көтер»-ді (I, 62). Елдің байын еліртіп «жау мұнда»-лап (I, 67).
«Ой Тәңір-ай»-шыл кер есек (I, 87). «Ала бер»-ден, «Келе гөр»-
ден, Бір күн басын бұрды ма (1,151). «Мені»-мен «менікі»-нің
айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес (I, 178). Сөз
айттым «Әзірет Әлі, айдаһар»-сыз, Мұнда жоқ «алтын иек,
сары ала қыз» (I, 96).
Бұлардың бірқатарында біреудің қылығын, мінезін сипат-
тайтын етістік, одағайлар объекті болған. Мысалы, дарқан,
қолсыз мырза інісі Оспанның осы қасиетін оның аузынан
167
шықты деген ала бер, келе гөр сөздерімен бейнелеп, осы
етістіктерді субстантивтендіреді. «Өй, Тәңір-ай», «жау мұнда»
деген өзге адамдардың сөздері де объекті болып, образды суб-
стантивтер жасап тұр. Ал «Әзірет Әлі, айдаһар, алтын иек сары
ала қыздар» – сол кездегі ислам діні пайғамбарлары мен саха-
баларын дәріптейтін қиссалардың объектілері.
Белгілі бір грамматикалық единицаларды (тіркестер,
сөйлемдер) объект етіп алып, зат есім орнында қолдану – ауыз
әдебиеті тілінде де, Абайға дейінгі не тұстас өзге қаламгерлерде
де өрістемеген тәсіл. Абай бұл тәсілді тек өлеңдерінде емес,
прозасында да қолданады: Мұның бәрі төрт аяқты малды
көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан... (II, 159).
Бұны әуелде ауызекі сөйлеу тіліне тән құбылыс деп ой-
лаймыз. Объекті (төл сөз) мен автор сөзінің ортасындағы де
дәнекері түсіріліп айтылуы – тілдегі үнемдеу принципінің
бірі. Абай осы амалды әдеби тілгс норма етіп енгізеді. Әсіресе
поэзияда да дәнекерінсіз объектінің өзін тікелей заттанды-
ру, бір жағынан, айтылған ойға белгілі бір эмоциялық реңк
беріп тұрады. Бұлар – әрине, лексикалық неологизмдер емес,
сондықтан жеке жаңа сөздер деп танылмайды.
Белгілі бір жазушы тіліндегі субстантивтену арқылы пай-
да болған жаңа сөздерді талдағанда мәселеге екі-үш тұрғыдан
қарау керек тәрізді. Ең алдымен, жазушының өзі қолданған суб-
стантивтер болады. Бірақ олардың бәрі кейін жалпыхалықтық
тілде зат есім категориясына ауысып, таза субстантив сөздер бо-
лып шықпайды. Екінші – жазушы өз тұсында жалпыхалықтық
тілге енген субстантивтік неологизмдерді пайдаланады. Мыса-
лы, Абай тіліндегі пысық, қу, атқамінер, атарман сөздері –
осындай заттық ұғым беріп кеткенсын есім, есімше тұлғалар.
Бұлар – таза субстантивтенген сөздер. Абай оларды халық
тілінен, өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен алып пайдаланған.
Абай тілінде зат есім орнына қолданылған сөздер таза
тілдік неологизмдер қатарына қосылмайды. Бұлардың ішінде
әлеуметтік топтарды жинақтап, дәл атаған аларман тұлғасын
және заттық ұғымда өте жиі қолданылғанына қарай білімді,
талапты деген сын есімдерді ғана зат есім категориясына ай-
нала түскен деп санауға болар.
168
* * *
Сөйтіп, Абай шығармалары тіліндегі негізі төл сөзден
болған неологизмдер, көбінесе үш түрлі тәсілмен жасалған.
Олардың ішінде басты, өнімді тәсіл – жұрнақ арқылы
жаңа сөз жасау. Бұл амалмен Абай көбінесе жаңа абстракт
ұғымдардың атауын жасаған. Жаңа абстрактік атаулар әсіресе
прозасының тілінде көптеп енгізілген. Ұқсату, балау мәндегі
-сы жұрнақты сөздерді саны мен қолданылу жиілігі жағынан
Абай лексикасының индивидуалдық ерекшеліктерінің біріне
жатқызуға болады. Бұл ерекшелік Абай шығармаларының
тематиқасы мен мазмұнынан туған.
Сөз мағынасын жаңғырту аса өнімді тәсіл болмаса да, Абай
лексикасына ондаған жаңа сөздің қосылуына себепкер болған.
Жаңа сөз енгізудің өзге тәсілдері Абай тілінде өріс алмаған.
Екі түбірді біріктіру арқылы жаңа сөз жасау қазақ тілінде
бар тәсіл болғанмен, бұл амалмен Абайдың өзі жасаған
неологизмдерді жеке топқа бөліп талдай алмадық, өйткені
Абай тіліндегі атқа мінгендер, елубасы, атшабар тәрізді не-
ологизмдер – Абайдың өзінің емес, заманының туындылары.
Сірә, бұл сөздер, о баста халықтың сөйлеу тілінде пайда болып,
әдеби тілге халық тілінен алынған болу керек. Өйткені олар-
ды ХІХ ғасырдың ІI жартысындағы ақындардың, баспасөздің,
сөздіктердің, Ыбырайдың, Абайдың – барлығының тілінен
қатар кездестіреміз. Өзгелерден әзірге ұшыратпаған тілхат
(Көңіл аулап сөз айтар Арадағы тілхатым – I, 20), қолөнер
(қолөнер үйренбек керек – II, 188: адал еңбегін сатқан қолөнерлі–
II, 189), тәнсаулық (Бермей ме Алласы Тәнсаулық қалқама – I,
165) тәрізді бірді-екілі сөзді де тап басып Абай неологизмдері
деуден тартынып отырмыз. Осыларға қарап, Абай екі түбірді
қатар қолданып, бір ұғымды білдіру тәсілін көп пайдаланбаған
деп табамыз.
Қандай тәсілмен жасалса да, Абай шығармалары лексика-
сында тілдік те, стилистік те неологизмдердің айтарлықтай
пайда болуына бірнеше факт себеп болған. Басты себеп –
Абай шығармаларының тақырыбы мен мазмұны. Абай сөз
еткен жаңа объектілер жаңа атауларды қажет етті. Өмір мен
дүние құбылыстарына өзінше қарап, толғану кейбір әрекет-
қимылдарды жаңаша тануға, демек, етістіктердің жаңа тұлға-
169
ларын жасауға (қайраттысу, әсемсу, сәнсу, қалжыңшылсу,
серкесу) мәжбүр етті. Лексикасына жаңа сөздерді қосуға
екінші себеп болған – аударма ісі. Оның ішінде орыс поэзия-
сынан аударған шығармалары едәуір жаңа ұғымдарды, демек,
жаңа сөздерді алып келді. Үшінші себеп – проза жанрын жа-
сауы. Абай прозасы – ғылыми, публицистикалық стильдердің
үлгісі болғандықтан, осы стильдерге қажет кейбір ғылыми ата-
уларды (дінге, философияға, психологияға қатысты абстракт
ұғым аттарын) енгізу қажеттігі туды. Абайдың стилистік
неологизмдерді молынан пайдаланған саласы – «Қара сөздері».
Достарыңызбен бөлісу: |