173
Билеуші топқа жататын феодалдардың белгілі бір әкімші-
лікті атқаратындарының атауы болған
аға сұлтан сөзі өткен
ғасырдың II жартысында актив қордан шыға бастағаны
байқалады, өйткені 1822 жылғы устав бойынша енгізілген
аға сұлтан лауазымы 1867 -1868
жылғы реформа бойынша
жойылғаны мәлім. Абай
сұлтан сөзін ауыспалы мағынадағы
(«әмірші, басшы»)
төре-нің синонимі ретінде бірер жерде
қолданған: (Адам баласын Құдай тағала мұнша салахият иесі
қылғаны хикметпенен өзге қайуанға
сұлтан қылғандығына
дәлел емес пе (II, 183).
Қазақ қоғамындағы басты феодал табының атауы –
бай.Бұл
да – сөз етіп отырған дәуірде көп мағыналы сөз. Бір нәрсеге
молдықты, барлықты білдіретін сын есімдік мәні мен «әйелдің
күйеуі» деген мағынасын былай қойғанда,
бай сөзі
– бұл
кезде
актив әлеуметтік термин. Бұрынғыша қоғамдағы үстем феодал
тапты, қазақ экономиқасының негізгі байлықтары – мал мен
жердің иесін білдіретін атау. Бірақ бұл кезде
бай – тек мал (және
жер) иесі емес, сонымен қатар саудамен, ақша капиталымен,
тіпті кейбіреулері өнеркәсіп иелігімен айналыса бастағандар.
Демек, бұл кезеңде көркем әдебиетте, әсіресе Абай тілінде
бай
сөзінің әлеуметтік тапты білдіретін терминдік мәні айқындала
түседі де қарама-қарсы тап атауы –
кедей (жарлы) сөзімен
қатарласа қолданылады:
Бай кедейді көрмейді (Шортанбай,
156). Біреу
бай болса, біреу
кедей болса (II, 184).
Қоғам құрылымындағы үлкен
өзгерістер еңбекші шаруа-
лар табында болды. Қазақстанның экономикасында болған
өзгерістерге сай, еңбекші бұқараны қараудың жаңа түрлері
пайда болды. Бұрын қазақ қоғамында болмаған жалдама
еңбек тәрізді түрлері бірте-бірте көріне бастады. Шаруа-
лар өз ішінен айқын дифференциациялана бастады.
Осыған
сай бір таптың өз ішінде дараланып көріне бастаған жеке
топтарының әрқайсысының өзінше аталу қажеттігі туды. Енді
бұрынғыдай барлығын да
кедей және
жарлы сөздерімен атай
салуды тіл практикасы азсынғаны байқалады. Сондықтан XIX
ғасырдың II жартысындағы шаруалардың
кедей, жарлы де-
ген атауларымен қатар,
шаруа, қоңсы, жатақ, жалшы деген
174
айырым атаулары қолданылып,
олардың өзі терминдік мән
алады. Бұлардың барлығы да – әрине, бұрыннан (ең кемінде
XIX ғасырдың басынан бастап) қазақ лексикасында бар
сөздер, бірақ олардың лексикалық мағынасы әрқашан бірдей
болған емес. Шаруалардың бір бөлегі соншама кедейленіп,
экономикалық күйі жағынан өз дербестігін жояды, яғни
көшер көлік, сауар мал, сатар қарасы мүлде болмағандықтан,
байларға толық экономикалық тәуелді топқа айналады. Міне,
осылар тілде
қоңсы деген атауға ие болады
139
. Ал бұрынырақ
бұл іспеттес жағдайдағы топ қазақ тілінде
байғұс деп аталғаны
байқалады. Осы ретте
байғұс (қоңсы) пен
қарашы категорияла-
ры аналогиялас:
қарашы
Достарыңызбен бөлісу: