ЭПТ дан, Гольджи аппаратынан үзіліп шығатын көпіршіктер және
секреторлық, пиноцитоздық көпіршіктердің бәрі
липосома тәрізді
құрылымдар болып табылады . Мицеллалар
біріншіден , ішектерде май
алмасуының өнімдері сорылатын,
екіншіден,
бейтарап майларды, майда
еріген витаминдерді және липидтерді қанға жеткізетін формалар болып
табылады .
23-сұрақ
Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. а-РНҚ кеңістікте ұйымдасу
ерекшеліктері құрылысы.
РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид,
ал мономерлері
болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық
негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі.
Нуклеотидтер 5 1 , 3 1 – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз
биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:
• Ақпараттық РНҚ – а РНҚ
• Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ
• Рибосомалық РНҚ – р РНҚ
Ақпараттық РНҚ – ядрода түзіледі. Қызметі: ДНҚ-дағы ақпаратты, яғни
нуклеотидтердің орналасу
реттілігін өөзіне көшіріп, комплементарлы
принцип негізінде ақпаратты рибосомаға жеткізеді. а-РНҚ-лардың бәрі
жасушадағы РНҚ молекулаларының жиынтығының небәрі 5%-пайызын
ғана кұрайды.
а-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бірінің құрылысы бір-біріне
ұксас, яғни а-РНҚ-ның сызыктық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын
бірнеше учаскелерден тұрады:
a)
Кэп аймақ. Басқа РНҚ түрлерінен,
басқа молекулалардан мРНҚ
ажыратуға «көмектеседі», РНҚ стабилділігі үшін негізгі роль атқарады.
Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен
пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер
рибозаның 2` орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның
мұндай құрылымы оның 5` ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.
b) «Қалпақшадан» (кэп) кейін 5` –
трансляцияланбайтын учаске
орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол
р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-
РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын
қамтамасыз етеді, бірақ
өзі трансляцияланбайды.
c)
Инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және
метионин аминқышқылын анықтайды (код - инициатор).
d) нициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ –ның негізгі бөлімі –
мағыналы
Достарыңызбен бөлісу: