Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет90/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Орысқа айтар сөз де жоқ... (II, 159).
Дегенмен халық сөзін «ұлт, этникалық единица» ұғымында 
қолдану нышандары да жоқ емес. Мысалы, Абайдың: «...бізден 
148
Материалы по истории Казахской ССР. - М.-Л., 1940. - Т. IV. - С. 481.


184
басқа халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз», 
– деп» (II, 158) деген сөйлемінде халық сөзі соңғы мағынада 
жұмсалған, өйткені алдында орыс, өзбек, татар халықтары ту-
ралы сөз етеді.
Әрине, бұл кезде халық сөзі жалпы «народ» мағынасында 
әбден қалыптасып, тұрақталған емес: бұл ұғымда әлеумет, 
бұқара сөздері де қатар қолданылған (бұл сөздер қазіргі әдеби 
тілімізде де бар, бірақ олар осы күнде халық сөзінің дублеттері 
емес, әрқайсысы – стильдік қолданысы мен мағыналық реңкі 
бар лексемалар).
Абай тұсындағы қоғам структурасын сипаттайтын лек- 
сикалық элементтердің ішінде Россия қоғамы категория- 
ларының да қазақ тіліндегі атаулары кездесе бастайды. Рос-
сия империясындағы жер тапшылығынан орыс шаруаларының 
атамекенінен қозғалып, ұлан-байтақ Қазақстан территориясы-
нан қоныс тебулері Абай тұсынан көп бұрын басталған бола-
тын. Сондықтан орыс шаруаларын да өзгелерден айырып атау 
қажеттігі туады. Бұл, әсіресе, переселенецтер қозғалысының 
аса бір күшейген шағы – өткен ғасырдың II жартысында 
айрықша сөз етіледі. Орыс шаруаларының орысша атаулары 
крестьян және мужик сөздерін қазақша атаудың сол кезде 
бірнеше варианты болды. Ең көбірек қолданылғаны (әсіресе 
солтүстік-батыс өлкелерінде) қара шекпен тіркесі болған. Бұл 
атау, әсіресе, сөздіктер мен баспасөз тілінде көбірек кездеседі. 
Сонымен қатар мұжық сөзі қолданылған. Бұл Ыбырай тілінде 
және өзге ақындарда, бірен-саран сөздікте осы күйінде 
берілген. Бір жарлы мужик (Алтынсарин, 1879, 40). Му-
жик пен жасауыл (Сонда. 11). Мужик – мұжық, қара шекпен
(И. Букин, 1883). Түргендегі мұжықтың аты едім-ай (Сүйінбай, 
178).
Абайда қара шекпен атауы текст ішінде кездеспейді. 
Ал И.А.Крыловтың «Крестьянин в беде» атты мысалының 
атын «Қазаға ұшыраған қара шекпен» деп қоюы Абайдың 
қолы емес тәрізді, өйткені Абай, сірә, өлеңге ат қою дегенді 
машықтамағаны белгілі, екіншіден, мұнда аудармашы кре-
стьянин туралы емес, бай туралы (тіпті, ол – жалпы бай да 
емес, купец, лавка ұстаған саудагер бай) туралы айтады: 


185
«Қорасына бір байдың түнде кірді ұрылар»; «Қайғысыз жатып, 
қарны тоқ» (қай крестьяниннің қайғысы жоқ, қарны тоқ болып 
еді!); «Ұйқысы қанып тұрды бай» (II, 122).
Тегі, Абай тұсында қазақ даласында орыс крестьянині де, 
оның атауы да болғанмен, ақын шығармаларында бұл атау (не-
месе атаулар) кездеспейді, ол Абайдың бұл сөздерді жатыр- 
қауы емес, жалпы тақырыпқа орай тіліне оралмағандығы деп 
тану керек.
Қазақ қоғамында бұрын бейтаныс категорияны атау про- 
цесінде крестьянин) вариантын алу да жоқ емес: Бара-бар 
крестьянға тең болмадық (Ақан сері).
Ал орыс қоғамына тән помещик, дворянин, рабочий, фа-
брикант (капиталист) тәрізді әлеуметтік тап, топ атаулары 
не олардың қазақша баламалары Абай тілінен орын алмаған. 
Помещик, фабрикант дегендерді жалпы бір атаумен бай деп 
алады: Лермонтовтың «Вадим» атты шығармасының аударма-
сында Палицын деген дворянинді Абай бай деп береді: «Па-
лицын бай есікке келіп еді» (II, 152) – русского дворянина... 
Палицына (Лермонтов, IV, 185); «Әрбір бай жалдап жатыр жүз 
кедейді» (II, 116). Осының алдындағы: «Бақша, зауыт, жай-
ларды қылдым талқан» дегенге қарағанда, бұл жердегі бай – 
өндіріс иесі (фабрикант, капиталист) немесе помещик. Бұл 
жердегі кедей де – рабочий мағынасында қолданылған атау. 
Сірә, Абай тілінің өзінде де, тіпті жалпы Абай тұсындағы 
қазақ әдебиетінде де орыс қоғамын құрайтын әлеуметтік ка-
тегорияларды қазақша дифференциациялап атау қажеттігі туа 
қоймағанға ұқсайды.
* * *
XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ коғамы өміріндегі 
елеулі тарихи фактілердің бірі – ел билеу-әкімшілік сала- 
сындағы жаңалық, өзгерістер.
Қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірін шығармаларының 
тақырыбы еткен ұлы ақын Абай тіл тәжірибесіндегі бұл 
саладағы сөздерді молынан қолданды.
Ең кіші әкімшілік единицасы ауыл басындағы старшиналар 
мен болыстық управлениенің басындағы болыстарды сайлау- 


186
ға он үйден, елу үйден бір адам уәкіл болады. Осылар он басы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет