Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу – әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым
Лекция 1
Тақырыбы: Химиялық кинетика пәні, химиялық реакция жылдамдығы, оған
әсер ететін факторлар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Химиялық кинетика пәні
2. Міндеттері мен мақсаттары
3. Реакция жылдамдығы
4. Химиялық кинетиканың негізгі постулаты
5. Химиялық реакцияның реттілігі мен молекулалығы
6. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.
7. Химиялық кинетиканың негізгі постулаты
8. Химиялық реакцияның реттілігі мен молекулалығы.
Химиялық кинетика физикалық химияның негізгі бөлімдерінің бірі.
Химиялық кинетика химиялық реакциялардың уақыт бойынша жүру
заңдылықтары мен механизмі туралы ғылым. Химиялық кинетикада реакция
жылдамдығының реакцияға түсетін заттардың концентрациясына, температураға,
реакция жүретін ортаның қасиеттеріне және басқа факторларға тәуелділігі
зерттеледі.
Химиялық реакцияның жүру механизмін, реакция жылдамдығының
әрекеттесуші заттардың құрылысымен байланыстылығын зерттеу химиялық
кинетиканың өте маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Химиялық процестерді зерттеуде әдетте химиялық термодинамиканың
заңдары пайдаланылады.
Мысалы, мына реакция үшін:
а) реакцияның өздігінен жүру шарты:
, яғни
б) реакцияның тепе-теңдік күйінің шарты:
, тепе-теңдік кезде
в) берілген Т мен Р мәнінде реакцияның тепе-теңдік күйдегі шығымдылығын
массалар әрекеттесу заңы бойынша былай жазуға болады:
Бірақ термодинамика жүйенің белгілі бір күйге қанша уақытта келетінін
көрсете алмайды, демек, маңызды параметрлердің бірі – уақыт параметрі
Достарыңызбен бөлісу: |