Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері
Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне
байланысты:
- 1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады.
Ф - ф - ф- ф -ф - у - сіріңке, темекі, пеш, газ, шам, т.б. тамақ ішем, ет
жеймін су ішемін.
106
- 2) тұрған орнына қарай
- 3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып
тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки
дейді.
- 4) дыбысы бойынша атау. Ля- ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ
тауық, мияу-мысық деген сияқты т.б.
2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау
нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегенін
сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не?
Бұл қалай аталады? - деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.
1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз.
Екі жастың соңында баланың сөздік құрамы түсініксіз жобалық негізде
болады. Мысалы: Мака, ана, атата, тәмә. Майра анам ұрсады, тиме
деген сөзді екі үш сөзбен айтып түсіндіреді.
Екі жас соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық
тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын
игерудің белгілі бір заңдылығы болады:
1. 60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.
2. Сөзді тыңдап отырып қайталайды.
3. Ситуациялық сөз.
4. Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының,
дербестігінің дамуына байланысты.
1-ден 3-жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік
мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен
қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.
1. Тілдік карым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен
атқаратын қызметін ажыратады.
2. Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде
қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.
3. Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын
ажыратады.
4. Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті
әрекет етуге, дербестікке үйренеді.
5.Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие
нәтижелерін игеретін болады, болмайды деген сөздер мәнін түсінеді.
6. Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.
7. Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп,
жауапкершілік сезімі оянады.
8. Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау, ертегі, әңгіме айту,
дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.
107
Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.
1. Психофизиологиялық
2. Психологиялық
3. Логикалық, грамматикалық, фонематикалық
Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді:
1. Бақыру (жылау)
2. Былдырлауы
3. Нағыз сөзі
Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта
өтеді:
- үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді
- сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.
Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте-бірте өңделіп,
сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі
мен құрастыру дағдысы қалыптасады да, үлкендермен айналасындағы
құрбыларымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді.
Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-
қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.
2. Баланың заттарға ынтасының аууы, олардың қасиеттерін
ажыратып әрекет ете білуінің өзі баланы үлкендермен қарым-қатынас
жасауға талпындырады.
3. Баланың үлкендермен қарым-қатынасы тек қана тікелей тіл
арқылы қарым-қатынас жасаумен байланысты болады. Бұл сәбидің
сөзді меңгеруінің алғашқы жағдайы (стимулы). Осы кезде бала тілінің
дұрыс дамуы үлкендердің олар мен дұрыс қарым-қатынас жасауына да
байланысты және қарым-қатынас кезінде дұрыс талап қоя білудің де
мәні зор.
Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды.
Тағы бір ескеретін жай баланың барлық талап-тілектерін, айтқанын
орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін
сөйлей алмайтын болады.
Бірақ балада алғашқы айтылған затқа қатысты сөзді байланыстыру
дағдысы бірден қалыптаспайды. Ең алдымен баланың сөзді түсінуі
дәл сол затқа немесе әрекетке тұтастай қатысты болып, байланысқан
жағдайда ғана сөзді түсінеді. Шындығында бала үнемі бір адаммен
жиі қарым-қатынаста болған жағдайда сөз арқылы белгілі бір әрекетті
орындауды талап етсе, әбден анық орындауы мүмкін. Егер тура осы
әрекетті орындауды басқа бір адам талап етсе, бала сөзді түсінбеуі немесе
мүлде орындай алмауы мүмкін. Өйткені баланың өз анасының қойған
сұрағына дұрыс жауап беретін себебі өз анасымен өте тығыз байланыста
108
болады. Анасы балаға тек сөзімен емес, барлық қылықтарымен, ым-
ишарасымен, дауыс ырғағымен, қарым-қатынас жасау жағдайларымен
балаға әрекет жасату қызметін атқарады. Бала айналасындағылардың
сөзін белгілі бір қимылдардың бірнеше рет қайталануымен сәйкес
келетін болса, дұрыс түсініп ажырата алады. Мысалы үлкендер баламен
амандасып, қолын созса, бала сөзді тез түсінеді, кейіннен ешқандай
қимыл жасамай, айтылуымен байланыстырмай-ақ жағдайдың мәніне
қарай сөзді түсініп, меңгере алады. Екі жастың алғашқы айларында
бала үлкендердің талап еткен әрекеттерін қандай болмасын таныс затқа
қатысты сөзді, өзінен талап еткенде көз алдында тұрмаса үлкендердің
талабын орындай алмайды. (Мысалы, көп ойыншықтың ішінде аю
көзіне көрініп тұрмаса, баладан сұрағанмен басқа жақтан тауып әкеп
бере алмайды). Үш жасқа келгенде баланың үлкендердің сөзін түсініп
айтуының сапасында өзгеріс байқалады. Бала үлкендердің сөзінің
мәнін түсініп қана қоймайды. Жекелеген әрекетті үлкендердің нұсқауы
бойынша орындауға қабілетті бола бастайды. Үлкендердің әрбір сөзіне
зер салып тыңдап, не туралы айтып жатқанын білгісі келеді және осы
кезде тек балаларға арналған әңгіме емес, ойлауға қиын кейбір күрделі
әңгімелерге де құлақ асады. Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі
активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40-тан 100 ге
дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым
жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы болып, тек заттың атын
атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |