-инозин (И);
-метилинозин (мИ), метилгуанозин (мГ) және диметилгуанозин
(мГ);
-диметилуридин (м 2У).
Бұдан басқа, т-РНҚ молекуласы бірнеше «сақиналар»-«ілмекшелер»
пайда етуі нәтижесінде оның конфигурациясы беде өсімдігінің үшқұлақты
жапырағына ұқсас болады.
Бұл құрылымда 4-қостізбекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі.
Минорлық нуклеотидтер комплиментарлық байланысуға
қабілетсіз
болғандықтан, олар тек біртізбекті локустарда ғана кездеседі.
Т-РНҚ-лардың келесі ерекшелігі – 3` ұшында 4 нуклеотидтен тұратын
акцепторлық бұтақшасының болуы. Оның ең соңғы нуклеотиді-аденинмен
(А) тиісілі аминқышқылы ковалентті байланысады.
Т-РНҚ-лардың тағы бір маңызды ерекшелігі акцепторлық бұтақшаның
қарама-қарсы жағында 7 нуклеотидтен тұратын антикодондық имектің
болуы. Олардың үшеуі антикодон қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың үшінші ретік құрылымы тұрақты болады.
Олар ақуыз
синтезделінетін кешенге аминқышқылдарды тасымалдап, жеткізіп отырады
Достарыңызбен бөлісу: