Лекция 1 Тақырыбы : Химиялық кинетика пәні, химиялық реакция жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата05.03.2023
өлшемі1,89 Mb.
#71609
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
downloadPdfUmkd

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу – әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым 
Жалпы алғанда, химиялық реакцияның жылдамдығы уақыт бірлігіндегі және 
көлем (гомогенді реакцияда) немесе беттік қабат (гетерогенді реакцияда) 
бірлігіндегі элементар актының (қарапайым әрекеттің) санымен анықталынады. 
Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар 
Химиялық реакцияның жылдамдығына әртүрлі факторлар әсер етеді, олар: 
концентрация, температура, ортаның рН-ы, реакция жүретін ыдыстың (реактор) 
формасы мен меншікті беті (тізбекті реакцияда), сәулелену дозасы (радиациялық-
химиялық реакцияда), жарық толқынының ұзындығы (фотохимиялық реакцияда), 
ток тығыздығы (электрохимиялық реакцияда) және т.б. 
Химиялық кинетиканың негізгі постулаты 
Жоғарыда келтірілген факторлардың ішінде концентрация ең басты рөл 
атқарады. Оны А+В
С реакциясын мысалға алып карастырайық. 
Реакцияның өнімі С түзілуі үшін А және В бөлшектері кеңістіктің бір 
нүктесінде кездесіп бір-бірімен соқтығысуы қажет. Ықтималдық теориясын 
қолдана отырып химиялық кинетиканың негізгі постулатын дәлелдейік. 
А бөлшегінің берілген нүктеге келу ықтималдығы 
, ал В бөлшегі 
үшін 
мұнда СА және Св - А және В заттарының концентрациясы, К1, 
К2 - пропорционалдық коэффициенттер. Екі бөлшектің де бір нүктеде кездесу 
ықтималдығы 
, мұнда 

Жалпы жағдайда, яғни 
реакциясы үшін негізгі постулаттың 
тендеуін былай жазамыз: 
(мұнда 
-жылдамдық). Бұл химиялық 
реакцияның жылдамдығының математикалық теңдеуі. Химиялық кинетиканың 
негізгі постулатын массалар әрекеттесу заңының негізінде 1864 ж. Скандинавия 
химигі Гульдберг және математик Вааге ашқан. 
Негізгі постулаттың теңдеуіндегі пропорционалдық коэффициент К 
химиялық реакцияның жылдамдық константасы деп аталады. Оның физикалық 
мағынасын былай анықтауға болады: егер 
= 1 болған кезде 
сондықтан оны меншікті жылдамдық деп атайды. 
Химиялық 
кинетиканың 
негізгі 
постулаты 
бойынша 
реакцияның 
жылдамдығына басқаша анықтама беруге болады: химиялық реакцияның 
жылдамдығы әрекеттесуші заттардың реакция теңдеуіндегі стехиометриялық 
коэффициенттеріне тең дәрежелерімен алынған лездік концентрацияларының 
көбейтіндісіне тура пропорционал. 
Гетерогенді реакциядар үшін 
. Химиялық кинетиканың негізгі 
постулаты күрделі реакциялардың тек жеке сатыларына ғана қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет