Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата03.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6790
1   2   3   4   5   6   7   8

ЖИЫРМА ҤШІНШІ ТАРАУДА 

 

Кітаптағы ең бір қайғылы тарау болар деймін. 

 

- Келесі сабақта қайсың бақа ұстап әкелесіңдер? — деп сұрады зоология 

пәнінің мұғалімі Оспанов. 

- Мен әкелем, — дедім. 

- Қадыров, сен әкелесің. Ұмытып кетпе бірақ. 

- Ағай, неше бақа әкелейін? 

- Бір... екеу әкелсең, жетеді. 

Мен бір, екеудің орнына тіс порошогінен босаған қаңылтыр қобдишаға 

толтырып,  бес  бақа  әкелдім.  Оның  біреуі  ғана  үлкендеу  еді  де,  басқалары 

кішкентай ұсақ бақалар болатын. 

Бірінші сабақ қазақ тілі. Класқа Майқанова кірді де, класс журналы мен 

сумкасын  менің  алдыма  стол  үстіне  қалдырып,  ӛзі  тысқа  шығып  кетті. 

Қоңырау  әлі  бола  қоймаған.  Сол  кезде  сап  етіп  басыма  бір  қызық  ой  келе 

қалды.  Кішкентай  бақаның  бірін  Майқанованың  сумкасына  сүңгіттім  де 

жібердім. Не болар екен? 

Қоңырау  соғылды,  сабақ,  басталды.  Тізім  шақырып  болғаннан  кейін, 

Майқанова  сумкасын  ашып,  қол  орамалын  суырып  алды.  Сол  кезде 

кішкентай  қарасұр  бақа  қол  орамалмен  қоса  секіріп  шығып,  секемшіл 

мұғалімнің қолының дәл үстіне қонбасы бар ма. Майқанованың шаңқ еткен 

дауысы  бір-ақ  шығып  үлгерді.  Ӛңі  құп-қу  болып,  сылқ  етіп  құлап  бара 

жатыр... 

Майқанова  содан  сабаққа  екі  күн  бойына  келмеді.  Шошынып,  ауырып 

қалыпты.  Жұмысқа  бүгін  ғана  шығып  отыр.  Бүкіл  мектепті  даңғаза  қылған 

бақа оқиғасының мән-жайы, міне, осындай. 

...Кӛз байланып кетті. Жоңышқаның тӛбесінде дӛңбекшіп әлі жатырмын. 

Не  істеймін?  Қалай  кӛрінемін  мамама.  Мынау  Қаратай  деген...  мұндай  да 

жабысқақ  пәле  болады  екен.  Кӛлеңкеше  еріп,  мамамның  соңынан  бір  қалар 


63 

Sauap.org

 

емес.  Япыр-ай,  мамам  осыған  шынымен-ақ  күйеуге  шықпақшы  ма?  Жоқ, 



мүмкін емес. 

Бірсыпыра  уақыттан  кейін  үйден  Қаратай  мен  мамам  шықты.  Қаратай 

мотоциклін  от  алдырып,  тұмсығын  кӛшеге  қарай  бұрды.  «Кет!  Жоғал! 

Тезірек  кет!»  деп  мен  оны  кӛңіліммен  желкелеймін.  Бірақ  Қаратай  кете 

қоймады,  мамаммен  сӛйлесіп  тұрып  алды.  Олардың  сӛздерін  трт-трт  еткен 

мотор  үні  маған  жӛндеп  естіртпейді.  Сӛйлесе  тұрып,  Қаратайдың  қалқиған 

денесі мамама біртін-біртін жақындап, тақала түсетін тәрізді. «Тоқта! Қайда 

кимелеп  барасың?».  —  Мен  Қаратайды  желкеден  бүріп  ұстаймын  да,  бар 

күшіммен  жұлқып,  лақтырамын  кӛшеге  қарай.  Ӛлген  мысық  тәрізденіп, 

кӛшенің май шаңына барып ол топ ете түседі. 

Бұл да менің ойымда болып жатқан құбылыс. 

Қаратай  әрең  дегенде  «қош,  сау  бол»  айтысып,  мотоцикліне  отырып, 

зырғыта жӛнелді. Мамам оның соңынан біраз үнсіз қарап тұрды да, үйге кіріп 

кетті. 


Әр  нәрсенің  шегі  бар,  мен  қашанғы  жата  берейін.  Тәуекел  деп,  үйге 

кірмекші болдым. Қораның арт жағынан жерге түсіп, үстімнің шӛбін қағып, 

бойымды  тәртіпке  келтіріп  алдым.  Жүрегім  лүп-лүп  етіп,  алқымыма 

тығылады. 

Есікті  аша  бергенімде  тынысым  мүлде  бітіп,  жүрегімнің  соғуы  тоқтап 

қалғандай  болды.  Сол  кездегі  келбетім  кӛлденең  кӛзге  тірі  әруақ  тәрізді 

қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін. Ауыз үйден әжем ұшырасып: 

-  Сен  қайда  қаңғып  жүрсің?  Шешең  келді,  —  деп  тӛр  үйді  нұсқады. 

Сонан соң құлағыма сыбырлап:— Байқа, шешең саған ашулы, — деді. 

Тӛр  үйге  кірдім.  Мамам  киімшең  күйі,  ӛз  тӛсегінде  бір  уыс  болып,  әрі 

қарап, бүк түсіп жатыр. 

- Мама. 


Мамам  жауап  қатпады.  Мен  жақындай  түсіп,  оның  уысында  кӛзіне 

басып алған қол орамалы бар екенін кӛрдім. Жүрегімді біреу ұстарамен тіліп 

жібергендей болды. 

- Мама, сен жылап жатырмысың? 

Мамам  басын  жайлап  кӛтерді  де,  маған  қарай  бұрылды.  Жасқа 

шыланған қоңыр кӛздері біртүрлі бӛтен, суық. 

-  Иә, жылап  жатырмын, —  деді  ол. Дауысы  қарлығып, бітіп  шықты.  — 

Қайтейін  жыламай.  Құдай  бағын  ашпаған  мен  сорға  жылаудан  ӛзге  не 

бұйырған. Қу жалғыз, сенің-ақ күйігіңді тартып ӛлетін болдым ғой. Осы сен 

не боп барасың күннен күнге. Бұл не сұмдық? Жүрген жеріңе шӛп шықпағыр 

боп  барасың  ғой.  Ұялмайсың  ба  бір  мезгіл  елден-жұрттан.  Қу  жалғыз-ау, 

айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Ӛлтірдің ғой мына сорлы анаңды. 

Ел  бетіне  қарағысыз  қылдың  ғой.  Қайтем  сені?  Қайтем?..  Неге  тыныш 

жүрмейсің? Осы саған не жетпейді? 

- Маматай, қойшы. Ендігәрі... 

Мамам менің жалбарына созған қолымды қағып жіберді: 



64 

Sauap.org

 

- Жолама. Мама деуші болма мені. Құдайдың сендей бала беріп, азапқа 



сап қойғанынан да, қу бас тастағаны артық еді ғой. 

- Қойшы, маматай... Ең соңғы рет кешірші. Ант етемін... 

Мамамның тізесін құшақтай жығылған қалпым еңіреп жылап жібердім... 


65 

Sauap.org

 

 

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАРАУДА 



 

Педсовет жайлы сөз болады. 

 

Жұмыр жер күндегі дағдысы бойынша тынбастан зырлап, кіндігін және 



бір айналып шықты. Тарих тағы бір тәулікке ұзарды. Осы бір тәуліктің, яғни 

жиырма  тӛрт  сағаттың  ішінде  мынау  ығы-жығы  күнәһар  дүниеде  кімнің 

басынан  не  кешіп  үлгермеді  дейсің.  Қанша  адам  ӛмірге  жаңадан  келіп 

қосылды, қанша адам оларға орын босатып, о дүниедегі мәңгілік мекендеріне 

сапар шекті. Осы бір тәуліктің ішінде қаншама бақытты кеудеде қуаныштың 

оты маздап жанбады, қатал тағдыр қаншама басы жұмыр пендесін қайғының 

қара суығында бүрсеңдетпеді. Осы соңғы топқа мен де қосыламын. 

Мен ӛзімнің он үш жыл ӛмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан 

кештім. 

Тыста қараңғы, ауыл үсті тыныштық. Ақымақ иттер ғана әр жерден әуп-

әуп  үріп  басылады.  Кӛшенің  басынан  бір  ит  шәу  ете  қалса,  соңынан  оған 

басқа бір ит үн қосады. Сонан соң үшінші, тӛртінші иттер әупілдесіп, «о не, 

не боп қалды» дегендей ауылдың бүкіл иті улап-шулап кететін сәт те болады. 

Оның  ішінде  айбарынан  да  айғайы  кӛп,  шіңкілдек  күшік  үндері,  маң 

тӛбеттердің  қарлыққан  қалың  дауыстары,  қаншық  иттердің  құлақ  кесетін 

ащы  шаңқылдаулары  —  бәрі  аралас.  О,  иттер.  Қалың  иттер.  Мұншама  кӛп 

боларсыңдар ма. Түрлі-түрлі боларсыңдар ма. Бей-берекет үргенді, тақымнан 

үндемей келіп ала түскенді қашан қояр екенсіңдер. 

Мамам  екеуіміз  мектепке  педсоветке  келе  жатырмыз.  Күздің  салқын 

кеші тоңазыта ма, жоқ әлде үрейленуден бе, іші-бауырым қалтырап келеді. 

Мектептің  алдында  біреу  шылым  шегіп  тұр.  Мен  оны  кӛкшіл  аспан 

айнасындағы  келбетінен  анадайдан  таныдым  —  Ахметов.  Галифе  шалбар 

киген,  жіңішке  аяқтары  сидиып,  шашы  қақ  жарыла  желбіреп,  қаздиып  тұр. 

«Сізді күтіп отырмыз», — деп, мамамды қолтықтап дереу ішке әкетті. Маған: 

«Ӛзіміз шақырамыз, осы арада күте тұр», — деді. 

Саябанға кӛтерілдім де, сол арадағы тақтай орындықта тосып отырдым. 

Осы кезде үй пұшпағынан біреудің келе жатқан тысыры естілді. Тырп-

тырп  басқан  аяқ  дыбысына  тық-тық  қадалған  таяқ  үні  қабаттасады.  Кӛп 

ұзамай  аяқпен  таяқтың  қожасы  да  кӛрінді.  Мектеп  күзетшісі  Сәйбек  қарт. 

Сәйбек кілт тоқтай қалып, шекарадағы сақшыдай қатал үн қатты: 

- Бұл кім? 

- Мен ғой, ата. 

- Менің кім? 

- Мен, Қожамын. 

- Мұнда неғып отырсың? 

- Педсоветке келдім. 

- Онда сенің не шаруаң бар? 

- Мен жӛнінде мәселе қарап жатыр. 



66 

Sauap.org

 

- Мәселе? Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме? 



- Директор етеміз дейді. 

-  Онда  тіптен  жақсы.  Жалақың  кӛп  болады.  —  Сәйбек  менің  қасыма 

келіп отырды. — Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой. Оған тартсаң, 

директор түгіл, одан үлкені боласың. Бірақ оған тарпағансың. 

Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиын емес, 

теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Қалай дейсің ғой. Міне, былай: алғаш 

колхоздасқан жылдың күзінде мен, — оның келіскен бір жорға күрең аты бар 

еді,  —  ол  кезде  жұрттың  кӛбі  қара  жаяу,  —  соны  диірменге  мініп  барып, 

сазға  батырып,  ӛлтіріп  қойдым.  Суып,  қаңсып  тұрған  атты  суармай,  отқа 

қоям  деп,  ӛзімнен  болды.  Аяғы  шідерлеулі  еді.  Су  ішем  деп  барып,  оппаға 

түсіп  кетіпті.  Ертесінде  қарасам,  суға  сүңгіген  үйректей  арт  жағы  ғана 

кӛрініп, тоңқайып жатыр. Он шақты жігіт жабылып, арқан сап әрең  суырып 

алдық. Міне, басқа біреу болса, соны қыңқ еткізбестен тӛлетіп алар еді ғой. 

Ал Қадыр марқұмның кеңпейілдігі соншалық: «Сіз қас қып ӛлтірген жоқсыз 

ғой,  ажалы  солай  тура  келген  шығар»,  —  деп,  үнсіз  қоя  салды.  Міне,  әкең 

осындай  парасатты,  ақылды  жігіт  еді.  —  Сәйбек  осыны  айтты  да,  сәл 

ойланып  барып:  —  Ал  сен...  сен  ғана  емес-ау,  қазіргі  осы  оқып  жүрген 

балалар, кӛбің ақымақсың, — деді. — Неге дейсің ғой. Ақымақ емей, немене, 

тәртіпті  жүр,  оқуыңды  жақсы  оқы,  адам  бол  десе,  сендер  соның  бәрін 

керісінше істейсіңдер. 

Осы кезде іштен Оспанов шығып: 

- Қадыров, қайдасың? — деп дауыстады. 

- Бар, әне, шақырып жатыр. Әй, сотанағым... 

Директор кабинетіне осы мектепте бір оқушы ең кӛп бас сұқса, сол мен 

болармын  деймін.  Майқанова  талай  сүйреп  әкеп,  ендігәрі  қой  аузынан  шӛп 

алмай жүруге талай рет уәдемді берген үйреншікті орын ғой. Бірақ бұл жолы 

мен  мұнда  шын  мәнінде  күйзеліп,  тебіреніп  кірдім  де,  босағадағы  суық 

голдан  пешіне  сүйеніп  тұрып  қалдым.  Тӛрде  сарғыш  шашы  қақ  айырыла 

желбіреп  Ахметов  отыр.  Түсі  ӛрт  сӛндіргендей,  қасының  арасындағы 

қатарынан тіке тартылып түскен екі сызық әдеттегіден терең де қалың. 

-  Берірек  кел,  —  деді  ол  қолындағы  автоқаламымен  бӛлменің  ортасын 

нұсқап. 


Алдымда қақпан құрулы тұрғандай жыбырлап бір-екі аттадым. Екі жақ 

қабырғада  тізіліп  отырған  мұғалімдердің  барлық  кӛзі  жан-жағымнан 

найзадай  түйреп,  қадалып  барады.  Әсіресе,  оң  жақта,  директорға  таман 

отырған Майқанованың сұсы қатал да сұрапыл кӛрініп кетті. 

- Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе? — деді 

Ахметов. 

- Білемін, — дедім. 

- Не үшін шақырып отырмыз? 

- Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар. 

Екі-үш жерден мырс етіп күлген үндер естілді. 



67 

Sauap.org

 

-  Сені  мектеп  ӛмірі  тойдырды  ма?  Бұдан  былай  оқығың  келмей  ме?  — 



деп сұрады Ахметов. 

- Жоқ, оқығым келеді. 

- Ендеше, неге қоймайсың тәртіпсіздікті! 

Ахметов  «неге»  деген  сӛзді  бар  дауысымен  шегелей  айтып,  столды 

үлкен ауыр алақанымен сарт ұрып, ұшып түрегелгенде, мен ғана емес, бүкіл 

отырғандар түгел селк ете қалды. 

- Қоямын енді... кешіріңіздер... 

-  Бұл  нешінші...  Жүзінші  рет  уәде  беруің  бе?  —  деп  киіп  кетті 

Майқанова. 

- Бұдан былай ешқашанда тәртіп бұзбаймын... 

Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-

қайсының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен 

сумкаға Майқанова талып жығылып қалсын деп, оның соншалық шошымал 

адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, бұның ақыры не болады деп ойлап та 

жатпадым,  салғым  келді  —  салдым.  Осындай  бір  ақымақтық  кейде  ақылға 

мұрша  бермей,  дедектетіп  әкететіні  бар.  Істеп  алып,  соңынан  бармағыңды 

тістейсің. 

Осының  бәрі  осылай  бола  тұрса  да,  мен  ӛзімді  ақтап  бір  ауыз  сӛз 

айтпадым.  Ақталудың  тіпті  қисыны  бар  ма?  Бәрін  мойындадым.  Бар 

айтқаным: 

-  Кешіріңіздер.  Соңғы  рет  тағы  бір  кешірім  жасап,  сынап  кӛріңіздер. 

Бұдан былай қарай тәртіпсіздік істейтін болсам, қандай жаза қолдансаңыздар 

да ризамын! 

-  Жоқ,  Қадыров  түзелмейді.  Ол  уәдесін  бізге  талай  берген.  Қадыровты 

оқудан шығару керек, — деді Майқанова. 

 

* * * 

 

Маңдайдан  буым  бұрқырап  есік  алдына  шықтым.  Сәйбек  кӛрінбейді. 



Омырауымды  ағытып,  желпініп,  ойланып  тұрмын.  «Не  деп  шешер  екен? 

Мектептен шынымен-ақ шығара ма? Онда не істеймін?». 

Қайта  барып,  есіктегі  кілттің  орнына  құлағымды  тосып,  мұғалімдердің 

не айтып жатқанын тыңдағым келеді. Әрине, Майқанова мені құрту, оқудан 

шығару  жағында  болар.  Ал  басқа  мұғалімдер  не  айтады?  Анфиса 

Михайловна,  Оспанов,  Дәуірбаев...  бұлар  мені  жақсы  кӛретін  мұғалімдер 

емес пе? Ахметовтің ӛзі де осыдан он шақты  күн бұрын ғана аудандық оқу 

бӛлімінен  келген  инспекторға  мені:  «Мынау  біздің  мектептің  ақыны, 

болашақ  Сәбит  Мұқановымыз»,  —  деп  дәріптемеді  ме?  Сӛйте  тұрып,  мені 

оқудан қалайша шығарады? 

Есікке  барып  тыңдағаным  жарамас,  мұғалімдердің  біреуі  шыға  келуі 

мүмкін  ғой  деген  оймен,  үйді  айналып,  педсовет  ӛтіп  жатқан  бӛлменің 

терезесіне  келдім.  Үйдің  бұл  ойпаң  тұсы,  фундамент  биік.  Терезеге  бойым 


68 

Sauap.org

 

түгіл,  ұсынсам,  қолым  әзер  жетеді.  Форточка  ғана  ашық  тұр,  не  сӛйленіп 



жатқаны күмбірлеп жӛнді естілмейді. 

Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес-алты жыл бұрын ӛз 

қолымызбен  отырғызылған  қайың-теректер  бұ  күнде  қолдың  саласындай 

тізіліп,  асқақтап  тұр.  Шарбақтың  кӛп  кетігінің  бірінен  зып  беріп  осы  баққа 

кірдім  де,  бір  теректің  басына  маймылша  ӛрмелеп  шығып  алдым.  О,  бұл 

арадан  мұғалімдер  үйінде  не  болып  жатқаны  сайрап  кӛрінеді:  әне,  Ахметов 

сӛйлеп тұр. Екі қолын кеңінен сермеп, ара-тұра жұдырығымен столды ұрып 

та  қояды.  Басын  біресе  оңға,  біресе  солға  бұрып  сӛйлейді.  Егер  мен  оның 

желкесінен  қарап  отырмасам,  не  айтып  жатқанын,  мүмкін,  емеурінінен 

түсінген болар едім. 

Ахметовтің сол жағында Оспанов столға жабысып алып сүйкетіп жазып 

жатыр.  Бас  алмай  жазуына  қарағанда,  тегі,  мәжіліс  хат  жүргізіп  отырған 

болар.  «Осындай  да  осындай,  пәленінші  жылы,  пәлен  айдың  пәлені  күні, 

пәлендей  бір  мәжіліс  болды.  Онда  алтыншы  класс  оқушысы  Қожа 

Қадыровтың тәртіпсіздік қылықтары туралы арнайы мәселе қаралып, пәлен-

пәлендер  сӛйлеп,  мынаны-мынаны  айтты...».  Бірнеше  адамның  қолтаңбасы 

қойылып бекітілген осы мәжіліс хат қатырма тысты жуан папкалардың біріне 

тігіледі  де,  тарихқа  жӛнелтіледі.  Архивтің  алтын  қорына  айналады.  Зырғып 

жылдар ӛтеді, дәуір кӛшіп, заман ӛзгереді. Мен жӛнінде жазылып жатқан осы 

мәжіліс  хаты  күндердің  бір  күнінде  әдебиет  зерттеуші  ізшілердің  бірінің 

қолына  түседі.  Сонда  ол  жерден  жеті  қоян  тапқандай  қандай  мәз  болып 

қуанады  десейші.  Газеттер  ең  семіз  деген  әріптерімен  дүрілдетіп  хабарлар 

басады:  «Атақты  жазушы  Қожа  Қадыров  жӛніндегі  жаңа  деректер!». 

Кітаптар  жазылады  мен  жӛнінде,  кандидаттық,  докторлық  диссертациялар 

қорғалады:  «Қадыров  Қожа  және  оның  ұстаздары»,  «Қадыров  Қожа  және 

Майқанова», «Қадыров Қожа және бақа оқиғасы», «Қадыров Қожа және қаз 

оқиғасы»,  т.  т.  с.  с.  Әдебиеттану  ғылымының  шалқар  қорына  мұншалық 

бағалы  қазынаның  қосылуына  сонда  осы  жазылып  жатқан  мәжіліс  хат 

мұрындық  болады.  Оспанов  ағай!  Сіз  сондықтан  да  асықпай-саспай, 

тыңғылықты  етіп  жаза  кӛріңіз.  Тарих  үшін  қандай  ұлы  жұмыс  атқарып 

жатқаныңызды біліңіз. 

Бұл  айтылғандар  менің  басыма  кейіннен  келген  ойлар  еді.  Ал  қазір 

қонақтаған  қарғадай  ағаш  басында  секиіп  отырып,  қиырдағы  келешекті 

шарлап,  қиялданбай  қалайын.  Осы  сәттегі  менің  назарым  да,  ойым  да 

мұғалімдер  бӛлмесіндегі  кӛріністе.  Ахметов  әлі  сӛйлеп  тұр.  Мылқау  фильм 

тәрізді, мен оның қимылын ғана кӛремін, сӛзі естілмейді. Бірақ соның ӛзінен 

де  не  айтып  жатқаны  аңғарылатын  тәрізді.  Әне,  ол  столды  тағы  бір  қойып 

қалды. Түсінікті — «бұл бұзақыны мектептен қуу керек!». 

Ахметов сӛзін бітіріп, отырды. Мамам түрегелді. Балажан байғұс анам, 

мен  үшін  отқа  да,  суға  да  түседі  шырылдап.  Оның  қазіргі  кейпі: 

«Айналайындар, баламды оқудан шығара кӛрмеңдер, тағы бір жолға кешірім 

жасаңдар», — деп жалбарына сӛйлеп тұрған тәрізді. 



69 

Sauap.org

 

Мен мамамды ғажап аяймын. Ойпыр-ай, неге мұндай тынымсыз, соғанақ 



болып тудым! Темір секілді жер қозғалса да қозғалмайтын, маңқиып жайына 

жүретін момын болып неге тумадым? 

Майқанова  сӛз  алды.  Оның  не  айтатыны  маған  былай  да  белгілі: 

«Қадыровты шығару керек мектептен!», «Мұндай баукеспе оңбағанға біздің 

тату  коллективіміздің  арасында  орын  болмауға  тиіс!».  Отырғандардың  бәрі 

күлді.  Тісі  жарқырап,  мамам  езу  тартты.  Неге  күледі?  Иығы  селк-селк  етіп, 

Анфиса Михайловна басқалардан ӛзгеше мәз. Мысыққа ойын, тышқанға ӛлім 

деген осы да. 

Тағы  да  мамам  тұрып,  басын  изеп,  мақұлдап  бірдеңе  айтты. 

«Шығарсаңдар,  шығарыңдар  мектептен!  Кетсін  қаңғып.  Менің  де  жүйкемді 

жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!». 

Сӛйлеушілердің не деп жатқанын мен ӛзімше осылай жорамалдаймын. 

Педсовет  аяқталды,  жұрт  тарай  бастады.  Мен  ағаштан  тезірек  түсіп 

кетпекші  болып  едім,  бір  бәтіңкем  екі  бұтақтың  арасына  кептеліп  қалып, 

шыға  қойсыншы.  Жұлқи  тартып  қалғанымда,  мәссаған,  табаны  дыр  етіп 

қақырап түсті... 

Мұғалімдердің  алды  тысқа  шығып  та  үлгерді.  Дымымды  ішіме  бүгіп, 

теректің  діңіне  жабысып,  қаттым  да  қалдым.  Ахметов  пен  Майқанова 

оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен 

ӛтіп бара жатыр. 

- Қадыров түбінде адам болатын бала, — деді Майқанова. 

- Оты бар, — деп қостады Ахметов. 

Екеуі  былай  ұзай  беріп,  мен  жӛнінде  тағы  бірдеңелерді  сӛйлесіп  бара 

жатты,  бірақ  мен  анықтап  ести  алмадым.  Әлгі  естігенімнің  ӛзі  қолқа-

жүрегімді солқ еткізгендей әсер қалдырды. Мен Майқанованы қас дұшпаным 

санап  жүрсем,  ол  мені  «түбінде  адам болатын  бала»  деп  директорға  мақтап 

бара жатқаны қалай? Ап-айқын тап осылай деді. Міне, жұмбақ... 

 

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ТАРАУДА 

 

Класс жиылысы сөз болады. 

 

Мен  байыбына  бара  алмаған  жұмбақтың  шешуін  үйге  келгеннен  кейін 



мамам айтты: 

-  Балам,  сен  класс  жетекшіңе  бекер  ренжисің.  «Майқанова  маған  ӛш, 

мені  жек  кӛреді,  қыр  соңыма  түсіп  алды»  дегеніңнің  бәрі  бос  сӛз,  —  деді 

мамам. — Жек кӛрген адам педсоветте саған жаны ашып, қорғап сӛйлемеген 

болар  еді.  Ол  сені  жек  кӛрмек  түгіл,  жақсы  кӛреді,  осыны  біл.  Оған 

ұнамайтыны  сенің  тентектік  қылықтарың.  Жасында  жетімдік  ӛмірдің 

тауқыметін кӛп тартып, жүйкесі жұқарып ӛскен адам тарынғыш, ашуланшақ 

болады.  Сендердің  әрбір  жӛнсіз  қылықтарың  оның  миына  инедей  қадалып 

тұрады. Майқанованың шыж-быж етіп ұрса жӛнелетіні осы себептен. Мінезі 


70 

Sauap.org

 

әлгіндей адамға сендер секілді жүгенсіз асаулармен арпалысу жеңіл тимейді. 



Сен ақымақтар осыны түсінулерің, мұғалімді аяуларың керек. 

Мамамның  Майқанова  жӛнінде  айтқандары  маған  ой  салды.  Шынында 

да,  оның  менімен  ӛш  боларлықтай  алты  аласы,  бес  бересісі  бар  ма? 

Шырылдаса,  ұрысса,  бізді  адам  болсын,  жаман  жолға  түсіп  кетпесін  дейтін 

шығар.  Иә,  мамам  айтпақшы,  біз  бала  деген  ақымақ  халықпыз,  шолақ 

ойлаймыз. 

Мен Майқанованың жетім ӛскендігін білмеуші едім. Енді оған біртүрлі 

аяныш  кӛзбен  қарай  бастағандаймын.  Бәсе,  денесі  де  сондай  нәзік,  киімі  де 

жұпыны, қыстан бүрсеңдеп жұқа пальтомен шықты. Оқу бітіргеніне бір ғана 

жыл  болған,  қайтсін  енді.  Сонымен  тақасып,  әй,  Қара  Қожа,  ақымақсың, 

шикісің әлі. Қарбызыңның ішінде судан басқа дәнеңе жоқ. 

Менің  Майқанова  жӛніндегі  пікірімнің  оңы  —  сол,  солы  оң  болып 

ӛзгере бастады. 

— Педсовет, педсовет немен тынды? 

Сабыр  ет,  оқушым,  қазір  айтып  берем.  Педсоветтің  тиянағы  мынадай: 

Қадыров  жӛніндегі  мәселе  класс  жиналысында  қаралсын.  Егер  алтыншы 

класс  оқушылары  Қадыров  Қожаның  бұдан  былай  ешқандай  тәртіпсіздік 

істемеймін,  түзелемін  деген  уәдесіне  сеніп,  дирекция  алдында  кепілдік 

беретін болса, онда Қадыров осы мектепте сынға қалдырылсын. Ал егер олар 

ондай  кепілдік  бермесе,  Қадыров  Қожа  осы  аудандағы  ӛзге  мектептердің 

біріне ауыстырылсын. 

Педсоветтің мен жӛніндегі қаулысы осындай. 

Класс жиналысы дүйсенбі күні сабақ соңынан шақырылды. Ахметов ӛзі 

де  қатысты.  Жиылысты  ашып,  басқарған  Майқанова.  Ол  оқушыларды 

педсоветтің қаулысымен таныстырды. Сонан соң мені алға шығарды да: 

- Мына жолдастарыңа не айтасың? — деді. 

Не  айтушы  едім,  педсоветте  айтқанымды  мұнда  да  қайталадым:  «Ең 

соңғы  рет  кешіріңіздер.  Бұдан  былай  тәртіпсіздік  істесем,  не  шара 

қолдансаңыздар да ризамын», — дедім. 

Бұдан соң сӛз оқушыларға берілді. 

Класта маған кім дос, кім қас — ӛзіме аян. Кім не айтуы мүмкін екенін 

күн  ілгері  топшылаймын.  Соным,  негізінен,  тура  шықты.  Класком  Темір 

сӛйлеп,  әуелі  мені  сынап  алды  да,  сӛзінің  соңында  түзеледі  деген  сенім 

білдірді. 

-  Егер  біз  Қадыровты  бұл  мектептен  шығаратын  болсақ,  онда  біз  кім 

болғанымыз?  Оған  осы  отырған  бәріміздің  ешқандай  ықпал  жасай 

алмағанымыз  ба?  Жоқ  әлде  жолдасқа  жаны  ашымайтын  тасбауыр 

болғанымыз ба? — деді Темір. Сӛздері кітап сӛзіндей мығым, әсерлі шықты. 

-  Біз  Қадыровты  тәрбиелеуіміз  керек,  менің  ұсынысым:  оған  ең  соңғы 

рет қатты сӛгіс берілсін. Мектепте қалдырылсын, — деді Темір. 

Бұдан кейін үш-тӛрт адам сӛйлеп еді. Бәрінің сӛз сарыны осыған сайды, 

Темір оларға жол сызып, арна тартып кеткен тәрізді. 

«Іс оңына басты» деген оймен мен жадырап сала бердім. 


71 

Sauap.org

 

- Тағы кімнің сӛйлегісі келеді? 



- Мен. — Қол кӛтерген Жантас еді. 

Жантас орнынан түрегеле беріп, сампылдай жӛнелді: 

- Қадыровты оқудан шығару керек. Ол уәдесін бергенмен, орындамайды, 

былтыр да талай рет уәде берген, Майқанова апайды шошытып, ӛлтіріп қоя 

жаздады... Ол... ол... қыздарға хат жазады... 

Соңғы  сӛз  менің  жүрегімді  қақ  айырып  тіліп  түскендей  болды.  Бүкіл 

класс  мені  жаңа  кӛргендей  аңтарыла  маған  қарап  қалыпты.  Не  істерімді 

білместен дуылдап, ӛртеніп бара жатырмын. 

- Қай қызға хат жазды? — деп сұрады Майқанова. 

- Білмеймін... Басына «Ж» деген әріп қойып, «екеуіміз Қозы Кӛрпеш пен 

Баян сұлудай болайық» деп жазып отырған. 

Мен есімді жинап: 

- Ӛтірік! — деп дауыстап жібердім. 

- Ӛтірік емей-ақ, рас. Әнеугүні сабақ үстінде, партаның астына жасырып 

жазып отырғансың. 

- Ӛтірік! 

Мен  Жанарға  жазған  хатымның  бірін  Жантас  қу  қолына  түсіріп  алған 

екен  ғой деп  шошып  едім.  Олай  болмағанға  «уһ»  деп,  ӛзіме  ӛзім  келгендей 

болдым.  Жанар  жаққа  кӛз  тастап  едім,  оның  жүзін  байқай  алмадым, 

маңдайын қос қолдап таянған қалпы тӛмен қарап отыр. Абиыр болғанда, хат 

жайына ешкім мән бермеді. Сірә, ӛсекші Жантастың тағы бір зу еткізгені деп 

ойлап қалса керек. 

- Тағы кім сӛйлейді? — деді Майқанова. 

Басқа сӛйлеуші болмады. 

Ақыры мәселе дауысқа салынды. 

-  Бірінші  ұсыныс:  Қадыров  мектептен  шығарылмасын,  ең  соңғы  қатты 

сӛгіс беріліп, қалдырылсын! 

Кӛпшілік. 

- Екінші ұсыныс: Қадыров мектептен шығарылсын! 

Бір ғана адам қол кӛтерді, ол — Жантас. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет