Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет105/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

алу көмекшісін қажет етіп тұрады. Келе-келе сату етістігі 
осы күнгі мағынасында («продавать») орнығады да «ку-
пить» актісін білдіру үшін алу көмекшісімен тіркескен түрі 
қолданыла бастайды. Мұндай дифференциацияның алғашқы 
нышаны өткен ғасырдың екінші жартысында-ақ көріне ба-
стайды. «Продавать» ұғымы үшін базарға ұстап сату, сатып 
кету тәрізді тіркестер қолданыла бастайды. Мысалы, Абайда: 
«Кірмен өлшеп, базарға ұстап сатпақ» (II, 146).
Қазақ даласына келген сауда қатынасына байланысты жаңа 
тіркестер туады. Пайда табу, пайда құру, зиян шегу, қала 
шығу тәрізді тіркестер – XIX ғасырдың туындылары. Сонымен 
қатар қазақ тіліне тек сауда қатынастары мен операцияларына 
қатысты ұғымдарды білдіретін сөздер ғана емес, сауда айна-
лымына түскен күллі тауарлардың аттары да молынан енді. 
Олардың бірсыпырасы, мысалы, экспорттық тауар атаулары 
(яғни қазақтардың сатқан тауары – мал, жүн, қыл-қыбыр, тері-
терсек) бұрыннан бар актив сөздер болса, қазақ даласы сатып 
алатын көптеген жаңа тауарлардың аттары енді пайда болады. 
Ол тауарлардың бірқатары өз аттарымен (яғни орысша атау-


217
ымен) келсе, енді бірқатарының атаулары қазақ топырағында 
жасалады. Бұлардың көбі Абай лексикасында көп орын 
алмағандықтан, біз осы жұмыста саудамен келген бұйым атта-
рын сөз етпедік.
Азаматтық сипаттағы оқу-ағарту мен ғылым-білімге қатыс- 
ты сөздер Абай өмір сүріп, жазушылық құрған XIX ғасырдың 
II жартысындағы қазақ тілі тарихында маңызды рөл атқарған 
мәдени факторлардың бірі – білім тарату ісі болды. Мұның 
өзі екі түрлі: діни және дүнияуи, яғни азаматтық (орысша 
светское, гражданское образование). Өткен ғасырдың соңғы 
ширегінде патша үкіметі Қазақстанда ислам дінінің таралу-
ын біраз тежеді, соған байланысты діни оқу орындарының 
саны едәуір азайып, оның есесіне жаңа типтегі оқу орында-
ры – бастауыш орыс-қазақ школдары ашыла бастады
173
. Бұлар 
балаларға жалпы азаматтық білім негізін беретін болды. Абай 
сынды демократ-ағартушы азаматтық оқу-білім тақырыбын 
сөз етпей қалмағаны ақиқат. Сондықтан Абай лексикасынан 
азаматтық уклондағы оқу-ағартуға және жалпы білім-ғылымға 
байланысты көне-жаңа едәуір сөзді тауып, талдауға болады.
Ең алдымен, осы кезеңдегі оқу орнының атауына тоқ- 
талалық. Жоғарыда біз әдейі мектеп, школ деп екі терминді 
атадық. Бұл күндегі әдеби тілімізде алғашқы білім беретін оқу 
орнының бәрі мектеп деп аталады, ал өткен ғасырда (тіпті оның 
соңғы кезінде ғана) мектеп сөзі мұсылманша діни төменгі оқу 
орнының атауы болған. Мектеп – кейінгі кезде пайда болған 
атау. Шығыстағы мұсылман елдерінде алғашқы кезден бастап 
(X-XI ғасырлардан) көп уақытқа дейін күллі оқу орны (баста-
уыш та, жоғарғы да) медресе деп аталған. Мектеп деген атау 
Орта Азия мен татар халықтарында мүлде соңғы кездерде, 
балалар едәуір көптеп оқи бастаған кезде пайда болған, онда 
да бастауыш білім беретін орынды білдірген
174
Мектеп деген 
сөз әсіресс XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басталар 
аралығында «жаңа әдіспен оқытатын» (жәдидше) бастауыш 
оқу орындары пайда болған кезде жиі қолданыла бастағанға 
ұқсайды. Сөз етіп отырған XIX ғасырдың II жартысында 
173
Тажибаев Т. Просвещение и школа Казахстана во второй половине XIX в. - 
Алма-Ата, 1962. - С. 33, 132.
174
Сабитов Н. Мектебы и медресе у казахов. - Алма-Ата, 1950. - С. 5.


218
Қазақстанда мектеп те, медресе де (өздері де, атаулары да) 
болған. Мысалы, Семей облысында 1884 жылы – 10, 1888 жылы 
– 12, 1895 жылы – 17 мектеп пен медресе болыпты. Кейбір 
облыстарда, әсіресе сол кезде өзбек, татар халықтары тұрған 
өлкелерде (мысалы, Сырдария облысында) мектеп пен медресе 
саны әлдеқайда көп болған. Осыған қарағанда, мектеп деген 
сөз тілімізде өткен ғасырда «мұсылманша діни оқуға үйре- 
тетін бастауыш оқу орны» дегенді білдіруге тиісті сөз 
болғанымен, күнделікті сөйлеу тілінде, біздің байқауымызша, 
бұл атаудың өзі жиі қолданылмағанға ұқсайды. Әдетте сол 
кезде қазақ баланы мектепте оқиды (оқыды) деудің орны-
на молдаға (немесе молдадан) оқиды деген тіркесті жиірек 
қолданған. Ал Ыбырайда мектеп деген сөз мүлде жоқ, 
мұсылманша оқытатын (оның өзінде де молдасы «жазу да та-
нымайтын надан») бастауыш орынды бір-ақ жерде медресе 
деп атапты: «Бір күндерде сол елге бір шын молда келіп, әлгі 
бала оқыған медресеге келіпті» (Алтынсарин, 1879. 52). Екінші 
бір жерде университетті медресе деп түсіндіреді: «1791 жыл-
да өзім университет деген үлкен медреседе оқып жүрген жігіт 
күнімде...» (Сонда. 34). Осыларға қарағанда, Ыбырай тілінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет