Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет78/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

ажымсыз саусақ, саналы жан, қызды ауыл, орынсыз ыржың, 
берекелі ел т.б. Сондай-ақ -лы, -сыз жұрнақты туынды сын 
есімдер күрделі болып келгенде адамға қатысты болса да, 
көбінесе субстантивтенбейді: Көкірегі сезімді, тілі орамды 
жастар (I, 96). Өлеңі бар өнерлі інім (I, 96) т. б. Бірақ Көкірегі 
сөзімді, көңілі ойлыға Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда? (I, 
23) тәрізді бірен-саран жағдайда Абай күрделі сын есімдерді де 
субстантивтендіріп қолданады.
Сөйтіп, Абай туынды сын есімдерді субстантивтендіруде 
өз дәуіріндегі тілдік нормаға сүйенеді: бұлардың адамның 
сын-белгісін көрсететіндері және жалаң түрлері ғана зат есім 
қызметінде келеді.


163
Жалғыз -лы, -сыз жұрнақтары емес, Абайда өзге жұрнақ- 
тармен де жасалған туынды сын есімдер (еріншек, сұрамсақ, 
мақтаншақ, күпілдек, шуылдақ, елірме т.б.) адамға қатысты 
жағдайда зат есім орнына жұмсала береді: Көп шуылдақ не 
табар, Билемесе бір кемел (1, 94) Сұрамсақтар нәпсісін тыя 
алмай жүр (I, 34). Әбілет басқан елерме (I, 86). Осы ретте алар-
ман туындысын субстантивтендіруі қызғылықты. Келер шақ 
есімшеге -ман жұрнағы жалғанып, әлі орындалмаған, бірақ 
жүзеге асырылуы мүлде таяп қалған іс-әрекетті білдіреді. Абай 
бұл тұлғаның осы қызметін пайдаланып, біреуден бірдеңе 
(мал, мүлік, ас т.т.) алу үшін бар әрекетін, ынта-жігерін салып 
жүрген қоғам топтарын аларман сөзімен атайды да, әрі қарай 
сол алуға құлшынған адамдарды – алармандарды (бай, жар-
лы, би мен болыс, елубасы, «жалаңқая жат мінез жау», сұм-
сұрқия, қысқасы, «жүз қарата дайын тұрған екі жүз аларман-
ды») санамалап өтеді (I, 28).
Адамнан өзге жанды-жансыз заттарды немесе абстракт 
ұғымдарды атау үшін субстантивация тәсілін пайдалану онша 
өнімді емес, дегенмен бірқыдыру бұл да орын алған. «Ауырдың 
үсті, жеңілдің асты» деген фразаның моделімен: Қайдан ғана 
біледі Ауыр менен жеңілдің Арасымен өтерді (I, 62) деп ауыр, 
жеңіл сөздерін заттық мағынада жұмсайды. Өткірдің жүзі
(I, 88); Тағыны жетіп қайырған (I, 88), Онын алып тоқсаннан 
дәме қылып (I, 32) дегендерде субстантивтеніп тұрған сөздер – 
адам емес, пышақ, аң, мал тәрізді өзге заттарды білдіреді.
Адамға қатыссыз ұғымдар үшін Абай етістіктің септелетін 
тұлғаларын едәуір актив пайдаланады. Мұнда келер шақ 
есімшеден басқа -мақ жұрнақты тұлға көзге түседі. Не қылса 
надандар алмақты ойлар (I, 266). Қиянатшыл болмақты естен 
кеткіз (I, 38). Екі күймек бір жанға әділет пе? (I, 223). Ең бол-
маса білмеді сый бермекті (І, 262) т.т.
Сөйтіп, Абай сын есімдерді, есімшенің -ған, -ар жұрнақты 
түрлерін, -мақ жұрнақты тұлғаны, сан есімдерді, тіпті кей-
де еліктеуіш-бейнелеуіш сөздерді субстантивтендіріп, зат 
есім қызметінде жұмсайды. Бірақ бұл құбылыс Абай тілінде 
бастан-аяқ бірдей, біркелкі емес. Өзге сөз таптарын зат есім 
орнында жұмсау Абайдың өлеңдерінде күшті болса, прозасын-


164
да ондай емес. «Қара сөздерінде» көп жағдайда адамды сипат-
тайтын сын есім, есімшелерден соң адам, кісі сөздерін келтіріп 
отырады да, заттық мағына осы сөздерге түседі. Мұнда тіпті 
халық тіліне кәнігі жақсы, жаман деген субстантивтердің өзі 
көбінесе жаман кісі (...әрбір жаман кісінің қылығына күлсең 
– II, 162), жақсы адам (...әрбір жақсы адамның жақсылық 
тапқанына... II, 162) тіркесінде келіп, өзінің сын есімдік 
қызметін атқарады. Мүмкін, бұл жерде Абай жақсы, жаман 
сын есімдерінің жалпы адам туралы емес, біреуінің үстем тап 
өкілдерін (ел жақсысы, жақсы менен жайсаңдар), екіншісінің 
жоқ-жұқа, кедейлерді атау оттеногы барлығынан, оларды жал-
пы адам туралы әңгімесінде заттандырып қолданудан сақтануы 
да ықтимал. Бірақ өлеңдеріндегі жақсы, жаман деген субстан-
тивтер көбінесе қоғамдағы таптар атауын емес, жалпы адамдар 
туралы қолданылған. Сондай-ақ өлеңінде: Ақылды қара қылды 
қырыққа бөлмек (I, 27). Прозасында: Ақылды кісімен ақылсыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет