Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Нурафина-География

«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
К.Рысбергенова Оңтүстік Қазақстан аумағындағы топонегіздерді тілдік
тұрғыдан үш топқа: 
1) субстратты (көне); 2) сырттан енген; 3) түркілік қабат деп жіктейді.
Әрбір тілдік қабатты белгілі бір тарихи кезеңде қалыптасып, кейінгі
дәуірлерде мүлде өзгеріске түспеген деуге болмайды. Өйткені қалыптасқан
кезінен бастап, әрбір географиялық атау тарихи-географиялық және
әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріске ұшырап отырды.
Топонимдердің өте көне субстратты қабаты қазіргі заманғы тілдер
тұрғысында түсіндірілмейтін, яғни бұрынғы замандарда осы өлкені
мекендеген халықтардың тілдеріне жататын топонимиялық қабатты
қамтиды. Бұл қабатқа ежелгі түркілік, соның ішінде оғыз кезеңіндегі
топонимдер жатады. Сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб,
монғол, орыс тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды. Бұл тілдерден
енген атаулардың қалыптасу барысына, құрылымдық ерекшеліктеріне
тарихи-лингвистикалық, географиялық факторлар ықпал етті.
Қазақстан аймағындағы топонимдер ішін-ара екі үлкен топқа бөлінеді.
Олардың бір бөлігі — ірі географлялық объектілердің атаулары болса,
екінші мол тобы — кіші-гірім объектілер атаулары боп саналады. Бұларды
ономстикалық ғылыми терминмен макротопоним және микротопоним деп
атайды. «Макротопоним (гр. макро — «үлкен», «ірі») — халыққа кеңінен
танылып, ресми тұрғыда белгілі болған ірі физика-географиялық
объектілердің аттары. Мәселен, Европа, Азия, Кавказ, Памир, Тынық
Мұхит т.б. Біздің Қазақстан топонимдері құрамындағы макротопонимдер
— Алматы, Қарағанды, Целиноград, Орал, Ақтебе, Балқаш, Каспий,
Алатау, Қаратау, Ертіс, Сырдария, Ілс, Көкшетау т.б. Сондай-ақ оған баска
да қалалар, қала типіндегі поселкелер, аудан орталықтары мен ірі өзен,
көлдер т.б. объектілер атаулары жатады.
Ал микротопонимия (гр. микро- «кіші») — белгілі территорияға тән ұсақ
физика-географиялық объектілердің, яғни өзендер мен көлдер, көлшіктер,
бұлақтар мен бастаулар, құдықтар мен жылғалардың, жыралар мен сай-
салалардың, жоталар мен төбе, төбешік, қыр-қыраттардың, шабындықтар
мен пішендіктердің қыстаулар мен жайлаулардың аттары. Бұл
макротопоним және микротопоним деген терминдерді советтік тіл
білімінде алғаш рет А.В.Суперанская және Э. М. Мурзаев қолданды.
Орталық Қазақстан топонимдерінің ішінде сан жағынан көбі —
микротопонимдер. Олардық мейінше мол болуының заңды себебі де бар.
Өйткені мал бағып, ен далада көшіп-қонып жүрген ел ертеден ұлан-ғайыр,
кең-байтақ жердегі бұлақтар мен бастау, қайнарларға, құдықтар мен
суаттарға, жыралар мен жылға, сай-сала, қыр-қыраттарға, қыстаулар мен
45


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
жайлауларға ат қойып келсе, әрбір облыс тұрғындары отырықшы өмірге
бой ұрған соң, елді мекендер мен колхоз, совхоздарға, фермалар мен
учаскелерге жаңаша ат қойып, айдар тағып отырды.
Жергілікті географиялық терминдер (ЖГТ) немесе апеллятивтер табиғи
объектілерді белгілеу ретінде пайдаланылады да, жер-су аттарын жасауда
негізгі ұйытқы болады.
Сонғы жылдары географиялық терминдер туралы КСРО
топонимистерінің біраз зерттеулері жарық көрді. Қазақтың халықтық
географиялық терминдері Ғ.Қоңқашпаев, А.Әбдірахманов, В.Н.Попова,
Е.Қойшыбаев, О.Сұлтаньяев еңбектерінде лингвистикалық тұрғыдан жан-
жақты зерттелді. Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарына
тән микротопонимдер мен гидронимдердің құрамында географиялык,
термин (ЖГТ) мен апеллятивтердің кеңінен орын алғаны байқалады.
Мысалы, айрық, арқа, қыр, қоңыр, көн, өзек, сор, еспе, томар, дала, тау,
төбе, мұрын, адыр, тумсық, құдық, көл, өзен, бастау , бұлақ, сай, жал,
қағыл, тас, шағыл, қорық, қопа, шоқы, жар, ор т. б.
Қазақстан топонимдерінің стратиграфиясы бойынша этимологиялық
зерттеулер (лексикалық қабаттар). Сонғы жылдары топонимикалық
зерттеулерде стратиграфия, немесе топонимдер стратиграфиясы, деген
термин пайда болды. Бұл терминнің анықтамасы мынадай:
Қазақстан территориясындағы, сол сияқты баска да аймақтардағы жер-
су аттарының көне формаларын, басқа тілден енгендерін т.б. тарихи
құбылыстарды, топонимдердің этимологиясын комплексті зерттеу арқылы
ашуға болады.
Қазақстан топонимдерін осындай стратиграфиялық топтарға бөле келіп,
алтай, көне түркі замандарында жасалған топонимдерді, басқа тілдерден
ерте уақыттарда және орта ғасырларда енген топонимдерді с у б с т р а т т
ы топонимдер деп атайды.
46


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет