Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет106/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

медресе деген сөз жалпы «оқу орны» дегенді білдірген, ал оқу 
орнын мектеп, медресе деп ажырату болмаған. Дәл сондай-
ақ мектеп деген сөз Абай тілінде де бір-ақ жерде кездеседі. 
Онда да қазақ жеріндегі мектеп туралы емес, Түркиядағы 
жаңа оқу орындары (мектеп харбия, мектеп рүшидия) жайын-
да айтқан тұсында. Ал бастауыш дәрежеде діни сауат ашуды 
Абай да молдаға оқу, молдаға беру, сабаққа беру деп атайды: 
«Оқытарсың молдаға оны» (I, 127); «Соңынан молдаға берген 
болады» (II, 195). Ыбырай сияқты, Абай да жалпы мұсылманша 
оқу орнын – оның ішінде бастауышын да медресе деп атаған: 
«Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан 
алып, медресеге беріп» (II, 214). Абай тек мұсылманша 
оқу орны емес, жалпы «оқу орны» деген ұғымда да медресе 
сөзін қолданған: «Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет 
қылсын, шен алсын деп бермедім» (I, 25) дегенінде медресе – 
мұсылманша оқу орны емес, жалпы оқу орны, өйткені Абай ба-
лаларын (Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды) орыс школдары-


219
на беріп оқытқаны белгілі. Жоғарыда айтылған, XIX ғасырда 
қазақ даласында пайда болған орыс-қазақ мектептері сол кез-
де школ деп аталған. Сөз жоқ, біреуі ислам дінінің канонда-
рын үйрететін, біреуі орыс уклонды азаматтық білім беретін 
екі түрлі оқу орнын өмірде ажыратып атау қажеттілігі күшті 
болған. Сондықтан халық тілінде мұсылманша діни оқу ор-
нын, тіпті оның жаңа әдіспен (жәдидше) оқытып, азаматтық 
білім негіздерін қоса үйрететін, кейбіреулерінде орысша да 
сауатын аштыратын жаңа типті түрлерін де мектеп, медресе 
(немесе көбінесе, молдаға оқыту) деп атап, үкімет тарапынан 
ашылған жаңа мектептерді (олардың өзінде де мұсылманша са-
уат ашу қоса жүргізілген) орысша атауынша школ деп атаған. 
Сондықтан революцияға дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту 
мәселесін сөз еткен орыс тіліндегі әдебиетте алғашқысын 
мектебі, соңғысын школы деп алып жүр. Ыбырай да жалпы 
оқу орны мен мұсылманша мектепті медресе деп атағанмен, 
өзі қызмет еткен жаңа типті орыс-қазақ мектептерін школ деп 
атайды («Начальное руководство к обучению киргизов русско-
му языку» дегеніндегі қазақшадан орысшаға аударуға ұсынған 
текстерін қараңыз). Бұлайша дифференциациялап атау қазіргі 
жазушыларымызда да бар (өткен ғасырдағы оқу орындарын 
сөз еткен жерлерінде). Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абайдың 
өмірбаяны» деген еңбегінде былай деп жазады: «Абай екінші 
баласы – Әбдірахманды Семей қаласындағы уездік школға 
оқуға береді, артынан біраз жыл өткен соң, үшінші баласы 
Мағауияны да, әйел баласы Гүлбаданды да әкеп орыс шко-
лына береді»
175
. Жалпы школ атауы революцияға дейінгі тек 
орыс-қазақ мектептері емес, таза орыс мектептерінің де атауы 
болған. Мысалы, Сәбит Мұқанов Ботакөзді «орыс школында 
оқыды» дейді. Ботакөз оқыған мектеп – таза орыс мектебі. Ал 
Абай тілінде школ деген атау жоқ, мұндай жаңа оқу орнын Абай 
бір-ақ жерде интернат деп атайды. Үкімет ашқан орыс-қазақ 
мектептерінің көпшілігінің жанында интернат болған. Семей 
мен Ақмола облыстарындағы Мұндай мектептердің барлығы 
да 1890 жылдарға дейін школа-интернат болып келіп, 1890 
жылдардан бастап төменгі сатыдағы ауыл шаруашылық 
175
 Әуезов М. Абайдың өмірбаяны // Абай Құнанбаев. - Алматы, 1957. - II т. - 31-б.


220
мектептеріне айналдырылған
176
. Соған қарағанда, Абай өмір 
сүрген өлкеде XIX ғасырда бұл оқу орындарының атауы 
ретінде школ дегеннен гөрі интернат сөзі жиірек қолданылған 
болу керек.
Бастауыштан кейін әрі қарай діни білім беретін оқуорны 
Орта Азия халықтарында да, Еділ бойы татарларында да және 
Қазақстанда да медресе деп аталған. Ал Абай медресе деп 
күллі дәрежелі (бастауыш, орта, жоғары) мұсылманша оқу 
ордасын атағанын жоғарыда айттық. Біздің байқауымызша, 
XIX ғасырдың II жартысында қазақ тілінде жалпы оқу орнын, 
оның ішінде бастауышын да мектеп дегеннен гөрі медресе
деп жиірек атаған. Мысалы, сол тұстағы «Дала уалаяты 
газетінде» көбінесе медресе дегенді ұшыратамыз: «Қазақтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет