Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет63/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

қол, дүр, қар, қарындас, дат айту, қынаменде, шөншік, талай, 
әшкере, ұлық, (ұлы), арық (арыған), түзік (түзу) т.б.
Абыз сөзінің о бастағы мағынасын Абайдың өзі түсіндіріп 
береді: «...[қазақтың арғы ата-бабалары] бұрыннан бақсы-
балгерге инанып, отқа, шыраққа табынатын әдеттерімен 
исламға тез түсініп жете алмапты. Ол кезде шала-пұла хат 
таныған кісісі болса, оны «абыз» дейді екен. Ол «абыз» демек, 
әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен 
(ІІ, 222).
Абыз сөзінің осы мағынасын Будагов та көрсетеді: «Қазан 
татарлары тілінде – ученый, сведущий, образованный (назва-
ния духовного лица – I, 4). Будагов бұл сөзді арабша хафиз 
сөзінен алынған деп талдайды. Сірә, бұл сөз көне түркі сөзі 
болу керек»
114
. Абайдың этимологиясы да осыны көрсетеді, 
абыз сөзі түркі руларында ислам діні енгенге дейін оқыған 
адамды білдірген болса, арабша хафиз-ден шықпағаны. Бұл сөз 
Абай тұсында, тіпті одан көп бұрын-ақ актив қордан шығып 
қалғанға ұқсайды, өйткені кейінгі дәуірлердегі «оқыған, хат 
таныған адам» деген ұғым не молда, не оқымыс, не ғұлама де-
гендер тәрізді сөздермен білдірілетін болған. Дегенмен абыз 
архаизмін Абай да, кейбір тұстастары да (мысалы, Дулатта: 
Абыз демей не дейміз, Шалы орнынан тұрған соң – 61) ара-тұра 
қолданып, оған көбінесе ауыспалы мағына береді. Абайдың: 
Кейбірі пірге қол берген Іші – залым, сырты – абыз (I, 149); 
Сырты абызбар, Желқабыз бар (I, 152) деген тармақтарында 
абыз сөзін сыртынан қарағанда «өзгеден бір табан жоғары 
оқыған, жағымды адам» деген мәнде жұмсаған.
Алаш сөзі де – әріден келе жатқан көне сөздердің бірі. Өзге 
түркі тілдерінде жоқ бұл түбір қазақ тілінде Абай тұсына 
дейін «қазақ елі, қазақ, халқы, қазақ жұрты» мағынасында 
қолданылып келген. Сондықтан да болу керек, өткен ғасырдағы 
114
Қазақ тілінің кысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 18-б.


133
қазақ сөздіктерінің кейбіреулері бұл атауды қазақ деген 
этнонимнің синонимі деп көрсетеді: алаш – собственно имя 
родоначальника всех киргизов, а потому они носят общее на-
звание алаш (кроме қазақ) (Киргизско-русский словарь, 1897). 
Өткен ғасыр регистраторларының барлығы да алаш сөзін 
«бүкіл қазақ халқы, қазақ» дегендердің тепе-тең параллелі деп 
таныған: 1878 жылғы А.Старчевскийдің материалында: алаш 
– весь киргизский народ, род, поколение («Спутник...»); 1883 
жылғы И.Букиннің сөздігінде: алаш – киргизское происхожде-
ние; Л.Будагов сөздігінде (аладж) – весь народ киргизский (I, 
78) деп берілген. Алаш сөзі «бүкіл қазақ халқы» деген ұғыммен 
барабар деген тұжырымды Бабурнамэ материалдарына сүйеніп 
Абай да айтады. Ол алаш деген сөздің этимологиясын Ала-
ша хан атынан, ал хан есімінің өзін қалмақша алашын (шач) 
«жан алушы» деген сөзден (өйткені Алаша ханның шын аты 
Ахмет дейді) шығарады (II, 224). Осы мәліметті Сәкен Сей-
фуллин де бере келіп, бірақ «алаш сөзі ноғайлы заманынан, 
яғни қазақ атанған рулар қазақ болмай жүргенде қолданылған 
сөз», – дейді. Оған дәлел ретінде «ноғай, қазақ бәріміз бір 
алаштың баласымыз», «алты алаштың баласы» деген мақал-
идиомдардың бар екенін келтіреді. Сонымен қатар С. Сейфул-
лии бұл сөздің «жат, бөтен, жау» мағынасында қолданылғанын 
айтады, тіпті соңғы мағына алаш сөзінің «өзінің шын мәнісі», 
яғни алғашқы мағынасы дегенді де білдіреді
115
. Бұл сөздің 
төркінін әдейі зерттеушілердің бірі – А.Махмутов жоғарғы біз 
келтірген мағлұматтарды түгелімен бере отырып, бұл сөздің 
монғол тіліндегі алач – «қанішер» сөзімен де мағына жағынан 
жақындығын айтады да, бірақ бұл сөз түркі тілдеріне тән ал 
етістік түбірінен есім жасайтын жұрнақ (-ш) арқылы туған болу 
керек дейді
116
. Біздің қазіргі мақсатымыз бұл сөздің төркініне, 
яғни түбірі қай тілдік, морфологиялық құрамы қандай деген-
дерге назар аудармай, осы сөздің қазақ тілінде біз әңгіме еткен 
дәуірде, оның ішінде Абайда «қолданылған-қолданылмағанын 
және қолданылса, қай мағынада болғанын талдау. Қайткен 
күнде де алаш – қазақ тілінде өте ертеден келе жатқан сөз. 
115


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет