Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

 ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ТАРАУДА 

 

Жиырма жетінші тарауға бастап апарады. 

 

Астын  үстіне  келтіріп  дауыл  сапырған  кӛк  теңіздің  тепкісінде  жалғыз 



қайықшы  қаңғалақ  ойнайды.  Бірін  бірі  тықсырған  арқырауық  ақжал 

толқындар  әлгіні  бірде  жаңқадай  ұшырып,  аспанға  алып  шығады  да,  бірде 

теңіздің шыңырау түбіне тастап келіп жібереді. Қайықшы байғұстың қайраты 

сарқылған,  амалы  таусылған.  Тӛніп  келген  қатерге  бақырая  қарап  тосып 

алғаннан  басқа  шарасы  жоқ.  Тағдырының  немен  тынарына  кӛзі  жетпей, 

жегідей жеген күйзеліс минуттары... 



72 

Sauap.org

 

Мен  ӛзімнің  соңғы  күндері  бастан  кешкен  хәлімді  кӛз  алдыма  осылай 



әкелемін.  Дауыл  сапырып  ӛтті,  жан  қалды.  Енді  ес  жиып,  ойлауыма,  ӛзіме 

ӛзім есеп беріп, толғануыма болады! 

Әрине,  бәріне  ӛзім  айыптымын.  Осының  бәрі  тәртіпсіздіктің,  мінез-

құлқымның  нашарлығының  кесапаты.  Әйтпесе,  ана  Темір  құсап  ӛзімді  ӛзім 

үлгілі ұстап, тек жүріп, тек тұрсам, мұндай жағдай болар ма еді. Аяулы алтын 

мамам арып-талып жайлаудан жұмысын тастап келер ме еді! Қасірет шегіп, 

қапаланар ма еді? Жоқ, жетеді! Ақымақтықты енді доғаруым керек! 

Түзелуім керек. 

Бұл менің түзелемін деп ӛзіме ӛзім бірінші рет уәде беруім емес. Талай 

рет уәде бердім, шындап бердім. Бірақ қанша тыныш жүрейін деп тырыссам 

да,  олай  болмай  шығады.  Не  ет  қызуыммен,  не  басқа  бір  себеппен 

тәртіпсіздік  істеп  қойғанымды  ӛзім  де  байқамай  қалам.  Жоқ,  енді  олай 

болмауға тиіс! 

Таңертең мамам жайлауға қайтпақшы болды. Атын әкеп, ерттеп бердім. 

Ол менің басымнан сипап тұрып: 

-  Ал  Қожатай, ақылың бар  баласың. Бәрін ӛзің  түсінуің  керек. Егер  сен 

тағы  бір  шулыған  шығаратын  болсаң,  онда  маған  ӛкпелеме.  Осы  кӛрген 

азабым да жетеді, ӛмір бойы сенің күйігіңді тартып жүре алмаймын енді мен. 

Әкеңнен қалған үй-мүлікке ӛзің ие бол, мен бұл үйден кетемін, — деді. 

Бұл  сӛзді  естігенде,  менің  кӛз  алдыма  жағал  мотоциклімен  Қаратай 

елестеп  келе  қалды.  Ол  маған  мұртынан  күліп,  масаттана  қарайды:  «Иә, 

әкетемін мамаңды. Сен әжең екеуің осы үйді батып қаласыңдар». 

Мамамды құшақтай алдым: 

-  Жоқ,  маматай,  кетпеші,  кетпеші,  жаным  мама.  Ендігәрі  тәртіпсіздік 

істесем, оңбай, кӛгермей кетейін... — Кӛңілім босап, кӛзіме жас қаймақшып 

келіп қалды. 

Мамам қолын иығыма салды: 

- Сен жақсы жүрсең, мен ешқайда да кетпеймін. 

- Күйеуге тимеші, маматай... 

-  Адыра  қалсын  күйеуі...  Мен  үшін  сенің  адам  болғаныңнан  артық 

ешқандай да бақыт жоқ, — деді мамам. 

Мамам  жайлауға  жүріп  кетті.  Мен  мектепке  келе  жатырмын.  Кӛңілім 

кӛтеріңкі, бойым сергек. Мамамның: «Адыра қалсын күйеуі. Мен үшін сенің 

адам  болғаныңнан  артық  ешқандай  да  бақыт  жоқ»  деген  сӛзі  құлағымнан 

кетер  емес.  «Сенші  маған,  маматай.  Адам  боламын,  қалайда  адам  болам. 

Мынау деген жазушы болып шықпасам, неғыл дейсің. Мен енді кешегі Қожа 

емеспін,  басқа  Қожамын.  Ӛзгерген  Қожамын.  Бүгін  менің  жаңа  ӛмірімнің 

бірінші күні». 

Нұрила  кемпірдің  үйінің  алдында  қара  қаншық  сүйек  кеміріп  жатыр. 

Оған  байқатпай,  жерден  жұдырықтай  тасты  іліп  алдым.  Тұсынан  ӛте  беріп, 

қаңқ еткізіп дәл бүйірден жіберіп қалмақшымын. Кенет сап етіп бір ой келді 

басыма: «Япыр-ау, бұл ит маған не істеді? Мен оны неге ұрамын? 



73 

Sauap.org

 

Сосын  үйден  иесі  шықпай  ма  жүгіріп.  Қарғап,  тілдемей  ме  мені? 



Тәртіпсіздік деген, міне, осындайдан туады екен ғой». 

Қолымдағы  тасты  былай  лақтырып  тастап,  ӛзімді  ӛзім  іштей  сӛгіп, 

жӛніме кете бардым. 

Келесі кӛшеге бұрылғанда, алдымда Жанар кетіп бара жатқанын кӛрдім. 

Қоңыр  кӛйлектің  етегі  дӛңгелене  тӛгіліп,  шатын  бойына  жарасып  барады. 

Басында  мен  ұнататын  қызыл  беретка.  Қолтығымнан  қанат  біткендей 

жеделдей  басып,  Жанарды  лезде  қуып  жеттім.  Ол  менің  сыбысымды  естіп, 

жалт бұрылып қарады. 

- Саламатсың ба, Жанар? 

- Амансың ба? 

Жанардың сол жақ иығына жұққан болмашы әк кӛзіме шалына кетті. 

- Жанар, иығыңды былғап алыпсың ғой? 

Жанар тоқтай қап, басын иығына бұрды: 

- Кәне? 


- Міне. 

Шертіп-шертіп жіберіп едім, әк кетіп қалды. Және сүрткілеп жатырмын. 

Жанардың  жұп-жұмыр  әдемі  иығы  алақаныма  біліне  түскен  сайын 

айырылғым келмейді. 

- Рақмет, — деді Жанар. 

Екеуіміз қатарласып келе жатырмыз. 

- Кеше сен қорықтың ба, оқудан шығарады екен деп? 

-  Неге  қорқам,  шығарса,  Сартоғайдағы  нағашымдікіне  барып  оқитын 

едім. Сен білесің бе ондағы мектептің қандай екенін? 

- Қандай? 

- Екі этажды. Физкультура залын кӛрсең ол мектептің... 

Не болса, соны сӛйлеп бара жатқанымды сезе қойдым. 

Біраз мүдіріп, тӛңірегіме қарап алдым да, кенет: 

- Жанар, — дедім. 

- Не? 

- Менің кеше хатты кімге жазғанымды білесің бе? 



- Қай хатты? 

- Жиылыста Жантас айтқан хатты... 

Жанардың жүзі қып-қызыл болып кетті: 

- Кімге жазып едің? 

Ӛкпем аузыма тығылды. 

- Жай... ойнап айтам... — дедім. 

 

ЖИЬІРМА ЖЕТІНШІ ТАРАУДА 

 

Құпия кеңес жайы сөз болады, повесть осымен аяқталады. 

 

Кешкі  астан  кейін  тӛр  үйге  кіріп,  стол  шамды  жақтым  да,  сырттан 



ештеңе кӛрінбестей етіп терезе перделерін түсірдім. Бұрышта кісі бойы үлкен 

74 

Sauap.org

 

айып тұр. Столымды соның дәл алдына тақап қойдым да, дүниені шулатып, 



сойқандап жүрген қылмыскер Қожамен бетпе-бет келіп отырдым. 

- Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн 

тәртібінде  бір-ақ  мәселе  —  тәртіпті,  үлгілі  оқушы  болу  үшін  мен  бұдан 

былай не істеуім керек? 

Күн  тәртібін  протоколға  мәнерлеп  жаздым  да,  қылмыскердің  жүзіне 

қарадым: 

- Ал сӛйле, батырым. 

Ол  арсыз  бұның  бәрін  қалжың  деп  ойлайтын  болу  керек,  күледі  маған 

қарап. Кӛзін бағжитып, ернін шығарып, аузын қисайтып, келекелейді ӛзімді. 

Оның бұл қылығына менің ызам келіп, ашуым қайнап кетті. Қабағымды қарс 

түйіп, Ахметовке еліктеп, столды тарс еткізіп қойып қалдым: 

- Түрегел! 

Батырыңа жан керек екен, ұшып түрегелді. 

- Отыр! 


Қайта отырды. 

- Неге шақырдың, Қожатай? — деп әжем кіріп келе жатыр. 

- Шақырғам жоқ, ары барыңыз. 

- Дауыстағандай болдың ғой? 

- Сізге емес... жайша. Мұнда құпия кеңес ӛтіп жатыр. Бӛгет жасамаңыз. 

- Кеңесі несі? 

- Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе? Жиылыс, жиылыс ӛтіп жатыр. 

Әжем бір сәтке аңырып, үрке қарап қалды. 

-  Әкем-ау,  мынау  не  айтады?  Жиылысы  несі?  Столды  айнаның  алдына 

неге қойдың? 

- Ту, жарықтық-ай, — деп кейідім мен, — ӛзіңізге тиісті емес нәрседе не 

шаруаңыз бар. Мен құпия кеңес ӛткізіп жатырмын. Ӛзім, ӛзім туралы мәселе 

қарап жатырмын. Сізге қатынасуға болмайды. 

Әжем  менің  қасыма  келді.  Қарасы  қызғылттанып,  жасаураған  қоңыр 

кӛздері ӛңменімнен ӛтіп барады. 

-  Қожатай,  шыбыным...  сен...  бисмилла  деші.  Бисмилла  деші, 

шыбыным...  Түнде  де  ұйықтап  жатып,  жиылыс  ашық,  талқылаймын  деп, 

бірдеңелерді  айтып  шығып  едің,  шошымалданып  жүрсің  ғой  деймін. 

Бисмилла деші... 

Ыза болғаным соншалық: 

-  Бисмилла!  Бисмилла!  Бисмилла!  —  деп  нығарлап  үш  рет  айттым.  — 

Болды ма? Жоқ, тағы айтайын ба? 

-  Шыбыным...  жалғыздан  жалғыз  отырып  та  адам  жиналыс  ӛткізе  ме 

екен?  Түн  болса,  сарылып  кӛп  оқисың.  Осы  сенің  ұйқың  қанбай  жүр  ғой 

деймін? 

Мен орнымнан ұшып түрегелдім: 

- Айналайын әжетай, барыңызшы. Бӛгет жасамаңызшы. 

Тартыншақтағанына  болмай,  әжемді  шығарып  жібердім  де,  есікті  іліп 

алдым. 


75 

Sauap.org

 

...Құпия  кеңес  бір  сағаттай  уақытқа  созылды.  Ақыры  тӛмендегідей 



тұжырымға кеп, бірауыздан қаулы қабылданды. 

Қаулы.  Қадыров  Қожаның  жеке  бас  тәртібіне  байланысты  мәселені 

талқылай кеп, құпия кеңес мынадай қаулы алады: 

«БІРІНІШ. Тәртіпсіздік кісіні жексұрын кӛрсетіп бітеді екен. Оған кӛзім 

әбден  жетті.  Әрі  бұл  адамның  келешегі  үшін  зиян.  Тәртіпсіз  болсаң, 

комсомолға  да  алмай  қоюы  мүмкін.  Сондықтан,  қалай  еткенде  де,  тәртіпті 

болуым керек. Ол үшін: 

а)  Бұдан  былай  ешкімге  тиіспей,  жайыма  жүремін.  Досым  болсын, 

қасым болсын, бейбіт қатар ӛмір сүруге тырысамын. 

ЕСКЕРТУ!  Егер  тиісуші  мен  болмай,  басқа  болса,  оған:  «Аулақ  жүр, 

жақсылық  кӛрмейсің»  деген  тәрізді  ескертпелер  жасауым  керек.  Онда  да 

тыңдамай, баса кӛктеп  келе жатса, мұндай жағдайда, қажет деп тапсам, қол 

да жұмсау арқылы қорғануға еріктімін деп санаймын. 

ә) Осыдан осылай ешқандай тәртіпсіз, тұрпайы сӛзді аузыма алмаймын. 

Үлкенді аға, кішіні іні деп тұрам. 

ЕКІНШІ.  Әрбір  тәртіпсіздік  қылығым  үшін  дер  кезінде  аяусыз 

жазаланып тұруым тиіс. Жазаның түрі тӛмендегіше болады: 

а) Егер біреуге ӛзім тиісіп, шатақтассам, ол күні бір мезгіл ас ішпеймін. 

ә)  Біреуді  жазықсыз  тілдейтін  болсам,  кезекті  демалысымда  ешқандай 

қия басып шықпаймын, үйде отырам. Яғни ӛзімді үйге қамаймын деген сӛз. 

б)  Сабақ  үстінде  тыныш  отырмағандықтан  мұғалімнен  ескерту  еститін 

болсам, ол жолғы үзілісте тысқа шықпай орнымда отырамын. 

в) Егер біреу-міреудің лақ-қозысы, тауық, қазы, иті біздің үйдің маңына 

жолап  кетсе,  аямай  ұрып  қуалайтын  жыным  бар.  Алмастың  қызыл  қоразын 

сӛйтіп  ӛлтіріп  қойдым.  Бұным  да  жарамайды,  жай  айдап  жіберуіме  де 

болушы  еді  ғой.  Ендігәрі  бұндай  қылықтарым  қайталанса,  жоғарғы  тауық 

базға демалмастан екі рет жүгіріп барып келем. 

ҮШІНШІ.  Сұлтанмен  жолдастық  қарым-қатынасым  бұдан  былай 

үзіледі.  Ол  екеуіміздің  сертіміз  бүгіннен  бастап  күшін  жояды.  О  дүниедегі 

қызыл ошақ жайына келетін болсақ, мен Құдайға сенбеймін, сондықтан мені 

дозақ оты сескендіре алмайды. 

ТӚРТІНШІ.  Сабақты  жақсы  оқу  —  үлгілі  оқушының  бірінші  белгісі. 

Мен  осы  тоқсанның  ішінде  қалай  еткенде  де  озат  оқушылардың  қатарына 

қосылуым керек. Ол үшін: 

а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын. 

ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырам. 

БЕСІНШІ. 

Жоғарыда 

қабылданған 

міндеттемелердің 

мүлтіксіз 

орындалуын  қамтамасыз  ету  үшін,  күн  сайын  ұйықтар  алдында  ӛзіме  ӛзім 

есеп  беріп,  жақсы-жаман  қылықтарымды  осы  дәптерге  тізіп  жазып 

отырамын. 

Осы айтылғандарды жүзеге асыру мен үшін ұлы сын. Егер осы сыннан 

ӛте  алмайтын  болсам,  онда  маған  бұдан  былай  оқу  оқып  қажеті  жоқ.  Анам 



76 

Sauap.org

 

байғұсқа  күйігімді  тартқыза  бермей,  адам  болатын  басқа  бір  жолды  іздеп 



жоғалуым керек». 

Қаулы бірауыздан қабылданды. 

Осы  кезде  ауыз  үйден  тысырлаған  аяқ  сыбысы,  біреулердің  сӛздері 

естілді. Есікті тартқылап қаға бастады. 

- Қожатай, аша ғой, шыбыным... 

Түрегеліп  барып  есікті  аштым.  Әжем  мен  Әубәкір  шал  тұр.  Кӛз 

қарастары біртүрлі үрейлі, жұмбақ. 

- Салаумәлейком, қария. 

-  Саламат  бол,  балам.  Сен,  немене,  жападан-жалғыз  есікті  іліп  алып 

отырғаның? 

- Жайша... Сабақ оқып отырғаным ғой. 

- Қожатай, мына атаға тамырыңды ұстатшы, шыбыным, — дейді әжем. 

Шошып қалдым: 

- Heгe? Не бопты?! 

-  Түнде  ұйқысырап  сӛйлеп  шығып  едің.  Кім  біледі...  Мына  атаң  ұстап 

кӛрсін тамырыңды. Ӛңің де біртүрлі балбырап тұрған тәрізді. 

Мен еріксізден күліп жібердім: 

-  Әй,  әжем,  қараңғы  әжем,  мені  ауру  ғой  деп  тұрмысыз?  Ауру  түгіл, 

дәнеңем де жоқ. Сап-саумын. 

Әжемнің  әжімді  маңдайынан  шӛп  еткізіп  бір  сүйдім  де,  жүгіріп  тысқа 

шығып  кеттім.  Шіркін,  бүгінгі  кеш  қандай  әсем  еді.  Ай  жарық.  Аспанның 

тұп-тұнық  кӛк  жібек  шатыры  бар  жиһазын  тағынып  мӛлдіреп  тұр.  Клуб 

жақтан  гармонь  үні,  балалардың  шуылдап  ойнаған  дауыстары  естіледі. 

Бойымда  керемет  бір  жігер  оты  лапылдап,  солай  қарай  бет  алдым.  Ай 

нұрынан орнаған күміс кӛпір белдеулеп бет алдымда, ауылдың дәл іргесінде 

ӛзен  жатыр  жарқырап.  Мӛп-мӛлдір  мына  ғажап  дүние...  «Үш!  Самға!»  деп, 

қолтығымнан қанат бітіретін, арман нысанасына қарай алып ұшатын тәрізді. 

Лаула! Лаула, жігер оты! Самға, қиял құсы! 

Асығатыным да, аңсайтыным да ертеңгі болашағым. 

Мәскеу, 1956 ж. — Алматы, 1959 ж. 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 

алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жҥктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет