Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Мырзалы



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата19.02.2023
өлшемі0,84 Mb.
#69088
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
Kulsarieva Kazirgi zaman madeniety

тамырлану түрі. 
Ғаламторлық технологияларды сипаттауда ризома таптырмас 
бейнелі ұғым. Ризома табиғатынан орталықсыздандырылған, 
иерархияға бой бермейтін құрылым. Сондықтан оның ешбір 
нүктесі басқасына қатысты басымдық таныта алмайды, сол 
сияқты, қос нүкте арасында да ешқандай айырықша бөлек 
байланыс қалыптаспайды, өйткені онда бəрі бəрімен тікелей 
байланысты. Кең мағынасында «ризома» постмодерн əлемінің 
бейнелі сипаты бола алады, өйткені одан орталықтану, реттілік 
пен симметрия кеткен.


65 
Бүгінгі қоғамды қоршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-
80 жылдары қоршаған шындықтан мүлдем бөлек екендігі анық. 
Ол виртуалды шындық туындатқан ғайып болмысқа 
байланысты. Осы «виртуалды шындық» тіркесі қазір оңды-
солды көп қолданылып жүргенімен, оның мағынасының 
түсініксіз, көмескілеу екендігі белгілі. Əдетте бұл термин 
компьютермен байланысты пайдаланылатындығы ғана анық. 
Виртуалды шындық əлемінде бізге үйреншікті кітаби мəде-
ниет мəтіні де түрөзгеріске ұшырап отыр. Бұрынғы бірөлшемді, 
бір сызық бойына тізбектелген бір жазықтықтағы түзу мəтін 
орнына көпөлшемді электронды гипермəтін келді. Гипермəтін 
кеңістігінде бірнешеме мəтіннің қатар орналасуы мүмкін, тіпті, 
мəтіндегі кез келген сөз немесе келтірілген автор туралы бүкіл 
керекті мағлұматты ала алатын басқа сайт парақтары тұруы 
мүмкін.
Кəдімгі кітапты оқып отырып біз оның кеңістіктегі шегінен 
аса алмаймыз, онда көрсетілген сілтемелер бойынша қызық-
тырған нəрсені ол кітапты тастап барып қана, басқасын іздеп 
тапқаннан соң оқи аламыз. Ал киберкеңістіктегі виртуалды 
шындықта орналасқан гипермəтінде біз бір мəтіннен келесі 
мəтінге алдыңғысында тұрып-ақ лезде өте аламыз.
Виртуалды шындық мəтін оқудың ғана емес, мəтін жасаудың 
да («жазу» деген сөзді əдейілеп пайдаланбай отырмын) жаңа 
жолдарын ұсынып отыр. Бүгінгі заманда көпшілік шығарма 
жазбайды, мəтін құрастырады. Құрастыру (аннан-мыннан, 
анадан-мынадан, тиіп-қашып...) – интермəтінділікпен анықтал-
ған жаңа шығармашылық түрі. Интермəтін дегеніміз мəтіндер-
дің өзгеріске түскен нұсқасы, мəтіндердің бір-біріне кірігуі. Бұл 
ұғым мəтінді жаңаша пайымдауға жол ашады. Интермəтіннің 
негізгі қасиеті оның іштей əртектілігі, ашықтығы, көпнұсқа-
лығы. Интермəтін өзге мəтіндерге қатысты шығарылады. Ол тек 
бұрынғы мəтіндерге қатысты емес, өзінен кейін жазылған 
мəтіндерге де қатысты бола алады.
Қазіргі заман мəдениетін терең зерттеушілердің бірі Роллан 
Барт “Автор өлімі” туралы айтады. Айта кететін бір жай – бұл 
ХХ ғасырдағы зиялылар айтып жүрген көп "өлімдер" ішіндегі 


66 
тағы бір өлім. Естеріңізге сала кетсек, Ф.Ницше “Құдай өлімі” 
туралы, О.Шпенглер “мəдениет өлімі” туралы, М. Фуко “Адам 
өлімі” туралы айтты емес пе?! Бұл да жоғары оқу орын-
дарындағы енгізілген жаңашылдық – кредит технологиясының 
классикалық түсініктегі дəріскер “өліміне” əкелетіндігі сияқты 
метафоралық мəселе. Ақпараттық технологиялар мен ақ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет