Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет89/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

жұрт, қара қазақ атаулары – еңбекші бұқараны, коғамның 
көпшілігін билеуші, ақсүйек азшылықтан айырып көрсету 
үшін қолданылған сөздер. Н.Ильминский қара қазақ деген-
ге параллель етіп қара сүйек деген тіркесті береді де оларды 
«простой киргиз (не солтанского происхождения)» деп аудара-
ды (Ильминский, 171). Абай 3-4 жерде қара халық, қара жұрт 
деген тіркестерді «бұқара, масса» деген ұғымда қолданады
(II, 169, 211).
Жұрт сөзі де бірнеше мағынада жұмсалған. Өткен ғасыр- 
дағы сөздіктерде «жұрт – страна, государство, царство, вла-
дение, жительство, отечество; стойбище, стан, лагерь; народ, 
толпа, много людей; место, где стоит аул» («Спутник...» 1878) 
деп, негізінен, бұл сөздің төрт түрлі мағынада қолданатындығы 
көрсетілген. Сірә, өткен ғасырдың соңғы кезінде бұл сөздің 
«халық, бұқара, масса» деген ұғымы басым (актив) болғаны 
байқалады. 1897 жылғы сөздік жұрт сөзін «народ (в целом со-
ставе его или часть), толпа, много людей» деп қана түсіндіреді. 
Ал бұрынырақ бұл сөз «страна, владение, ханство, господ-
ство» деген ұғымда да қолданылған. Қазақтың ауыз әдебиеті 
үлгілеріндегі (жырлардағы) «Арыстаным, жөнінді айт, Қайсы 
жұрттан келесің» деген жолдарда жұрт – соңғы көрсетілген 
мағынада қолданылған. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтың 
хан, би, старшиналары атынан патша үкіметінің әкімшілік 
орындарына және бір-біріне жазысқан хат, арыз, донесение т.б. 
документтерінде, яғни ресми-кеңсе және эпистолярлық стиль-
де йұрт сөзі «территориялық тұтастық ретінде біріккен адам-
дар қауымы» мағынасында жұмсалған: қырғыз-қазақ йұрты, 
Руссия йұрты, Орал йұртындағы башқұртлар (уральские 
башкиры), күллі йұртымызның жамағатлары (общины всего 


183
нашего жұрта) т.т. Сондықтан да осы документтердің орысша 
аудармасында бұл сөз өзгертілмей, жұрт деп алынған да, оған 
мынадай түсініктеме берілген: «жұрт – страна, территория, 
на которой живет одна семья (усадьба) или род, или народ, 
но без ақцента на последнего (т.е. на население, народ), обо-
значающего термином «ель» (иль, эль)
148
. Сірә, жұрт сөзі бұл 
мағынада кейіннен шыққан хандық, патшалық тәрізді туынды 
атаулардың орнында жұмсалған. Салыстыр: XVIII ғасырдың 
документтерінде Кіші жүз жұрты түрінде кездесетін тіркес 
қазірде Кіші жүз хандығы (ордасы) деп қолданылады, сондай-
ақ Руссия йұрты – Россия патшалығы (империясы) т.т.
Абай жұрт сөзін «ел, территориялық-әкімшілікке топтал- 
ған ел, халық, ұлт» ұғымында жұмсайды. Сондықтан да Абай-
да жұрт сөзі ел, қазақ, халық сөздерімен параллель, солардың 
дублеті ретінде жүреді: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым 
(I, 31). Аңдығаны өз елі... (I, 113). Осы жұрт па тапқаның (I, 
114). Жұртым деуге арлымын: Өзге жұрттан ұялып (I, 140).
Сонымен қатар Абай жұрт сөзін «жалпы адамдар, көп- 
шілік» деген мағынада да жиі қолданған.
Өткен ғасырдың II жартысында арабтың халық деген сөзі 
актив қолданыла бастайды. Бұл тек «қазақ халқы» (алаш 
сияқты) немесе тек «территориялық тұтастық» (жұрт сияқты) 
дегенді емес, жалпы адамдар қоғамы (народ) деген кең ұғымды 
білдіретін атау ретінде жұмсалады. Абайда: «Қажымас 
дос халықта жоқ» (I, 108); «...Өзіне қараған халыққа есеп-
теп жүріпті» (II, 221). Халық сөзінің этникалық тұтастық, 
ұлттық единица (осы күнгі қазақ халқы, өзбек халқы деген 
тәрізді) мағынасында жұмсалуы, біздің байқауымызша, Абай 
тұсында және Абайдың өзінде де әлі әлсіз. Абай көбінесе әрбір 
ұлттық қауымды сол ұлттың атымен атайды да халқы дегенді 
тіркестірмейді: Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр 
кісі дегені (II, 170). Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? 
(II, 166). Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды (II, 158). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет