ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жеке аймақтық топонимдер, ұлттық топонимдер оларды басқа ұлттық
және аймақтық топонимдерден ажыратып тұратын өздеріне ғана тән
айырым белгілері болады. Е.Керімбаевтың пікірінше: «Ұлттық топоним
ерекшеліктері – тек тілдік фактілерін негізделмеген, кез-келген ұлттық
топонимия мәдениеттің негізінде қалыптасып дамиды».
Сонымен қатар, белгілі бір аймақтың физикалық-географиялық
жағдайына, жергілікті халық өмірінің этникалық ерекшеліктеріне және
осы аймақтың тарихи-әлеуметтік тағдырына байланысты аймақтық
топонимияның басқа аймақтық немесе ұлттық және басқа ұлттардың
топонимиясын қарағанда өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі.
Біздің байқауымызша, Қазақстан топонимдерінің өзіндік кейпін
қалыптастырудағы географиялық фактордың роліне көңіл аударған жөн.
Географиялық фактор этникалық жиынтықтың ең негізгі жүйелі өте
бай. Сондықтан мұнда малды жыл бойы жайып шығуға болады. Тау
өңіріндегі жайылымның молдығы, бұл өңірде малды төрт түлігін де
өсіруге жағдай жасайды.
Қазақстан этнографиялық топонимдерінің қалыптасуы мен дамуына
әсер етуші факторларды қатарына халықтың орналасуы, этникалық
байланыс және этногенетикалық процестері жатады.
Қазақ руларының белгілі бір аймақты иеленуі кейбір географиялық
атаулардан да көрініп отырады. Сондықтан, этникалық атаулары белгілі
бір жердің география-физикалық объектінің, елді-мекеннің көрінісі
ретінде қарау керек.Е.М.Поспелов былай дейді: «Көшпелі мал
шаруашылығындағы қысқы, жазғы жайылымдар белгілі бір рудың
атына бекітілген уақыт өте келе сол рудың аты кейін сол жерлердің
де атына айналды. Сөйтіп, белгілі жерді ғана пайдалануды білдіретін
генотононимдер қалыптасқан.
Е.Ә.Керімбаевтың айтуынша, Қазақстан аймағында Адай шоқасы,
Ноғай арық, Шуылдық жайлау, Сарт-өткен және т.б. сияқты
этнооронимдер де кездеседі. Осындай орографиялық объектілердің
атауларына қарап этнооронимдер ертеде белгілі бір аймақтардың (не
объектілер) белгілі бір руларға заңды түрде бекіту болғандығын
көреміз.
24
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақстанда жерді су суаруға бас арықты пайдалану үшін қазақтар
ру жақындығы бойынша 15-20 шаңырақтан төбе болып бекітілген.
Негізгі арықтар әрқашан белгілі бір рулардың меншігінде болған.
Шымкент облысының Созақ ауданындағы Шу өзенінің төменгі
арнасын бұрып жасаған арықтан «Тарақты арығы», «Уақ арығы»,
«Қоңырат арығы» деп аталады.
Оңтүстік Қазақстан территориясынан үш жүзге қатысты рулардың
орналасуының картасын көруге болады. М.С.Мұқанов ХІХ- ғасырдың
екінші жартысындағы қазақтарда Сырдария облысы Қазалы Перовскі
уездеріне орналасуы туралы мақаласында былай дейді: Қазалы уезін
кіші жүздің рулары мекендейді. Оның көбі сол жүздің үлкен рулардың
бірі - Әлім ұлының үлесінде. Ал, Перовскі уезінде кіші жүзден – Жеті
ру және Байұлы, Орта жүзден – Қыпшақ пен Найман рулары
мекендейді.
Босаға-Шымкент облысының Шәуілдер, Семей облысының Абай
және Торғай облысының Жангелдин ауданындарындағы жер атауы.
«Босаға» сөзінің төркіні туралы жазылған пікірлер өте тапшы,
кейбіреулері оны өзімізге белгілі есік босағасымен (табалдырық пен
маңдайшаның аралығындағы тіреу ағаш) салыстыру ғана шектеледі.
Кейбір тіл деректеріне көз салсақ, «Босаға» сөзінің өзіміз білетін
бағынасынан «есікпен байланысты» басқа да мағынасы бар: 1)тау
кемері; 2)есік босағасы. Бұдан әрігірек барсақ, алтай тіл жүйесіне
жататын тунгус – Мань Чужур тобындағы кейбір тілдердегі «босаға»
тұлғасы біздің түсінігіміздегі «тау баурайы» дегенді білдіреді. Осыған
қарап «босаға» сөзінің алғашқы мағынасы тек жер бедерімен
байланысты туғандығымен түсіну қиын емес.
Боралдай-Алматы төңірегіндегі жер және елді мекен атауы. Оңтүстік
Қазақстан және Қырғыз жерінде де бұл іспеттес жер, тау атаулары
ішінара кездесіп отырады.
Бір зерттеуші бұл атауды біріккен сөз ретінде қарастырып «борал»
тұлғасын «бұрма, бұрыс, теріс» , ал «дайды», «тау» дегенімен
жағыстырады. Егер бұл тұрғыда түсінсек, «Боралдай» дегеніміз «бұрыс
тау, теріс тау» болып шығады.
Алдымен «Боралдай» деген жер атауы немен байланысты пайда
болғанына тоқталайық. Қалмақ тіліндегі «буурада» қалпында
дыбысталатын сөз «жусан» (өсімдік) ұғымын береді. Демек, «Боралдай»
дегеніміз «жусанды, жусан көп өсетін» жер деген ұғыммен сәйкес
келеді. Осыған қарап, әңгіме болып отырған жер аты қалмақ тілінен
25
|