Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

БЕСІНШІ ТАРАУДА 

 

Менің Жанармен дойбы ойнауым және 



қиял құсының самғап ұшатын бір шағы айтылады

 

Екі күннен кейін бір топ бала думандатып пионер лагеріне жүріп кетті. 



Мен ішім күйіп ауылда қалдым. Түстен кейін бригадир келіп тұр есік алдына. 

- Қара Қожа, үйдемісің? — деп дауыстады. 

- Үйдемін. — Есік алдына шықтым. 

-  Киім-кешек,  тӛсек-орныңды  дайындап,  әзірленіп  тұр,  —  дейді 

бригадир, — шӛп шабысқа барасың. Ауылдағы балалардың бәрі барады. Шӛп 

жинайсыңдар. 

- Бармаймын, — дедім мен. 

- Неге? 


- Мен үлгісіз, тәртіпсіз оқушымын. Ештеңеге де жарамаймын. 

Менің ренішімнің жай-жапсарын білгеннен кейін, бригадир: 

- Ой, жолың болғыр, жігіт адам соны да сӛз дей ме екен. Не бар дейсің 

сол лагерьде. Қызықтың кӛкесін сен шӛп шабыста кӛресің. Біз онда сендерге 

кӛңіл кӛтеретін барлық жағдайды жасаймыз, — деп үгіттей бастады. 

Үгітте,  үгіттеме,  Қожакең  айтқанынан  қайтпайды.  Әрі  шӛп  шабысқа 

Майқанова  да  барады  дегенді  естідім.  Жоқ,  Майқанова  жүрген  жерде  мен 

жүре алмаймын. Тым құрса, жазғы демалыста одан құлағым тыныш болсын. 

Мамамның  колхозда  сауыншы  болып  істейтінін  мен  сендерге  айтқан 

жоқпын  ба?  Олардың  фермасы  осыдан  бірнеше  күн  бұрын  ғана  жайлауға 

кеткен болатын. Жайлауды кӛрмегеніме бірнеше жыл болды, одан да сонда 

барғаным рахат емес пе деген ойға келдім. Ол үшін кӛлік керек, оны қайдан 

алам? Бригадирден сұрағанмен, бермейді. Шіркін-ай, осындайда меншікті бір 

атыңның  болғаны  абзал  емес  пе.  Қалаған  жатыңа  соқтырып  жӛнелер  едің. 

«Ер канаты — ат» деп қазекем бекер айтпаған ғой. 

Сонымен, атты қайдан табамын? 

Осы  да  сӛз  болып  па?  Қазір  бұрынғы  жеке  меншіктің  заманы  емес. 

Колхоз  малы  —  менің  малым.  Соның  біреуіне  мінемін  де  кетемін. 

Белсенділердің  әрқайсысында  бірнеше  аттан  бар.  Үстеріне  ӛздерінен  басқа 

шыбын  жорғалатпайды.  Жазда  жайлауға  қоя  беріп  семіртеді  де,  қыстыгүні 

қаншырдай етіп жаратып, қасқыр, түлкі қуып шығады. Сонда олар бұл үшін 

колхозға  тӛлей  ме  бірдеңе?  Түк  те  тӛлемейді.  Әкем  Қадыр  осы  колхоз 

құрылған  күннен  бастап  ұста  болып  істеді,  мамам  сауыншы.  Бір  аттың  бір 

күндік терін пайдалануға менің неге қақым жоқ. 

Шешім  қабылданды,  ӛзен  бойындағы  жайылымнан  бетіне  тура  қараған 

аттың  бірін  ұстап  мінеді  де,  Қожекең  түнгі  салқынмен  жайлауға  тартып 

отырады. Сонан соң, бригадир бар, Майқановасы бар, таңертең менің ізімнің 

қалай қарай кеткенін тауып кӛрсін. 

Тамақтанып  болып,  тысқа  шықтым.  Кӛз  байланып  қалған  екен. 

Маужыраған  қоңыр  кештің  құшағында,  қора  аузындағы  сырғауыл  қашаның 



12 

Sauap.org

 

үстінде,  қонақтаған  тауықтай  шошайып  отырмын.  Ойымда  Жанар. 



Түнделетіп жайлауға кетіп қалатын болсам, кӛпке дейін оны кӛре алмаймын, 

сағынамын-ау! 

Мен  кейде  сұрақ  қоям  ӛзіме  ӛзім:  «Жанарды  неге  ойлай  берем?  Оны 

кӛрмесем, ала кӛңілденіп, тынышым кетіп тұратыны несі? Әлде осының ӛзі 

әлгі  жұрт  айтатын,  кітаптарда  жазылатын  не...  емес  пе?».  Япыр-ай,  осы  бір 

сӛзді ойға алғанның ӛзіне селк ете қалам-ау. Егер мұны Майқанова білсе ғой. 

Не болар еді онда күнім? «Ә, Қадыров, қаршадайыңнан қызға ғашық болып! 

Қарай  гӛр  мұны!  Бұл  сұмдықты  саған  кім  үйретті,  о?!».  —  Нағыз  масқара, 

міне, сонда болар еді. 

Менің Жанарға ләм деп бірдеңе айтпақ түгіл, тіпті оның қасына баруға 

жүрексініп тұратын себебім, міне, осы. 

Жанар  үйі  кӛшенің  басына  таман,  ӛзенге  таяу.  Әкесі  Балабек  бригадир 

болып  істейді.  Мамасы  Қырымға  курортқа  кеткен.  Үйде  ӛзінен  басқа,  мені 

онша  ұната  қоймайтын  қытымыр  әжесі  ғана  бар.  Қолыма  таяқ  алып, 

әлдекімдерге  еліктеп  сылти  басып,  солай  қарай  келе  жатырмын.  Жанардың 

тӛбесін анадайдан бір кӛрсем де дәтке қуат емес пе. Мүмкін, ол ұшырасып та 

қалар.  Жайлауға  баратынымды  айтам.  Менің  қайда  екенімді  ол  да  біліп, 

ойлап жүрсін. Жанар мені жайшылықта ойлай ма екен, ойламай ма екен, ә? 

Бұл үйде Жанардың әжесінен бетер сескенетін тағы бір қорқынышым — 

осы үйдің антұрған қабаған қара тӛбеті. Атты кісінің омырауына шапшитын 

жауыз тӛбет. Ол бос болса, үй маңынан тірі жанды қия бастырып ӛткізбейді. 

Жоқ,  қара  тӛбет  байлаулы  екен.  Арты  кӛше  жақтан  келген  біреуге  арс 

үріп,  жұлқынып  тұр.  Мен  бергі  қора  жақтағы  ағаш  шарбаққа  жақындай 

түстім. Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шығып: 

- Ақтӛс, жат. Бар орныңа! — деп зеки бастады. 

Қақпаның ар жағынан әйел дауысы естілді: 

- Жанаржан, әжең үйде ме? 

-  Әжем  бағана  тауық  фермадағы  Сүйінбай  атамдікіне  кетіп  еді.  Әлі 

келген жоқ. 

Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде, қуанышым қойныма сыймады. 

Не де болса, тілдесіп қалуға бел байладым. 

-  Жанар!  —  деп  дауыстадым,  ол  жүгіре  басып  бері  қайтып  келе 

жатқанда. Үнім бейне бір шошыған немесе аяқ астынан ғажайып бір қымбат 

зат тауып алған адамдай жарқын шығып кетті. 

Селк  етіп,  тоқтай  қалды  Жанар.  (Үй  маңдайшасына  электр  шам 

орнатылғандықтан,  есік  алды  сүттей  жарық  еді.).  Дауыстың  қайдан 

шыққанын  тұспалдай  алмай,  тӛңірегіне  жалтақ-жалтақ  қарап  барып  кӛрді 

мені. 


- Кеш жарық, Жанар. 

Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп келіп, ағаш 

шарбақтың үшкіл басынан ұстап, бетпе-бет тұра қалды. 

- Кеш жарық, Қожа. Неғып жүрсің? — деп сұрады ол. 

- Мен түнделетіп жайлауға кетем. 


13 

Sauap.org

 

- Мамаңа барасың ба? 



- Иә, сен неге лагерьге бармадың? 

-  Мамам  келгенше  үйде  болып,  әжеме  кӛмектесем.  Майқанова  апай 

лагерьге келесі кезекке жолдама берем деді. 

Жанар осыны айтты да: 

- Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық, — деді. 

Ӛзегімді  нұрлы  сезім  жарып  ӛтіп,  қолтығыма  қанат  біткендей  болды, 

қашаға пәрменіммен секіріп шықтым да, ар жағына топ ете түстім. Сол кезде 

шынжырын  сылдырлатып  қара  тӛбет  те  арсылдап,  тұра  ұмтылды.  Иттен 

қорыққансып,  Жанардың  білегінен  қысып  ұстап,  жабыса  түстім.  Ит  есік 

алдына жете алмастай етіп байланған екен. Екеуіміз иық түйістіре жүгірген 

бойда үйге кіріп кеттік. 

- Сен дойбыны жақсы ойнаймысың? — деп сұрады Жанар. 

-  Жоқ,  онша  емес,  —  деп  сыпайы  жауап  қайтардым.  Ал  шындығында, 

ӛзім теңдес балалардың кӛбін ұтушы едім. 

Жанардың  бетпе-бет  отырған  сүйкімді  жүзіне,  иығына  тӛгіліп  түскен 

кӛмірдей  қап-қара  әсем  қолаң  шашына  алаң-елең  қарап  толқып  отырып, 

бірінші  ойынды  қалай  ұтқызып  алғанымды  байқамай  қалдым.  Ол  маған  үш 

бұзау  айдатты.  Бірақ  Жанардың  мәз  болған  кейпіне  қарап,  бұл  ұтылғаныма 

ӛзім іштей қуандым да. 

Екінші ойынды әлгіндей емес, сағырақ ойнауға тырыстым. Үнемі қыздан 

жеңіліс  таба  беруге  болмайды  ғой.  Бірақ  үш-тӛрт  жүрістен  кейін  Жанар 

менің үш пешкамды бірден қырып салғаны. 

-  Әллуі!  —  деп,  жағымды  шапалақпен  бір  салып,  отырдым  да  қалдым. 

Берекесі бір ұшқан ойынның мәні бола ма. Лезде тағы ұтылып қалдым. Бұл 

жолы топырлатып, алты-жеті бұзау айдатты. 

-  Байыдың,  байыдың!  —  деп,  Жанар  онан  әрмен  мәз  бола  түсті.  Енді 

менің намысым келе бастады. 

- Қазір ұтамын, — дедім сенімді үнмен. 

- Ұтпасаң, не боласың? 

- Не бол десең, со болайын. 

- Дүние жүзіндегі барып тұрған мақтаншақтың ӛзі боламысың? 

- Жарайды. 

Үшінші  ойын  шиеленісіп  басталды.  Әу  дегеннен-ақ  екі  пешкадан 

қарпысып  алдық.  Бірақ  біраздан  кейін  ойынның  ара  салмағы  тағы  ӛзгере 

бастады.  Бір-екі  жерде  мүлт  жіберіп  алдым.  Жанардың  екі  пешкасы  тағы 

артып кетті. 

-  Әй,  бәлем,  кӛрермін  жеңілмегеніңді,  —  деп  қанаттанып,  оның  мерейі 

аса түсті. 

Менің ендігі үміт артқаным оң жақ шеттегі бір пешкам еді. Түкпірлетіп 

отырып, соны биге алып шықтым. Қырғидай тиіп, жайпармын-ау енді, бәлем. 

Бірақ тап осы кезде майдан даласында мен ойламаған ғаламат бір оқиға 

болды. Айлакер Жанар орта шенде елеусіз тұрған бір пешкасын маған жегізді 

де,  басқа  бір  пешкасымен  менің  әлгі  батырымды  белден  басып,  биге  ӛтіп 


14 

Sauap.org

 

кетті.  Онымен  де  тынбады.  Әлгі  биімен  менің  ӛзге  үш  жауынгерімді  тағы 



жайпап салды. 

-  Ура!  Ұтылдың!  Мақтаншақ  Қожа.  Мен  енді  сені  бұдан  былай 

мақтаншақ Қожа деп атаймын. 

- Тоқта, қалай... қалай боп кетті? 

-  Міне,  былай...  Сен  менің  мына  пешкамды  жедің  бе?  Жедің.  Онан  соң 

мен  былай  жеп,  биге  шықтым.  Одан  кейін,  міне,  былай...  былай...  былай 

жедім. Әй, мақтаншақ Қожа. Ұтамын деп мақтанып едің. 

- Тоқта. Менің әлі де бір биім бар ғой. 

- Оның қолынан не келеді? 

- Кӛрерміз. Сен әлі ұтқан жоқсың. Жүріс кезегі менікі ме? 

Менің бір биіме қарсы Жанардың тӛрт пешкасы қалды. Оның да біреуі 

би. Ал қалғандары да енді еш бӛгетсіз біртіндеп биге шығуы даусыз. Сосын 

тӛрт  қара  би  менің  жалғыз  сары  биімді  аш  бӛрідей  ортаға  алып,  тырп 

еткізбей  бас  салуы  сӛзсіз.  Осы  қатер  айдай  анық  танылып  тұрғандықтан, 

бірден-бір жан сауғалайтын орын — ұзақ жолға шығып кеттім. 

Бұл пиғылымды түсіне қойған Жанар: 

-  О,  қорқақ!  —  деп  ызаландыра  түсті.  —  Састың  ба,  бәлем.  Сонан  соң 

қайда барар екенсің. 

-  Жан-жағымның  бәрі  қатер,  қайда  барушы  едім.  Ұзын  жолдан  қия 

бассам,  мерт  кететінім  сӛзсіз.  Сондықтан  тақтайдың  ол  шетінен  бұ  шетіне 

ілгері-кейін сырғанап, жүрдім де отырдым. 

- Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан. 

- Ӛз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе, шықпаймын. 

- Жоқ, шық ұзын жолдан. 

- Шықпаймын. 

- Ендеше, сен жеңілдің. 

- Жоқ, жеңілгем жоқ. 

- Жеңілдің. 

- Жеңілгем жоқ. 

- Жеңілдің. Бұдан былай мен сені Мақтаншақ Қожа деп атаймын. 

Жанар екеуіміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық. Ол 

«жеңілдің»  дейді,  мен:  «Жеңілгем  жоқ,  кӛне,  ойын  аяқталғанша  ойнаймыз» 

деймін.  «Ендеше,  ұзын  жолдан  шық»  дейді  ол.  «Шықпаймын»  деймін  мен. 

Ақыры: 


- Ойнамаймын сенімен, — деп, Жанар ұртын бұртитып, дойбыны жинап 

алды. 


- Ойнамасаң, қой, — дедім мен де есемді жібергім келмей. 

Осы  кезде  қақпа  алдындағы  қара  тӛбет  арс-арс  үріп  барып  басылды. 

Шиқылдап дарбаза ашылғандай болды. 

-  Әжем  келді  ғой  деймін,  —  деп,  Жанар  сыртқа  жүгіре  жӛнелді.  Мен 

соңынан шықтым. 

Қақпаға кіріп келе жатқан әжесі Жанарға: 



15 

Sauap.org

 

-  Ой,  шыбыным,  жалғыз  отырмысың?  —  дей  берді  де,  мені  кӛріп:  — 



Мына  бала  Қожа  ма?  —  деп  сұрады.  Кемпірдің  үнінде  мені  жаратпағандық 

бар еді. 

- Иә, — деп жауап берді Жанар маған бұртия қарап. 

- Бұ неғып жүр мұнда? 

- Екеуіміз дойбы ойнап отырдық. 

-  Балам,  бар  үйіңе,  —  деді  кемпір  маған.  —  Жанаржан,  ит  қауып 

алмасын, шығарып жіберші. 

Мен  итті  шабаландырып,  қақпаны  айналып  жүрмей-ақ,  шарбақтан 

секіріп  жӛнелгім  келді.  Мейлі,  дойбыдан  салуым  болмаса  да,  тәуір 

физкультурашы  екенімді  Жанар  тағы  бір  рет  кӛрсін.  Осындай  орайы  кеп 

тұрғанда, сондай ӛнеріммен болса да оған ұнап кеткім келді. 

- Сау болыңыздар. 

Жүгіріп  келем  шарбаққа  қарай.  Секірдім...  қойсаңдаршы,  адамды 

қырсық шалайын десе, оп-оңай ғой. Осы арада ойламаған жерден масқараға 

ұшырап,  абройым  айрандай  тӛгілді  де  қалды.  Не  болды  дейсіңдер  ғой.  Бір 

балағым  сырғауылдың  үшкіл  басына  ілініп  қалып,  созылған  күйде 

ұзынымнан  түспесім  бар  ма.  Оңбай  жығылдым.  Бірақ  ӛлімнен  ұят  күшті 

деген  емес  пе,  жалма-жан  тез  түрегелдім  де,  артыма  қарамастан  зытып 

отырдым. 

Жанар мен әжесі қарқылдап күліп қала берді. 

«Япыр-ай, Жанарды ренжітіп кеттім-ау. Соншалық неге егестім. Әй, осы 

қайсарлық  мінезім  мені  абройға  жолдас  етпейді  ғой.  Ұзын  жолдан  шығып, 

жеңіле салсам, нем кететін еді». 

Жанардың  ӛкпелі  пішінмен  бұртия  қараған  кейпі  кӛз  алдыма  келеді. 

«Кешірші, кешірші, Жанар, тұрпайылық істеппін. Кінә менде». 

Үйге  кіріп  бара  жатқанда,  иттен  қорыққансып,  Жанардың  жұп-жұмсақ 

білегінен  қысып  ұстап,  жабыса  түскенімді  ойлағанда,  бойымды  тәтті  бір 

сезім жайлағандай болды. Сол сүйкімді білек қазір де уысымда тұрғандай, ӛз 

алақанымды ӛзім құшырлана қысамын... 

Басыма  қилы-қилы  ойлар  сапырылысып  келеді.  Оныншыны  бітірген 

соң, армияға шақырылам. Ал Жанар болатын болса, институтқа оқуға түседі. 

Сонда, бәлем, мен оған ӛлеңдетіп тұрып неше алуан ғажап хаттар жазармын-

ау. 

Сӛз  жоқ,  Жанар  да  жауап  жазады.  «Жаным  Қожа»  деп  бастар,  мүмкін. 



Қандай сүйкімді сӛз. 

...Кӛзге  түртсе  кӛргісіз  тастай  қараңғы.  Сабалап  жаңбыр  құйып  тұр. 

Жентектелген  қою  қара  бұлт  аспан  тӛрінде  дарияша  сапырылысады.  Күн 

күркіреп,  найзағай  шартылдап,  кӛзді  шағып,  құлақты  тұндырады.  Күркіреп 

тасып аққан кӛк бурыл тау ӛзенінің жағасында табиғаттың долы мінезін елең 

қылмай,  қаруын  кезеп  ұстап  сұсты  шекарашы  тұр.  Бұл  жауынгерлік 

борышымды ӛтеп тұрған мына менмін. 

Мүмкін, ауа райының осы қарбаласын пайдаланып, зұлым жау елімізге 

қанды шеңгелін салмақ болар. 


16 

Sauap.org

 

Қасиетті  еліміз  шекарасын  бұзуға  әрекеттенер.  Бірақ  мен  қасық  қаным 



қалғанша  онымен  алысуға  әзірмін.  Әне,  жау  танктері  зәулім  ағаштарды 

шӛптей  жапырып,  бірінің  соңынан  бірі  жанталасып  алға  ұмтылып  келеді. 

Мен  бір  бұғаның  түбінде  танк  бұзатын  гранаталарды  қасыма  ыңғайлап 

қойып, аңдып жатырмын. Алғашқы танк құлаш жетер жерге келіп те қалды. 

Орнымнан  кӛтеріле  беріп,  лақтырдым  гранатаны.  Дәл  тиді  маңдайдан. 

Жарылды. 

Екінші, үшінші танктер де осының аяғын құшты. 

Басқыншы жау қия баса алмай, жер жастанды.. 

Менің  даңқым  осы  күні-ақ  бүкіл  елге  жайылады.  Газеттер,  мүмкін, 

суретімді де басып шығарар. Сонда Жанар не күйге түсер екен? 

Мен  армиядан  батыр  атанып,  орден  тағып  келе  жатырмын.  Кӛпір 

аузында  шоқ-шоқ  гүл  бумаларын  ұстаған  нӛпір  жұрт  жолымды  тосып  тұр. 

Солардың  ішінен  кӛзіме  оттай  басылып,  Жанар  ұшырай  кетеді.  Аңсап 

кӛріскен Қозы мен Баяндай бір-бірімізге құшақ жая ұмтыламыз. 

- Жанар! 

- Қожа! 


Мектеп  директоры  Ахметов  бастаған  бір  топ  мұғалім  қасыма  келеді. 

«Жарайсың, Қожа. Жігіт-ақ екенсің. Біз сенің мұндай ержүректігіңді білмей, 

баяғыда бекер ұрсады екенбіз ғой. Кешір», — дейді Ахметов. «Иә, талқыдан-

талқыға  сап,  күн  кӛрсетпеуші  едіңіздер,  —  деймін  мен.  —  Әсіресе  әлгі 

Майқанова апай...» 

Майқанова  маған  батып  келе  алмай,  бір  шетке  таман  ыңғайсызданып 

тұрады.  «Сіз  неге  оқшауланып  тұрсыз,  бері  таман  келіңіз»,  —  деймін.  Ол 

қалтырай басып, жақындай түседі. «Кешір, Қожа... Баяғыда мен саған пионер 

лагеріне  жолдама  бермегенімді  ұмытпаған  боларсың».  «Иә,  ұмытқаным 

жоқ». «Кешір, кешір, айналайын Қожатай». 

Кешіремін  бе,  қайтем?  Жоқ,  ӛзгеге  кешірсем  де,  Майқановаға 

кешірмеймін.  Ӛйткені  оның  ызасы  әбден  ӛтіп  бітті.  Ахметовты  оңаша 

шығарып  алам  да:  «Майқанованы  шығарыңыз  мұғалімдіктен»,  —  деймін. 

Сонымен  бітіп  жатыр.  Совет  Одағы  Батырының  айтқанын  Ахметов 

орындамай кӛрсін! 

Ех, шіркін, ұшқыр қиял адамға не істетпейді. 

 


17 

Sauap.org

 

 

АЛТЫНШЫ ТАРАУДА 

 

Әжем  жөнінде  бірер  сөз,  менің  ат  ұрлап  мінбекші  болған  әрекетім 



және Сұлтанмен кездесуім айтылады. 

 

Ел аяғы басылуын күтіп, кітап оқып отырдым. Әжем тӛсек сала бастап 

еді. 

- Маған тӛсек салмаңыз, мен бүгін жайлауға кетемін, — дедім. 



- Бүгінің қалай? Осы жеті қараңғы түнде ме? 

- Иә, түнде. Күндіз ыссы ғой. Салт атпен жол жүргенге түн тиімді емес 

пе. 

- Кӛлікті қайдан таптың? 



- Қайдан тапсам да таптым. Кӛлік даяр, — дедім. 

- Әй, сен оңбағыр, тағы бір пәле шығарғалы жүргеннен саумысың? 

Не  пәле  шығарушы  едім.  Осы  сіз-ақ  маған  ылғи  шүбәланып  тұрады 

екенсіз. 

- Шүбәланбай қайтейін, ӛзің тыныш жүрмейсің. 

Әжем тағы да тұрып алып, құлағымды талай сасытқан дағдылы ӛнегесін 

айта бастады: 

-  Шыбыным,  әйтеуір,  ешкімге  тимей,  ұрынбай,  жайыңа  жүр.  «Тек 

жүрсең, тоқ жүресің» дейді атаң қазақ. Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім 

де кӛтермейді. Әйтеуір, саған айтар ақылым,  — тыныш жүр, балам, тыныш 

жүр. Біреудің ала жібін аттаушы болма. Мешкей деген жақсы ат емес. 

Осы үлкендер деген қызық халық. Бір менің әжем емес, қай-қайсысы да 

балаларға шетінен ӛсиет айтқыш, жӛн сілтегіш, ақылгӛй келеді. «Олай етпе, 

бұлай ет, ананы істеме, мынаны істе» деп тәптіштеп тұрғанда, таңдайларынан 

шаң  кӛтеріледі.  Ал  енді  ӛздеріне  қараңдаршы.  Не  қилы  жаман  мінез, 

жӛнсіздік  осы  үлкендердің  арасынан  шықпай  ма?  Ұрлық  істеп,  сотталып 

жататындар  кімдер?  Үлкендер.  Мас  болып,  қатын-баласының  үрейін  алып, 

үйінде  шұрқан  шығаратын  кімдер?  Үлкендер.  Бәлеқорлар,  жемқорлар, 

жалақорлар  —  бәрі  үлкендерден  шығады.  Ендеше,  олар  бізге,  балаларға, 

ақыл  айтып,  жӛн  сілтемес  бұрын,  әуелі  ӛздерін  ӛздері  түзеп  алса,  қандай 

жақсы болар еді. 

Әжем  менің  қызық  адам.  Тұрмыстың  қарапайым  қағидасына  бұдан 

жүйрік  кісі  осы  ауылда  сірә  де  табыла  қояр  ма  екен.  Сӛйте  тұрып,  ол  кӛп 

мәселе  жӛнінде  сәбидей  аңқау.  Қараңғы  болған  соң,  аңқау  болмай  қайтсін. 

Мен  қанша  әуреленсем  де,  оған  осы  күнге  дейін  жердің  домалақ  екенін 

ұғындыра  алмай-ақ  қойдым.  Айтысып-айтысып  келеді  де,  қолын  бір-ақ 

сілтейді. 

-  Бар,  аулақ.  Жер  домалақ  емес,  сен  домалақсың.  Басымды  қатырмай, 

бар, — дейді. 

Кейде екеуіміз Құдай жӛнінде керісіп қаламыз. 

- Құдай жоқ болса, дүниені кім жаратады? — деп сұрайды әжем. 


18 

Sauap.org

 

- Дүниені ешкім де жаратқан жоқ, ӛзі жаралды. 



- Сен, немене, сонда қасында қарап тұрып па едің, дінсіз неме? 

- Қарап тұрғаным жоқ, кітаптан білем. 

- Ал адамды кім жаратты? 

- Адам маймылдан жаралған. 

- Тәйт, сандалған неме. Сандалмай, бар онда ана ормандағы маймыл әке-

шешеңе. 


Әжем  екеуіміздің  ғылыми  таласымыз  әрқашан  осындай  алауыздықпен 

бітеді. 


Ел  аяғы  басылды-ау  деген  кезде  тысқа  шықтым.  Ай  қараңғы,  қораға 

кірдім  де,  белгілі  жерде  ілулі  тұрған  жүгенді  алдым.  Ауыздығы 

сыбдырламастай  етіп,  қолтығыма  қыстым  да,  үй  артындағы  теректердің 

арасымен ӛзенге қарай жӛнелдім. 

Шіркін-ай,  жалғыз  кетпей,  қасымда  Жанар  болса,  қандай  жақсы  болар 

еді!  Маужыраған  барқыт  түн,  иесіз  дала.  Жол  үсті,  екеуден  екеу  ғанамыз. 

Әрқайсымыздың кӛкейтесті арманымыз жӛнінде, болашақ ӛмір жӛнінде сыр 

шертіскен болар едік... 

Ауылдағы мініс аттар түнге қарай ӛзен бойына жіберіледі. Менің кӛздеп 

келе  жатқаным  соның  бірі.  Әне,  шеткі  бір  жылқының  қарасы  кӛрініп  те 

қалды.  Жақындап  келсем,  Алшабай  шалдың  жеке  меншік  тор  биесі  екен. 

Аяғында  Алшабайдың  ӛзіндей  қасарысқан  сом  шойын  кісен.  Қасында 

құлыны жайылып тұр. 

Әрменірек  тағы  бір-екі  жылқы  шӛпті  бырт-бырт  үзіп,  жайылып  тұр. 

Соның біреуіне тақап келдім. Міне, берді 

Құдай  тілегімді.  Колхоз  тӛрағасының  жирен  жорғасына  дӛп  келгенімді 

кӛрдің  бе.  «Шіркін,  тақымыма  бір  тиер  ме  едің!»  деген  тәтті  арман 

таңдайымды  бұрыннан  қуырып  жүруші  еді.  Енді  сол  арманымды  жүзеге 

асыратын болдым. 

Жирен қасқа алдыңғы екі аяғынан шідерлеулі екен. Ӛзінің мінезі жаман 

деуші еді. Мен жақындай бергенде, құлағын тігіп, осқырынып қарсы алды. 

-  Тр-р-р,  жануар,  тр-р-рр,  —  деп  қолымды  созып,  мойнын  сипағым 

келген  ишарат  білдірдім.  Бірақ  бұған  алданатын  жирен  ат  емес.  «Жолаушы 

болма,  жоласаң,  берем  сазайыңды»  дегендей  құйрығын  бұрып,  құлағын 

жымқыра бастады. 

- Тәйт әрі! Мына ақымақ қайтеді, — деп, Сатыбай жылқышыға еліктеп, 

зекіп тастадым. — Тақ, тақ, жануар, тақ, тақ... 

Бәрібір жирен ат жолатар емес. Зекімек түгіл, бақырсам да тілге келетін 

ниеті  жоқ.  Құйрығын  бұрып,  құлағын  жымқырып,  қосаяқтап  тебуге  дайын 

тұр. 


Егескенге егесетін менде де бір сайтан бар. «Қап, пышаққа ілінгір иттің 

ғана малы. Ызаң ба сенің! Тақымыма бір тисең, тарттырар ем-ау сазайыңды» 

деп,  оны  қалай  еткенде  де  мінбей  тынбауға  бел  байладым.  Әттең,  жалына 

қолым бір ілінсе. 



19 

Sauap.org

 

Ақыры,  айналсоқтап  жүріп,  бір  ыңғайлы  кілтеңі  келгенде,  шап  беріп, 



жирен  аттың  жалына  жармаса  кеттім.  Қорс  етіп,  үркіп  ала  жӛнелді.  Аяғым 

анда  бір  тиіп,  мында  бір  тиіп,  дӛңгелек  ұшып  келем.  Сонда  да  айырылар 

емеспін.  Мұндай  да  жауыз  мал  болады  екен,  тоқтамайды. Ақыры,  бір кезде 

саусағым  салдырап  талып,  жазылып  кеп  кетті.  Анадай  жерге  ұшып  түстім. 

Жирен ат жалт беріп кеп, қосаяқтап бірді тепті. Мына оң жақ саныма сақ ете 

түсті тұяғы. Шоқ басқан күшіктей қыңсылап, дӛңгеледім де қалдым. (Құдай 

сақтағанда,  қата  тиіпті.  Егер  дӛп  тигенде,  жілігімнің  күлпаршасын  шығарар 

ма еді, қайтер еді.) 

Бір уақытта дәл қасымнан: 

- Бұл кім, ей? Кім бұл? — деген дауыс естілді. 

Селк етіп, бебеулеуімді дереу қоя қойдым. Қолында жүгені бар, кепкалы 

біреу  текіп  келеді. Тани  кеттім  —  Сұлтан.  Ол  маған  еңкейіп,  үңіліп қарады 

да: 

- Ӛй, Қара Кӛжемісің? Не болды? Неғып дӛңгелеп жатырсың? — деді. 



- Aт теуіп жіберді. 

- Қай ат? 

- Анау, — деп мен жирен атты нұсқадым. 

- Қай жеріңе тепті? Сүйегі сау ма сынғаннан? 

- Сау ғой деймін, — дедім мен аяғымды созып байқап. 

- Кәне, мен кӛрейін, — деп, Сұлтан қолындағы жүгенін жерге қоя салды 

да, менің аяғыма жармасты. 

- Ойбай, ақырын! — деп шыңғырып жібердім. 

- Ӛй, сужүрек неме, жанының тәттісін қарай гӛр. Тоқтай тұр. Ӛлмейсің. 

Сынған  түгіл,  дәнеңе  де  етпеген.  Тек  кӛк  еті  ауырып  қалған  ғой.  Қазір 

барысымен  дереу  сужапырақ  тартсаң, ештеңе  етпейді,  басылып  кетеді.  Мен 

жылан  шағып  алған  біреу  ме  деп  қалсам.  Бұл  сұмпайы  жиреннің  сырын 

білмеуші ме едің. Оған неғып ұрынып жүрсің? 

- Қасынан ӛтіп бара жатыр едім, теуіп жіберді. 

-  Ӛй,  қара  бассын  сені,  —  деп,  Сұлтан  мені  мазақтай  бастады.  — 

Алдыңдағы таудай атты кӛрмей, не қара басты сені. 

Мен бұл сӛзге жауап таба алмағандықтан, аяғымның ауырғанымен әлек 

болғансып, одан бетер ойбайлап, қинала түстім. 

- Түрегел, бір мүшең қирап қалған немедей шойырылмай, — деп, Сұлтан 

мені, ойбайлағаныма қарамастан, сүйрелеп тұрғызды.  — Кәне, басып кӛрші 

аяғыңды. Тағы да бір атта. Айттым ғой, қирамақ түгіл, дәнеңе де болмаған. 

Ат  тепкенге  де  аяқ  сынушы  ма  еді.  Ӛлмейсің.  Жүр,  кеттік.  Шойнаңдамай, 

түзу бас. 

Сұлтанның  жасы  менен  екі-үш  жас  үлкен.  Әкесі  Сүгір  жылқы  бағады. 

Ӛзі  осыдан  біраз  жыл  бұрын  оқуды  тастап  кеткен.  Содан  бері  бұрынғының 

серілері құсап, әкесінің арқасында сәйгүліктен сәйгүлікті таңдап мініп, ылғи 

жортуылдайды  да  жүреді.  Кейде  айлар  бойына  зым-зия  кӛрінбей  кетеді, 

сонан  соң  қайтадан  пайда  болады.  Не  істеп,  не  тындырып  жүргенін  бір 

Құдайым ӛзі білсін. Сұлтаннан: 


20 

Sauap.org

 

- Қайдан келдің? — деп сұрап едім. 



- Жайлаудан келдім, — деді. 

- Жайлау қандай екен? 

- Айтпа. Тамаша. Шӛптің биылғы шығымын кӛрсең, белуардан келеді. 

- Барайын десем, кӛлік жоқ, — дедім Сұлтанға. 

- Мен алып кетейін. Ертең таңертең қайта жүремін. 

- Қалай алып кетесің? Басы артық кӛлігің бар ма? 

-  Онда  жұмысың  болмасын.  Таңертең  дайындалып,  күтіп  отыр.  Ер-

тоқымың бар ғой? 

- Бар. 

- Ендеше, бітті. Келістік. 



Сұлтан мені есік алдына дейін сүйреп әкелді де: 

- Қара Кӛже, сені бір жерге ертіп барсам, серік болуға жарайсың ба?  — 

деп сұрады. 

- Қайда? 

Сұлтан дереу айныды: 

-  Жоқ,  сен  шойнақты  жолдас  етемін  деп,  басыма  пәле  тауып  алармын. 

Қош. Мен кеттім. Ал таңертең дайындалып тұр. 

- Мақұл. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет