Р. Сыздык 1-том indd


Субстантивтендіру арқылы жасалған сөздер



Pdf көрінісі
бет77/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Субстантивтендіру арқылы жасалған сөздер. Өзге сөз 
таптарының, әсіресе сын есім мен есімше тұлғаларының 
зат есімдік мағынаға ие болып (заттанып, субстантивтеніп) 
қолданылу тәсілі қазақ тілінде әсіресе бұрынғы поэзия мен 
мақал-мәтел, нақыл сөз үлгілерінде кеңінен қолданылып кел- 
гені мәлім.
Абай бұл құбылысты өте актив пайдаланған.
Әдетте қазақ тілінде жақсы, жаман, үлкен, кіші, тен-
тек, бұзақысын есімдері субстантивтенуге бейім тұрып, олар 
мақал-мәтелдерде де, жалпы тілде де жиі қолданылатын. 
Бұл қатардағы сын есімдер адам қылығын көрсететіндер, 
сондықтан белгісі арқылы затты атау – тіл-тілдің көпшілігіне 
тән заңдылық. Осы тәсілді Абай да пайдаланып жақсы, жа-
ман (Жақсыға біткен ағайын – I, 63; Жамандар қыла алмай 
жүр адал еңбек – I, 26), зор, надан (Өзі зордың болады ығы да 
зор – I, 41), тентек, сұлу (Сұлуы бұл заманның тек жатпаған – 
I, 24); үлкен, кіші (кейде жасы кіші, жасы үлкен вариантында) 
сияқты сөздерді замандастарының өзін атау үшін жұмсайды. 
Ауыспалы мағынада жұмсап, қызыл, қиқым, тасыр, арам 
тәрізді адамның қылығын көрсетпейтін сын есімдерге де 
заттық ұғым береді. Салақ, олақ, ойнасшы, керім, кербез. 
Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек (I, 39). Бас-басына 
би болған өңкей қиқым (I, 31). Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты 
ұғар (I, 96). Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ (I, 35).
Абай -ған жұрнақты есімше тұлғаларды да жиі субстан- 
тивтендіреді: Қайрат пен ақыл жол табар қашқанға да қуғанға 
(I, 163). Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек (I, 26). 
Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ (I, 35), Оқыған білер әр 
сөзді (І, 83). Бір ғылымнан басқаның Кеселі көп асқанға (I, 85). 
Үйтіп асқан жолығар Кешікпей-ақ тосқанға (I, 85). Білгенге 
маржан, білмеске арзан (I, 88) т.б.
Өткен шақтық есімшенің субстантивтену арқылы зат есім 
категориясына ауысқандарының жалпыхалықтық тілде ерте-
ден келе жатқандарынан антұрған, туысқан, туған тәрізді 
сөздерді Абай жиі қолданады.
Абай әсіресе -лы, -сыз жұрнақтары арқылы жасалған ту-
ынды есімдердің адамға қатыстыларын өлеңдерінің тексінде 


162
үнемі дерлік субстантивтендіріп қолданады, яғни бұлардан 
соң адам, кісі, әйел, еркек, қыз, жігіт тәрізді адамды атайтын 
сөздерді тіркестірмейді: Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек 
(I, 27). Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек (I, 26). Ақымақ 
көп, ақылды аз (I, 45). Естілер де ісіне қуанбай жүр (I, 33). 
Сыртқыларға сыр бермей (1, 79). Малдының малын көре ал-
май (I, 64). Өнерсіздің қылығы өле көрмек (I, 26). Ынсапсызға 
не керек (I, 51).
Абай білімді, таланты сөздерін поэзиясында сын есім 
қызметінде кемде-кем келтіреді де, үнемі дерлік заттандырып 
жұмсайды: Білімдіден аяман сөздің майын (I, 203). Білімділер 
сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап (1, 50). Ақсақалдың, әкенің, 
білімдінің (I, 27). Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез 
(I, 86). Бұл сөзді тасыр ұқпасталапты ұғар (I, 96).
Абай тілінде субстантивтеніп келетін күшті, әлсіз сөздері 
мен жуан, жуас, ауқатты тәрізді халық тілінде де зат есім 
қызметінде жиі жұмсалып, қоғамдағы әлеуметтік топтарды 
атайтын, таза субстантивтерге айнала бастағандар: Күшті 
жықпақ, бай жеңбек әуел бастан (1, 32). Күштілерім сөз айтса 
(I, 79). Әлсіздің сөзін салғыртсып (1, 79).
Ал -лы, -сыз жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдер 
адамның қасиет-белгісін білдірмей, өзге нәрселерге қатысты 
болса, оларды субстантивтендіру тәсілі Абайда жоққа тән. Бұл 
сын есімдер өз қызметтерінде жұмсалады да өздері қатысты 
зат есімдермен тіркесіп келеді: айлалы түлкі, әдепті сөз, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет