129
өлкеде қолданылған бір алуан сөздер бар. Олардың қолданылу
мотивтері мен таралу аумағы жайындағы пікірлеріміз бен
кейбіреулерінің жеке-жеке талдауын ілгеріде,
і тарауда, бердік.
Абай шығармалары тіліндегі көне сөздер
(архаизмдер мен историзмдер)
Абай лексикасындағы көне сөздерді (архаизмдер мен
историзмдерді) әңгіме еткенде,
объектіге екі шамадан қарау
керек. Бірі – Абайдың өз тұсында-ақ көнерген немесе көнере,
пассивтене бастаған сөздер тобы, екінші – қазіргі нормадан
қарағанда, көнерген болып есептелінетін сөздер. Біз назары-
мызды алғашқы топқа ғана аудардық.
Халықтың ауызекі сөйлеу тілін, ғасырлар бойы шыңдалған
ауыз әдебиетін, сондай-ақ өзіне
дейінгі және өзіне тұстас
қаламгерлер үлгілерін жақсы біліп, солардың тілін сарқа
пайдаланған ұлы жазушы өз лексиконына қазақ тілінде
бұрынырақ қолданылып, өз заманында көнерген немесе көнере
бастаған сөздерді де шебер енгізген.
Архаизм, историзмдердің бір тобын Абай қазақтың өткен
тарихын баяндауда әдейі келтіреді. Мысалы, жүз жыл бұрынғы
қазақтың киімі туралы этнографиялық суреттеме өлеңінде
жейде, жарғақ шалбар, жарғақ жастық, кісе, шақпақ,
дәндәку, күләпара, пыстан тәрізді қазірде, ал бірқатары тіпті
Абай заманында қолданудан шыға бастаған бір топ киім-
кешек пен өзге аксессуарлардың аттарын береді.
Жейде сөзі
диалектизм ретінде қазірде де көптеген аудандарда «еркектің
көйлегі» деген мағынада қолданылғанымен, өткен ғасырдың
өзінде-ақ бұл вариантты
көйлек сөзі ығыстыра бастағанға
ұқсайды. Өйткені Абай шығармасындағы
шалдардың өзі
көйлекті болып келеді (Ақ
көйлекті, таяқты Ақсақал шығар
бір шеттен – 1, 50).
Жейде сөзі Абай тұсында көйлектің (ер-
лер көйлегінің) көне фасонды түрін білдіріп, сол мағынада
қолданудан ығыстырыла бастағанын өзге материалдан да
байқаймыз. Мысалы, Ильминский
жейдені сол кезде (1861
жылы) тек қарттар киетін ескі үлгіде
тігілген көйлек деп
130
көрсетеді: «
жейде – рубаха старинного киргизского покроя.
Это бязевый халат с воротом шалью, на правой стороне за-
вязывается шнурками. Теперь носят только старики» (133).
Соған қарағанда,
жейде бір кезде бүкіл қазақ даласында түгел
түсінікті болып, белгілі бір үлгіде тігілген ерлер көйлегін
білдіріп, жалпыхалықтық тілде тегіс қолданылған көне сөз
болуы керек.
Сондай-ақ Абай қазақтың өткен ғасырлардағы заң систе-
масын әңгіме еткен 3-сөзінде
жарғы (Жеті жарғы) терминін,
Лсрмонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр» өлеңінде
тас
Достарыңызбен бөлісу: