Жасушаішілік везикулалық тасымалдау эндоплазмалық ретикулум (ЭПТ)
мембранасынан
басталады.
Бұл
жерде
ақуыз
молекуласының
гликозилденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Содан кейін ақуыз молекулалары
тасымалдау көпіршіктеріне іріктелініп, Гольджи кешенінің цис-полюсіне
өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздардың
гликозилденуі әрі қарай
жалғасады, ал Гольджидің транс-полюсі мен транс-торларында ақуыздың
гликозилденуі толығымен аяқталады. Сонымен қатар олар фосфорланады
және сульфаттанады. Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті көпіршіктер
арқылы өтеді. Гольджидің транс-торларында
толық модификацияланған
ақуыздар нақтылы органеллаларға тасымалдану үшін тасымал көпіршіктеріне
іріктелінеді. Гольджи кешенін тастап шыққаннан кейін, ақуыздар алғашқы
лизосомаларға, конститутивтік көпіршіктерге және секреторлық гранулаларға
үлестіріледі.
Амфифильдік липидтердің « жинақталу » әдістері
мембрана липидтерінің
сулы ортада өздігінен табиғи « жинақталу » нәтижесі екендігі белгілі .
Тәжірибе жағдайында осындай қосқабаттың қалыптасуы нәтижесінде
липосома деп аталатын құрылымдар пайда болады .
Липосомалар қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек
көпіршіктер. Липосомалардың ішкі және сыртқы беттері полярлы болып , ішкі
ортасы сулы болады . Амфифильдік липидтер , кейде
мицеллаларды да пайда
етеді .
Мицеллалар-дөңгелек түйіршіктер , бірақ липосомалардан ерекшелігі
бұлардың қабырғасы бір қабат липидтерден тұрады .
Липидтердің
гидрофильдік « бастары » сыртқа , ал гидрофобтық « құйрықтары » ішке , яғни
мицелланың ортасына қарай бағытталған . Сондықтан да мицеллалардың ішкі
ортасы сулы емес , гидрофобты , яғни майлы болып келеді . Амфифильдік
липидтердің липосома не мицелла пайда
етуі көбінесе молекула
«құйрықтарының » санына байланысты болады . « құйрықтары » бар липидтер
( ФЛ , СЛ , ГЛ ) формасы цилиндрге ұқсас , яғни олардың « бас » және
«құйрық» бөлімдерінің көлденең кесіндісі бірдей болады ,
сондықтан да
мұндай молекулалардың сулы ортада ең тиімді жинақталуы –
жалпақ
Достарыңызбен бөлісу: