Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

 

ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУДА 

 

Повестегі ең кішкентай тарау. 

 

Мектептен келе жатып Сұлтанды кӛрдім. Біздің қашаға сүйеніп, қолына 



бүктеп  ұстаған  дырау  қамшыны  етігіне  ұрғыштап,  тықыршып,  менің 

жолымды тосып тұр. «Жоқ, тоғайға бүгін бармаймын,  — деген ойға келдім. 

— Сабақ оқимын. Ертең «Қысқы кешті» жаттап баруым керек. Одан басқа да 

тапсырмалар толып жатыр». 

- Қара Кӛже, таста кітабыңды. Кеттік. 

- Мен бүгін бара алмаймын. 

- Heгe? 

- Сабаққа дайындалам. Үйге тапсырманы сондай кӛп берді. 

-  Ой,  Қара  Кӛже.  Сол  да  сӛз  бе  екен.  Жүрші,  мен  саған  не  әкелгенімді 

кӛрсетейін. 

-  Сұлтан  мені  қораға  ертіп  кірді.  Торы  ат  байлаулы  тұр.  Жеп-жеңіл 

бүктеме шиті мылтық ердің қасында ілулі. Теңкиген былғары қоржынның екі 

басы тола картоп, нан. Қанжығада дӛңгелек қара шелекше. 

-  Міне,  не  керектің  бәрін  тауып  әкелдім.  Оқ  дегенің  жетеді.  —  Сұлтан 

қалтасынан шүпілдеген бір қорап оқ алып кӛрсетті. — Елу оқ. Тағы біреу жүз 

оқ тауып берем деп уәде қылды. 

Мен  солқылдай  бастадым.  Мынаның  бәрін  кӛре  тұрып,  қалайша 

солқылдамассың. 

-  Онда  біз  кешке  ертерек  қайтып  келейік.  Мен  үйге  берілген 

тапсырмаларды орындауым керек. 

- Жарайды, орындарсың. 

Торы  аттың  сып-сып  еткен  аяңымен  тоғай  ішіне  келіп  кірдік.  Қоян, 

қырғауыл  кӛрінсе,  атпақшы  болып,  Сұлтан  мылтығын  оқтап,  дайын  ұстап 

келеді.  Бірақ  сауысқаннан  басқа  ештеңе  кездесе  қоймады.  Сұлтан  екеуіміз 

кезектесіп ат үстінен сауысқан атқылай бастадық. Тигізе алмадық. 

Мынау,  міне,  кешегі  балық  аулаған  қарасуымыз.  Аттан  түсіп,  тал 

үңгірімізге  кірдік.  Торымыз  бен  ұстаған  балығымыздың  барлығын  кеше 

осында  қалдырып  кеткенбіз.  Мәссаған,  талға  тізіп  қойған  балығымызды  қи 

сыпыр  етіп,  бір  нәрсе  түгін  қалдырмай  жеп  кетіпті.  Бас  сүйектер  мен 

қылтанақтың жұғын-жұрнағы ғана шашылып жатыр. Не жеуі мүмкін? Ит пе, 

құс  па?  Қасқыр  ма,  түлкі  ме?  Басымызды  қанша  қатырып  ойласақ  та, 

байыбына бара алмадық. Әйтеуір, адам алмағаны ақиқат. Адам бүйтіп бүкіл 

балықты  шикілей  жемеген  болар  еді  және  ол  торды  да  қоса  әкетер  еді. 

Ойламаған жерден жолыққан бұл жағдай бізді секемдендіре түсті. 

Шешініп  тастап,  тағы  да  тор  сала  бастадық.  Міне,  қызық,  кешегі  ӛріп 

жүрген  кӛп  балық  бүгін  кӛрінбейді.  Азайып  қалғаны  ма,  жоқ  әлде  басқа 

жаққа  ауып  кетті  ме?  Еңбегіміз  жанбады,  мардымсыз  азғантай  ғана  балық 

ұстадық.  Бірақ  оның  рақаты  кешегіден  артық  болмаса,  кем  болған  жоқ. 



53 

Sauap.org

 

Жылымсыған тұзсыз құр балықты отқа пісіріп жегендей емес, картоп турап, 



қатырып сорпа жасап іштік. 

- Балық болса жоқ. Енді не күн кӛреміз? — дедім Сұлтанға. 

- Қоян, қырғауыл аулаймыз. 

- Ол да жоқ қой. 

- Неге жоқ. Осы тоғайдың арасы толған қоян мен қырғауыл, тіпті елік те 

бар.  Бірақ  оларды  не  таң  азаннан,  әйтпесе  кешкі  салқында  жайылымға 

шыққанда  аулау  керек.  Күндіз  олар  қыбыр  етпей,  бұта-бұтаның  түбінде, 

шіліктің арасында жатып алады. 

Біз  мынаған  келістік:  ертең  күн  —  сенбі.  Тӛсеніп-жамылатын 

бірдеңелерімізді  алып,  қонаға  осында  келеміз.  Түней  жатып,  кешіңде 

тоғайдан  аң  аулаймыз.  Түнде  қара  жолға  шығып,  қарақшылық  істейміз  — 

жүргіншілерді тонаймыз. 

- Келістік қой? 

- Келістік. 

 

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУДА 

 

Бір сөзбен «қызғаныш» деп атаса да болар еді. 



 

Майқанова  науқастанып  қалыпты,  сабағы  болмады.  Бұған,  әрине,  біз 

пәлендей  қайғыра  қойған  жоқпыз.  Қайта  жек  кӛретін  мұғалім  ауырып, 

сабаққа  келмей  қалса,  балаларда  одан  үлкен  қуаныш  бар  ма?  Кластың  іші 

мәз-мәйрам  улап-шулаған  дауысқа  толып  кетті.  Добымызды  алып,  дүркіреп 

волейбол алаңына қарай жүгірдік. Класта бірімен бірі бақас екі команда бар. 

Орын-орнымызға тұра қалдық та, ойынды дереу бастап жібердік. 

Егер  сенбесеңдер,  келіп  кӛрулеріңе  болады,  мен  волейболды  жаман 

ойнамаймын.  Ал  бұл  жолы  ерекше  бір  шабытпен  ойнадым.  Талай  қыңыр 

доптарды қиырдан қағып алып, жалт-жұлт етіп, жан таппай жүрмін. Мүмкін, 

тобымен келіп, біздің ойнымызға қыздар қарап тұрғандықтан осылай шығар. 

Жанардың  алдында  нашар  ойнауға  менің  қандай  қақым  бар.  Кейбір  шебер 

қимылдарым  ӛзге  түгіл,  ӛзімді  де  сүйсіндіреді.  Бір  рет  қиын  бір  допты 

жығылып  жатып  алғанымды  қайтерсің.  Етпетімнен  тӛрт  тағандап  дік  ете 

қалдым, бірақ допты аспандата қағып та үлгердім. 

- Ӛй, жарайсың! 

- Ӛлме, Қара Қожа! 

- Молодец! — деген дауыстар жамырап кетті. 

Орнымнан лып етіп тез түрегелдім де, қыздар жаққа кӛз салдым. Олар да 

мәз.  Жанар...  Япыр-ау,  Жанар  қайда?  Мыналардың  ішінде  Жанар  жоқ  қой. 

Бағанадан  бері  мен  Жанар  қарап  тұр  екен  деп,  жанымды  пида  етіп  ойнап 

жүрсем... 

- Сегіз де сегіз. Тепе-тең. Допты оң жақ береді. Доп беру  менің кезегім 

екен.  Аяқ  астынан  еңсемді  әлдеқандай  кӛңілсіздік  басты  да,  қалай  болса, 

солай ұра салдым. Доп торға барып тиді. 


54 

Sauap.org

 

- Ӛй, саған не болды? 



- Не қара басты, Қара Кӛже? 

- Мұның не, ей. Аш ӛзегіңе түсіп кетті ме? 

- Қолымнан шығып кетті, — деп сылтаураттым. 

Біздің команда ұтылып қалды. 

- Мен ойнамаймын, — дедім. Орныма жүгіріп барып, басқа бір бала тұра 

қалды. 


Жанар  қайда?  Оның  класта  орнынан  тапжылмай  кітап  оқып  отыратын 

бір  әдеті  болушы  еді.Қолымның  шаңын  шарт-шұрт  қағып,  мектепке  қарай 

бет  алдым.  Кластарда  сабақ  жүріп  жатыр.  Жетінші  кластың  есігі  сәл  ашық 

тұр  екен.  Тарихшы  Оспановтың  дауысы  саңқылдап  естіледі.  «Аз  ұлттар 

теңдік алғысы, ӛздерінің ұлттық қасиеттерін сақтап қалғысы келсе, бірігулері 

керек. Қорқау империалистер онсыз олардың дыбысын да шығармайды...». 

Ӛзіміздің  класқа кірдім.  Кірдім де,  сілейіп  тұрып  қалдым.  Кӛргенімнен 

де  менің  мұны  кӛрмегенім  артық  еді  ғой.  Класта  Жанар  мен  Жантас  екеуі 

ғана  отыр.  Басқа  ешкім  жоқ.  Отырғанда,  жайдан  жай  отырған  жоқ.  Бір 

партада  —  Жанардың  партасында  біріне  бірі  тақала  түсіп,  әлдеқандай  бір 

суретті  журнал  оқып  отыр.  Беріліп  оқып  отырғандары  соншалық,  бастары 

түйісіп  кеткен.  Маған  бір-бір  кӛз  тастады  да,  екеуі  ӛздерімен  ӛздері  бола 

берді. Оқып отырған Жантас еді. 

-  Не  оқып  отырсыңдар?  —  деп  мен  қастарына  келдім.  Назар 

аудармайды.  Кӛзімді  салып  байқасам,  олардың  мұнша  қадалып  оқып 

отырғандары  чех  саяхатшылары  Зигмунд  пен  Ганзелктің  Африка  туралы 

жазған  очеркі  екен.  Барын  салып,  мәнерлеп,  құбылтып  оқиды  Жантас  қу. 

Жанар оны ұйып тыңдап отыр. 

Не  істерімді  білмей,  сілейіп  тұрдым  да  қалдым.  Ішімде  әлдеқандай  бір 

отты  құйын  кӛтерілгендей  болды.  Мен  Жанармен  бір  де  бір  бұлай  отырып 

кӛрген  жоқпын.  Неткен  ақымақпын  десеңші.  Сабақ  болмай  қалғанда,  ӛстіп 

қызық бір журнал тауып әкеліп, Жанарға оқып беру бұған дейін ойыма неге 

келмеді екен?! Жантастың қуын... 

-  Жүр,  волейбол  ойнаймыз,  —  деп  Жантасты  иығынан  жұлқыдым.  Сол 

кезде Жанар шытына қарап: 

- Қожа, бӛгет жасамашы, — дегені бар емес пе. 

Мәссаған,  керек  болса!  Мен  оның  аузынан  осындай  сӛз  естимін  деп 

ойлап па едім. Тӛбемнен ыстық су құйып жібергендей жидіп түстім. 

Ӛз орныма бардым. Портфелімді алып, ақтара бастадым. Не іздегенімді 

ӛзім  де  білмеймін.  Жүрегім  дүрс-дүрс  етіп,  қабына  соғады.  Мисызбын-ау, 

мисызбын!  Ештеңе  ойлап  табуды  білмеймін.  Қашанда  басқалардың  ісіне 

қызығып,  қызғанып  тұрам.  Менің  де  басым  жұмыс  істейтін  заман  болар  ма 

екен, болмас па екен. 

Портфелімді  орнына  қайта  қойып,  сыртқа  шығып  бара  жатырмын. 

Жанар  мен  Жантасқа  әдейі  қарамауға,  оларға  мен  де  назар  аудармауға 

тырыстым.  Дегенмен,  есіктен  шыға  беріп,  кӛз  қиығымды  бір  тастап  ӛттім. 

Дәл  осы  минутта  Жанардың  да  маған  қабағының  астынан  сүзіле  қарап 


55 

Sauap.org

 

қалғанын  аңғардым.  Кӛздеріміз  бір  сәтке  түйісіп  ӛтті.  Қателеспесем,  Жанар 



күлімсіреген тәрізді болды. Маған күлімсіреді ме, жоқ әлде тыңдап отырған 

очерктің қызығына елтіді ме? О жағын мен талдап пайымдай алған жоқпын. 

Жанар  күлімсірегенде,  мен  ашу  шақырып,  қабақ  шытқандай  бір  қыр 

таныттым да, есіктен шығып кеттім. 



56 

Sauap.org

 

 

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУДА 



 

Екі нәрсені жазудың қиындығы айтылады. 

 

Жоқ,  мен  Жанарға  айтуым  керек.  Мүмкін,  ол  менің  оған  шын  не 



екенімді...  Япыр-ай,  осы  бір  сӛздің  қорқынышы-ай...  Мейлі,  ауруды 

жасырғанмен,  ӛлім  әшкере  қылады  дейді  ғой.  Бүгін  жасырғаныммен,  ертең 

есейген  кезде  бәрібір  әшкере  болады.  Сондықтан,  не  де  болса,  оқушыға 

турасын  айтуға  тиіспін.  Менің  оған  шын  ғашық  екенімді,  мүмкін,  Жанар 

білмес.  Білсе,  ол  Жантаспен  неге  солай  отырады?  Сондықтан  мен  оған 

айтуым  керек  бәрін  де.  Үлкейгенде  кім  болатындығымды,  менен  басқа 

ешкімді  Жанар  сүймеуі  керектігін  —  бәр-бәрін  жасырмай  айтуға  тиіспін. 

Айтамын.  Тап  қазір  сабақтан  тарасымен  онымен  үйге  бірте  қайтамын  да, 

жол-жӛнекей: 

— Жанар, ғафу ет. Менің саған айтатын сӛзім бар. Ол мынау...  — деп, 

түк  қалдырмай  айтып  берем.  Немене,  қолымнан  келмей  ме?  Келеді.  Мен 

сужүрек емеспін. Айта алмасам бар ғой... не деп ант ішсем екен? 

Міне, соңғы сабақ та аяқталды. Жанарды иықтап, сыртқа қатарласып-ақ 

шықтым.  Жүрегім  лүп-лүп  етіп,  артыма  қарасам,  Жантас  қу  ілесіп  келеді 

екен.  Оның  кӛз  қарасы  маған:  «Айт,  айтам  деп  кіжінген  соң,  айтпайсың  ба 

енді? Батыр болсаң, айт!» — деп әрі келемеждеп, әрі аңдып келе жатқандай 

кӛрінді.  Бойым  тітіреп,  дірілдеп  кеткендей  болдым.  Жантас  қана  емес, 

балалардың бәрі Жанар екеуімізге қарап, бұлар не сӛйлесер екен деп, құлақ 

түріп бара жатқан тәрізді. 

«Жоқ,  одан  да,  хат  етіп  жазып  берейін.  Міне,  осым  жӛн,  осы  дұрыс» 

деген  ойға  келдім.  «Ауызша  айтқанда,  мүмкін,  бірдеңелерді  ұмытып,  айта 

алмай  қалармын.  Ал  хатта  қатырып,  тәптіштеп  тұрып,  бәрін  де  жазуға 

болады». 

Күн райы бүгін бұзылыңқы. Күз болғанын білдіргісі келгендей желдетіп, 

қабақ түйіп тұр. Талайдан бері мӛлдіреген ашық еді, сірә, жауатын түрі бар. 

Жасарын  бұрынырақ  жасап  болып,  үзіліп  түскен  бірлі-жарым  қуаң  сарғыш 

жапырақтар байқалады кӛшеде. 

Мен  тамақтанып  отырғанда,  тысырлап  күн  жауа  бастады.  Жынды  бір 

құйын есік алдында зыр қағып, ана босағаға бір, мына босағаға бір соғылды, 

шаңдатып  жіберді.  «Мына  қан  жауғыр  қайтеді»  деп,  әжем  есікті  жабуға 

ұмтылып еді, құйын оны одан бетер ызаландырмақ болғандай лезде аяғының 

дәл астынан келіп шықты да, кӛйлегін дӛңгелентіп, кеуектей түріп жіберді. 

Кешегі  уәдеміз  бойынша,  Сұлтан  келіп  қалар  деп  күтіп  едім.  Келмеді. 

Тап  қазір  оның  келмегеніне  мен  қуанбасам,  ренжігем  жоқ.  Tӛp  үйге  кіріп, 

столыма жайғасып отырдым да, Жанарға хат жазбақшы болдым. Сағат қазір 

бір жарым. 

Сағат екі болды... 

Екі жарым болды... 



57 

Sauap.org

 

Үш болды... 



Столымның  үсті  қиқымдалып  жыртылған  қағазға  толып  кетті.  Осының 

бәрі  Жанарға  жазылған  хаттар.  Жазамын,  ұнамайды  —  жыртамын.  Тағы 

жазам  —  тағы  жыртам,  бір  дәптерді  тауысуға  айналдым.  Жай  сӛзбен  де 

жазып  кӛрдім,  ӛлеңдетіп  те  жазбақшы  болдым.  Болмайды,  кӛңілімдегі 

лықсып  тұрған  кӛрікті  ой  қағазға  түскенде  ӛңезіп,  ӛңі  қашып  кетеді.  Жай 

ғана әсерсіз бірдеңе болып шығады. 

«Жанар, мен сені керемет жақсы кӛрем!». 

Тфу, осы да сӛз бе. Жақсы кӛрудің кереметі, керемет емесі бола ма екен? 

«Жанар, мен сүйем сені!». 

Қандай тұрпайы — құлды кинодағы секілді. 

«Ж... Қозы мен Баян секілді болайық». 

Жо, бұл да емес. Іс-міс жоқ, түйеден түскендей етіп, бұл ненің қисыны. 

Әуелі  бас  жағын  былай...  жұқалап  жазу  керек  емес  пе.  Содан  біртін-біртін 

дамытып... сонда қалай жұқалап, қалай дамытпақшымын? 

Екі нәрсені жазудың қиындығына менің кӛзім әбден жетіп болды. Бірі — 

қызға хат жазу, екіншісі — шығарма. Ӛлең жазғандай емес, мұның машақаты 

да  жетерлік  кӛрінеді.  Мінекей,  осы  повесті  жаза  бастағаныма  екі-үш  айдың 

жүзі  болды.  Қашан  аяқтаймын,  немен  аяқтаймын,  ол  жағы  маған  әлі  мәлім 

емес.  Не  де  болса,  бір  тиянаққа  тезірек  келіп,  бас-аяғын  кӛмкеріп:  «Ал 

халайық, ендігі тӛрешісі ӛздерің болыңдар. Мен қолымнан келгенін істедім. 

Бағасын  ӛздерің  беріңдер»,  —  деп,  жұртшылық  талқысына  ұсынғанша 

асықпын-ақ. 

Әрине,  мен  бұл  повесті  ойдан  шығарып  немесе  басқа  біреу  туралы 

жазып отырсам, онда тағы қанша жазарымды, оның немен тынарын да күні 

ілгері тұспалдап білген болар едім ғой. Менің қазіргі мүмкіндігім ондай емес. 

Ӛз басымнан кешкен оқиғаларды тізбектеп отырған хатшы тәріздімін. Бірақ 

сол  іркес-тіркес оқиғаларды біріне  бірін  қалай болса, солай  матап,  жапсыра 

бергенмен,  ол  кӛркем  шығарма  бола  ма.  Әрине,  болмайды.  Сыншылар 

айтатындай,  оны  жазушылық  електен  ӛткізіп  ӛңдеуім,  сұрыптауым,  бір 

желінің  бойына  маржандай  етіп  тізе  білуім  қажет.  Творчестволық  еңбектің 

осы  нәзік  жақтары  менің  қолымнан  келіп  жатыр  ма,  келмей  жатыр  ма? 

Құрметті  оқушымды  жалықтырып  жіберген  жоқпын  ба,  неғұрлым  ілгерілей 

түскен сайын, мені осы жай қатты толқытып, жүрексіндіреді. 

Бірақ достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати 

ма?  Қиындыққа  құлаш  сермеу  біздің  салтымыз  емес  пе?  Бастап  қалған 

екенмін, бұл еңбекті жеті қабат терім сылынса да аяқтап шығуға міндеттімін. 



58 

Sauap.org

 

 

ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУДА 



 

Біздің  қарақшылық  өміріміздің  бірінші  және  ең  соңғы  күні 

сипатталады. 

 

Кеше  кешке  дейін  күннің  кӛз  жасы  тыйылмады.  Біз  тоғайға  келе 

алмадық. Бүгін таңертең тұрып қарасақ аспан мӛлдіреп тұр. 

- Кеттік! — деді Сұлтекең. 

- Кеттік. 

Торы атқа баяғыша екі ер ерттеп міндік те, жӛнеп бердік. 

Екеуіміз  де  қарулымыз.  Мен  Сұлтанның  мүйіз  сапты  кӛздігін  беліме 

тағып алдым. Ал Сұлтанның тақымында шиті мылтық. Құдай жолды оңғарса 

деп, бұл біздің аң аулап шыққан бетіміз. 

Түске  дейін  сандалып,  ештеңе  де  ата  алмадық.  Бірер  жерден  қоян 

кездесіп  еді,  орғып  безіп  бара  жатқанда,  адам  тіпті  кӛздеп  үлгеретін  емес. 

Әйтеуір, бетке алып тұспалдап атқан оғымыз лағып, тимей кетті. 

Ұнжырғамыз түсіп, шаршап келе жатқанбыз, ӛзен жағасында бір топ қаз 

жайылып  жүр  екен.  Бұл  ара  ауылдан  алыстау,  едәуір  жер.  Сұлтан  оқтаулы 

келе жатқан мылтығын кезеп: 

- Мына қаздың біреуін жалпасынан түсірейін бе? — деді. 

- Қой, пәлесіне қаламыз. 

Сӛйткенше  болмады,  Сұлтекең  басып  салды.  Қаздың  бірі  жалп  етіп 

құлап  қалды.Тыпыр-тыпыр  етіп,  тұра  алмай  жатыр.  Аяғын  серейте 

қарыстырып бір ышқынды да, қаз ӛліп қалды. 

- О, Құдай атсын! Пәле болды ғой. Енді қайттік? 

- Ешкім кӛрген жоқ. Күркеге апарып, пісіріп жейміз. 

Қазды алып, соқтырғаннан соқтырып отырып, күркемізге келдік. Келсек, 

мына  қызыққа  қараңыз,  күркеміздің  іші  тағы  да  әптер-тәптер.  Азық-

түлігімізді  салып,  аузын  буып,  тығып  кеткен  дорбамыз  пәре-пәресі  шығып, 

жыртылып жатыр. Бірдеңе нанымызды жеп, картобымызды шашып кетіпті. 

- Бұл, мен білсем, түлкі сұмпайының істеп жүргені, — деді Сұлтан. 

Қарнымыз әбден ашып кетіп еді, ас істеп ішудің қамына кірістік. Сұлтан 

бұрқылдатып қаздың жүнін жұла бастады. Мен шепшек теріп, от жақтым, 

Қаз семіз екен. Сұлтекең теңкитіп қырағынан ұстап, үйтіп отыр. 

Кенет дәл бет алдымыздағы талдың арасынан сумаң етіп, бір салт атты 

шыға  келді.  Сұлтан  екеуіміз  қазды  тықпақ  түгіл,  қас  қағып  та  үлгермей 

қалдық. Салт атты мектеп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал еді. 

- Оу, балалар, бұларың не? 

- Жай... мына бір қаз атып алып едік, пісіріп жейік деп отырмыз, — деді 

Сұлтан. 


- Қайдан атып алдыңдар? 

- Ұшып бара жатқанда атып алдық, — деп Сұлтан аспанға қарап қойды. 



59 

Sauap.org

 

- Қой, сендер қаз атып алсаңдар... мынау жабайы қаздай емес, үлкен ғой, 



тегі. 

- Әдейі үлкенін таңдап аттық, — деді Сұлтан. 

Шал  біздің  шашылып  жатқан  ыдыс-аяқ,  киім-кешегімізге,  аузы 

үңірейген  күркемізге,  осы  араны  сары  қоныс  етіп,  жайлап  алған  түрімізге 

қарап, одан бетер шүбәлана түсті: 

- Сендер ӛздерің осы араны жайлап алған түрлерің бар ғой? 

- Бұл біздің балық аулайтын жеріміз, — дедім мен. 

- Тұсаулы жирен ат кӛздеріңе түсті ме? 

- Жоқ, байқамадық. 

Атының басын бұрып, кете беріп, шал: 

-  Сұмпайылар,  әлдекімді  сорлатқан  екенсіңдер.  Мыналарың  атып  алған 

жабайы қаз емес. Қаз атып алу сендерге қайдан келсін. Егер қазым жоғалды 

дейтін пенде болса, мен сендердің сазайларыңды бергіземін, — деді. 

Пәле болды деген бір қауіп менің ішімде қып ете қалды. 

Осы араны қорда етіп, қарақшылық істемек болған «тапқыр» ойымыздан 

табанда  бас  тартуға  тура  келді.  Ондай  кәсіптің  неге  апарып  соғуы  мүмкін 

екенін  жаңағы  Ахмет  шалдың  тап  болуы  аңғартып  кетті.  Қиырдағы  барса 

келместің аралына бекініп алғандай ауылдың дәл іргесіндегі тоғайдан күрке 

сайлап,  оны  жан  адам  таба  алмайды  деп  жүрген  біз неткен  ақымақтармыз... 

Жалпы, қарақшы дегеннің ӛзі осы кезде ақылға сия ма? Қарақшылар бұрын 

байларды, кӛпестерді тонаған. Біз кімді тонамақшымыз? Тонамақ түгіл, осы 

күні біреуге қолыңды кӛтеріп кӛрші. Милиция апарып, кӛзіңді жылтыратып 

қамап қойсын. 

Қарақшылық ӛмір жайында Сұлтан екеуіміз енді осылай топшыладық. 

Семіз  қаздың  еті  бір-ақ  салып  асуға  шелегімізге  сыймады.  Екі  бӛліп 

асып,  әзер  жеп  тауыстық.  Арасында  балық  ауладық.  Суға  түстік.  Бүлдірген 

теріп  жедік.  Сонымен  күнді  батырдық  та,  ыдыс-аяқ,  торымызды  артынып-

тартынып, қас қарая үйге келдік. Бұл біздің қарақшылық ӛміріміздің бірінші 

және ең соңғы күні болды. 

 

ЖИЫРМА EКIHШІ ТАРАУДА 

 

Бақа мен қаздың шуы, жайлаудан мамамның келуі, 

әжемнің мені қорғауы сөз болады. 

 

«Бір айналдырғанды Құдай шыр айналдырады» деген сӛз бар. Соңғы екі-



үш  күннің  ішінде  басымнан  кешкен  оқиғалар  мені  есімнен  тандырды. 

Майқанованы  талдырып  түсірген  бақаның  шуына  Әбдібайдың  шатағы 

ұласты. Біз жеген қаз дүкенші Әбдібайдікі екен. Оның кӛкбет қатыны келіп, 

біздің  үйдің  әлегін  аспанға  шығарды.  Шіркіннің  айтпаған  сӛзі,  атпаған  оғы 

қалсайшы:  «Ұрысың!  Қарақшысың!  Баскесерсің!  Қаршадайыңнан  осыны 

істеп  жүрсің,  жүре  бара  кім  болам  ғой  дейсің.  Әлі  біреудің  басын  кесіп, 

сотталасың. Итжеккенге айдаласың». 


60 

Sauap.org

 

Мен ӛзімді ӛзім онша біліңкіремей жүреді екем, Әбдібайдың қатынының 



айтқандарына  қарап,  тӛбе  шашым  тік  тұрып  кетті.  «Япыр-ай,  шынымен-ақ 

осындаймын ба?» деген ойға қалдым. 

Әйелінің  соңынан  түтігіп  Әбдібайдың  ӛзі  келіпті.  Жұрт  оны 

«Жұмыртқадан  жүн  қырыққан  Әбдібай»,  «Қу  бастан  қуырдақтық  ет  алған 

Әбдібай»,  «Шық  татырмас  Шығайбай  Әбдібай»  деп  бекер  айтады  деймісің. 

«Қазым  қаз  емес  еді.  Асыл  тұқымды  қаз  еді.  Ондай  қазды  бұл  аудан  түгіл, 

облыс  кӛлемінен  таппайсың»  деп,  оның  тӛлемі  үшін  біздің  бағлан  қара 

қозыны  алып  кетті.  Бұнымен  де  тынбады,  мені  желкелеп  директорға  алып 

барды. 

Ахметов қатал адам. Шынымды айтсам, мен оның алдына барған сайын 



қалтырап  тұрам.  Сусылдаған  қызыл  күрең  шашы  желп-желп  етіп,  қабаты 

түксиіп,  шүйлігіп  қарағанда,  сұп-суық  кӛздері  адамның  ӛңменінен  ӛтеді. 

Майқанованы талдырып түсірген бақаның кесірінен мен кеше осы кабинетте 

бір сағаттан артық болып, жарты ӛмірімді беріп шығып едім. Енді, міне, түн 

айналмай тағы бір шұрқан арқалап және мӛлиіп келіп тұрмын. 

Әбдібай  қайдағы  жоқ  пәлені  кӛкітіп,  қаздың  оқиғасын  есірте  баяндап 

берді.  Ахметов  сызданған  қалпы,  үнсіз  отырып  тыңдады.  Оқта-текте  кӛзін 

ғана бұрып, маған қарап қояды. Мен еріксізден жерге қараймын. 

Әбдібайды  тыңдап  боп,  Ахметов  стол  үстіндегі  телефонның  тұтқасын 

бұрай  бастады.  Жайлауды  сұрады.  Одан  сатылап  сүт  фермасы,  бірінші 

бригадамен жалғасты. Телефонмен менің мамамды шақырып алды. 

-  Бұл  кім?  Саламат  боларсыз,  Миллат  апай.  Шаруаңыз  күйлі  ме?  Бұл 

Ахметов  қой,  мектептен.  Аманшылық,  түгел  аман.  Миллат  апай,  сізге 

айтайын  дегенім  мынау  еді:  сіз  ертең  қалайда  ауылға  келіп  кетсеңіз. 

Маңызды  бір  шаруа  болып  тұр.  Қожа  жайында.  Біз  ол  жӛнінде  ӛзіңізді 

қатыстыра  отырып,  педсоветте  арнаулы  мәселе  қарамақшымыз.  Балаңыз 

нағыз бір оңбаған жолға түсіп алған... 

Менің  ӛзегіме  шыжылдап  қайнап  тұрған  ыстық  майды  қотарып  құйып 

жібергендей  болды.  Арқа-басым  шымырлап,  терлеп  кетті.  Тап  қазір 

алдымдағы жер тесік болса, кӛзімді шарта жұмып, күмп берген болар едім... 

Ахметов ұзақ сӛйлесті мамаммен. Сонан кейін трубканы орнына қойды 

да: 


- Жайлаудан шешең келеді, сонан соң сӛйлесеміз, бар, — деді маған. 

Мектептен  құр  сүлдерімді сүйретіп  шыққандай болдым.  Байғұс  мамам, 

әлгі әңгімеден кейін қандай күйге түспекші. Ішкені ірің, жегені желім болады 

ғой. Онсыз да кӛңілі жарым адамды азапқа салып ӛлтіретін болдым-ау. 

 «Қожа ӛйтіп қойды, Қожа бүйтіп қойды. Қожа бүлдірді» деп, былтыр да 

жыл  бойына  Майқанова  оның  құлағын  талай  сарсытып  еді.  Енді,  міне,  оқу 

басталғанына бір ай болмай жатып, тағы басталды... 

Біздің  қораның  тӛбесінде  жуырда  ғана  үйілген  жас  жоңышқа  бар  еді. 

Келген  бойда,  үйге  кірместен,  соның  үстіне  шықтым  да,  иттің  ұясындай 

шұқырлап  алып,  етпетімнен  жатып  қалдым.  Ешкімді  кӛргім,  ешкімге 

кӛрінгім  келмейді.  Сан-сапалақ  ойлар  басыма  бірі  кіріп,  бірі  шығады: 


61 

Sauap.org

 

«Педсоветте  қарағанда,  не  айтпақшы?  О,  Тәңірім,  менің  де  тыныштық 



табатын күнім бола ма, жоқ па? «Осы аурудан жаным қалса, ендігі аурудың 

алдымен кетер едім» деген екен  біреу. Сол айтпақшы, осы жолы бір жайлы 

болсам, бұдан былай қой аузынан шӛп алмайтын момақан болып жүрер едім-

ау». 


Осындайда  сүйеу  болудың  орнына,  Сұлтан  досым  қарасын 

кӛрсетпестен,  тағы  да  зым-зия  жоғалды.  «Оңбаған  ӛтірікші,  диірменші 

Иванның торын әкеліп берем деп алып еді, апарып берген де жоқ, тор, әне, 

біздің үйдің тӛбесінде жатыр. Адамшылық дегеннен жұрдайсың-ау, Сұлтан. 

Енді  сенің  маңыңа  жолай  қоймаспын...».  Әр  қилы  мазасыз  ой  тепкісінде 

қалжырап  жатып  ұйықтап  кеткен  екенмін.  Тұмсығымның  дәл  астынан  трт-

трт-трт-трт  деген  дауыстан  селк  етіп  ояндым.  Кӛзімді  ашып  алсам,  тӛңірек 

ала кӛлеңке, кеш батып қалыпты. Мен жатқан кез бесін шені еді. Қалай кӛп 

ұйықтағанмын. 

Есіктің  дәл  алдына  босағаны  тірей  келіп  тоқтаған  үш  дӛңгелекті 

мотоциклді  кӛрдім.  Одан  екі  адам  түсіп  жатыр.  Бірі  еркек,  бірі  әйел. 

Мотоциклдің  иесін  танып,  әлгіден  бетер  селк  ете  қалдым  —  Қаратай  еді. 

Қасындағы менің мамам. 

Кӛше жақтан қолына ошақ ұстап әжем келе жатыр: 

- Миллатпысың? Ат-кӛлігің аман ба? 

Мотоциклге  мініп  келген  адамға  әжемнің  «ат-кӛлігің  аман  ба»  деуі 

маған сӛкеттеу кӛрініп кетті. 

- Мына ошағыңыз не? — деп сұрады мамам. 

-  Балалар  тиіскен  бе,  бір  сирағын  түсіріп  тастапты.  Соны  бағана  ұстаға 

апарып тастап едім. 

-  Әй,  жарықтық-ай,  не  керегі  бар  мұның.  Пайдаланып  жатпаған  соң, 

тастамайсыз ба лақтырып. 

-  Неге  тастаймын.  Мүлік  емес  пе.  Әкем  марқұмнан  қалған  бір  кӛз  ғой. 

Жайша келдің бе? 

- Жұмысты тастап, жайша адам келуші ме еді. Әлгі жер-әлемді шулатып, 

ӛрт қойып жүрген бұзақы балаңның әлегі. 

- Бұзақы боп, ол не істепті? Ел тонап, кісі ӛлтіріп пе? — деді әжем. 

-  Біреудің  қазын  ұрлап  сойып  жеу  —  ел  тонаған  емес  пе  екен?  Сабақ 

үстінде мұғалімді шошытып талдырып жыққан адам тура бара кісі ӛлтіруден 

тайынбас. 

-  Бақа  әкел  деген  ӛздері  кӛрінеді  ғой.  Бір  Қожа  емес,  осында  ӛзге 

балалар да мұғалім әкел деді, соямыз деп, кӛлшіктен бақа ұстап алып жүрген. 

Енді соның бәріне баяғы аты шулы Қожа кінәлі. 

- Сонда әкелген бақаны оған мұғалімнің сумкасына салып қой деп пе? 

- Әдейі салды деймісің, тарбаңдаған неме ӛзі кіріп кетті де. 

Оңбай кетейін, әжемнің сӛзі мені елжіретіп жіберді. 

Балапанын  қорыған  мекиендей  шыр-шыр  етіп,  сотқар  немересін 

қамқорына алуын қарашы. Әй, жаным әжем, қайырымды әжем, менің кінәлі 

екенімді біле тұрып ӛстесің-ау. 


62 

Sauap.org

 

-  Балаға  қорушы  болғанның  жӛні  осы  деп,  оның  терісін  де  дұрыс, 



дұрысын  да  дұрыс  деп,  сіз  бүлдіріп  жүрсіз.  Бір  мезгіл  жазғырып,  қатал 

ұстасаңыз, ол мұндай жолға түспеген болар еді, — деді мамам. 

-  Менің  Қожашым  тірі  болса,  ешкімнен  кем  болмайды.  Ӛсе  келе  ӛзі-ақ 

түзеліп кетеді. Сабырбек нағашысына тартқан. Ол да жас кезінде осы секілді 

шығаннан шыққан сотанақ еді. Бұл қайта оқу оқып, мұғалімдерінің айтқанын 

орындап,  кейде  әтіншік  боп  жүр  ғой.  Ал  Сабырбек  нағашысы  осындай 

күнінде молданы қақ басқа таяқпен бір салып қашқан болатын. Кейін есейіп, 

балалы-шағалы  бола  бастағанда,  ӛзі-ақ  түзеліп  кетті.  Қожатай  да  сӛйтеді. 

Бала күнінде баланың бәрі тентек, — деп әжем шұбатып ала жӛнелді. 

-  И-и-и-и,  жарықтық-ай,  —  деп  мамам  қолын  бір-ақ  сілтеді.  —  Сіздің 

мына ӛсиетіңізді тыңдап ӛскен бала қалай оңсын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет