Кедей мен жарлы деген екі сөздің бұл тұста тағы бір қызметі
болған. Ол – қоғамдағы қарама-қарсы екі таптың біреуі-
нің, атап айтсақ, қаналушы таптың жалпы атауын білдіретін
қызметі. ХІХ ғасырдың ІI жартысында хатқа түскен ауыз
әдебиетті үлгілерінде бұл варианттар қатар жүреді. Мысалы,
«Қамбар батыр» жырында біресе кедей, біресе жарлы деп
таза дублет ретінде қолданылған. Бас герой – Қамбарды ке-
дей деп те, жарлы деп те атай береді. Жалаң аяқ жарлының
жүргені бізге жақындап. Қамбар ойлайды: «Мені жарлы деп
шақырмады»; «Кедейсің деген кісіге қылмайды батыр намы-
сты. Ақ бетім менің солды ма, Кедейдің соры болды ма?» т.б.
181
Өткен ғасырдың өн бойындағы қазақ ақындарының шығар-
маларында да бұл екі сөз бірінің орнына бірі талғаусыз
қолданыла береді: Қу таяқты кедейге Дәулет бітпес демеңіз
(Бұқар, 34); Жарлыны жарлы демеңіз, Жарлы байға тең келіп
(Бұқар, 33); Жарлы, кедей, жоқ, жатау (жұтау, жадау?), Қайтіп
күнін көреді (Дулат, 67); Күтімсіз сол кезекте кедей болсаң
(Шал, 52). Дегенмен ғасырдың аяқ кезінде бұл екі сөзді ажы-
ратып, біреуін тұрақты атау (термин) ретінде қалыптастыру
тенденциясы болғаны байқалады. Мысалы, сол тұстағы
сөздіктердің алғашқыларында (А.Старчевский, И.Букиндерде)
кедейді де, жарлыны да «бедный, бедняк, нищий, скудный»
деп көрсетсе, 1897 жылғы сөздікте кедей – бедняк және бед-
ный; жарлы – бедный деп, біреуін зат есім (атау), біреуін сын
есімге бағыштау әрекеті бар. Ал Ыбырай кедей сөзін көбірек
алады: ... Бұлотыз үйлі кедейді (Алтынсарин, 1879, 37). Абай
да көбінесе кедей сөзін қолданады: ...Қайта кедейдің балала-
рын орысқа қорлап берді (II, 179); Кедей көп болса, ақысы
кем болар еді.... (II, 159); Білім-ғылым кедейге керегі жоқтай-
ақ (II, 166). Абайдағы кедей сөзінің қоғамдағы қарама-қарсы
екі таптың біреуінің атауы ретінде қолданылатындығы бай
сөзімен қатар жүрген жерлерінде айқынырақ көрінеді: Бай ма-
лын бағып, кедей жоғын іздеп... (II, 169).
Абайда кедей сөзінің үшінші қызметі және бар. Ақын бұл
сөзді «нищий» дегеннің баламасы ретінде де пайдаланады:
Қуды кет деп кедейді әлгі тұрған (II, 153) – Оттолкнув ни-
щих (Лермонтов, 185); Жаман үйде жалғыз шал, Өзі кедей
күңіренді (II, 124); Дорбаға кедей жабысты (ІІ, 125). Бұл соңғы
екі мысал Крыловтың «Бедный богач» деген баснясынан
аударған өлеңінде. Сірә, бұл мысалдың «Жарлы бай» деген
атын автор қойған емес, ол – кейінгілердің қолы. Абайдың өзі
қойса, осында қолданған кедей, байғұс, сорлы, жазған деген
синонимдердің бірін келтірген болар еді, қайтер еді? Тегі, Абай
жарлы сөзін таптың атау ретінде де, «нищий» мағынасында
да сирек пайдаланған. Соған қарағанда Абайда параллель келе
жатқан екі сөздің бірін атау (зат есім) ретінде қалыптастыру
принципі болғанын аңғарамыз.
Әлеуметтік лексикаға жататын сөздердің бірі – қоғам мүше-
182
лерінің жалпы атауы болмақ. Қазіргі әдеби нормамызда бұл
ұғымда халық деген сөз терминделіп қалыптасты. Ал өткен
ғасырда бұл мағынада бірнеше сөз қатар қолданылған:
халық, жұрт, астана жұрт, қара халық, қара жұрт, қара
қазақ, бұқара, бенде, әлеумет, алаш, ел. Әрине, бұлардың
барлығы – бір-біріне тепе-тең дублеттер емес: әрқайсысының
мағыналық реңктері, тіпті стильдік қолданысы және актив-
пассивтігі жағынан өз орны болған. Қара, қара халық, қара
Достарыңызбен бөлісу: |