Байғұс сөзінің қоңсы сөзімен синонимдік қызметі өткен
ғасырда жойыла қоймағанын сол кездегі сөздіктерден де
байқаймыз. Әрине, XIX ғасырдағы қазақ сөздіктерінде бұл
тәрізді терминдік мәндегі сөздердің мағынасы дәл және түбе-
гейлеп ашып көрсетілмеген, сондықтан байғұс сөзін «бедняк,
бедный, бедняжка (с оттенком сожаления и участия), несчаст-
ный» деп аударады (қазіргі әдеби нормамызда байғұс сөзінің
соңғы «бедняжка, несчастный» мағыналары қалыптасып
орныққан да, «бедняк, бедный» ұғымдары жойылған).
176
Абай тұсында байғұс атауымен параллель қоңсы атауы жиі
қолданылып, алдыңғы сөзді бірте-бірте ығыстыра бастайды да
(оған «бедняжка, несчастный» деген мағыналарды қалдырады
да) өзі әлеуметтік термин ретінде қалыптасуға бет алады.
Қоңсы сөзін Ильминский «человек, живущий в чьем ауле под
покровительством» (183) деп көрсетсе, А.Старчевский де осы-
ны қайталап береді («Спутник...» 1878), 1897 жылғы қазақша-
орысша сөздік айқындаңқырап: қоңсы – рабочее семейство,
расположившееся около богатого, которому работает деп
береді. Қоңсылардың өткен ғасырда әсіресе әлеуметтік сипа-
ты айқындалып, өздері қаналушы бұқара ішіндегі белгілі бір
топқа айналғанын және олардың басы бос, яғни өзі қызмет
етіп жүрген байынан көшіп кетіп қала алатынын, бірақ
шаруашылық жағынан тәуелді екенін ауыз әдебиеті де, сол
кездегі көркем әдебиет те, оның ішінде Абай тілі де көрсетеді:
«Байдың бағы таярда, Қасынан қоңсы қозғалар» (Базар, 249);
«Отты түртсең, өшірерсің, Қоңсыны кеулесең, көшірерсің»
(Мақал); «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман кісіге мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас» (Мақал).
Тегі, бұл мысалдардың барлығында да қоңсы сөзі көшу, қону
сөздерімен бірге қолданылғанына қарағанда, қоңсылардың
алдымен өзі тәуелді үйімен бір ауыл құрап, қоныстас болып,
соны сағалау (яғни өзінде жоқ көш-қон көлік пен сауар мал-
ды сол байдан алу) сипаты көзге түседі. Тарихшы-экономист
мамандардың айтуына қарағанда, о баста қоңсы деп, қонысы,
яғни жайылымы мен көші-қоны ортақ қауымдарды атаған. Және
ол қоңсылардың (компоненттердің) экономикалық жағынан
біреуі екіншісіне тәуелді болуы шарт емес болған. Қоңсының
шаруашылық жағынан байға қарама-қарсы топқа айналуы
кейіннен, қоғамның таптық жіктелуі күшейіп, шаруалардың
кедейлене түсу процесіне байланысты пайда болған
142
.
Ат баймен бірге көшіп-қонбай, бірақ белгілі бір мау-
сымда (кейде тіпті жыл бойына) соның қызметін атқаратын
әлеуметтік топ – қоңсылардан өзгешеленіп, басқаша атала-
ды. Шаруасы жағынан дербестігі жойылмаған (яғни жалғыз-
жарым болса да сауар малы, бірер көлігі бар), бірақ қоңсылар
142
Сонда, 72-6.
177
тәрізді, кедейленіп, күнкөрістің қосымша түрлерін іздестіре
бастаған кедейлер (жарлылар) тобы
143
айқындалып, қоғам
құрылымына кіреді. Қазақ байлары шаруашылығында жалда-
ма еңбек категориясының пайда болуымен байланысты туған
бұл жаңа әлеуметтік топтың тілдегі атауы жалшы сөзі бол-
ды. Жалшы неологизмі – жалпы атау. Байға жалданып, оның
жұмысын белгілі бір маусымда ғана атқаруға немесе жыл бой-
ына тұрақтанып жалдануына қарай және де атқаратын жұмыс
сипатына орай жалшылардың өзі малай, қызметші, бақташы,
орақшы, науқаншы т.б. деп атала бастайды. Мамандардың
зерттеулеріне қарағанда, ауыл шаруашылығындағы бұл жалда-
ма жұмысшылар тобы өткен ғасырдың I жартысында әлі мар-
дымсыз түрде болғанмен, II жартысында етек алып, сол тұстағы
Қазақстан экономикасын сипаттайтын ерекшеліктердің біріне
айналады
144
.
Қоғамның экономикалық өміріндегі бұл жаңалықтар әдеби
тілде, оның ішінде Абай тілінде көрінбей қалмады. Жалшы
сөзі Абайда ең алдымен жалпы атау ретінде қолданылған: «...
Біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз» (II, 159); «Бай ұлына
Достарыңызбен бөлісу: |