Список литературы
1 http://intelbazis.com/ru/course/section/id/258/qId/16306
2 http://www.testcenter.kz/
3 https://nces.ed.gov/nationsreportcard/ushistory/moreabout.aspx
4 Education for What – 1744 (p. 54) from They Came Here First: The Epic of the American Indian, Revised
Edition by D’Arcy McNickle, copyright,1949, 1975 by D’Arcy McNickle.
5 http://www.nap.edu.au/nap-sample-assessments/civics-and-citizenship/
Аңдатпа. Мақалада оқушылардың қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың
отандық және шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Заманауи білім беру мазмұны мен функционалды
құзыреттілікті дамыту жағдайында оқу үрдісіне құзыреттілік тұрғысынан оқыту жүйесі енгізілген. Бұл орайда
білім беру үрдісіне оқушылардың тәжірибеге негізделген білімін, сыни тұрғысынан ойлау мен заманауи
қабілеттерді бағалаудың жаңа педагогикалық өлшемдерді қолдану мәселесі өзекті.
Аннотация. В статье рассмотрен отечественный и зарубежный опыт внешней оценки учебных достижений
по предметам общественно-гуманитарного цикла. В условиях перехода к новому содержанию образования и
развития функциональной грамотности школьников, в образовательный процесс внедрен компетентностный
подход, направленный на формирование системы ключевых компетенций. В этой связи необходимо внедрять
новые формы педагогических измерений, нацеленных на оценивание практико-ориентированных знаний,
функциональной грамотности и навыков критического мышления школьников.
Abstract. The article considers domestic and foreign experience of external evaluation of educational
achievements in social studies and humanities. In the transition to the new content of functional education and
development of competence-based approach it is necessary to introduce new forms of pedagogical measurements
aimed at evaluating practice-oriented knowledge, functional literacy and skills of critical thinking of students.
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Ш.М. Сыйкимбекова, Г.М. Сыйкимбекова, Г.А. Шукурова
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі, Алматы қаласы Sholpana_88@mail.ru
Пікір беруші – Н.Р. Шенгельбаева, аға оқытушы, доцент,филология ғылымдарының кандидаты, Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы
«Тіл – ұлттың жан дүниесі»
Л. Толстой
Тәуелсіздік арқылы қол жеткізілген игіліктердің бірі – дүниежүзілік аренаға еркін шығып, әлемдік
өркениеттің озық үлгілерімен танысып, оларды өз еліміздің экономикасын нығайтуға, медицина, ғылым және
білім беру, т.б. қоғамдық-әлеуметтік салалардың іргесін кеңейтіп, заманауи технологиялармен жабдықтауға
жаңа мүмкіндіктердің туындауы болды.
Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген
мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға,
ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне
салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма
болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда
бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де,
шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі
155
таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген
сөз. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер
мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын
талаптарды күшейту керек.
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді
игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік
меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі
іс-шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2006 жылдың
қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени
жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды» [1]. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды
бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап
айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған
мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ
тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осы мақсатта бүгінгі күні қаншама
бағдарламалар қабылданып, қаншасы жүзеге асырылып үлгерді. Барлық мекемелердің қызметкерлерін үш
тілге үйрету қолға алынып, қазіргі таңда ол талапқа айналып бара жатыр. Елдегі барлық білім ордаларында
ағылшын тілі тереңдетіліп оқытыла бастаса, орыс тілі бірнеше жылдан бері ҰБТ сынағында тапсырылатын
міндетті пәндердің қатарына енді. Тіпті, мектептің бастауыш сынып оқушыларының сабақ кестесіне шетел тілін
енгізсе, кей балабақшаларда көштен қалыспай, алты жасқа да толмаған бүлдіршіндердің тілін ағылшынша
сөйлетуге күш салып жатқаны белгілі.
Әлбетте, бұл арада білімді ұрпақ, білікті маман мәселесі бой көтереді. Қазіргі заман талабына сай жоғары
білімді маман үнемі ізденіс үстінде болып, шеберлігін арттырып отыруға міндетті. Ол үшін елімізде жарық
көріп жатқан арнайы әдебиетпен танысудың, ондағы ақпаратты білудің аздық ететіні түсінікті. Бүгінде кәсіби
біліктіліктің басты шарты – маманның шетелдердегі әріптестерімен байланыс орнатып, күн сайын ашылып
жатқан сандаған жаңалықтардан хабардар болып, озық тәжірибе алмасуды қызметінің тұрақты бір бөлігіне
айналдыру қажеттілігі болып отыр. Мұндай талаптың үдесінен шығу үшін маманның тілдік біліктілігі жоғары
болуы, яғни, оның шет тілдерін, халықаралық тілдерді еркін меңгеруі шарт. Осымен байланысты, әлемге есігін
айқара ашқан Қазақстан халқының алдына жаңа міндеттер қойылды. Солардың ішінде аса маңыздыларының
бірі ретінде «Үштұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын айтар едік. Өзге ұлттың мәдениеті мен тарихын,
психологиясын, тағы да басқа қырларын жетік білу, тану, әлбетте, сол елдің тілін меңгеруден басталады.
Егемендікке қол жеткізген еліміздегі салмақты проблемалардың бірі – бәсекеге қабілетті мамандардың
жетіспеушілігі еді. Осы проблеманы шешудің бір ұшы олардың кәсіби біліктілігін арттыру болса, екінші бір
маңызды қыры – тілдік біліктілігінің барынша жоғары деңгейде болуы. Осындай тарихы бар біздің халқымыз
үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақсан» атты (2007 ж.) Жолдауында ұсынылған
«үштұғырлы тіл» мәдени жобасы соншалықты тосын жайт болмады [1]. Халықтың рухани дамуын ілгерілетуді
ішкі саясаттың дербес бір бағыты ретінде белгілеп берген ұлт Көшбасшысы еліміздің азаматтарына қазақ
тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және әлемдік экономикаға жол ашатын
ағылшын тілін меңгеруді міндеттеді. Бұл үштұғырлы тіл идеясы тіл саясатының жаңа бір сатысы ғана
емес, уақыт талабынан туындаған қажеттілік еді. Әсіресе, сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру
үшін шетелдерде тәлімгерліктен өтуін жүйелеу мәселесі мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы арқылы
оң шешімін тапқаны белгілі. Осы бағдарлама аясында шетел асып, түрлі мемлекеттерде тәжірибеден өтіп,
шеберліктерін шыңдап қайтқан мыңдаған маман бүгінде елімізде жемісті еңбек етуде. Мемлекет іргесінің
берік болуы біріншіден, халық санының артуымен сипатталса, екіншіден, сол саннан келіп шығатын сапаның
жоғарылауы болып табылады. Яғни, тілдік біліктілігі мен кәсіби біліктілігі жоғары деңгейде ұштасқан
маман ғана елдің әлеуетін арттырумен қатар өзге елдердің мамандарымен бәсекеге түсуге қабілетті бола
алатыны аян. Бұдан бөлек соңғы жылдары ел өмірінде орын алған мынадай оң өзгерістерді атағанымыз
жөн: әлеуметтік саланың ауқымды бөлігі білім беру болса, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен орта
және жоғары білім беру орындарында мемлекеттік тіл қолданысы аясының кеңеюі. Яғни, ХХІ ғасырдың
алғашқы он жылында қазақ балабақшалары мен қазақ мектептерінің саны біршама көбейді. Ал жоғары
оқу орындарында қазақ топтарының көптеп ашылуы осы сөзімізге дәлел болмақ. Халыққа қызмет көрсету
мекемелерінің басым бөлігінде мамандардың екі тілде еркін сөйлеуі қалыпты жағдайға айналды. Сондай-
ақ, Елбасының арнайы тапсырмасымен іске қосылған тек қазақ тілінде хабар тарататын «Балапан» және
«Мәдениет» телеарналарының да мемлекеттік тілдің тұғырын нығайтуға өзіндік үлесін қосып жатқаны даусыз.
Жуырда ғана тұсауы кесілген «Білім» телеарнасы осы игі шараның заңды жалғасы іспеттес. «Үштұғырлы
тіл» жобасында ұлтаралық қатынас тілі ретінде белгіленген орыс тілінің қолданысы ғылыми әдебиет пен
білім беру саласындағы оқулықтарға, оқу құралдарға т.б. қатысты алғанда өзекті күйінде қалып отыр. Мұның
бір ұшы еліміздің көп ұлтты мемлекет екендігімен байланысты болса керек. Себебі, саны да, салт-дәстүрі
156
де, санасы да алуан түрлі болып келетін жүз отыздан астам ұлт өкілдері қатар өмір сүріп жатқан бүгінгі
Қазақстанда орыс тілінің дәнекерлік қызметі әлі де сақталып отыр.
Аталмыш жоба Кеңес Үкіметі кезеңінде кейінгі орындарға ысырылып келген шет тілін, атап айтқанда
ағылшын тілін меңгеруді Қазақстан азаматтарына міндеттеуімен ерекшеленеді. Дүние жүзі халқының
жартысынан астамымен қатынас орнатуға мүмкіндік беретін бұл тіл қазақ жастарына әлемнің таңдаулы оқу
орындарында білім алуға жол ашса, іскерлік әлемінде кәсіпкерлеріміздің кез келген елде бизнесін жүргізуіне
және дамытуына мүмкіндік беретін факторға айналды. Сондықтан, тілдерді оқытудың тиімділігін арттыру
үшін әлемдік әдістемелерде орныққан әдіс-тәсілдерді меңгеріп, іс жүзінде қолдану бүгінгі күннің аса өзекті
проблемасына айналып отыр. Демек, Қазақстандағы тіл саясатының үш бағытта жүзеге асырылуы егеменді
елдің іргетасын және жалпы әлеуетін нығайтатыны сөзсіз. Сондықтан, қоғам, әлеумет бұл концепцияны
барынша қолдауы қажет. Алайда, аталмыш жобаны мемлекет халқының қандай топтарына міндеттеу
мәселесінде басы ашылмаған жайттар бар. Солардың бірі – аталмыш жобаны мектепке дейінгі білім мен
тәрбие беру мекемелерінде кеңінен енгізу асығыс жасалған қадам болмақ. Себебі, айнала қоршаған ортамен
енді ғана танысып жатқан, ана тілінде сөйлеу дағдысы әлі қалыптасып үлгермеген жас балаларға шет тілін, яғни,
тілдік орта жоқ бөгде тілді үйретудің қаншалықты жемісті болатындығы беймәлім. Осы тұста, А. Байтұрсынұлы
сынды ұлт зиялысының тіл үйренуге қатысты мына пікірін еске түсірген жөн: «Бала ең алдымен, өз ана тілінде
ойлауы, сөйлеуі, білім алуы шарт». Демек, ана тілінің нәрімен сусындап, жалпы тілдік қабілетін жетілдіріп, өз
ойын еркін жеткізуге дағдыланған балаға екінші, үшінші, төртінші тілдерді үйретуге болады.
Ал көзімен көргенін және құлағымен естігенін тілімен жеткізуді үйрене қоймаған, басқаша айтқанда,
қалыпқа түсіп үлгермеген балдырғанды бөгде тілді үйренуге, оның заңдылықтарын меңгеруге мәжбүрлеудің
ұтымдылығы күмән тудырады. Сондай-ақ, орта білім беретін мектептердің өзінде оқушылардың үш тілді
бірдей деңгейде меңгеруі де сирек кездесетін жағдай [3]. Мұндай нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі, негізінен
тілдерді тереңдетіп оқытатын гимназиялар түлектерінде басым деуге болады. Сондай-ақ, ауылдық жерлер
мен қала мектептеріндегі оқыту бағдарламасы бір болғанымен, шәкірттерінің тілдерді меңгеру дәрежесі
әртүрлі екендігі де аян. Мұны жыл сайынғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары да (ҰБТ) дәлелдеп
отыр. Сондықтан, қандай мектеп болмасын, ең бірінші кезекте шәкірттерінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі,
яғни, қазақ тілін жетік меңгеруі міндеттелуі тиіс. Ал одан бөлек, екінші, үшінші тілдерді білу, меңгеру мәселесі
адамның болашақ кәсібіне, таңдаған мамандығына сәйкес анықталатыны сөзсіз.
Мемлекеттік тіл туралы ойланып-толғану бәріміздің қасиетті парызымыз. Әрбір мемлекет басты рухани
байлық ретінде тілді дамытуға айрықша маңыз береді. 1998 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданды [2]. Сол
заң аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Әр аймақта тілдерді дамыту басқармасы құрылды. Қазіргі таңда
елімізде 8 мыңға жуық орта мектеп бар. Оның 5 мыңға жуығы мемлекеттік тілде, 1,5 мыңы орыс, 2 мыңға
жуығы аралас орта білім беретін оқу орындары. Оған қоса, отандық телеарналарда мемлекеттік тілдің 50
пайыздық үлесі қатаң ескерілуі керек. Бүгінде үштұғырлы тіл саясаты қолға алынды. Анықтама үшін айтып
өтейік, елімізде бес тілде театрлар жұмыс істесе, 5 тілде газеттер шығарылады. Сондай-ақ, былтыр тілдерді
дамыту мақсатына мемлекеттен 7 млрд. теңге бөлініпті.
Енді мемлекеттік деңгейде, яғни Үкімет тарапынан атқарылған шаруаға келсек, қазақ тілінің тұғыры
құқықтық жағынан бекітілген. Оған қоса тілдерді дамытудың кезеңдік бағдарламаларының пайдасын да жоққа
шығармаймыз. Соның нәтижесінде, 1989-1990 оқу жылында 910 мың оқушы қазақша білім алса, қазір олардың
саны 1,5 миллионнан асыпты. Халықаралық мектеп олимпиадаларында жеңімпаз атанып жүргендердің де
70 пайызға жуығы қазақ мектептерінің оқушылары көрінеді. Осыдан кейін қазақ мектептерінде білім таяз
беріледі дегенге қалай ауыз барады. Керісінше, мемлекеттік тілде білім беретін мектептердің жетістіктерін
әрдайым жамағатқа барынша жариялап, білім жолында адасып жүрген бауырларымызды қатарымызға тарта
білген абзал. Республика бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру ісі де түрлі қиындыққа тап кеп
жүрсе де көмбеге таяп келеді. Демек, қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналар күн де жақын тұр.
Сонымен, қазіргі Қазақстан – дүниежүзі халықтарына есігін айқара ашқан, әлемдегі елу озық елдің
қатарына енуді мақсат еткен, стратегиясы айқын, зайырлы мемлекет болғандықтан, ондағы тіл саясатына
айрықша мән беріліп отыр. Әсіресе, көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекеттің бүкіл халқының басын біріктіру,
олардың тілдік мүддесін бір арнаға тоғыстыру міндетінің жүктелуі – уақыт талабы. Себебі, жүз отыздан астам
ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі ұлтаралық келісімнің берік орнығуы, түптеп келгенде, елішілік тұрақтылықтың
кепілі болу рөлін мемлекеттік тіл ғана өз деңгейінде атқармақ. Сондықтан мемлекеттің негізін құраушы аса
маңызды үш фактордың бірі – тіл қолданысын кеңейтіп, позициясын нығайтуға үлес қосу – әрбір азаматтың
борышы.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты». Ел
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 6 ақпан, 2008 жыл.
2 ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2002 ж.
157
3 Мектептегі шет тілі. №1. 2008, №5. 2010, №4. 2012 ж.
Аңдатпа. Мақалада Қазақстанда енгізіліп жатқан үштілділік мәселесін қарастырады. Болашақ ұрпақты
қалыптастыруды ана тілімен қатар шетел тілін меңгеру заман талабы.
Аннотация. В статье рассматриваются вопросы, где внедряется трехъязычие в Казахстане. Формирование
будущего поколения, наравне с родным языком изучения иностранного языка требование времени.
Abstract. The article the issues that where implemented trilingualism in Kazakhstan. The formation of future
generation, along with the native language on foreign language learning a requirement of time.
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
(ҚТЛ ЖӘНЕ «НҰРОРДА» МЕКТЕБІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ)
С.Ш. Талдахметов
1
, А.Б. Сатанов
2
1
«KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының әдіскері, Астана қ.
ҚТЛ тарих пәні мұғалімі, taldahmetov@gmail.com
2
Астана қ. «Нұрорда» халықаралық мектебінің тарих пәні мұғалімі, arstandostkz@mail.ru
Пікір беруші – Д.С. Кожабеков, магистр, «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, Астана
қ.
Қазақстан Республикасының өзіндік даму жолын айқындаған «Мәңгілік ел» концепциясында Елбасы
жеткіншек жастардың сындарлы ойлауы, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі үшін
мектеп түлектерінің қазақ, орыс тілдерімен қатар, ағылшын тілін жетік меңгеруі керек екені айтылды. Осы
орайда, әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру мақсатымен қабылданған «100 нақты қадам» бағдарлама-
сының 79-қадамында кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатымен мектептерде ағылшын тілінде
оқытуға көшудің жоспарлануы «тілдердің үштұғырлылығы» жобасын іске асыруға үгіттейді.
Қазақ-түрік лицейлері – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары
бойынша білім беріледі. Оқу төрт тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын және түрік.
ҚТЛ-дың маңызды ерекшеліктерінің бірі – шет тілдерін оқытуда басымдылық пен ерекше талап қоюуы.
Сондықтан да оқытуда әлемде озық деп танылған әдістермен бірге, түрлі әдебиеттер, әдістемелік құралдар,
көрнекті құралдар мен басқа да оқу материалдарын пайдаланады. Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұ-
ны әлемдік стандарттарқа сай. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде жетістік-
терге қол жеткізген. Оқушылар жаңа құралдармен, оқу-әдістемелік құралдармен және ақпараттық техноло-
гиялармен қамтамасыз етіледі.
ҚТЛ мен «Нұрорда» мектептері ҚР Білім және Ғылым министрілігі бекіткен оқулықтармен қатар «Астана-
кітап» баспасының басылымдарымен да жұмыс жасайды.
«Астана-кітап» баспасының басылымдары
№
Аталым
Категория (Оқулық,
әдістемелік құрал,
жаттығу кітабы т.б.)
Авторлары
Сынып
Тілі
Оқыту тілі
1 Algebra
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Мирзахмедов Ардақ
7
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
2 Algebra
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Мирзахмедов Ардақ
8
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
3 Algebra
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Мирзахмедов Ардақ
9
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
4 Algebra
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Мирзахмедов Ардақ
10
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
5 Algebra
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Мирзахмедов Ардақ
11
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
6 Biology
Оқулық
Кенжи Байрам, Оспанкулова Эльмира
7
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
7 Biology
Оқулық
Кенжи Байрам, Ерметов Бахтияр,
Оспанкулова Эльмира
8
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
8 Biology
Оқулық
Байрам Кенжи, Ерметов Бахтияр,
Байжаханов Әділбек, Досанов Сапар
9
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
9 Biology
Оқулық
Кенжи Байрам, Ерметов Бахтияр
10
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
158
10 Biology
Оқулық
Кенжи Байрам, Ерметов Бахтияр
11
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
11 Chemistry
Оқулық
Мухаммадалиев Ербол
8
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
12 Chemistry
Оқулық
Мухаммадалиев Ербол
9
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
13 Chemistry
Оқулық
Елубаев Олжас
10
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
14 Chemistry
Оқулық
Аманов Нұрбек
11
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
15 Geometry
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Құлмағамбетов Бауыржан
7
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
16 Geometry
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Құлмағамбетов Бауыржан
8
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
17 Geometry
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Құлмағамбетов Бауыржан
9
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
18 Geometry
Оқулық
Қожахметов Қуат, Базаров Ернар,
Құлмағамбетов Бауыржан
10
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
19
A history
of ancient
Kazakhstan
Оқулық
Сатанов Арыстан
6
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
20
A history of
medieval
Kazakhstan
Оқулық
Сатанов Арыстан
7
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
21
Physics and
Astronomy
Оқулық
Тусюбжанов Айдын Болатович
Дуйсеев Есбол Ермекович
7
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
22
Physics and
Astronomy
Оқулық
Шокобалинов Нурсултан
Мехмет Сюрмен
8
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
23
Physics and
Astronomy
Оқулық
Дуйсеев Есбол Ермекович
Шокобалинов Нурсултан
Ташев Нурлыбек Есенбекович
9
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
24 Physics
Оқулық
Mustafa Abdulbakioglu, Aidyn
Tussyubzhanov
10
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
25 Physics
Оқулық
Aidyn Tussyubzhanov
11
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
26 Informatic
Оқулық
Гесен Исмайыл, Боранбай Асылбек,
Міндетбай Ерхан, Алибекова Гульназ,
Ержанов Эльдар
7
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
27 Informatic
Оқулық
Гесен Исмайыл, Боранбай Асылбек
Міндетбай Ерхан, Алибекова Гульназ,
Ержанов Эльдар
8
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
28 Informatic
Оқулық
Гесен Исмайыл, Боранбай Асылбек
Міндетбай Ерхан, Алибекова Гульназ,
Ержанов Эльдар
9
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
29 Informatic
Оқулық
Гесен Исмайыл, Боранбай Асылбек
Міндетбай Ерхан, Алибекова Гульназ,
Ержанов Эльдар
10
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
30 Informatic
Оқулық
Гесен Исмайыл, Боранбай Асылбек
Міндетбай Ерхан, Алибекова Гульназ,
Ержанов Эльдар
11
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
31 Словарь
Методическое
пособие для учителя
Yernar Bazarov, Aydar Nurbayev, Elmira
Ospankulova, Darkhan Kozhabekov
7--11
ағылшын
тілінде
ағылшын
тілінде
32 Қазақ тілі
ҰБТ-ға дайындық
оқулық-тесті
Егенбердиев Қанат
11
қазақ
тілінде
қазақ
тілінде
33 Қазақ тілі
Учебник-тест для
подготовки к ЕНТ
Егенбердиев Қанат
11
қазақ
тілінде
орыс
тілінде
34
Қазақстан
тарихы
ҰБТ-ға дайындық
оқулық-тесті
Сатанов Арыстан
11
қазақ
тілінде
қазақ
тілінде
35
История
Казахстана
Учебник-тест для
подготовки к ЕНТ
Сатанов Арыстан
11
орыс
тілінде
орыс
тілінде
36 Қазақ әдебиеті
ҰБТ-ға дайындық
оқулық-тесті
Егенбердиев Қанат
11
қазақ
тілінде
қазақ
тілінде
37 Математика
ҰБТ-ға дайындық
оқулық-тесті
Базаров Ернар
11
орыс
тілінде
орыс
тілінде
38 Математика
Учебник-тест для
подготовки к ЕНТ
Базаров Ернар
11
қазақ
тілінде
қазақ
тілінде
159
39 Физика
ҰБТ-ға дайындық
оқулық-тесті
Тусюбжанов Айдын, Мақсұтов Самат,
Нұрбаев Айдар
11
қазақ
тілінде
қазақ
тілінде
40 Биология
ҰБТ-ға дайындық
оқулық-тесті
Оспанкулова Эльмира
11
қазақ
тілінде
қазақ
тілінде
Үш тілде білім беру идеясының білім беру саласындағы ұтымдылығы өте зор. Мұның озық тәжірибесін
ҚТЛ-дардың оқыту жетістіктерінен көруге болады. Алайда үш тілде білім беру жүйесіне көшпестен бұрын,
мектептерді заманауи және озық оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешу ауадай қажет болып тұр.
Словакияда оқулықты бекіту міндеті Тәуелсіз бақылау комитетіне беріледі. Оған Білім министрлігінің
өкілдері, жергілікті өкімет органдары, баспалар өкілдері, мұғалімдер, түрлі сала мамандары, тіпті студенттер
де кіреді. Австрияда оқулықтар оқушыларға тегін беріледі. Норвегияда оқулықтарды жазуға тек жоғары
квалификациясы бар педагогтар ғана қатысады, оқулықтың екі бөлімі құрастырылады. Бірінші бөлімі баспада
жарияланып, екінші бөлімі ғаламторда электронды ресурс ретінде ұсынылады [2; 12].
Азияның дамыған елдерінің оқулықтарына келетін болсақ, олар көзге тартымдылығымен және
иллюстративті материалдың басымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, Жапонияда оқулық мәтініне қосымша
дидактикалық материал ретінде түрлі-түсті фотосуреттер немесе картосхема форматындағы жапсырғыштар
ұсынылады. Оқулық материалының 20%-ын суреттер мен фотосуреттер, 23%-ын - карта, схема, диаграм-
малар құрайды, ал мәтін түріндегі мәліметтер оқулықтың небәрі 57%-ын ғана құрайды [2; 13-14]. Синга-
пур мен Жапониядағы оқулықтар өте жеңіл тілмен жазылады, терминдер аз қолданылып, шрифт ірілігімен
және оқуға ыңғайлығымен ерекшеленеді [2; 14]. Оқулықтағы шартты белгілер түрлі ертегі кейіпкерлері
мен жануарлардың суреттерімен беріледі. Оңтүстік Кореяда оқулықтарды арнайы ғылыми институттардың
негізінде жүргізеді. Авторлық ұжымдар әр түрлі салада қызмет атқаратын 10 маманнан құралады.
Оқулықтарды құрастырудың халықаралық 6 негізгі принцип қойылған:
1.
Оқу бағдарламасына сәйкес болу принципі.
2.
Пәндік принцип: Оқу материалының пәннің мазмұны, талаптарына, ғылыми жетістіктеріне, т.б. сай
болуы.
3.
Педагогикалық принципі: Оқулық оқыту, зерттеу жүргізу және білім тексеру (диагностика) үшін
тиімді жағдайлар қалыптастыруы керек.
4.
Технология принципі: АТ-ларды оқушылардың шығармашылық және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыруды жүргізу үшін қолдануға болады. Ақпараттық технологиялар оқушыларды әлеуметтендірудің
құралына айналып келе жатыр.
5.
Контекст принципі: Оқулық елдің мәдени, әлеуметтік және тарихи ерекшелігі, контекстінің айнасы
болып, ұлттық болмыс мен ерекшеліктеріне сай мәліметтердің бейнесі болуы керек.
6.
Презентация принципі: Оқулықтың ішкі-сыртқы дизайні, оқу мазмұны пәннің оқыту әдістемесінің
талаптарына, деңгейіне, дәрежесіне сәйкес болуы қажет. Мәселен, оқулық ішінде берілетін фотосуреттердің
шынайылығы, өмірмен байланысы, иллюстративті материалдың көрнекілігі, түсіндіру тілінің жеңілділігі
ескерілуі қажет [3].
Үш тілде білім беру жүйесі үшін оқулық дайындау мәселелеріне қатысты, келесідей ұсыныстарды алға
тартамыз:
1.
Оқулықтардың құрастыру мен жариялауда шетелдік озық тәжірибелерін ескеру қажет.
2.
Оқулық авторларының құрамына әдіскер, мұғалім, психолог, педагог мамандарды тарту.
3.
Оқулық апробацияларын өткізген кезде мұғалім, әдіскер, мамандар, тіпті оқушылардың көзқарасын
ескеру.
4.
Оқулық шығару саласында жемқорлық пен парақорлықты тежеу.
5.
Оқулық мазмұны мен сапасын педагогикалық, әдістемелік, технологиялық талаптарға, оқушылардың
жас ерекшелігі, ғылымның даму жетістіктеріне сай жасау.
6.
Оқулықтарды дидактикалық потенциалын оқушылардың кәсіби құзыреттілігін, сауаттылық
құзыреттілікті, тәжірибелік қабілеттерін арттыруға бағыттау.
7.
Оқулықтардың сапалы және педагогикалық жағынан тиімді оқу-әдістемелік кешенмен, ақпараттық
базамен (электронды ресурстармен) қамтамасыз ету.
8.
Оқулықтың трансформациялық қасиетін арттыру. Яғни оқулық материалы ғылымилықтың,
жүйеліліктің және реттіліктің дидактикалық ұстанымына, оқушының жас ерекшелігіне, теория мен
практиканың ұштасуына бейімделуі керек.
9.
Оқулық мәтіндерінің, мәліметтерінің әркелкілігі. Оқулық материалының берілу стилі сабақтың әр
түрлі формаларын өткізуге бағытталуы, мұғалімге түрлі технологиялар мен әдістерді қолдануға мүмкіндік
қалыптастыруы қажет.
10.
Мәліметтер кесте, схема, диаграмма түрінде берілсе, бір жағынан оқушының назарын
шоғырландырып, екінші жағынан мәтіннің ақпараттық тірегін күшейтеді.
11.
Оқулық шығарған кезде педагогикалық процеске қатысы бар мамандарды тарту. Мысалы,
160
психология, педагогика ғылымдарының қазіргі кезең жетістіктерін, әсіресе жас ерекшеліктер психологиясының
талаптарын ескеру қажет. Бұл орайда психолог-педагог мамандардың оқулықтарға байланысты талаптар мен
критерийлерінің жиынтығы шығарылса игі болар еді.
12.
Оқулық құрылымы мен мазмұны оқушыларды иллюстративті-репродуктивті таным әдістерінен
қарағанда шығармашылық-ізденіске, ғылыми-зерттеу жұмысына бағдар сілтеуі қажет. Осыған байланысты
оқулық құрылымының 20% оқу материалынан құрылса, 80% сол мәліметтерді игерудің инновациялық-
дидактикалық және ақпараттық-технологиялық әдістерін қамтуы керек. Батыстық танымал зерттеушілер
Ф.М. Жерар мен К. Рожьенің пікірі бойынша қазіргі заман оқулығы «оқушылардың бойында өздік
жұмыстың негіздерін, білім алудың түрлі әдістерін, күнделікті тәжірибеге алынған білімдерді қолдана білуді
қалыптастыруы шарт» [4].
13.
Оқулықтың бақылау (диагностикалық) және түзету (коррекциялық) немесе тәжірибелік
(практикалық) бөлімі заман талаптарына сай құрылуы қажет. Тапсырмалар, жаттығулар, өзін-өзі бақылау мен
түзету, теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдануға бағытталып, тиісті қабілеттер мен құзырлылықтарды
әрі өлшеуге, әрі дамытуға жағдай жасауы тиіс.
14.
Қазақстанда оқулықтану пәнін енгізу қажет. Бұл салада мектеп оқулықтарын жазу үшін озық
тәжірибелер, теориялық және практикалық негіздер, психология, педагогика салаларының жетістіктері
оқытылуы керек.
15.
Үш тілді білім беру жүйесі үшін оқулық құрастыруда қазақ-түрік лицейлері мен «Нұрорда»
мектебінің тәжірибесін ескеру.
Достарыңызбен бөлісу: |