221
қолданылған сөз (қара: Хорезми. Мухаббат-наме. Издание тек-
ста, транскрипция, перевод и исследование Э.Н.Наджипа. - М.,
1961. - С. 105, 164 және Боровков А.К. Лексика среднеазиат-
ского тефсира XII-XIII вв. - М., 1963. - С. 129, 332).
Абайда бұл сөз
ұстаттық түрінде келеді. Сірә, өткенде
бала тәрбиелеу, оқыту мағынасында
ұстаздық ету, ұстаттық
қылу деген тіркес қолданылғанға ұқсайды. Соңғысы Абай
тілінде де бар: «
Ұстаттық қылған жалықпас Үйретуден балаға
«(I, 163). Бірақ Абайда «мектеп мұғалімі» мағынасындағы
ұстат, ұстаз сөздері де (
ұстаз сөзі Абайда жалпы «тәрбиеші,
үйретуші» мағынасында келеді), қазақ тілінде сол тұста
кіре бастаған
өшетіл (учитель) сөзі де, орыс ағартушылары
(А.Алекторов, А.Васильев) жасаған
үйретуші сөзі де жоқ.
Жалпы Абай тілінде үкімет мектептері мұғалімдерінің атауы
жоқ. Бұл мектептерді арнайы сөз етпегеннен кейін жазушы
оған қатысты көптеген сөздерді тілінде қолданбаған.
Бұл күндегі
оқушы термині – жаңа туынды. Өткен ғасырда
мектеп пен медреселерде оқитындар
шәкірт деп аталған.
Абайда
шәкірт термині «оқушы» мағынасында жұмсалған:
«Олардың
шәкірттерінің көбі біраз ғараб-парсыдан тіл
үйрснес...» (II, 205).
Шәкірт сөзінің «тәрбиеленуші, үйренуші»
мағынасы да «оқушы» мағынасына жуық: «
Шәкіртсіз ғалым
тұл» (II, 194). Бұл кезде орыс-қазақ школдарының оқушылары
да көбінесе
шәкірт сөзімен берілген. Абайда: «Интернатта
оқып жүр Талай қазақ баласы, Жаңа өспірім, көк өрім, Бейне
қолдың саласы» дегенінен бөтен, бұндай мектеп оқушылары
жайында сөз жоқ, демек, атауы да жоқ. Ал Ыбырай «Хресто-
матиясында» оларды
оқудағы балалар немесе тіпті
бала-
лар деп атайды, сірә, Ыбырай мектеп-медресе оқушылары-
мен шатастырмас үшін,
шәкірт деген терминді өз мектеп-
терінде оқитындарға әдейі қолданбаған сияқты (бірақ «Руко-
водствосындағы» сөздікте
ученик дегеннің баламасын
шәкірт
деп көрсеткен).
Оқу-ағарту саласында жиі қолданылатын сөздің бірі,
сол процестің атауы –
оқу сөзі.
Оқы етістігі – байырғы сөз.
Одан жасалған туынды зат есім –
оқу сөзінің бұрынғы
на-
Достарыңызбен бөлісу: