180
дублеті ретінде
қой жүнді қоңыршалар деген тіркесті келтіреді
(II, 166). Әрине,
коңырша сөзі әлеуметтік термин боп орныққан
жоқ (және Абай оны термин ретінде қалыптастыру мақсатымен
қолданған емес). Абайдың
кедей деп отырғандарының бәрі –
қой жүнді қоңыршалар емес, титығы құрып, жалшылыққа ке-
туге аз-ақжетпей жүргендер. Мысалы, Барында баймын деп
мақтанады. Жоғында баяғыда мал бітіп еді деп мақтанады.
Ке-
дей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі (II, 168).
Шаруа сөзінін
кедей-дің дублеті ретінде қолданылуы Абай-
да сирек болса да бар.
Шаруаның біреуі екеу болып, жаңа жол-
мен көбейіп дәулст өнер (1,123). Бірақ бұл жердегі
шаруа сөзін
кедей деген терминнен гөрі «шаруа баққан адам» деген жалпы-
лама ұғымда деп те түсінуге болады.
Шаруа вариантының бұл
мағынасы мына сөйлемде тіпті айқын: Қайын бардық, Қатын
алдық, Енші тиді азғана.
Шаруа атандық, Енді ойландық, Қала
берді бозбала (I, 130).
Шаруа сөзі Абайда әлеуметтік топ,
тап атауы ретіндегі терминдік мағынадан гөрі,
шаруа қылу,
шаруаға үйрену тәрізді тіркестерде келіп немесе жеке тұрып,
«күн көріс кәсібі, жұмыс» деген мағыналарда жиі қолданылған:
Оралып ешбір
шаруа оңалмай жүр (I, 34);
Шаруаға қыры
жоқ (I, 59); Сыпайы жүр де
шаруа ойла (I, 240); Осы бір ұры,
бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді,
шаруа да қылар еді (II,
169).
Еш шаруа, өнерге үйрене алмай (II, 213). Бұл кезде
шаруа
сөзінің «кәсіп», «жұмыс» ұғымында жұмсалуы жалғыз Абайда
емес, өзгелерде де басым болғанын байқаймыз. Мысалы, Ду-
латта
шаруа жию, шаруа істеу тіркесі жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: