Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет110/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

атқамінер, сайлау, шар,пысық дегендерден бастап, сот-заңға, 
саудаға, өзге де кәсіп түрлеріне, оқу-ағартуға қатысты ондаған 
жаңа сөз, жаңа тіркес, жаңа образ Абайдың өлеңдері мен 
прозасының тілінен табылады. Бұларды Абай қабылдаумен 
қоймай, оларды белгілі бір ұғымдарда тұрақтандыру (термин-
деу), мағыналарын айқындай түсу сияқты қызмет атқарады. 
Мысалы, кедей, жатақ, би т.б. сөздерді Абай бір ғана ұғымда 
жұмсайды. Жалпыхалықтық қолданыста нышаны ғана бар 
тенденциялар Абайда әдеби нормаға айналдырылады. Мыса-
лы, өткен ғасырда қазақ қоғамында үш түрлі право өмір сүрген 
болса, халық тілінде олардың әрқайсысына қатысты ұғым – 
лауазым, тәртіп т.б. атауларын ажыратып айту тенденциясы 
солғын түрде байқалса, Абай оны әрі қарай айқындап бекітеді, 
яғни өз тілінің тәжірибесінде бұл үш правоның үшеуін бөліп 
бөліп атайды (шариғат, закон, ата-баба жолы), олардың 
әрқайсысына тән жеке ұғым аттары да араластырылмайды 
(қазы, судья, би т.б.). Сол сияқты халық тілінде, оқу-ағарту са-
ласынан мұсылмандық діни оқуға қатысты ұғымдар мен жаңа 
азаматтық сипаттағы оқуға байланысты ұғымдарды айырып 
атау бағыты сезіледі. Жалпы халық тілінде оқу, жазу, кітап 


227
шығару тәрізді құбылыстарға қатысты жаңа сөздер көбейе 
түскен болса, Абай бұл салада бірқатар лексемаларды өзі 
активтендіріп, қазақ әдеби тілінің сөздігін толықтырады. Мы-
салы, ғылым, білім, «кәсіп» мағынасындағы өнер сөздерінің 
жалаң өздері ғана емес, солар қатысып жасалған жаңа тіркестер 
Абай тілін бейнелейтін сипатты белгілердің бірі болып табы-
лады.
Қысқасы, Абай лексикасы – ХІХ ғасырдың ІI жартысын- 
дағы қазақ әдеби тілінің тематикалық серияларға қатысты 
саласының айнасы. Абай творчествосының дені поэзия бол- 
ғанмен, оның жырлаған тақырыптарына орай, өлеңдер тілі- 
нің өзінде әлеуметтік терминология мен экономика, оқу-ағарту 
т. б. қатысты сөздер орын алған. Бұл салалардағы лексикалық 
топтарды мейлінше мол қамтуына Абайдың прозалық шығар- 
малар жазуы да үлкен септігін тигізген. Өйткені көптеген заң-
сот саласына қатысты сөздер (ескілері бар, жаңалары бар) – 
Абайдың өлеңдерінде емес, «Қара сөздерінің» тексінде.
Тематикалық серияларға бөліп талдаған сөздеріміз жал-
пылама қолданылатын лексика тобына (общеупотреби-
тельная лексика) жатады. Сондықтан оларды жеке ақындар 
шығармаларынан да, баспасөз тілінен де, Абайдың «Қара 
сөздері» сияқты жаңа жанрда жазылған үлгілерден де, ауыз 
әдебиеті нұсқаларынан да кездестіреміз.
Осылардың ішінде Абай шығармалары қоғам құрылысына, 
оның мәдени-рухани дүниесіне байланысты тарамдалатын 
лексикалық топтардың өз тұсындағы күй-сипатын, өткендегісі 
мен болашағын танытатын ең бай, ең әдеби нормаланған 
үлгілер деп айта аламыз.


228
III ТАРАУ
__________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет