кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім (II, 171).
Өлеңінде: Есерлер жас қатынды тұтады екен (I, 199). Проза-
сында: Сонда есті адам орынды іске қызығып... есер кісі орнын
таппай... (II, 171) т.т.
Абай прозасында сын есім, есімше және басқа тұлғаларды
зат есім орнында қолдану мүлдем жоқ та емес. Мысалы:
һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған:
әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз,
қорқақ мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ, қорқақ ақылсыз,
надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді; әрбір ар-
сыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз,
ешкімге достығы жоқ жандар шығады (II, 159). Мұнда жазу-
шы ең алғашқы сын есімді (жалқау) өз қызметінде жұмсайды.
Келесі сөйлемдерінің бастауышы етіп алдындағы сөйлемнің
баяндауышы болып тұрған сын есімдерді алады, ол үшін бұл
сын есімдерді зат есім қызметінде жұмсайды. Сондықтан
дұрыс қойылған тыныс белгісіне қарап және жазушы ойына
қатты зер салып оқымаса, бұл сөйлемді бірден түсіну де қиынға
соғады. Қатар тұрған 3-4 сын есімнің қайсысы өз қызметінде,
қайсысы зат есім орнында екенін айыру қажет. Мысалы, әрбір
мақтаншақ, қорқақ ақылсыз надан келеді дегенде алдыңғы
165
екі сын есімнің субстантивтеніп, бірыңғай бастауыш болып
тұрғанын алдындағы сөйлемнің баяндауышына қарап қана
айыруға тура келеді.
Проза тілінде жалпыхалықтық қолданыста әбден қалып-
тасқан, тіпті есімдік сипатынан айырыла бастаған антұрған,
жүзі күйгір, қарасуық, туысқан тәрізді субстантивтер болма-
са, қалған кез келген реттерде сөзді зат есім орнында қолдану
әрқашан сәтті шықпай, стильдік ыңғайсыздыққа әкеп соғады.
Мысалы, Абайдағы: «Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз
біреуге үлгі беріп, Ақыл айтармыз деп сайланды» деген
сөйлемде ақыл айтармыз тіркесін екі түрлі түсінуге болады:
бірі – келер шақ етістік мағынасында, яғни «ақылды әлі айтқан
жоқпыз, келешекте айтатын болармыз» деген қимылдық
ұғымда, екіншісі – «ақыл айтар адам», яғни белгілі бір шаққа
қатысы жоқ, жалпы ақыл айтатын адам деген заттық ұғымда.
Біздіңше, бұл сөйлемдегі айтар тұлғасы – субстантивтенген
есімше. Өйткені осыған ұқсас қолданыстар Абайда бірнеше
жерде кездеседі. Осы шығарманың ішінде: Бізді не қыласың, ана
сөзді ұғарлықтарға айт дейді деген сөйлемді оқимыз. Мұндағы
ұғарлықтарға деген тұлға да – субстантивтенген туынды сын
есім: сөзді ұғарлық (ұғатын) адамдарға айт дегеннің орны-
на қолданылған. Сондықтан бұл сөздің осы сөйлемді түсінуді
ептеп қиындатқаны болмаса, не диалектілік, не көнелік не-
месе тағы басқаша жаттығы жоқ
136
70. Келер шақтық есімше
тұлғасынан -лық жұрнағын жалғап, туынды сын есім жасау
– Абайда өнімді тәсіл: қуанарлық қыз (I, 85), сыйласарлық кісі
(I, 185), сөзді ұғарлық жан (I, 106), Өлейін деп өлмейді өлерлік
жан (I, 234), ой саларлық ағайын (1, 37), мал табарлық қуат
(II, 168), білерлік ғылым, ұғарлық ақыл (11, 168), ұяларлық нәрсе
(II, 181), ақыл айтарлық кісі (II, 213), жатқа мақтанарлық
мақтан (II, 176) т.т. Соңғы мысалдардың барлығында да
136
Проф. С.Аманжолов осы сөйлемдегі бұл тұлғаны қазірде қолданылмайтын
сөздер тобына қосады да оның себебін қазақ тілінін солтүстік-шығыс диалектісінде бұл
тұлғаның қолданылмайтындығынан іздейді (Аманжолов С. Вопросы диалектологии
и истории казахского языка. - Алма-Ата, 1959. - С. 221). Біздіңше, ұғарлықтар деп
қазірде қолданылмайтындығының ешбір диалектология мәселесіне қатысы жоқ, Ол
басқа өлкелерде де қолданылмайды. Тек Абайда кездестіреміз. Бірақ оқшау тұрған
дүние ретінде емес, сөзді субстантивтендіру тәсілінің актив пайдаланылуы тәрізді
жалпы Абай тіліне тән құбылыс қатарында тануымыз керек.
166
-ар+лық жұрнақты туынды сын есім өз қызметінде келіп
тұр. Енді осы сын есімдерді де зат есім орнына жұмсағанына
жоғарыда ұғарлықтарға дегеннен басқа да мысал келтіруге
болады: «Маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін»
деп мақтанып кетіп (II, 189) немесе: Жұмсалады түзеліп жет-
кен, енді елді түзерлігі-ақ қалған (II, 165) т.б. сөйлемдерде де
әңгіме етіп отырған сын есім тұлғасы субстантивтеніп тұр.
Өзге сөз таптарының, әсіресе семантикасы жағынан адам-
ның сыр-сипатын білдіруге жақын тұрғандарының субстан-
тивтеніп, зат есім орнында қолданылуы мақал-мәтелдерге, афо-
ризмдерге, поэзия тіліне тән екендігін Абайдың шығармалары
да дәлелдейді: Абайдың өлеңдерінде бұл тәсіл өте жиі
қолданылса, прозасында әлдеқайда бәсең. Бірақ проза тілінде
де заттанған сын есімдердің, есімшелердің кездесуі – біздіңше,
Абайдың поэзиялық тілінің әсері. Абай «Қара сөздерінің»
синтаксистік құрылысы сияқты, кейбір лексикалық, морфо-
логиялық құрылымында (оформлениесінде) да оның өлең
тілінің ізі (әсері) сезіледі.
* * *
Өзге сөз таптарын, тұлғаларды субстантивтендіріп қол-
дануда Абайдың өзгелерден оқшау тұратын индивидуалдық
бір ерекшелігі бар. Абай тұтас төл сөз ретінде келетін
грамматикалық тіркестер мен жеке сөйлемдерді, кейде жеке
сөздерді объект етіп алады да оларды заттандырып, зат есімше
септеп, тәуелдеп қолданады: «Мен қалай?»-ға салынбай,
Жылы жүзбен жайнасын (I, 133). Сондай ерді «Ала бер»-ді Та-
бар енді біздің ел! (I, 151). Әуел сонан есітесің «Ат үстінен
Достарыңызбен бөлісу: |