Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Нурафина-География

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ
ЛЕКСИКАЛЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ
Топонимика сол жердің тарихи сырын ашуға көмектесумен бірге,
олардың саяси және этнографиялық шекараларын анықтаға да көмектеседі.
Топонимдер семантикалық және этимологиялық жағынан да зерттеледі.
Топонимдердің қазақ тілінде дұрыс жазылуы және орыс тілінде
(транскрипция арқылы) жазылуы да — практикалық маңызы зор ерекше
мәселе. Географиялық атауларды зерттеудің қазіргі лингвистика, география
және тарих ғылымдары үшін ғылыми-теориялық және қолданбалы маңызы
зор. Лингвистикалық зерттеулер көбінесе тарихи талдаумен қатар
жүргізілетінін де осы құбылыспен түсіндіруге болады. 
Географиялық атауларды семантикалық тұрғыдан зерттеу топонимнің
немесе терминнің мағынасын тілдік тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді.
М.Қашқаридың “Түрік сөздігіндегі” географиялық атауларды лексикалық-
семантикалық тұрғыдан талдау жасау барысында арнау-топонимдер
(меморативтер), сипаттау-топонимдер (дескриптивтер) және окказионалды
(аппелятивтер) топонимдер тобы анықталған.
Ономастикалық номинация - бұл ең алдымен тілден тыс дүниені атауға
бағытталған адам әрекеті. Олай болса, адамды белгілі бір атауды қоюға
итермелеген факторды білмейінше, топонимнің нақты мағынасын, яғни
семантикасын жете зерттеу мүмкін емес. 
Тарихи кезеңдерде ономастикалық номинацияның мотивтері өзгеріп
отырған. Мысалы, атаулардың сиқырлы күшіне сенген көне замандарда
қазақтардың ат қою дәстүріне әртүрлі ырымдар, мифологиялық бейнелер
ықпал еткен. Әсіресе тиым салу мақсатын көздеген атауларда осы
заңдылық айқын байқалады.
Топонимиканың тарих ғылымдарындағы маңызы географиялық
атаулардың кейбір халықтардың таралу ареалын анықтаудағы, тарихи
оқиғаларды қалпына келтірудегі рөлімен түсіндіріледі.
Тарихи кезеңдерде топонимдер адамның шаруашылық әрекеті мен
рухани өміріндегі, қоғамдағы өзгерістерге байланысты күрделі қайта
құруларды бастан кешіреді. Сол себепті тарихи оқиғалар, саяси құрылым,
халықтың ұлттық құрамының өзгеруі, шаруашылық сипатындағы
өзгерістер географиялық атауларда көрініс табады. 
29


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осы құбылыстардың ішінде әсіресе қоғамның саяси негіздері қайта
құрылуына байланысты қойылған, өзгертілген атауларға қатысты мәселеге
арнайы тоқтауға болады.
Көптеген антропонимдердің, басқа тілден енген атаулардың пайда
болуына алып келген бұл процесс жаратылысы жағынан ғалымдар
“жасанды” (Керімбаев, 1992) деп атаған ономастикалық номинацияға
себепші болды. Антропонимдер әсіресе елді мекен атауларында жиі
кездеседі. Черняевка ауылының атауына себепші болған Черняев –
оңтүстік өңірді орыстандыру саясатын белсенді түрде жүргізген әскери
генерал болса, Ванновка елді мекенінің атауы патшалық Ресейдің білім
министрі болған П.С.Ванновскиймен байланысты қойылған. 
Патшалық Ресейдің отарлау саясаты барысында Белые Воды (Ақсу
ауылы), Славянка (қазіргі Мырзакент кенті), Леонтьевка (Жарықбас
ауылы), Самсоновка (Ақбұлақ ауылы), Фогелево (Рабат ауылы), Глинково
(Ақбастау ауылы) және т.б. атаулар пайда болды. Кейінгі кеңестік дәуірде
де осы саясат жалғасын тапты. Мысалы, оңтүстік аумағынан кеңестік
жүйемен байланысты 200-ге жуық елді мекен атаулары бар. Олардың
басым көпшілігіне қазіргі кезде тарихи атаулары қайтарылған немесе сол
өңірден шыққан тарихи тұлғалардың есімдері берілген. 
Топонимдерді зерттеуде жергілікті тарихи деректерге сүйену атаулардың
семантикасы мен этимологиясына қатысты құнды мәліметтер бере алады.
Бетпақдалада Кескентерек деп аталатын кішігірім төбе бар. 
Мағыналық жағынан талдасақ, осы атаудың негізінде “кесілген терек”
деген сөз тіркесі жатқан сияқты. Бірақ, тарихи деректерге үңілсек, XVIII ғ.
соңында осы өңірді жайлаған арғын руының атақты байы Убәнәстің
жалғыз ұлы Кескентеректі аңшылық кезінде өзінің бүркіті өлтірген екен.
Оның денесі сол маңдағы төбенің басында жерленіп, сол кезден бастап
төбе Кескентерек деп аталады. 
Осылайша, төбе атауының терекке ешқандай қатысы жоқ екендігі тарихи
деректер негізінде дәлелденеді. Топонимдердің тарихи негіздерін
анықтауда тарихи жазба ескерткіштер, көне карталар, саяхатшылардың
жолжазбалары, мұрағат қорлары белгілі дәрежеде көмек бере алады. Сол
себепті тарихи топонимдерді зерттеудің қолданбалы маңызы зор.
30


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет