Рибосомалық РНҚ – рибосома құрамына кіреді.
Бұл р-РНҚ ядрошықта
түзіледі. Қызметі: нәруыз синтезіне қастысады және құрылымдық
материал болып табылады. РНҚ молекулаларының жиынтығының 85%-
пайызын кұрайды.
Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші)
құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р
РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18S-р РНҚ – ның 1
молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құралған. Рибосоманың
үлкен субъединицасы (бөлшегі) - 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р
РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады.
РРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц)
сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда
әлде қайда
көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі,
мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның екінші
реттік құрылымында қостізбекті учаскелер
және ілмекшелер де көптеп
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: