Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

ОН БЕСІНШІ ТАРАУДА 

 

Менің Жантасты құйрыққа бір 

тебуімнің жай-жапсары айтылады. 

 

Бүгін  сентябрьдің  бірі.  Парадтағы  солдаттай  жаңа  формамды  қатып 



киініп,  мектепке  келе  жатырмын.  Қолымда  су  жаңа  сары  портфель, 

мойнымда желбіреген қызыл галстук. Кепкамның қалай тұрғаны тәуір болар 

екен  деп,  әлгінде  айна  алдында  бірталай  машақат  шегіп,  ақыры,  оң  жақ 

шекеме  таман  сырғытып  киіп  едім.  Соны  байқамаққа  кӛлеңкеме  кӛз 

қиығымды салып қоям. Кӛлеңкем ұп-ұзын болып созыла түсіп, қалмай келе 

жатыр. Оның бір аяғы екінші аяғынан қысқа. Кепкамның сиқы да пәлендей 

әсерлі  емес,  тӛбесі  қодырайып  шығып  кеткен.  Әне,  алдымда  Жанар  үйі 

кӛрінді. Жүрегім лүпілдеп бұлқына соғып кеткендей болды. Жанар мектепке 

кетті ме екен, кетпеді ме екен? Бұл үйдің алдынан үкімет басшылары тұрған 

трибунаның  қасынан  ӛткендей  кеудемді  кере  түсіп,  сіресіп  ӛтіп  барам. 

Қайдан  білейін,  мүмкін,  терезеден  Жанар  қарап  тұрған  шығар.  Жоқ,  кӛз 

қиығымды тастап байқаймын, Жанардың қарасы кӛрінбейді. 

Алдымдағы  кӛлденең  кӛшеден  папка  қолтықтаған  ақ  кӛйлекті  бір  қыз 

шыға келді. Майқанова. Ойламаған жердей кездескен соң, абдырап қалдым. 

Күзге дейін кім бар, 

Кім  жоқ  деп,  елемей  кететін  оқу  жылының  аяғы  емес.  Басымдағы 

кепкамды жұлып алып, амандастым: 

- Сәлеметсіз бе, тәтей. 

- Қалай, Қадыров, жақсы демалдың ба? — деп сұрады Майқанова. 

Ішім  қып  ете  қалды.  Қазір  ол  Сұлтан  екеуіміздің  жайлаудағы  масқара 

қылықтарымыз жайлы айтатын шығар. 

- Жаман емес, — деп күмілжідім. 

- Сен жаздай қайда болдың? 

- Жайлауда болдым. 

-  Бәсе,  жайлаудан  келгенің  кӛрініп-ақ  тұр.  Күнге  жақсы  күйіпсің.  — 

Майқанова күле сӛйлеп: — Нағыз Қара Қожа енді болыпсың, — деді. 

«Уһ»  деп  демімді  қайта  шығарғандай  болдым.  Майқанова  ештеңе 

сезбейтін тәрізді. 

Мен  онымен  қатарласып  келе  жатып,  ӛзімнің  мықтап  ӛсіп  кеткенімді 

байқадым.  Бойым  Майқанованың  бойымен  деңгейлесіп  қалыпты.  Әлде 

Майқанова  аласарып  кетті  ме?  Жоқ,  мүмкін  емес.  Қайта  оның  қазіргі  киіп 

келе жатқаны биік ӛкше туфли. Жіңішке қисық аяқтары маймаң-маймаң етіп, 

кӛйлегінің етегі сирағына оралғыштап келеді. 

Мектепке кірдім. Бірінші кластан бастап оқып келе жатқан осы мектеп 

маған  туған  анамдай  ыстық  та  бауырмал.  Жаңадан  сырланған  мұнтаздай 

еден,  терезе  жадырап  күліп  тұрған  тәрізді.  Мынау  біздің  класс,  әлі  ешкім 

келе қоймаған түрі бар. Орынды қай жерден алсам екен деп, біраз ойланып 


44 

Sauap.org

 

тұрдым. Мұғалімнің қарсы алдына отырсам, қалай болады? Жоқ, одан да ең 



арты  тиімді.  Сабақ  зеріктіріп  жібергенде,  партаны  ашып  қойып,  кітап  оқып 

отыруыңа  немесе  ӛлең  жазуыңа  болады.  Бірақ  әдетте,  артқы  парталарға 

сабақты  нашар  үлгеретін  балалар  әуес  келеді.  Ӛзіне  сенімі  күштілер 

қасқайып  алда  отырады.  Немене,  мен  солардан  кеммін  бе?  Ең  алға, 

мұғаліммен бетпе-бет отырайын деген шешімге келдім. 

Менің  ендігі  күткенім  Жантастың  (тфу,  бұл  оңбағанның  аты  аузыма 

қалай  түсіп  кетті),  Жанардың  келуі.  Қасымдағы  орынды  отан  ұсынбақпын. 

Сосын жыл бойы Жанар екеуіміз қатар отырамыз. Балалар біртін-біртін келіп 

кіріп жатыр. Жанар жоқ. Есік алдынан қыздардың үні естілсе, сол шығар деп 

ойлап қалам. Бірақ ол болмайды. 

Бір  кезде  Жантас.  оңбаған  кіріп  келді.  Оның  үстінде  де  жаңа  форма, 

кӛрдіңдер ме дегендей аяғын ширатыла басады. Жантас қолын кӛтеріп: 

- Сәлем еңбек еріне!  — деді. «Қазақстан пионеріне» суретім басылғалы 

бері ол мені ӛстіп тәлкек етуді шығарған. — Қасың бос па, Қара Кӛже? 

Кекесін дауыспен: 

- Саған сақтап отырмын, — дедім. 

-  Қамқорлығыңа  рақмет!  —  деп  Жантасым  елпеңдеп  келеді.  Партаның 

шетіне қарай сырғып, тосқауылдай қалдым: 

- Бос емес. 

- Кім бар мұнда? 

- Түсінемісің қазақша айтқанды? Бос емес. 

- Жанарға сақтап отырмысың? 

Ал енді, қымбатты оқушым, кінәласаң, кінәла, кінәламасаң, ӛзің біл, мен 

ӛзімді бұдан әрі ұстай алмадым. Жантастың шақпа тілі бір ғана сәттің ішінде 

мені  үш  рет  түйреп  үлгерді.  «Еңбек  ері»  деп  бір  кӛкітті.  Оның  артынша 

«Қара Кӛже» деп атымды тәлкек етті. Жанарды және сӛзге қыстырып отыр. 

Зығырданым  қайнап  кеткені  соншалық,  орнымнан  ұшып  түрегелдім  де, 

Жантасты иығынан ұстап, жалт бұрып, «жұмсақ жеріне» әдемілеп бір тептім. 

Қойсаңшы, еркек болғаны құрсын да Жантастың. Маған біреу әлгіндей 

істесе,  әлім  келсін-келмесін,  сол  арада  қолында  ӛлем.  Сондай  бір 

ашынғандық Жантастан да шығар деп ойлап едім. Мен онда бәлемнің түте-

түтесін  шығарып,  жеп  жіберуім  хақ  еді.  Бірақ  Жантас  ӛйтпеді,  сазарып 

үндемей қалды. Бар тіс жарып айтқаны: 

-  Мен  ойнап  айтсам...  —  дейді.  Байғұстың  дауысы  да  біртүрлі 

бейшараланып шықты. Қайрат, қарсылықтан жұрдай еді. 

Осы  кезде  класқа  Жанар  кіріп  келді.  Басында  маған  ғажап  ұнайтын 

қызыл береткасы. Менің онымен мынадай әбігер халде тұрып амандасуға да 

мұршам келмеді. Жанар орта шендегі басқа бір партаға отырғалы жатыр. 

Оңбаған Жантастың кесірінен жоспарым күлпарша болды. 


45 

Sauap.org

 

 

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУДА 



 

Сұлтан екеуіміздің қайта табысып, татуласуымыз, 

Қарасудан балық аулауымыз сөз болады. 

Тараудың аяғы серттесумен тынады. 

 

Мен  Сұлтанды  жайлаудан  келгелі  бері  кӛргенім  жоқ.  Қайда  екенін  де 



білмеймін.  Тӛңіректің  тӛрт  бұрышының  Сұлтекеңе  бәрі  мекен,  бәрі  ӛpic. 

Бірді бірге ұрып, жүрген болар жосылтып. 

Әй,  Сұлтан,  Сұлтан.  Сенің  бойыңда  кісі  қызығарлық  ӛнер-қабілеттер 

толып жатыр-ау. Асауға шалманы қалай дәл тастайсың. Неше саққа жүгіртіп, 

құйқылжытып, қалай тамаша ысқырасың. Бие сауғанда шӛпілдетіп жібересің. 

Жолдасыңа қоң етіңді ойып беруден тартынбайтын батылсың да жомартсың. 

Бірақ  арамдығың  да  бар:  ӛтірік  айтасың,  ұрлық  істейсің.  Егер  оқуды 

тастамасаң,  әлгі  айтылған  лас  қылықтарыңнан  ада  болсаң,  сенен  түбінде 

жаман азамат шықпас еді. 

Менің Сұлтан жӛніндегі пікірім осындай. 

Сұлтанды  мен  жиі  ойлаймын.  Одан  ажырасқалы  бері  ӛзімді  жартыкеш 

қалғандай,  бірдеңем  жетіспейтіндей  сезінем.  Ал  Сұлтекеңнің  қасында 

уақыттың қалай зымырап ӛткені білінбеуші еді. 

Бір  күні  мен  мектептен  қайтып  келе  жаттым.  Қора  бұрышын  айнала 

бергенім  сол  еді,  бір  ит  оқыстан  «ыр-р-  р»  деп,  ала  кеп  түсті  тақымымнан. 

Баж  етіп,  артыма  жалт  бұрылдым.  Қарасам,  ит  түгіл,  сайтан  да  жоқ,  шидің 

түбінен сылқ-сылқ күліп Сұлтаным шығып келеді. 

—  Ой,  мықтап  бір  қатырдым-ау,  Қара  Кӛже.  Нағыз  сужүректің  ӛзі 

екенсің ғой. Үйге барып, тезірек шалбарыңды ауыстыр. Ха-ха! 

Мен  Сұлтаннан  мұндай  кӛңілді  келісті  күтпеп  едім.  Жайлаудағы  тойда 

оны  Жұмағұлға  ұстап  бермек  болған  «опасыздық»  қылығымнан  кейін  ол 

маған тісін басып жүрген шығар, бір ыңғайын тауып, бәлем, әкемді танытар 

ма екен деп қауіптенетін едім. Жоқ, олай емес, бұрынғы жолдастығымыз сол 

бәз-баяғы қаз қалпынан бұзылмағандай, қаймағы шайқалмағандай. Сұлтаным 

күлкіге  шашалып,  сықылықтап  тұр.  Реңінен  жаулық  ойлағандай  ештеңе 

танылмайды.  Бұны  кӛріп,  мен  бойымды  тез  жинап  ала  қойдым.  Сұлтанға 

кӛңілімде дық сақтап жүрген адамдай ӛңімді суыққа салып: 

- Сен менен аулақ жүр, — дедім. 

- Не боп қалды, Қара Кӛже? 

- Анада мені неге тастап қашып кеттің? Соның адамгершілікке жата ма? 

-  Жә,  жо,  Қара  Кӛже.  Соны  әлі  ұмытпай  жүрмісің?  Жұмағұлмен  мен 

есептестім. Оған мынау деген әдемі күміс темекі сауыт апарып бердім. Бері 

қара, одан да, сен қазір балыққа барасың ба? Сонау жоғарыдағы Киікбайдың 

ӛткелі  тұсынан  ар жақтан  мен  ғажап бір  қарасу  таптым. Балық деген,  саған 

ӛтірік, маған шын, бықып жүр. Бардық болды, сүзіп аламыз. 

- Торың бар ма? 



46 

Sauap.org

 

- Диірменші Иванның торын аламыз. Ол менің досым. 



Балық аулау тәрізді жаным құмар істен бас тарту маған қиын еді. 

- Жарайды, мен тамақтанып алайын, — дедім. 

Сұлтан  қанжырдай бір тор атты біздің қораға кіргізіп байлап қойыпты. 

Соған баяғыша екі ерді ерттедік те, мінгесіп алып, тартып отырдық. Шіркін, 

рахат-ау  ат  үсті.  Еңсем  кӛтеріліп,  кӛңілім  бірден  гүл-гүл  жайнап  кеткендей 

болды.  Жолдан  диірменге  соқтық.  Диірменші  Иван  қарт  Сұлтанмен 

шұрқырап  кӛрісті.  Екеуі  темекі  тартысып,  бір-бірінен  жаңалықтар  сұрасып, 

жетісіп қалды. 

- Сіз бізге ауыңызды беріңізші. Балық аулайық деп едік, — деді Сұлтан. 

Иван ләм-мим деп бір ауыз сӛз айтпады. 

- Ау, әне, үйдің үстінде тұр. Ала бер, — деді. 

Ауды  алып  ап,  әрмен  қарай  жӛнелдік.  Қалың  тоғайдың  ішіндегі  ескі 

сүрлеумен сыпылдатып келеміз. Кей жерлерден бӛстектей ұйысып бүлдірген 

сабақтары  ұшырасады.  Сол  сабақтардың  ара-арасынан  қып-қызыл  боп, 

маржандай жылт-жылт етіп, бүлдіргеннің ӛзі кӛрініп қалады. Түсе қап, теріп 

жегім келіп, аузымның суы құрып кетеді. Бірақ оған Сұлтан кӛнбейді, оның 

жаны балыққа жетпей жай табар емес. 

Сұлтан  айтқан  қара  су  жыныс  тоғайдың  ішінде  екен.  Арнасы  шұңғыл, 

тор  салуға  қолайлы.  Атты  анадай  жерге  талға  байлап  қойдық  та,  ӛзіміз 

жаяулап,  аяғымыздың  ұшынан  басып  келдік.  Бықып  жүрген  балығы  қайсы 

деп,  еңкейіп,  мойнымды  созып  қараймын.  Сол  кезде  Сұлтан  «кис!»  деп, 

пробка тәрізді серіппелі жағаны бір теуіп қалып еді, кілең бір ұп-ұзын қара 

балық ӛріп шыға келді. Зу-зу етіп, жоғары-тӛмен безіп-безіп барады. 

- Ту! Кӛбін-ай балықтың! — деп айқайлап жіберіппін. 

- Тс-с-с, айғайлама! — деді Сұлтан. 

Екеуіміз  теп-тез  шешіндік  те,  қара  судың  аяқ  жағынан  бастап  сүзуге 

кірістік. Маған Сұлтекең бір қылтаға торды ұстатып қойды. Ӛзі ұзын ашабас 

шыбықпен судың астан-кестеңін шығарып, күмпілдетіп келеді. 

- Кӛтер! 

Ботана топан лай судың ішінен торды жалма-жан тік кӛтеріп алдым да, 

ап-ауыр  күйінде  кӛгалдың  үстіне  сүйретіп  тастай  бердім.  Бірін  бірі  сабалап 

шоршақтаған кӛп балық шүпірлеп, үйіліп түсті. 

- Ура! 

Қарасудың  басы  онша  алыс  емес,  тӛбешіктенген  саздан  шығады  екен. 



Бас-аяғы  бір  сағаттай  уақыттың  ішінде  сүзе-сүзе  кӛмейіне  жеттік.  Ұстаған 

балығымыз бір шӛмеле болды. 

Енді,  міне,  Сұлтан  екеуіміз  пейіштің  нақ  тӛрінен  орын  алғандай  отты 

маздатып жағып тастап, жетісіп балық пісіріп жеп отырмыз. Нан, тұз, балық 

асып  жейтін  ыдыс  ала  келмегенімізге  ӛкінеміз.  Сұлтекең  кепканы  теріс 

айналдырып киіп алған. Бір жақ қабырғасы қап-қара болып, қарылып піскен 

ыстық балықты күйелеш-күйелеш ұртына жӛнелтіп жатып: 

-  Қара  Кӛже,  айтшы,  осылай  ӛмір  сүрген  жаман  ба?  —  деді.  Мен 

ойымдағыны айттым: 


47 

Sauap.org

 

- Рақат, нағыз рақат. 



- Ендеше, оқу оқып не азабың бар. Таста оқуды. 

- Онда мені мамам ӛлтіреді. 

- Ӛлтірмей қалсын. Кісі ӛлтірудің оңайын-ай, ә. Бұрнағы жылы жәкем де 

маған:  «Оқуды  тастайтын  болсаң,  жота  теріңнен  таспа  тілмесем  неғылсын, 

онда екі қолымды тӛбеме қойып, беземін сенен», — деп ант су ішуші еді. Сол 

да  түк  істеген  жоқ  қой.  Белбеуімен  жотама  екі  осқанда:  «Ойбай-ай,  бүйтіп 

ӛмір сүргенше, суға атып ӛлейін!» деп, ӛзенге қарай тұра жүгіріп ем, екі кӛзі 

шарасынан  шығып,  ӛзінің  зәресі  ұшты.  Артымнан  қуып  жетіп,  құшағына 

алып:  «Оқымасаң,  оқымай-ақ  қой,  әйтеуір,  тірі  жүр,  қу  жалғыз»,  —  деп 

аймалап,  сүйіп,  үйге  әкелді.  Содан  бері  қарай  ләм  деп  аузын  ашпайтын 

болды. Ал егер мамаң саған қол тигізетін болса, онда милицияның тура ӛзіне 

жүгір.  Баланы  ата-анасы  ұрсын  деген  заң  жоқ  бізде.  Бұл  үшін  олардың 

кекесін танытып жібереді. 

«Мамам мені ӛлтіреді» дегенім, әрине, жай сӛзім. Мүмкін, сәби кезімде 

ұрса, ұрған шығар. Бірақ ес білгелі ол маған қол тигізіп кӛрген емес. Қандай 

реніші  болса  да  сӛзбен  айтады,  қас-қабағымен  білдіреді.  Қымс  етсе,  «әй, 

тоқмаш  жейсің!»  «тоқмаш  берем!»  деп  күш  кӛрсететін  —  ол  әжемнің  әдеті 

ғой. Бірақ оның «тоқмашы» да жапырайған аузынан ұзап кӛрген емес. 

Оқуды тастау менің пәруейімде жоқ нәрсе. 

- Жоқ, мен оқуды тастай алмаймын, — дедім үзілді-кесілді. 

-  Оның  да  дұрыс  екен,  —  деп  иланды  Сұлтан.  —  Сен  оқуды  тастасаң, 

маған  ілесіп  тастады  деп,  екеуімізді  бірдей  қудалап,  пәле  қылады.  Оқи  бер. 

Оқудың  түбіне  сен-ақ  жет.  Мүмкін,  кейін  дырдай  бастықтың  бірі  болып 

шығарсың.  Сонда  маған  шапағатың  тиер.  Машинаңды  бере  тұршы  деп 

барсам, қалайша бермейсің. 

- Мен бастық болмаймын, — дедім. 

- Енді кім боласың? 

Мен  ӛзімнің  үлкейгенде  жазушы  болатындығыма  кәміл  сенемін.  Бірақ 

тап қазір Сұлтанға немесе басқа біреуге солай деп айтып кӛрші, — жатып кеп 

келеке қылады. 

- Кім болатындығымды ӛзім білем. 

Біраз  қаужаңдап  әлденіп  алғаннан  кейін,  Сұлтан  екеуіміз  балықтарды 

соя бастадық. Күн кешкіріп, тоғай ішін кӛлеңке басып кетті. Ызыңдаған біз 

тұмсық сары масалар кӛбейді. Балықтың ішін жарып жіберген бетте, Сұлтан 

оның торсылдағын алып, тарс еткізіп маңдайына бірді соғып қалады. Ӛстіп-

ӛстіп оның маңдайы сап-сары ала болып боялды. 

Сұлтан кенет: 

- Қара Кӛже, қарақшы болғың келе ме? — деп сұрады. 

- Қайтіп? 

-  Осы  араның  бір  жерінен  кӛрінбестей  етіп  күрке  жасап  аламыз. 

Балықты мол етіп кептіріп жайып тастаймыз. 

Кейде,  мүмкін,  жолға  шығып,  кісі  тонаймыз.  Бұрынғы  қарақшылар 

қайтіп ӛмір сүрсе, біз де сӛйтеміз. 


48 

Sauap.org

 

- Біздің ыдыс-аяқ, мылтық ештеңеміз де жоқ қой? 



-  Оның  бәрін  үйден  әкеп  аламыз,  —  деді  Сұлтан.  —  Бұл  бір  керемет 

болар еді ғой. 

- Мен оқуды қайтем? 

- Оқуыңды оқи бер. Біз күндіз емес, түнде қарақшылық істейміз. 

Сұлтанның  идеясы  мені  қызықтырып  жіберді.  Иә,  бұл,  шынында  да, 

ғажап болар еді-ау. Шіркін, бір түнде Жанарды да ұрлап әкелер едік. Ол бізге 

ас пісіріп, кірімізді жуып берер еді. 

Балықтарды  сойып  болғаннан  кейін,  әдемілеп  тұрып  шыбыққа  тіздік. 

Содан  кейін маңайдан күрке  жасайтын ыңғайлы  жер  іздей бастадық.  Ондай 

ыңғайлы  жер  судың  дәл  жағасынан  табыла  кетті.  Ит  тұмсығы  батпайтын 

жыныс  кӛк  талдың  арасы.  Талдың  желкілдеген  ұштарын  шырмап,  айнала 

тоқып  тастап  едік,  іші  ұядай  ғана  әдемі  қуыс  пайда  болды.  Оның  оймақтай 

аузынан бір кісі еңбектеп азар сыяды.Үңгірге Сұлтан рақаттана қарап тұрып: 

-  Қарашы,  Қара  Кӛже,  тамаша  емес  пе.  Бұл  арада  жүз  жыл  тұрсаң  да, 

тӛбеңнен дәл келіп түспейінше, жан адам таба ала ма? — дейді. 

-  Таба  алмай  қалсын.  Тіпті  дәл  келіп  түскен  адамның  ӛзі  бұның  асты 

қуыс деп еш ойламайды. 

-  Қатып  кетті.  Ӛмір  деп,  міне,  осыны  айт.  Мылтық  әкелеміз.  Менің 

келіскен  финкам  бар,  оны  әкелеміз.  Ex,  Қара  Кӛже.  Ӛмір  бойы  кӛрмеген 

рақатыңды  кӛрсететін  болдым-ау.  Бірақ  Қара  Кӛже,  біз  мынаған  келісейік: 

ендігәрі  бір-бірімізге  жаздағыдай  опасыздық  істемейік.  Шын  адал  дос 

болайық. Қарақшылар бірі үшін бірі жанын қиюға тиіс. Кәне, әкел қолыңды! 

Сұлтан  екеуіміз  қол  алыстық,  шынашақ  ілмелестірдік.  Сұлтан  оны  сол 

қолының алақанымен қырынан бір қойып үзді де: 

-  Тоқта,  біткен  жоқ,  —  деп,  шӛпшек  аташпен  жерге  дӛңгелек  сыза 

бастады. 

- Бұ не? 

-  Бұл  қызыл  ошақ.  Кім  де  кім  сертті  бұзатын  болса,  о  дүниеде  дозақта 

шыжғырылады. 

Дӛңгелектің  ортасын  айқастыра  Сұлтан  сызықтар  жүргізді.  Сонан  соң 

етпетінен  жата  қалып,  сол  сызықтардың  түйіскен  жеріне  маңдайын  тигізді. 

Бұл ырымды мен де істедім. 

 

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУДА 

 

Жан-сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі



ықтимал бір сәтті кезі сипатталады. 

 

Кешегі  күні  бойғы  әрекеттен  кейін,  тұяқ  серіппей  қатып  ұйықтап 

қалыппын. Әжем жұлқылап оятты. 

- Қожа. Қожатай. Әкем-ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің? 

Кӛзімді  ашып  алып,  қабырға  сағатқа  қарасам,  сегізге  он  бес-ақ  минут 

қалған  екен.  Атып  түрегеліп,  тез  киіндім  де,  беті-қолымды  шайып  жіберіп, 



49 

Sauap.org

 

бір  кесе  айранды  тікемнен  тік  тұрған  күйде  қотара  салдым.  Кеше  титықтап 



келіп,  сабақ  қарауға  мұршам  болмап  еді.  Бүгінгі  болатын  пәндерді  сумкама 

асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім. 

Қоңырау  соғылып  кетіпті.  Бірінші  сабақ  орыс  тілі  болатын.  Анфиса 

Михайловна класқа жаңа кіріп барады екен, тасырлатып жүгіріп келе жатқан 

мені кӛріп, тоқтай қалды. Мұғалімдердің ішінде бұл ӛзі алтын адам. Былтыр 

біздің  мектепке  педучилищені  бітіріп  келген.  Жазда  барып,  институтқа 

сырттан оқуға түсіпті. 

- Қадыров, немене, ұйықтап қалғансың ба? Тоқта, галстугіңді түзе. 

Омырауымды  сипалап  таппаған  галстугім,  сӛйтсем,  иығыма  шығып 

кеткен екен. Бұрып әкеп, орнына қойдым да, зып беріп класқа кірдім. Балалар 

дүр  етіп  түрегелді.  Маған  емес,  әрине,  артымда  келе  жатқан  оқытушыға 

құрмет кӛрсеткендері ғой. Бірақ мен оны басқаша қабылдадым. Бір секундқа 

кідіріп,  мұрнымды кӛкке  шүйіріп,  маңғаздана  қалдым да, қолымды  кеудеме 

қойып,  тәжім  еттім.  Бұным  балалардың  құрметіне  сыпайыгершілікпен 

қайтарылған  жауап  болды  да  шықты.  Балалар  ду  күліп  жіберді.  Анфиса 

Михайловнаның  қас-қабағын  аңдамаққа,  артыма  жалт  бұрылып  қарап  едім, 

оның да күлімсіреген жүзін кӛрдім. «Әй, Қадыров, шығармайтының жоқ-ау» 

дегендей, Анфиса Михайловна жымиып, басын шайқап қойды. 

Адам жанын ол керемет түсінеді. 

Мақтанғаным  емес,  кластағы  орыс  тілін  тәуір  біледі  дейтін  оқушының 

бірі  менмін.  Ӛткен  жылдың  барлық  тоқсанында  да  бұл  пәннен  ауызша, 

жазуша  ылғи  «бестік»  бағалар  алдым.  Анфиса  Михайловнаның  мені  тәуір 

кӛретіндігіне, мүмкін, бұл да себеп шығар. 

Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, ол: 

- Ал балалар, Пушкиннің «Қысқы кешін» жаттап келдіңдер ғой? — деді. 

- Жаттап келдік. 

- Тәтей, мен айтайыншы! 

- Мен айтам! 

- Анфиса Михайловна, менен сұраңыз, — деген дауыстар бірін бірі баса-

кӛктеп, жамырап кетті. 

Сендер  дәл  осы  сәттегі  Қожекеңнің  халін  білсеңдер  етті.  Менің  кеше 

сабақ  қарауға  мұршам  болды  ма?  Үйге  ел  орынға  отыра  келіп жеттік.  Одан 

кейін  Сұлтан  ат  тұсап  келейік  деп,  жайылымға  ертіп  барды.  Содан  соң 

Хасеннің  Мәрзиясын  қай  жігіт  айналдырып  жүргенін  білеміз  деп,  ел 

жатқанға дейін бостан босқа Хасеннің үйін торуылдадық. 

- Кім айналдырса, сол айналдырсын. Бізге оның керегі қанша? — деймін 

Сұлтанға. 

- Керегі бар, — дейді Сұлтан. 

- Не керегі бар? 

Жауап беру орнына Сұлтан ауыр күрсінеді. 

-  Қара  Кӛже,  саған  бұны  түсінуге  әлі  ерте,  —  дейді.  «Бопты,  сен-ақ 

түсін». 


50 

Sauap.org

 

«Қысқы  кешті»  жаттап  келмек  түгіл,  мен  ондай  тапсырма  берілгенін 



ұмытып  та  кеткен  екем.  Есіме  мұғалім  айтқанда  ғана  түсіп,  бүйірімнің  түп 

жағы қып ете қалды. «Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым-ау!» 

Анфиса Михайловна тақтаға шақырып сұрай бастады. Әуелі Балабекова 

деп, Жанарды атады. Жанар сабаққа дайындалмай келуші ме еді. 

Буря мглою небо кроет, 

Вихри снежные крутя, — 

деп бастады да, сыдыртып, тоқталмай айтып шықты. 

- Жарайсың, Балабекова, отыр. 

«Жарайсыңды»  Жанарға  ішімнен  мен  де  айтып  жатырмын.  «Япыр-ай, 

енді  мені  шақырып  қалмаса  игі  еді.  Жазған  басым,  кеше  осы  ӛлеңді  бір 

жапырақ қағазға кӛшіріп, балыққа ала кетсем ғой, ерігіп демалып отырғанда 

теп-тез-ақ жаттап алам». 

- Тұрсынбаев, — деді мұғалім. 

Менің  желкемнен  қылқиып,  арт  жатымда  отыратын  Жантас  орнынан 

түрегелді. 

- Буря мглою... 

- Тақтаға шығып айт. 

- Бәрібір емес пе? 

Ох, сұмпайы Жантас. Сұмпайысын қарай гӛр. Партаның астына кітапты 

ашып қойып, бір кӛзі мұғалімде болса, бір кӛзімен соны сығалап тұрмақшы 

ғой.  Ӛйтіп  кӛрген  күнім  құрсын  да.  Жантастың  пасық  қулығына  жем  бола 

қоятын адам Анфиса Михайловна емес. 

- Тәртіп жұрттың бәріне бірдей. Тақтаға шығып айт, — деп, ол дегенінен 

қайтпады. 

Жантас мұрнын уқалап, тырп-тырп басып тақтаға шықты. 

- Ал енді айт. 

- Буря мглою... — Жантас осыны айтты да, жым болды. 

- Дальше? 

- Мұғалім, мен жаттамай келіп едім... 

- Неге жаттамадың? 

- Диірменге барам деп... уақытым болмай... 

Анфиса Михайловна Жантасқа біраз қарап тұрды да: 

-  Мүмкін,  орныңа  барып  айтатын  шығарсың?  —  деді.  Біз  ду  күліп 

жібердік. 

-  Отыр,  Тұрсынбаев.  Осымен,  міне,  екінші  рет  «екілік»  баға  алып 

отырсың.  Үйге  берілген  тапсырманы  орындамай  келгеніңмен  қоймай, 

қулыққа  басып,  мұғалімді  алдамақ  боласың.  Бұның  жаман.  Бұдан  былай 

мұндай  қылығыңды  маған  кӛрсетпейтін  бол.  Білсең,  білемін  деп,  білмесең, 

білмеймін деп, шыныңды айт. 

Сол  керек,  залым  Жантас.  Кірмегенің  қара  жер,  сауап  болды.  Біреуді 

атыстырып,  зымияндық  ойлағанша,  сабақ  оқысаң  болмас  па  еді.Бір  ойым 

осылайша  Жантасты  табалап  жетісіп  жатса,  екінші  ойым  тӛбемнен  тас 

құлауын күткендей үрейлі халде. «Қазір тақтаға сені шақырса қайтесің? Сен 


51 

Sauap.org

 

не деп сылтау айтасың? «Сұлтан екеуіміз балық аулап, қарақшылық ӛмірдің 



қамын жасаумен болдық» демекшімісің? 

- Жақанов, — деді мұғалім. 

Тағы бір қатерден жаным қалғандай, «уһ» деп демімді шығардым. Менің 

байқауымша, әр мұғалімнің сабақ сұрау тәсілі әртүрлі. Мәселен, Майқанова 

тізімнің басынан тӛмен қарай қуалап сұрайды. Онысы біз үшін рақат. Ӛзіңе 

дейін  неше  оқушы  қалғанын,  сенен  қашан  сұрауы  мүмкін  екенін  біліп 

отырасың. 

Ал Анфиса Михайловна ӛйтпейді. Алфавитті қуаламай, тәртіп сақтамай 

сұрайды.  Қазір  тізімнің  басындағы  біреуді  атаса,  одан  соң  соңғы  жағынан 

біреуді  атайды.  Бүгін  сұраған  адамнан  ертең  тағы  да  сұрауы  мүмкін. 

Қысқасы, ол кімнен сұрағысы келсе, содан сұрайды. Оның ой-пиғылын күні 

ілгері аңдау мүмкін емес. 

Менің  ендігі  бар  үміт  артқаным  қоңырау  үні  болды.  Шіркін-ай,  сол 

сыңғырлап  қоя  берсе,  жаным  қалар  еді-ау.  Келесі  жолы  «Қысқы  кешті» 

қатырып жаттап келіп, бірінші болып айтар едім. Әне, мұғалімдер бӛлмесінің 

есігі  ашылғандай  болды.  Дәу  де  болса,  бұл  шыққан  кезекші  әйел. 

Жұдырықтай  ғана  сүйкімді  сары  жез  қоңырау  соғылған  қолында.  Қазір 

сыңғырлап қоя береді. 

Жоқ,  бұл  шыққан  кезекші  емес  кӛрінеді.  Басқа  біреу  болды.  Япыр-ай, 

қырық бес минут уақыт ендігі ӛтсе керек еді ғой. Бұл мұнша неғып созылып 

кетті? Әлде кезекші әйел тысқа шығып кетіп, біреумен сӛйлесіп тұрып қалды 

ма. Әне қоңырау... Жоқ, бұл арба екен ӛтіп бара жатқан. 

Жақанов та зулатып айтып шықты. Бұның бәрі бүгін тез айтқыш болып 

кеткен  екен.  Мұғалім  еңкейіп,  оған  баға  қойып  жатыр.  Жаным  қылпылдап 

тырнағымның ұшына келді. «Енді кімді шақырар екен?» 

- Қадыров... 

Тӛбемнен  шатыр  етіп  жай  түскендей  болды.  Не  істерімді  білмеген 

меңіреу халде орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп 

суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай. Адам ӛмірінде сыпаттап айтуға тілің 

жетпейтін неше алуан бақытты минуттар бола береді-ау. Соның бірін мен дәл 

осы  сәтте  бастан  кештім.  Мен  ләм  деп  үлгергенімше,  дәлізден  қоңырау  үні 

сыңғырлап қоя бергені. Уһ! 

- Жарайды, отыр Қадыров. Сенен басқа жолы сұраймын, — деді Анфиса 

Михайловна. 

Буын-буынымнан әл кетіп, орныма сылқ ете қалдым. 

 


52 

Sauap.org

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет