Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

ЖЕТІНШІ ТАРАУДА 

 

Сұлтан екеуіміздің бір атқа екі ер ерттеп мінуіміз, 



Сұлтанның мені шылым тартуға баулуы, 

оның аяғы немен тынғаны сөз болады. 

 

Ертеңгі  шайды  ішіп  бола бергенде,  есік  алдына  салт  атпен  тасырлатып 

Сұлтан жетіп келді: 

- Қара Кӛже, бармысың? 

- Бармын. 

- Дайынбысың? 

- Дайынмын. 

- Алып шық ер-тоқымыңды. 

Ер-тоқымымды  кӛтеріп,  есік  алдына  шықтым.  Жарау,  құла  дӛненнің 

үстінде шіреніп Сұлтаным отыр. Жетегінде ат түгіл, сайтан да жоқ. 

- Кӛлігің қайсы маған әкелген? 

- Мынау кӛлік емес пе? — дейді Сұлтан құла дененің сауырға қағып. — 

Сал ерді. 

- Қайда салам? 

-  Сал  мына  менің  артыма.  Құла  дӛнен  аман  болса,  екеуімізді  жайлау 

түгіл, Алматыға апарады. 

- Сонда, бір атқа екі ер ерттемекпіз бе!? 

- Оның несіне таңданасың? Тамаша болады. 



21 

Sauap.org

 

Бір атқа екі ер ерттеп мінген қазақты мен бұған дейін кӛрген жоқ едім. 



Сұлтанның  мына  ақылы,  шынында  да,  ойға  қонымды,  қызық  кӛрініп  кетті. 

Салдым  ерді  оның  артына.  Тарттым  тартпаны.  Мінгестім.  Осы  кезде  үйден 

әжем шыға келді. 

-  Әкем-ау,  мыналары  несі...  —деді  әжем  қолымен  кӛзін  кӛлегейлей 

таңдана қарап.  — Әй,  кӛгермей  кеткір,  қу  Сұлтан,  сен  ғой осыны  шығарып 

жүрген. 


Атқа  жайдақ  мінгеннен  де,  бұл  тамаша  болады  екен.  Аяғың 

салақтамайды, әркімнің ӛз үзеңгісі бар. Әрі құла дӛнен майда жүрісті жануар 

болып шықты. 

Соқтырғаннан  соқтырып  отырып,  Сұлтан  дүкеннің  алдына  келіп  бір-ақ 

тоқтады.  Аяғын  аттың  жалынан  асыра  жерге  секіріп  түсіп,  тізгінді  маған 

тастады: 

- Мә, ұста мынаны. Ақшаң бар ма? 

- Оны қайтесің? 

- Қанша сомың бар? 

- Бес сомым бар, оны қайтесің? 

- Сол ғана ма, мейлі, әкел бері. 

Сұлтанға тәуелді боп, артына мінгесіп отырған соң, бермеймін деп қалай 

айтайын.  Тӛс  қалтамның  түймесін  жайлап  ағытып,  амалсыздан  қол  сала 

бастадым. 

- Ей, болсаңшы, сонша неғып күйбеңдеп кеттің? 

-  Күйбеңдейтін  жӛнім  болған  соң  күйбеңдеймін  де...  Тоқтай  тұр,  таба 

алмай жатырмын. 

- Мүмкін, басқа қалтаңда шығар? 

- Жоқ, осы қалтамда болатын. 

Мені  мұнша  күйбеңге  салған  тӛс  қалтамдағы  екі  шытырлақ  қағаз  еді. 

Саусағымның соқырлығынан соның қайсысы бес сомдық екенін тани алмай 

жатырмын ғой. Ақыры, тәуекел деп, біреуін суырып алдым. О, масқара! Шеті 

кӛзіме  шалынғанда-ақ  жүрегім  су  етіп,  ішім  удай  ашып  кетті.  Бұл  алып 

шыққаным бақандай он сомдық еді. 

- Ӛй, мынауың он сом ғой? — деп қуанды Сұлтан. — Ӛй, қу Қара Кӛже-

ай, қулығың қалмайды-ау осы сенің. Мейлі, он сом болса да, әкел бері. 

-  Мен  мұны  бес  сом  екен  десем,  он  сом  екен  ғой,  —  деп,  ұятымды 

қымтап, мен де білмегенсіп жатырмын. 

Сұлтан  ақшаны  алып дүкенге кіріп  кеткенде,  қалтама  қайта  қол салып, 

екінші  шытырлақ  қағазды  суырып  алдым.  Бұл  бес  сомдық.  Әлгі  мені 

шатастырып,  ұятқа  қалдырып  жүрген,  міне,  осы  қу  ғой.  Ызасына  ӛзін  тӛрт 

бӛліп, лақтырып жіберсем бе екен деп, кіжініп бір тұрдым да, бірақ онсыз да 

талай  кӛресіні  кӛріп,  умаждалып,  иі  түсіп  біткен  бейшара  болғандықтан, 

жаным ашыды. Қалтама қайта салып қойдым. 

Сұлтан  магазиннен  галифе  шалбарының  екі  қалтасы  тырсиып,  ұрты 

шодырайып, шайнаңдап шықты. 

- Не сатып алдың? 


22 

Sauap.org

 

-  Золдың  қамы,  —  деді  Сұлтан  аузы  сӛйлеуге  әзер  келіп.  Онысы 



«жолдың қамы» дегені. 

Сұлтан  тізгінді  қолына  алды  да,  ерге  қайтадан  қарғып  мінді.  «Ал  енді 

кеттік»  деп,  мен  асығыстық  білдірем.  Сұлтанның  артына  жарбиып  мінгесіп 

кетіп бара жатқан мына түрімді Жанар кӛрмесе екен деймін. 

Ауылдан  былай  шыға  беріп,  Сұлтан  маған  қалтасынан  пряник  алып 

берді.  Екеуіміз  қытырлатып  жеп  келе  жатырмыз.  Құла  денеңнің  тағасы 

тастақ жолға шық-шық соғылады. 

Бір кезде Сұлтан артына бұрылып: 

- Сен шылым шегесің бе? — деп сұрады. 

- Жоқ. 


Ол ерге қырындап отырған күйі аттың тізгінін тежеді де, қалтасынан бір 

пачка сигарет суырып алды. Аузын ашты да, маған ұсынды: 

- Мә, үйрен. 

- Ӛзің тарта бер, — дедім мен. 

-  Осы  күнге  дейін  шылым  шегуді  үйренбей,  неғып  жүрсің?  —  деді 

Сұлтан мені кінәлай сӛйлеп. — Мә, тарт. 

Алдым. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқылдатып тарта 

бастадым. Аузыма түтіннің жап-жаман ыс дәмі келеді. 

-  Ой,  сауатсыз,  —  деді  Сұлтан  менің  шылымды  қалай  шегіп  келе 

жатқанымды кӛріп. — Сӛйтіп те тарта ма екен. Жап-жақсы сигарет босқа қор 

етуін қарашы. Ішке тарт. Міне, былай. Аузыңа түтінді толтырып ал да, жұтып 

кеп қал. 

Бала  десе,  бәрімізге  тиеді,  бізден  ӛткен  ақымақ  жан  жоқ  қой.  Кейде 

қайдағы  бір  залалды  нәрсеге,  соның  сол  залалдығын  біле  тұра,  иттей  әуес 

келеміз.  Осы  арада  маған:  «Кәне,  жұтсам,  жұтып  кӛрейінші,  —  деген  ой 

келді, — не болар екен». 

Ал енді бұл бақытсыздықты бастан кешірген болсаңдар, ӛздерің де біліп 

отырған  шығарсыңдар.  Аузымды  түтінге  толтырып  алып,  жұтып  кеп 

қалғаным сол екен, бір керемет улы газ ӛңешімнен шеңгелдеп ала кеп түсті. 

Тынысым  бітіп,  қақалдым  да  қалдым.  Кӛзімнен  жасым  ыршып  кетті...  Енді 

бір шақта кӛзім бұлдырап, жер-дүние тӛңкеріліп бара жатты. 

- Ойбай, тоқта! 

Аттан  ауып  түсіп,  қылжия  кеттім  жол  шетіне.  Жүрегім  лоблып,  құса 

алмай, қиналып жатырмын. 

Менің бұл аянышты халіме жаны ашудың орнына, Сұлтан оңбаған мазақ 

етіп тұр: 

-  Қайран  Қара  Кӛжем-ау,  ажалыңнан  үш  күн  бұрын  ӛлетін  болдың-ау. 

Миллат апайға не бетімді айтып барар екем? Тым құрса, жайлауға жетіп те 

ӛлмей, әуреге салатын болдың-ау. 

Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгіл, иісі мұрныма келсе, зытып 

жӛнелемін. 

 

СЕГІЗІНШІ ТАРАУДА 



23 

Sauap.org

 

 

Оқушы жаңа кейіпкер Дәулетпен танысады. 



 

Құла дӛненді желе аяңдатып отырып, түс ауа тау ішіне келіп кірдік. Бұл 

араның  ауа  райы  мен  жер  келбеті  тӛменгі  жазыққа  еш  ұқсамайды.  ЬІзың 

еткен  шыбын  жоқ,  сап-салқын.  Бет  алдымыздағы  тау  ақтары  жақтан 

қоңыржай самал жел есіп қоя берді. Құбылып жайқалған жасыл шалғын, гүл-

бәйшешек. 

Ат  үстіндегі  ұзақ  жүріс  мені  шаршатайын  деді.  Ӛйткені  атқа  екі  адам 

мінгескенде,  артқысы  кӛп  түйгіштеледі  екен.  Сұлтан  болатын  болса,  күнге 

күйген  желкесі  қып-қызыл  болып,  кепкасын  кӛзіне  түсіре  киген  күйі  бүлк 

ететін  емес.  Масатыдай  құлпырған  жер  келбетін  кӛргенде,  бұлақ 

жағасындағы кӛгалға менің рақаттанып аунай кеткім келді. 

- Сұлтан, осы араға ат шалдырып, демалып алсақ қайтеді? 

- Шаршадың ба? 

- Шӛлдеп кеттім. 

- Енді біраз жүрсек, малшылардың үйлері кездеседі. Қымызға жетіп, бір-

ақ демалайық, — деді Сұлтан. 

Айтқандай-ақ,  келесі  тұмсықты  айнала  бергенде,  оң  қол  жағымыздағы 

беткейде бір киіз үй кӛрінді. Кӛне тартқан қараша туырлықтың үстіне аппақ 

жаңа түндік жабылған. Есік алдындағы ши сӛреде жас құрт жаюлы тұр. Үй 

маңы  мал  қиы,  сарыала  тепсең;  ескі  жұрт  екені  бесенеден  белгілі.  Әріректе 

желіде  екі  құлын  байланыпты.  Оның  бірі  кер  құлын,  таңы  жарқырап, 

бауырын  күнге  қақтап,  тыпыр  етпестен  серейіп  жатыр.  Қасындағы  қаракер 

құлын жердей тың тыңдағандай басын тӛмен салып мүлгіпті де қалыпты. 

- Құдай тілегімізді берді, қымыз ішетін болдық, — деп Сұлтан ат басын 

солай қарай бұрды. 

Алдымыздан  анталап  үш  ит  үріп  шықты.  Үлкендігі  танадай  шұнақ 

құлақ, ақ тӛс қара тӛбет қарлыққан қалың дауыспен арс-арс етіп кеп, аттың 

тура  басына  секіре  бастады.  Ал  екінші  бір  сұңғыла  қара  қаншық  үйге 

жібермеймін дегендей құла дӛненнің құйрығынан тартқылап жүр. 

Сұлтекеңнің  мінезі  иттен  де  жаман.  Қамшысын  оңды-солды  үйіріп, 

иттерді одан әрмен ӛшіктіріп, азан-қазан шулатқан бойда есік алдына бір-ақ 

келіп тоқтады. Сол кезде үйдің түсірулі тұрған есігін серпіп ашып, жасы он 

бір,  он  екі  шамасында  секпіл  бет  сары  бала  шыға  келді.  Басында 

шекарашылардың  жасыл  картузы.  Кең  болғандықтан,  әлдеқандай  олақ  қол 

оның артын қабыстырып, қара жіппен баттитып кӛктеп қойған. 

Бӛгде біреу келіп, иттер абалап үргендегі баланың дағдылы қызметі осы 

болу  керек,  ол  бізге  назар  аудармастан,  дереу  босағада  жатқан  ақ  бақанға 

жармасты да, иттерді қуа бастады. 

- Кет! Кет, Алып соқ. Жат орныңа барып. 

Алып  соқ  тӛбет  баланы  дереу  тыңдады.  Шабандап,  кӛмейінен  қырқ-

қырқ  барлатып  сарқып  үріп,  бізге  ала  кӛзбен  бұрылшақтай  қарап,  тайып 


24 

Sauap.org

 

отырды.  Отан  ілесіп  ӛзге  ит  те  жым  болды.  Бақан  сүйреткен  бала  бізге 



назарын енді аударды. 

-  Бұл  кімнің  үйі?  —  деп  сұрады  Сұлтан  секпіл  бет  баладан  ат  үстінде 

тұрып. 

- Жұмағұлдың үйі. 



- Жұмағұл не істейді? 

- Қой бағады. 

- Кім бар үйде? 

- Ешкім жоқ. 

- Шешең қайда? 

- Ана белдің астындағы сиырлы ауылға кетті. 

- Қымыз бар ма? 

- Қымыз жоқ. Бағана кісілер кеп ішіп кеткен. 

- Түк қалдырмады ма? 

- Қалған жоқ, — деп күмілжіді бала. 

- Неге ӛтірік айтасың? Жүктің астында керегеге байлаулы тұрған бір мес 

қымызды қайда қоясың? 

- Оны саған кім айтты? 

- Жолда қой жайып жүрген Жұмекеңе кездесіп едік, сол айтты. «Жүктің 

астында бір мес қымыз байлаулы тұр. Содан тӛкпей-шашпай, бір-бір кеседен 

құйып ішіңдер» деді. — Сұлтан осыны айтты да, сыр берме деген ишарамен 

менің тіземді мытып қойды. 

Кӛнтек  ерні  таңырқай  ашылған  қалпы,  секпіл  бет  таң-тамаша  кейіпте 

тұрып  қалды.  Сұлтанның  оспақ  сӛзі  шындықтың  тӛбесінен  түскен  болу 

керек. Мынау соның байыбына бара алмай тұр. 

Секпіл беттің солқылдай бастағанын кӛрген Сұлтан: 

-  Түсейік,  —  деп  ат  басын  мама  аташқа  қарай  бұрды.  Түсіп,  атты 

байладық та, үйге бет алдық. Секпіл бет әлгі орнынан тапжылмай, мыналар 

қайтеді  дегендей,  бізді  кӛзімен  бағып,  кӛңіліндегі  күдігін  не  айтпай,  не 

Сұлтанның айтқанына сене алмай, дел-сал болып тұр. 

Үй  іші  ала  кӛлеңкелеу,  салқын  екен.  Сұлтан  тап  бір  нағашысынікіне 

келгендей  тӛр  алдына  сұлай  кетті  де,  үй  иесі  кіргенге  дейін  жүктің  астын 

ашып  жіберіп,  қарап  та  үлгерді.  Тырсиған  бір  мес  қымыз,  шынында  да, 

байлаулы тұр екен. 

Бізден  сескенгендей  табалдырықты  әрең  аттап  секпіл  бет  кірді. 

Босағадан  озбай,  тұрып  қалды.  Жуа-жуа  шираған  қалпы  болса  керек, 

үстіндегі кӛк сәтен кӛйлектің етегі тылтиып қарнына шығып кеткен. Ышқыр 

мен екі аралықтан үрген доптай тырсиған тоқ қарынның бір шеті жылтырап 

кӛрінеді. 

- Ей, атың кім сенің? — деп сұрады Сұлтан. 

- Дәулет. 

-  Атың  әдемі  екен.  Дәулет  деген  тамаша  ат.  Менің  ағайымның  аты  да 

Дәулет. 


25 

Sauap.org

 

Ағасы  түгіл,  Сұлтанның  сайтаны  да  жоқ  еді.  Ӛтірігімді  шығарма  деп, 



менің санымды тағы шымшып қойды да, сӛйлей берді: 

- Дәулеті мол, дастарқанын бай, алақаны кең болсын деп қойған ғой. Ей, 

Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз бер. 

- Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген. 

- Нені? 

- Жүктің астындағы қымызды. 

-  Жұмекең  ӛзі  айтты  ғой,  бір-бір  кесе  құйып  ішіңдер  деп.  Әкел,  кесе 

әкелші. 


- Апам ұрсады... 

- Ұрыспайды, біз саған ақша тӛлейміз. 

Сұлтан  қалтасынан  қобыратып  бірнеше  бір  сомдық  сары  құлақтарды 

суырып алды. Дәулет шын ақша ма дегендей сүзіле қарап қалды. 

-  Иә,  тӛлейміз,  —  дедім  мен  Сұлтанды  қоштап.  Ашық  ауыз  Дәулетті 

алдап ішкеннен гӛрі адамшылыққа бұл бір табан жақын еді. 

- Апам кеп қалса, қайтем? 

Бұл Дәулеттің кӛнгені еді. 

- Келмейді, — деп, Сұлтан орнынан ұшып түрегелді. 

-  Қай  жақтан  келуші  еді.  Мынау,  —  Сұлтан  мені  нұсқады,  —  киіздің 

жыртығынан бақылап тұрсын. Екеуіміз тездетіп құйып жіберейік. 

Дәулет қолын созды. 

- Әуелі ақша бер. 

- Мә, — деп, Сұлтекең Дәулетке бір сомды ұстата берді. 

- Мынауың жыртық, ескі ақша ғой. 

-  Ендеше,  мынаны  ал,  мә,  —  деп,  Сұлтан  оның  қолындағыны 

шытырлаған су жаңа бір сомдыққа айырбастап берді. 

Ақшаның  сиқыр  күші  Дәулеттің  шырайын  күрт  ӛзгертті.  Енді  оның 

кӛзінде қуаныш ұшқыны тіріліп, бізге үйірсектеп қарай бастады. 

Сұлтекеңнің  қимылына  кӛз  ілеспейді.  Жүктің  астыдағы  месті  дереу 

суырып  алып,  аузын  шешіп  жатыр.  Дәулет  ӛрешенің  ішінен  бұрын  ішіне 

қымыз құйылған кішірек бір кӛк кастрӛлді алып шықты. 

- Кәне, тос. 

Сұлтекең cap еткізіп, орта кастрӛлден аса қымызды бір-ақ құя салды. 

- Кӛп боп кетті! — деп шыж ете қалды Дәулет. 

- Ештеңе етпейді. 

Месті  Сұлтекең  кӛз  ілеспейтін  шапшаңдықпен  орнына  қайта  байлап 

қойды. Екеуіміз кастрӛлдегі қымызды кесемен кӛсіп алып, кезектесіп сіміре 

бастадық. 

Босаған кастрӛлді ӛреше ішіне апарып қойған соң, Дәулет: 

- Тағы бір сом бер, — деп қолын созды. 

- Не үшін? 

- Сендер екі кесе емес, кӛп іштіңдер ғой. 


26 

Sauap.org

 

-  Ӛй,  жолың  болғыр,  —  деп  кейіді  Сұлтан,  —  біз  оны  ішейік  деп  іштік 



пе. Апаң кеп қалса, сені құртады екен деп, саған жанымыз ашыған соң іштік 

қой. Бекер ішкен екем. Қарнымды сыздатып кетті. 

Дәулет не дерін білмей, бедірейіп қалды. 

- Сен онан да бізге жейтін бірдеңе бер. Қымыз ішімізді ашыта бастады, 

— деді Сұлтан. 

Дәулет созған қолын енді ғана тартып алды. 

- Нан жейсіңдер ме? 

- Әкеле бер. Май бар ма? Оны да әкел. — Сұлтан Дәулетпен қабаттасып, 

ӛрешеге бірге кіріп кетті. — Мына біреу піскен омыртқа ма? 

Саудадан пайда тауып қалған Дәулет: 

- Тамаққа да ақша тӛлеңдер, — деп ескертті. 

Әлдекім  шала  мүжіп  тастаған  мойын  омыртқаны  қомағайлана  тістелеп 

жатып: 

- Жарайды, тӛлейміз, — дейді Сұлтан. 



- Қазір тӛле. 

Сұлтан Дәулетке тағы бір сом берді. Бір-бір жапырақ нанға май жағып, 

соғып алдық. 

- Ал кеттік, — деді Сұлтан. 

Дәулет менің алдымды тосқауылдай қалды: 

- Бәкінің керегі жоқ па? 

- Кәне, қандай бәкі? — дедім мен. 

Дәулет  қалтасынан  бәкісін  алып  кӛрсетті.  Темір  сапты  кішкентай 

арзанқол бәкі екен. Ұнатпадым. 

- Белбеу керек емес пе? 

- Қайсы? 

Дәулет жейдесін түріп жіберіп, сатпақ-сатпақ кір қарнын алдыма тосып, 

беліндегі белбеуін кӛрсетті. 

- Ӛзің қайтесің? Шалбарың түсіп кетпей ме? 

- Түспейді. Қайыспен байлап алам. 

Мен  Дәулетті,  неге  екенін,  аяп  кеткендей  болдым.  Оның  ең  соңғы 

белбеуіне дейін тонап әкету оңбағандық болар еді. 

- Керегі жоқ, қош бол. 

Дәулет амалсыз қоштасқандай ыңғай танытты: 

- Қош болыңдар. 

Дереу  атқа  қондық  та,  үш  итті  улатып-шулатып  жӛнеле  бердік.  Ақтӛс 

тӛбет  аттың  омырауына  шапшып,  сұңғыла  қара  қаншық  құйрығынан 

тартқылап,  иттік  мінездерін  тағы  кӛрсете  бастады.  Сұлтекең  қара  тӛбетті 

қамшымен тұмсыққа бір тартуға құштар болып, бастырмалатып келеді. Бірақ 

әккі  тӛбеттің  оңайлықпен  ұрғыза  қоятын  түрі  жоқ.  Қамшының  ұшы  жетер-

жетпес  жерден  арс-арс  етіп,  ӛршеленіп,  қалмай  келе  жатыр.  Мен  артыма 

бұрылып  қарасам,  кӛкжасыл  кепкасы  қалқиып,  жейдесінің  етегі  ӛрге  қарай 

таңқия түсіп, Дәулет сәудегер үй сыртында бізді кӛзімен ұзатып әлі қарап тұр 

екен. 


27 

Sauap.org

 

 

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУДА 



 

Не жөнінде айтылатынын оқып шығып өздерің білесіңдер. 

 

- Қара Кӛже, қарашы мынаған. 

- Мұны қайдан алдың? 

- Тамаша малақай болмай ма? 

Сұлтанның қолындағы кӛк қаракӛл аспаннан түсті ме, қайдан пайда бола 

қалды? Ұстап кӛрсем, жібектей мап-майда. Илеуінде мін жоқ, ақ қағаздай. 

- Әй, мұны қайдан алдың? 

- Құдай берді. 

Егер  Құдай  Тағала  пендесіне  бірдеңе  бере  қалғандай  болса,  ондай 

мейірімділігін Сұлтаннан бастай қоймас. 

- Жӛніңді айтшы, бұл қайдан пайда болды? 

- Ӛзі ұнай ма саған? 

- Әдемі екен. 

- Сұлтекең оны-пұны затпен әуестенбейді. Оны сен біліп қой. 

Кенет  алдымыздағы  ӛзекшеде  атын  жаяу  жетелеп,  қой  жайып  тұрған 

қойшы  кӛрінді.  Сұлтекең  менің  қолымдағы  қаракӛлді  жалма-жан  жұлып 

алды да, артындағы былғары сумкаға сүңгітіп жіберді. 

- Дымың ішіңде болсын, Қара Кӛже. 

Лып етіп қауіп кӛлеңкесі жүгірді менің кӛңілімде. «Мына қу бұны әлгі 

үйден жымқырып кеткеннен сау ма екен?». 

Қойшы соқпақ жолдың дәл үстінде тұр екен. Жақындап келіп байқадық: 

бүйрек бет, шоқша сақал, орта жастағы адам. Басында күнге күйіп кӛнерген 

ақ қалпағы бар. 

- Салаумалайком, қария. 

- Әлейкүмсалам. Балалар, оттарың бар ма? 

Сұлтан  қалтасынан  сіріңке  алып  ұсынды.  Шалдың  жуан  етіп  орап, 

қалпағының бүкпесіне тығып қойған дайын шылымы бар екен. Соны жалма-

жан  тұтатты  да,  қомағайланып  сорып-сорып  жіберіп,  демін  бір-ақ  күрсініп 

шығарды: 

-  Уһ,  жетісіп  қалдым  ғой,  кӛсегең  кӛгергірлер.  Сіріңкем  таусылып  қап, 

бағанадан бері қаңсып тұр едім. Қай колхоздың балалары боласыңдар? 

Сұлтан мені шынтағымен түртіп қалды да: 

-  Калининнің  балаларымыз,  —  деп  ӛтірікті  соғып  қалды.  Мен  таң-

тамашамын. Heгe ӛтірік айтады? Ӛзіміздің «Жаңа ӛмірді» неге атамайды? 

Былайырақ шыққан соң Сұлтаннан: 

-  Ӛй,  «Калининнің  балаларымыз»  дегенің  не?  Неге  ӛтірік  алдайсың?  — 

деп сұрадым. 

-  Әй,  ақымақ  Қара  Кӛже.  Қайдан  білдің,  мүмкін,  жаңағы  біз  қымыз 

ішкен үйдің қожасы Жұмағұл тап осының ӛзі шығар. Қаракӛлін жоқтап іздей 


28 

Sauap.org

 

қалса,  қуып  кеп,  әкемізді  танытпай  ма?  Ал  енді  бізді  тауып  кӛрсін  сонау 



Калининге барып. 

 

* * * 

 

Менің  мамам  сауыншы  болып  істейтін  бірінші  бригада  кезеңді  асып 



түскен  жерде,  Қабанды  деп  аталатын  ну  қарағайлы  жалпақ  сайдың  аузында 

екен.  Бұл  ӛзі  сырттан  қарағанда  бүтін  бір  ауыл  тәрізді:  бірнеше  боз  үй, 

жаппа, шатырлар аралас он шақты түтін шоғырлана қоныс теуіпті. Олардан 

оқшауырақ  сырғауылдан  айдап  жасалған  мал  қора-жайлары  кӛрінеді. 

Тӛбесіне  желбіреп  қызыл  жалау  қадалған,  қабырғаларына  қызыл  матаға 

жазылып ұран, плакаттар ілінген вагон-қос, сірә да, бригаданың кеңсесі болу 

керек. (Соңынан білдім, бұл әрі кеңсе, әрі қызыл бұрыш екен.). 

Ӛзенге таман, шеткерірек тігілген бір жаппаның қасында үш дӛңгелекті 

мотоцикл  тұр.  Жүрегім  дір  ӛте  қалғандай  болды.  «Бұл  тағы  да  Қаратай  қу 

шығар. Дәу де болса, мынау мамамның жаппасы». 

Ойлағаным  келді.  Мамам  есік  алдында  самаурын  қайнатып  жүр  екен. 

Бізді  кӛріп,  таңырқай  қарап  тұрып  қалды.  Сұлтан  онымен  самбырлап 

амандаса келіп тоқтады: 

-  Амансың  ба,  Миллат  тәтей.  Балаңыз  ат  таппай,  қара  жаяу  отыр  екен. 

Міне, міңгестіріп алып келдім. 

Есік  алдындағы  мотоциклді  мен  бірден  таныдым  —-  Қаратайдікі. 

Жаппаның ашық тұрған есігінен үп-үлкен керзі етік киген аяқ кӛрініп жатыр. 

Оның  да  иесі  сол  бір  адам.  Кӛсіліп  жатқан  аяқ  біздің  дабырымызды  естіп 

бүгіліп, жинала түсті. 

- Лагерьге бармадың ба? — деп сұрады мамам менен. 

- Жоқ. 

Біздің  мына  алабӛтен  жүрісімізді  ұнатпады-ау  деймін,  мамамның  қас-



қабағы салқын еді. Сұлтан соны аңдады ма, түспеді. 

- Ертең келем. Мен саған ат тауып әкелем, — деді. 

- Мақұл. 

Сұлтан кеткен соң, мамам: 

-  Ӛзіңе  серік  болатын  адамды  жаңа  тапқан  екенсің.  Бұл  сені  бір  күні 

батпаққа жығып кетер, — деді. 

- Ӛз жӛнімді мен ӛзім білем, — дедім. 

- Иә, біліп жүрсің. 

Жаппаға кірдім. Тор алдында шынтақтап Қаратай жатыр. Осылай қарай 

жұмыста  жүріп  тартып  отырған  болу  керек,  үстінде  май-май  кӛне 

комбинезон.  Бірақ  тікендей  болып  сояулап  тұратын  сақалы  бүгін  жып-

жылмағай.  Қаратай  еңсесін  кӛтеріп,  малдас  құрып  отырды.  Әдетінше, 

шекесін  қасып-қасып  алып,  ұртына  күлкі  қыстыра  сӛйлеп,  менімен  жылы 

амандасып, іші-бауырыма еніп барады. 

- Жайлауға демалайын деп келдің бе? Дұрыс болған. Мұнда қымыз мол, 

рахат емес пе, — деді. 



29 

Sauap.org

 

Үшеуіміз отырып шай іштік. Шайдан соң, мамам сиыр саууға дайындала 



бастады.  Қаратай  қош  айтысты  да,  мотоцикліне  отырып  кетіп  қалды.  Кӛк 

шалғынды  жапыра  қап-қара  етіп  із  тастап,  жолсызбен  зырғып  бара  жатқан 

оның соңынан мен бірқауымға дейін қарадым да тұрдым. «Япыр-ау, бұл неге 

келе  береді?  Не  керек  оған?  Бәрібір  мамам  оған  ешқашанда  күйеуге 

шықпайды ғой. Ал егер шыға қалса...». 

Бұл  ойым  маған  құбыжықтай  қорқынышты.  Оны  басыма  жолатпауға 

тырысам. Аулақ. Аулақ, жаман ой. Мен одан да алыста, таудың ар жағында 

қалған  Жанарды  ойыма  алам.  Жанар.  Мен  «Жанар!»  деп  дауыстағанда,  сен 

әуелі  үннің  қайдан  шыққанын  білмей,  аңтарылып  тұрып  қалып  едің... 

Жайлауға  қалай  келіп  жеткенімді  айтып,  жанарға  хат  жазсам  ба  екен. 

Қаратай...  тфу,  қабаттасып  ойымнан  осы  шықпайтын  болды-ау.  Бәлем, 

ойламаймын сен жӛнінде, әдейі ойламаймын, қайтер екенсің... 

 

ОНЫНШЫ ТАРАУДА 

 

Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, 



жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. 

 

Ӛзінің тырнақ алды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап 



отырғанын  автор  бір  де  минутке  есінен  шығармайды.  Сондықтан  да  ол  әр 

адамның  басынан  күнде  кешетін  тұрмыстың  ұсақ-түйек  құбылыстарына 

онша  жүгіне  бермейді.  Онда  автордың  бұл  еңбегі,  мүмкін,  шағын  повесть 

емес,  кітап  магазині  полкасының  белін  қайыстыруға  жарарлық  нән  романға 

айналар еді. Жоқ, «Аяз әліңді біл, құмырысқа жӛніңді біл» дегендей, роман 

жазу қайда бізге. Ол үшін құшақ-құшақ қағаз, құрығанда, бірер бӛтелке сия 

керек.  Артыңды  столға  желімдеп  тастап,  айлар-жылдар  бойына  тапжылмай 

отыруың шарт. Ал сосын сабаққа кім барады, үйге берілетін тапсырмаларды 

кім  орындайды?  Бұзауды  кім  тауып  әкеледі?  Жо,  жо,  роман  жазу  менің 

жасымда тіпті де қол емес. 

Бұлар сӛз арасында айтылып жатқан жайлар. Енді әңгіме желісіне қайта 

оралайын. Біз жайлауға келгелі табаны трактордай бір ай шамасы уақыт ӛтті. 

Ӛткенде, кӛңілді ӛтті, желіп ӛтті. Соның бәрі Сұлтекеңнің арқасы. Бір де бір 

күн кӛліксіз болып кӛргем жоқ. Нелер жорға-жүйрік сәйгүліктерді сол тауып 

әкеледі.  «Ертте  мынаны»  дейді,  ерттеймін.  «Кеттік»  дейді,  ілесіп  берем. 

Қайда  барамыз  деп  сұрамаймын  да.  Не  керек,  Сұлтекеңнің  арқасында  ат 

мініп, асыр салып, жетісіп жүрмін. 

Бір күні жайлауда малшылар күніне арналып ұлан-асыр той болды. Той 

десе,  қу  бас  домалайды.  Ал  Сұлтан  екеуіміздің  басымыз  піскен  алмадай 

торсиған  майлы  бастар.  Біз  қалай  шыдап  қалайық.  Тойдың  дақпыртын 

естігеннен бастап-ақ делебеміз қозып, күтіп жүрдік. Кӛкпарға түсеміз деп, ат 

жаратқан боламыз. 



30 

Sauap.org

 

Той  болады  деген  күні  таңертең  мамам  сиыр  саууға  кетіп,  мен  тӛсекте 



шынтақтап «Робинзон Крузоны» оқып жатыр едім. Есік алдына кеп қалған ат 

дүбірі, сонымен қабаттасып Сұлтанның айқайы естілді: 

- Қара Кӛже, бармысың? 

- Бармын. 

Сұлтан аттан торс етіп секіріп түсіп, үйге кіріп келді. 

- Ой, қара басқыр, әлі жатырмысың? — Сұлтан менің қолымдағы кітапқа 

жармасты.  —  Осы  сенің-ақ  қолыңнан  кітап  түспейді  екен.  Тасташы  былай. 

Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба? 

- Тоқта, тоқта, келген жерімді белгілеп қояйын. 

- Мына бір мылтық ұстаған адам ба, албасты ма, осы бетке келіпсің. Жүз 

жиырма тӛртінші бет. Кәне, тұр жылдам. Киін, тойға барамыз. 

Тойды сыпаттап жатуды және артық деп санаймын. Ӛйткені оның қалай 

болатынын  бәрің  де  білесіңдер.  Осы  күні  тойдан  кӛп  нәрсе  жоқ.  Мейрам 

күндері — той; біреу қыз ұзатса — той; бала туса — той; жоспар артығымен 

орындалса — той; шет елден мықты біреу келе қалса — той; шет елге мықты 

біреу  бара  қалса  —  той;  артиллерияшылар күні,  флот  күні, ұшқыштар  күні, 

металшылар  күні,  құрылысшылар  күні,  физкультурашылар  күні,  шахтерлер 

күні, — тағы басқа аты аталмаған толып жатқан қастерлі күндердің бәрінде 

той. Құдайға шүкір, әйтеуір, тойдан кенде емеспіз. 

Бір  шеті  сонау  Алматы  болып,  қилы  дәрежелі  қонақтар  қатысқан, 

«ЗИМ»,  «ЗИС»,  «Волга»,  «Победалар»  қаздай  тізілген  («Москвичтер»  мен 

Қаратайдың  мотоциклі  тәрізді  үш  дӛңгелекті  салдырлақ  мотоциклдерді 

машина санатына қосып та отырғаным жоқ) іргелес екі ауданның қара қорым 

малшылары  түгел  бас  қосқан  ұлы  дүрмектің  нағыз  қызған  шағы  еді. 

Палуандар  күресі  болып  жатқан.  Бір  кезде  ортадағы  тойбасы  тағы бір  соны 

дабыл тастады: 

- Ендігі кезек балалардікі. Балалар күресін бастаймыз. 

Бағанадан бері күрескендерге қарап, делебем қозып тұр еді. 

- Мен күресемін, — деп ортаға жүгіріп шықтым. 

-  Кел.  Жүрегіңнің  оты  бар  бала  кӛрінесің,  —  деп  тойбасы  арқамнан 

қағып, мақтап қойды. Күрес аудан мен аудан болып жүріп жатқан. 

Тойбасы қарсы жаққа дауыстады: 

- Ұйғыр ауданы, шығарыңдар палуандарыңды. 

Ұйғыр  ауданы  бойы  сорайған,  менен  де  ӛткен  қап-қара,  қоңқақ  мұрын 

бір баланы шығарып еді. Мына жақта тұрғандар жамырап кетті: 

- Ӛй, мыналарың бала емес, жігіт қой. 

- Қаршадай балаға жігіт шығарғандарың қалай? 

- Ӛз теңін әкеліңдер! 

- Бұл әділдік емес! 

Басы-кӛзі ӛрттей қызарып лепіріп тұрған тойбасы бұған құлақ аспады: 

-  Күш  атасын  танымайды.  Кәне,  күресіңдер,  —  деп,  қоңқақ  мұрын 

екеуімізді  құшақтастыра  салды.  Мен  іштен  қайыра  шалып  жытуға  машық 

едім.  Әу  дегеннен-ақ  сол  әдісіме  салуға  тырысып  бақтым.  Бірақ  қоңқақ 


31 

Sauap.org

 

мұрынның  ұзын  сирақтары  кестиіп  анадайда  жатыр.  Аяғымды  шолтаң-



шолтаң сермегенмен жуымайды. 

Менің пиғылымды түсіне қойған қоңқақ мұрын аяғын онан әрмен алып 

қашып,  денесінің  бар  салмағымен  үстіме  шойырылып  жатып  алды.  Олай-

бұлай  ырғап  кӛрсем,  қозғалта  алар  емеспін.  Ал  оның  бар  сенгені  қол  күші 

болу керек. Мені кӛтеріп алып, қойып қалмақ болады. Бірақ қалай тастаса да 

тарбиып аяғыммен түсем. 

Кенет  менің  ойыма  бір  қулық  әдіс  сап  ете  қалды.  Ылдиға  таман 

ыңғайланып  келдім  де,  бір  жамбасыма  жата  қап,  қоңқақ  мұрынды  кӛз 

ілеспейтін жылдамдықпен басымнан асыра лақтырдым. Әлгі байғұстың мұны 

күтпегені  соншалық,  тартынуға  мұршасы  келмей  қалды  да,  асып  барып, 

мойны астынан кеп, гүрс ете түсті. Бұлт беріп, үстіне қона кеттім. Халық ду 

ете қалды: 

- Ой, жарайсың! 

- Міне, жігіт! 

- Жасың ұзақ болсын! 

Тойбасы  бәйгіме  деп  Гайдардың  екі  томдық  жинағын  қолыма  ұстата 

берді. Екі езуім екі құлағымда, кӛңілім тасып, әлгіндегі орныма қарай жӛнеле 

бердім. Тойбасы айқайын салып, күреске басқа балаларды шақырып жатыр. 

Кенет ӛкпе тұсымдағы иін тірескен халықтан маған қарай ақ қалпақты біреу 

жүгіре  шығып  келеді.  Мен  оған  мән де  бере  қоймап  едім,  әлгі  келген  бетте 

білегімнен шап беріп ұстай алды: 

- Ә, залым бала! Қолға түстің бе. 

Басқа ештеңе деместен, іс-міс жоқ, әлгі мені қаңбақтай ұшырып, сүйреп 

әкетіп  барады.  Бет-жүзі,  әйтеуір,  бір  таныс  адам  секілді.  Бірақ  қайда 

кӛргенімді жӛпелдемеде есіме түсіре алмадым. 

- Не... Не... керек сізге? 

Топтың  сыртына  шыққаннан кейін,  шоқша  сақалы  ашудан  дір-дір  етіп, 

тістеніп, әлгі мені алқымнан қылғындыра ұстап, сілкіп-сілкіп жіберді: 

-  Мойныңды  үзіп  жіберейін  бе!  Баламды  алдап,  қымызымды  рәсуа  етіп 

ішкендеріңмен қоймай, қаракӛлімді неге ұрлайсыңдар? 

Арқамнан  тасбақа  сырғанап  түскендей  дір  ете  қалдым.  Кӛзінен  ашу 

шатынап  тұрған  ақ  қалпақтыны  енді  таныдым.  Бұл  анада  бізден  шылым 

тұтатып тартатын, жол үстінде кездескен қойшы еді. 

- Ақсақал, қаракӛліңізді мен алған жоқпын, — дедім жалынышты үнмен. 

- Енді кім алды? 

Мына  масқара  оқиғадан  мен  ӛзімді  дереу  ақтап  алуым  керек  болды. 

Шынымды айттым: 

- Қасымдағы бала алыпты. 

- Ол қайда? Ол кім дегеннің баласы? — деп әкіреңдейді шоқша сақал. 

- Сұлтан деген бала, анда... ана жерде тұр. 

Шоқша  сақалды  ертіп,  әлгінде  Сұлтан  екеуіміз  тұрған  жерге  келдім, 

жоқ. Сұлтаным зым-зия зытып отырған түрі бар. 

- Қайда? Кәне? 


32 

Sauap.org

 

- Әлгінде осы арада тұрған. 



Сол арадағы бірталай әуесқой жұрт: 

- Не болды? 

-  Не?  Бұл  не  істеді?  —  деп,  күресті  қойып,  бізге  назар  аудара  бастады. 

Ӛлімнен ұят күшті дегендей, не істерімді білмеймін. 

- Сұлтан! Әй, Сұлтан! — деп дауыстаймын. Кенет біреудің: 

- Сұлтан әне. Атына мініп, зытқалы жатыр, — деген үні саңқ ете қалды. 

Ол нұсқаған жаққа жалт бұрылып қарасам, Сұлтекең ат үстіне қонып та 

қалған екен. 

-  Сұлтан!  —  деп  айқайлап  жібердім.  Бірақ  ол  тыңдамады,  атына 

қамшыны бір басып, тік тӛмен қарай құйғытып тартып отырды. 

- Кетті! Әне кетті! — дедім шоқша сақалға. 

- Қап... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет