175
айқын тануға болады. Ал қарашылардың құлдардай емес, бас
бостандығы өзінде екенін Бұқардың «Уақытыңыз
толғанда,
Қарашың қашар қасыңнан» (Бұқар, 46), Махамбеттің «Жай-
қоныстан айрылып Біз бір қаңғып жүрген
қарашы»
(Махамбет,
112) деген жолдарынан көреміз. Өткен ғасырдағы қазақ лекси-
касын регистрациялаушылар бұл сөзді «подвластный, поддан-
ный» деп түсіндіреді (Ильминский, 172; Кирг.-русск. сл. 1897).
Бұл, әрине, дәл емес; белгілі бір хандықтың, патшалықтың
қоластындағылардың
баршасы қарашы деп аталмаған (сірә,
бұл ұғымды ертеректе
байтақ, кейіннен
жұрт, ел, ал орыс
патшалығына
қараған соң бодан сөздері берген болу керек),
олардың ішінде тікелей хан үйінің шаруасын атқарып, көш-
қонына ортақтасып жүретін «подданныйлар» ғана қарашылар
болса керек. Кейінірек феодалдық қоғам топтары айқындалып,
оның ішінде ең басты билеуші тап – байлар экономикалық
жағынан хан үйлерінен кем түспейтін дәрежеде күшейген кез-
де, енді байлардың да айналасында
қарашы тәрізді әлеуметтік
топтар пайда болады. Міне, осылар бір кезде, ертеректе,
байғұс
деп те аталса керек. Салыстыр: «Өтермеден кетер ме, Жарлы
менен
байғұстар» (Бұқар, 41), «Бай кісі мен
байғұсты, Бәрін
бірдей тең көрген» (Тұрмыс-салт өлеңі).
Байғұс сөзінің бұл
мағынасы «Ханның ісі
қарашыға түсер,
байдың ісі байғұсқа
түсер» (Катанов, 15) деген мақалдан тіпті айқын байқалады.
Байғұс сөзінің осы мағынасы Абайда да бірер жерде анық
берілген: «Бай
байғұсым десін деп» (I, 50). Бірақ көпшілік
жағдайда Абай тілінде және оның тұстастарында
байғұс сөзі
аяушылық, кекетушілік реңкі бар «бейшара, мүсәпір» деген
сөздердің синонимі ретінде келеді: Бағанағы
байғұс шал (I. 50).
Тиянақсыз,
байлаусыз байғұс қылпың (І, 31).
Достарыңызбен бөлісу: