Р. Сыздык 1-том indd


шартты рай тұлғасының керек сөзімен тіркесі



Pdf көрінісі
бет130/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

шартты рай тұлғасының керек сөзімен тіркесі
Абай тіліндегі аса бір қызғылықты морфологиялық тәсіл- 
дердің бірі – -са жұрнақты шартты рай тұлғасының керек де-
ген модальдық сөзбен тіркесі. Тіліміздегі бұл конструкцияның 
қызметі мен мағынасы немесе қазіргі тілімізде мұның бар-
жоғы туралы ешбір оқулық, курстарда не жеке зерттеулер-
де ешқандай мағлұмат бермейді. Ал бұл тіркес бір кездер-
де белгілі бір категорияны білдіретін өнімді тәсілдердің бірі 
болған. Және «бір кез» деп отырғанымыз – көне немесе тіпті 
орта ғасыр дәуірлері емес, кешегі Абай тұстары, XIX ғасыр- 
дың жартысы, тіпті XX ғасырдың басы. Бұл конструкцияның 
тағы бір ерекшелігі – -ар, -мақ сияқты ертеден қазақтың по-
эзия тілінде жиі қолданылып келе жатқан амал емес, кейін 
активтенген амал-тәсіл екендігінде. Сірә, о баста, яғни XIX 
ғасырдың II жартысында проза жанры туа бастаған кезде 
жанданған бұл тәсілді Абай да қуаттап, тіпті поэзия тілінде де 
пайдаланғаны байқалады.
Шартты райдың керек сөзімен тіркесі өзге кейбір түркі тіл- 
деріндегідей, бір нәрсенің болу-болмауы, іс әрекеттің орын- 
далу-орындалмауын шамалау, тұспалдау мағынасын береді 
де
204
, осы күнгі -у, Абай тіліндегі  және -мақ жұрнақты қи- 
мыл есімімен қызметтес болып келеді. Абай прозасында 
да, өлеңдерінде де бұл тіркесті жиі қолданған. Барлығында 
204
Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка. - М., 1948. - С.167; Баскаков 
А.Н. Карақалпакский язык. - М., 1952. - С. 452.


268
да топшылау, шамалау реңкі сақталып, -у (-мақ) жұрнақты 
тұлғалардың дублеті ретінде берілген: «Әрбір байқаған адам 
білсе керек» (II, 161) ~ сірә, білуі керек. «Егер жақсы көрсем, 
қылықтарын қостасам керек еді» (II, 166) ~ тегі, қостауым 
керек еді. «Тәнді жанға бас ұрғызса керек еді, Жоқ, біз олай 
қылмадық» (II, 165) ~ тегі, бас ұрғызу керек еді. «Жұрт айтқан 
сол ант мезгіл келсең керек» (~ келуің керек). «Мен де бен-
де, амалсыз көнсем керек» (~ көнуім керек). «Қызығы зор 
қайран дос, қайран тату, Сендер өлдің, мен дағы өлсем керек»
(~ өлуім керек) (II, 146). «Алла берген қауіпті осы сырым Көрге 
бірге өзіммен барса керек» (-баруы керек) (II, 108). «Оны да 
алды бұл өлім, Сабырлық қылсақ керек-ті» (~қылуымыз ке-
рек) (I, 179). Бұл келтірілген мысалдардың барлығында да 
іс-әрекет шақ категориясынан тыс ұғымда. Ал кейде Абайда 
бұл конструкцияның өткен шақтық ұғымда жұмсалғаны да 
байқалады, онда да шамалау, тұспалдау мәні сақталады. Мы-
салы: «Онан соң [қазақтар] Азияның тереңіне шейін еріп бар-
са керек» (II, 223) ~ сірә, еріп барған болу керек. «Қырғызға 
қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек» (II, 222) ~ 
тегі, ат қойған болуы керек.
Керек сөзінің орнына Абайда кейде бол, жарайды сөздері 
алмасып келе береді: «Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ 
Құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса бо-
лады» (II, 179) ~ оқу керек. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек 
болса жарайды» (II, 174) ~ болуы керек.
Керек сөзімен тіркескен шартты рай тұлғасын шақтық және 
бейтарап жұрнақты қимыл атауымен семантикалас етіп 
пайдалану жалғыз Абай тіліне емес, «Дала уалаяты» тіліне 
де, Алтынсарин прозасына да тән болды. Әсіресе тұңғыш 
баспасөз орыс тіліндегі материалдарды қазақшаға аударғанда, 
орысша инфинитивті шартты рай тұлғасы мен керек сөзінің 
тіркесі арқылы аударады: «һәрбір берілміш генерал-губерна-
тор хазіреттеріне, яки менің атыма жалғыз [арыз] берушінің 
аты-жөні жазылғаннан басқа жазушы мен сызушылардың да 
аты-жөндері мен тұрмыс жайлары да көрсетіліп жазылса ке-
рек» (~жазылуы керек). Бұл орысша мынадай сөйлемнің ау-
дармасы: «На всех прошениях, подаваемых как на имя гене-


269
рал-губернатора, так и на мое имя, кроме подписи просителя 
должны быть подписи составителя и переписчика с обозна-
чением местожительства» («Дала уалаяты газеті» 7/ІІ. 1892). 
Мұндай фактілер газет тілінде өте мол. Бір қызығы – бұл 
тұлғаны В.Радлов, Я.Лютш, А.Алекторов жинап бастырған 
материалдардың проза бөліктерінен де кездестіреміз.
Қазіргі әдеби тілімізде шартты райдың керек сөзімен
тіркесі келер шақтық мағына мен шақтан тыс мағынада (-у 
тұлғасынын орнына) өте сирек қолданылады. Публицистика 
стилі мұны мүлде пайдаланбайды деуге болады (ал көркем 
әдебиетте ара-тұра кездесіп қалады). Сондықтан негізінен 
ғылыми-публицистикалық жанрға жататын Абай «Қара 
сөздерінің» қазірде норма емес бұл тәрізді тәсілді актив пай-
далануын оны (Абай прозасын) кейбіреулерге әдеби тілде 
жазылмаған нұсқалар етіп көрсетуі мүмкін. Зерттей келсек, 
бұл – белгілі бір кезеңнің, яғни ғылыми-публицистикалық 
стиль мен көркем проза жаңа қалыптаса бастаған кезеңнің 
әдеби нормасы болып шыққанын мойындаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет