұлғалық  сапалар.  Осындай 

қабілеттердің түрлі даму деңгейлеріне байланысты студенттер бір-бірінен ерекшелінеді: кейбіреулер үнемі 

өзін-өзі  танумен  айланысады,  өздерін  жақсы,  жан-жақты  біледі  және  осы  білімдерін  өмірі  мен  іс-әрекет 

барысында пайдалана алады; өзгелері өзін-өзі танумен сирек айналысады, олардың өзі туралы үзілді-кесілді 

және ең маңыздысы олардың өзі туралы түсінігі адекватты емес, яғни шындыққа сәйкес келмейді. Біз өзін-өзі 

бағалауы төмен немесе жоғары адамдармен жиі ұшырасамыз, олар осы себептерге байланысты әлуметтік 

орта ен, әлеммен қарым-қатынас орната алмайды. Алайда, кез-келген қабілет секілді өзін-өзі тану қабілетінде 

дамытуға болады. Ол үшін өзін-өзі танудың жағымды мотивациясын қалыптастыру қажет; индентификация 

және рефлексия өзін-өзі танудың негізгі механизмдерінің потенциялын толығымен пайдалану қажет; өзін-

өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі моделдеу және т.б. сияқты өзін-өзі танудың спецификалық тәсілдерін 

үйрену қажет; көркем әдебиеттерді оқу, психологияны оқу, күнделік жүргізу сияқты өзін-өзі танудың түрлі 

құралдарын пайдалану қажет. 

Психологиялық  зерттеулер  көрсеткендей  тұлғаның  өзі  туралы  пікірі,  оның  өз  іс-әрекетін  реттеудің 

маңызды  тірегі  болады.  Адекватты  өзіндік  бағалау  арқылы  адамның  өз  жетістіктерін  шынайы  бағалауы 

негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген. 

Өзіндік  бағалау  –  өзіндік  сана  сезімдердің  бірлігі,  тұлғаның  қасиеттеріне,  сапасына  деген  қатынасы. 

Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады. 

Өзіндік сана сезімдердің қалыптасуы жайлы шет елдік зерттеулерде К. Роджерстің жұмыстары мәнді. 

Өмірлік  тәжірибелерде  қалыптасқан  «Мен»  бейнесі  әлемді,  басқа  адамдарды  қабылдауға,  оларды 

бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды. «Мен» концепциясы оң, 

амбивалентті және теріс болуы мүмкін. «Мен» концепциясы оң болатын индивид басқаларына қарағанда 

әлемді, адамдарды бағалауы өзгеше болады. Оған келісімге келмейтіндер адам санасынан ығыстырылады. 

Өзіндік  сананы  зерттеу  кезінде  психологтар  өзіндік  танымның  дамуына,  құрылымы  мен  генезисіне  әсер 

ететін факторларды қарастырумен байланысты мәселелерге басты назар аударады. 

Студенттік  кез  –  бұл  ерекше  әлеуметтік  категория  жоғарғы  білім  беру  институтымен  ұйымдастырыла 

біріктірілген  адамдардың  ерекше  қауымдастығы.  Бұл  әлеуметтік  кәсіби  категория  ХІ-ХІІ  ғ.ғ.  алғашқы 

университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді 

мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік 

топ  ретінде  кәсіби  бағыттылығымен  болашақ  мамандыққа  тұрақты  қатынастың  қалыптасқандығымен 

сипатталады. 

Адамның өзін-өзі тануының объектісі не деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Кез-келген адамнан өзің 

туралы не білесің деп сұрасаң, онда әрбір адам өзі туралы бірнеше жалпылама сипаттамалардан тұратын 

жауап  бере  бастайды,  мысалы:  «Мен  көпшілмін,  бірақ  кішкене  ұялшақтаумын,  жалпы  ақ  көңілмін»  деген 

сияқты. Сол себепті өзін-өзі тану процесінде де өз тұлғамыздың танығымыз және зерттеп білгіміз келетін 

аймақтары мен сфераларын анықтау қажеттілігі туады. 

Психологияда алғашқылардың бірі болып өзін-өзі танудың сфераларын американ психологы У. Джемс 

белгіледі. Адам санасындағы таным элементтері ретінде ол физикалық тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны, рухани 

тұлғаны бөледі. Физикалық тұлға – бұл адамның тәні және адамға қатысты барлық нәрселер: киімі, отбасы, 

жағдайы, өзінің еңбек өнімдері. 

Әлеуметтік тұлға – бұл өзге адамдар тарапынан біздің тұлғамыздың мойындалуы. У. Джемстің айтуынша, 

адамды  қанша  индивид  тұлға  деп  мойындаса  және  ол  туралы  пікірлері  болса,  онда  сол  адамда  сонша 

әлеуметтік тұлға болады. Рухани тұлға бұл сананың жеке күйлерінің, нақты алынған рухани қабілеттер мен 



254

қасиеттерінің  бірлігі.  Тұлғаның  аталған  үш  типі  иерархиалы  түрде  ұйымдасқан.  Ең  жоғарғы  деңгейінен 

рухани тұлға орын алады, төменгісінде – физикалық. Әлеуметтік тұлғалар аралық орын алады. 

Демек,  У.  Джемс  бойынша  өзін-өзі  тану  физикалық,  әлеуметтік  және  рухани  деңгейлерде  жүзеге  аса 

алады.  Кеңестік  психологияда  ғалымдардың  басым  бөлігі  адамдардың  биоәлеуметтік  табиғаты  туралы 

қағиданы ұстанады. Осыған сәйкес оның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері ажыратылады. Сондықтан 

ғылымда ұзақ жылдар бойына адамның екі түрлі деңгейде ұйымдасуы туралы түсінік жетекші болды, яғни 

индивид және тұлға ХХ ғ. 80 жылдарынан бастап қана аралық айнымалы – әлеуметтік индивид ұғымы ен-

гізіледі [3]. 

Студенттік шақтың өмірлік көзқарастың қалыптасуы үшін өте маңызды, осы уақыттқа дейінгі адами алғы 

шарттары  жетіледі.  Болашаққа  деген  өз  әрекетінің  бағдарламасын  құруда  болашақ  мамандықты  таңдау 

және т.б. кіреді. өзінің болашағы туралы «мен» – идеалды, «мен» – болашақта образдарының дамуы туралы 

объективті ұсыныстарының құрылу процесін зерттеу жоспарда әлеуметтік және медициналық нормалардан 

ауытқуларына ие еместігі әртүрлі адамдарда бұл үдерістер болатындығын және оптималды индивидуалды 

типтік варианттарының ажыратылуының мүмкін екендігі айтылады. 

Студент тұлғасының қалыптасуына, өз ортасы, оқу орны, оқытушылар мен ата-аналар қарым-қатынасынан 

туындайтын ішкі және сыртқы жағдайларда үлкен әсерін тигізеді. Студенттің танымдық сферасының кеңейіп, 

жеке  адамдық  концепциясының,  яғни,  кемелденуінің  басталуы  да  –  осы  кезеңдегі  түрлі  жағдайларға 

байланысты қалыптасады. 

Студенттердің психологиялық мүмкіндіктері (16-20 жас аралығы): 

- ақыл-ойының, адами қарым-қатынасының жетілуі; 

- көзі ашық, дүниетанымы қалыптасқан; 

- жаңаны сезіну – батылдық, шешімділік; 

- дербестілік, тік мінезділік; 

- сыншылдық, өз-өзіне сын көзбен қарау; 

- таным мен интеллектуалды мүмкіндіктердің шыңырау шегі; 

- мақсаттылық, шешімділік, табандылық, бастамашылдық; 

- жауапты шешімдерді қабылдау: мамандықты таңдау және меңгеру; 

- өмір сүру стилі мен орнын таңдау; 

- өмірлік жарын таңдау, өз жанұясын құру, сексуалды белсенділік; 

- сәйкестік кризисі: әлеуметтік және индивидуалды тұлғалық таңдаулар мен өзіндік анықтаудың пайда 

болуы; 


- профессионалды ойлау мен профессионалды компетенттіліктің қалыптасуының ең тиімді кезеңі; 

- мінез-құлық, интеллект, бағалы бағдарлардың қалыптасуының ортаңғы кезеңі [4]. 

Қорыта айта кететін болсақ, студентттердің өмірлік жоспарының жүзеге асуы үшін олар жақсы, білікті 

маман болып шығуы керек. Жоғарғы оқу орны студенттерінің өмірлік жоспары – бұл әрекеттің жоспары, 

жоспардың психологиялық проблемаларына арналған зерттеулер адамның онтогенетикалық дамуының осы 

жас ерекшеліктік этапында қаралған. Ол үшін ең алдымен жоғарғы оқу орнындағы оқытушылар да өз ісінің 

шебері және студентттердің индивидуалды психологиялық ерешеліктерін білуі керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет