263
тек
демеске»
(I, 158); «Дүние даяр
өтерге, Ажал даяр
жетер-
ге» (I, 20); «қара сөздерінде»: «Ғылым
бағарға да ғылым сөзін
сөйлесер адам жоқ» (II, 157); «Оның орнына татымды толық
билік шығарып, төлеу
саларға жарарлық кісі болса керек еді»
(II, 161); «...Ақылы дәлел – испат
қыларға жараса, мұны яки-
ни иман десек керек» (II, 170); «
Қоярға орны жоқ болған соң,
оларды қайда сақтайсың?» (II, 188); «...Бәрін мұнда
жазарға
уақыт сыйғызбайды» (II, 216) т.т.
Бұл қолданыста
-ар жұрнақты тұлға осы күнгі
-у жұрнақты
қимыл есімінің дублеті ретінде келген. Бұл сөйлемдерді қазіргі
нормаға сайсақ,
-арға қосымшалы сөздерді
-у+ға қосымшалы
варианттармен әбден алмастыруға болар еді.
-арға тұлғасының
керек сөзімен тіркесінде оның -уға тұлғасымен мағыналас
түсетіндігі тіпті айқын сөзіледі.
Бұрын жарияланған бір мақаламызда Абай тіліндегі
-арға
аффиксті тұлғаны, бәлкім, сол тұстағы татар әдеби тілінің
әсері болар деген болжалды пікір айтқан болатынбыз
202
. Одан
кейінгі бірнеше жылғы ізденулерімізге сүйеніп, қазір бұл
пікірден мүлде бас тартамыз. Қазақ тіліндегі, оның ішінде
Абай,
Ыбырай тілдеріндегі -арға тұлғасының қолданылуы
ешбір өзге түркі тілдерінің, оның ішінде кітаби тілдің ықпалы
емес, қазақтың өз нормасының көрінісі деп табамыз. Оған ең
негізгі дәлеліміз – бұл тұлғаның ауыз әдебиеті үлгілерінде, оның
ішінде әлдеқайда конструкциясы мен лексика-грамматикалық
структурасы тұрақты мақал-мәтелдер құрамында кездесе-
тіндігі. Мысалы, «Кәрі қыз бала тапса,
қоярға жер таппайды»;
«Күресерге дәрмен жоқ, іш қазандай қайнайды»;
«Киерге киім,
ішерге ас қалмады»;
«Сыйларға асық болмаса,
сипарға тілің
болсын» деген тәрізді тек мақал-мәтел,
фразалар құрамында
ғана емес, бұл тұлға эпостық жырларда да, тұрмыс-салт жыр-
ларында да жиі кездеседі: «Асыл туған Ақжүніс, Көкті бұлт
қоршайды. Күнді байқап қарасам, Күн
жауарға ұқсайды»
(«Ер Тарғын»). С.Сейфуллин жариялаған (VI томында) ауыз
әдебиеті үлгілерінен: «Жарқылдата қылышты Сені
көрерге
келемін» (202); «Тастемірдей жаманға Қарындасын
берерге
ұсар ма?» («XV ғасырда жасаған Асанқайғы» сөзі дегеннен
202
Сыздықова Р. Абай шығармаларында -ар жұрнақты тұлғаның қолданылуы//
Қазақ тілі білімінің мәселелері. - Алматы, 1959. - 118-б.
264
– 267). «Орманбет би» (XVIII ғасыр) дегеннен: «Кедейліктен
жаман жоқ,
Ұрысарға амал жоқ. Екі сеңгір қосылып
селбесер-
ге заман жоқ» (281–282) т.т. В.Радлов, Я.Лютш, И.Березин
т.б. жинап бастырған үлгілер текстерінен де талдап отырған
тұлғаны молынан табамыз және ол тек өлендерде емес, қара
сөзбен берілген материалдарда да бар: «Сонан соң бір күндерде
Ұзын Сары Алып жамағаттарын жиып алып, оқ
атарға серу-
енге шықты» (Радлов, III, 277); «Бұрынғы заманда бір қарт бар
еді. Ол қарт бір күні базарға
шығарға ойланды» (Я. Лютш, 31.).
-ар+ға тұлғасының бұлайша ауыз әдебиеті нұсқаларында
орын алуын ертеден қалған қалдық, өлі тұлғалар деп тануға
болар еді. Бірақ мұның өткен ғасырдың
ішінде де тірі тәсіл
болғанын сол тұстағы ақындардың қолданыстары көрсетеді.
Батпақты сайға су түссе,
Атың арып келгенде,
Өткел бермес
кешерге.
Қайырсыз итке мал бітсе,
Аңқаң құрып келгенде,
Саумал бермес
ішерге...
Әрнешік күнің сол болар,
Еңкейіп орақ
орарға,
Тоңқайып масақ
терерге, –
деп кеткен XVIII ғасырдағы Бұқардан бастап,
XX ғасырдың
басына дейінгі қазақ ақындарының бәрінен
-арға тұлғасын
таба аламыз. Бұл әсіресе Махамбетте өте жиі қолданылған:
«Өлең айтып толғадым, Көкірегімді
басарға. Қаралай отын
жармадым, Тас қазанды
асарға... » (54); «Жетіп келді қамалға,
Қамалды бұзып
аларға» (28); «Қаумалаған қарындас қазақта
бар да менде жоқ, Арызымды
айтарға» (76). Өзге ақындарда:
«Сонда менің
сөйлерге есім кетті» (Шортанбай, 150); «Таяндың
енді
өлерге» (Сонда. 160); «Сонда білер жаманын Жан
шығарға
келген соң» (Дулат, 65); «Су түбіне кеткен жұрт Тал таба алмас
қармарға» (Сонда. 69); «Бармайды ауыз шіркін
жамандарға»
(Шернияз, 127); «Жақсыға жаман теңелер
айдарына келгенде»
(Базар, 235); «Жаны жоқ кеудесінде адам
дерге» (Біржан, 186);
«
Берерге ғылым жазып адам керек» (Ақан, 272).