ТМД ЕЛДЕРІНДЕГІ ТОПОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Топонимдер зерттеушілер үшін таным тірегі болып табылады.
Топонимика ғылымы кез келген ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи
қорларын, айрықша қорғалатын табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды
қолданбалы сипат алады. Бұл міндеттерді шешу үшін географиялық
атаулардың номинациясына себеп болған тарихи оқиғалар, атаулардың
мағыналық жүктемесі және осыған сәйкес алынатын географиялық
ақпаратты ескерудің маңызы зор.
Түркілік географиялық терминдер мен атаулардың мағыналық
талдамасын алғаш жасаған ғалымдардың бірі ХІ ғ. өмір сүрген М. Қашқари
болып табылады. Ғалымның “Диуани лұғат-ат-түрк” (Түрік лексикасының
жинағы) еңбегі Қазақстан аумағындағы кейбір тарихи атаулардың
мағынасын талдауда басшылыққа алуға болады. Бұл еңбекті қазақ тіліне
аударған А. Егеубаев оған “түрік өркениетінің алтын кілті” деген баға
берген.
Сөздіктегі терминдер мен тарихи атаулар, оларға берілген түсініктер жан
жақтылығымен таңғалдырады. Бұл еңбекте Сырдария, Сайрам, Сығанақ,
Қарнақ, Фараб, Қарашық атаулары туралы деректер келтірілген. Кейбір
сөздер мен терминдердің (өл, ой, өкүз, ашақ, өзүк, құрт, таң, татыр, чал
және т.б.) мағынасына берілген түсініктемелер облыстағы этимологиясы
түсініксіз болып келген атауларды талдауға негіз болады деп есептейміз.
Мысалы, еңбекте “өл”сөзінің мағынасы “ылғал, дымқыл, жас” дегенді
білдіретіні, ал оғыздардың бұл сөзді білмейтіндігі туралы айтылған.
Мысалы, оңтүстік өңірде мағынасын басқа сөздер негізінде түсіндіре
алмайтын Өлқорғантас атауы кездеседі.
Бұл атаудағы “қорған тас” тіркесі түсінікті болғанымен, өл қосымшасы
қазіргі қазақ тілі тұрғысында тек өл/у, яғни “қайтыс болу” мағынасында
ғана қолданылады. Қорған тасқа қатысты бұл мағынасын алу ешқандай
қисынға келмейтін сияқты. Ал сөздің М.Қашғари еңбегіндегі мағынасы
жердің ландшафттық ерекшелігінен хабар беріп тұр.
Мағынасы осы күнге дейін белгісіз болып, әртүрлі болжамдар тудырып
жүрген чал (қазақша айтылуы – шал) сөзі облыс аумағында және көршілес
облыстарда көптеген атаулар құрайды: Шал, Шалдар, Шалғия, Шалкөде,
Шалраң және т.б. Е.Қойшыбаев бұл атауларды А.Н.Бернштамның
зерттеулеріне сүйеніп, түркілік шал> чал >жал терминінің фонетикалық
өзгерістері деп есептейді.
31
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ал шындығында қазақ тілінде жал термині ешқандай өзгеріске
түспестен, көптеген атауларда сол күйінде сақталып қалған. Құрамында
шал сөзі бар атаулардың негізіне оңтүстік өңірде шоғырланғанын ескерсек,
бұл атаулардың этимологиясы мен семантикасына басқа қырынан қарау
қажет сияқты. М.Қашқари сөздігінде кездесетін чал сөзі “ала” деген
мағына береді, ғалым мысал ретінде “чал қой – ала қой” деп атап
көрсеткен. Осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда аталған атаулар көне түркілік
ала анықтауышының қатысуымен жасалған деуге болады.
Қазақстанның географиялық атаулары ХҮІІ ғ. бастап орыс географиялық
әдебиеті мен карталарында, тарихи еңбектерінде нақты көрініс тапты. Осы
тектес алғашқы еңбектердің бірі – ХVІ ғ. соңы мен ХVІІ ғ. басында Борис
Годунов патшаның өтініші бойынша қазақ Қадырғали Қошым Жалаири
жазған “Жами ат-тауарих” (“Жылнамалар жинағы”) еңбегі. Кітаптың
қолжазбасы ұзақ уақыт бойы Қазан университеті кітапханасында сақталып,
тек 1854 ж И.Н.Березин жариялаған. Бұл еңбек негізінен қазақ
хандығының тарихына арналғанымен, географиялық маңызы да зор.
“Жылнамалар жинағында” Сайрам (Испиджаб) туралы нақты деректер
берілген.
1627 ж Ресей патшасының жарлығымен құрастырылған “Үлкен Сызба
кітабында” берілген кейбір атаулар арасында Сыр (“Көк теңізге шығыстан
Сыр өзені құяды”), Сарысу (“Сарысу өзені Сыр өзеніне жетпей, көлге
құяды”), Қаратау, Түркістан қаласының атауы бар.
1716 және 1733 жыл аралығында қалмақтарда тұтқында болған швед
Ренаттың сызған картасын жан жақты зерттеген орыс ғалымы А.И.
Макшеев бұл картаның ең құнды жағы ретінде шекаралардың,
географиялық нысандар мен атаулардың нақты белгіленуін атап көрсетеді.
Бұл картада берілген 250 атаудың арасында қазірге дейін сақталып қалған
топонимдер Талас (Таllas Fl.), оның саласы Теріс (Ters), Арыс (Aras), Иасы
(Jassu), Сайрам (Saram), Сырдария (Schir Fl.), Шу (Zeu Fl.) атаулары
көрсетілген.
Қазақстан топонимдернің қазіргі құрамын және ескі жазу нұсқаларында
кездесетін түрлерін анықтау үшін, тарихи мәліметтерге сүйеніп, Қазақстан
жерінде болған халықтар туралы материалдарды пайдалана отырып
олардың болғандығын дәлелдейтін топонимдерді, сонымен қатар қазақ
халқымен туыстас басқа да түрік және қазақ тайпаларының ертедегі
дәуірінен бастап қазіргі ұлт болып қалыптасуына дейінгі тапонимдерімен
байланыстыра зерттеу жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып
табылады.
32
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қазақстан тапонимдерінің шығуын тарихы дәуірлерге байланыстыруда
тек бір ғасырды ғана бөліп алмай ертедегі дәуірден сөз ету керек. Қазақтар
ХҮ-ХҮІ ғасырларда халық болып қалыптасудан бұрын Қазақстан жерінде
қазақ рулары, тайпалары өмір сүрген. Олардың тілі басқа да түрік
тайпаларының тілі сияқты бір негіздегі туыстас тілдер болған. Ендеше XV
—XVI ғасырларға дейінгі топонимдер жөнінде сөз еткенде, топонимдік
жасалулардың бүкіл түрік тілдеріне ортак жақтарын байланыстыра
отырып, сол арқылы XV—XVI ғасырларға дейінгі топонимдердің түрік
тілдік семьяның топонимдеріне қатысы барлығы зерттеледі.
Қазақстан топонимдерінің жасалуы өз алдына бір бөлек қаралмайды,
қазақ тілінің шығу, қалыптасу, даму дәуірлерімен тікелей тығыз
байланыста қаралса ғана, топонимдердің тарихы жағынан зерттелуі, азды-
көпті түрде қазақ тіл тарихына, осыған байланысты қазақ халқының
тарихына пайдасын тигізсе ғана құнды болмақшы.
Ертедегі археологиялық қазбалар да Қазақстанды және Алтайды
мекендеген сақтар мен қазіргі түрік тіліндегі халықтар мәдени арасында
үлкен ұқсастығы бар екенін, олардың бір-бірімен қат-қабат ұштасып
жатқандығын дәлелдейді. Қазақстан жерінде археологиялық зерттеулер
жүргізген проф. А.Н.Бернштам да үйсін мен қаңлы мәдениеті сақ
мәдениетінің жалғасы екенін атап өтеді. Тарихшы В.Ф.Шахматов,
А.Бернштамның пікірін қолдай отырып, Қазақстандағы кейінгі түрік,
қарлық және қараханид мәдениеті де жоғарыда айтылған мәдениеттің
жалғасы деп қарайды. Таулы Алтай өлкесінің археологиялық жағынан
зерттеген С.И.Руденко ертедегі грек авторлары, оның ішінде әсіресе
Геродоттың жазғандары мен жер астынан табылған материалдардың
үндестігін көрсетті. Мәселен, Геродот скифтер етті үлкен қазанға, қазан
болмаса малдың қарнына салып пісіретінін айтқан.
Сол сияқты Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Ә.X.Марғұлан
да сақтар мен қазақ мәдениетінің байлансысын тек археологиялық
табындылар арқылы ғана емес этнографиялық жағынан дәлелденді.
Қазақстанның оңтүстік аудандарында өте ертеден түрік атаулары болуы
кездейсоқ емес. Олар орта Азияның және Қазақстанның оңтүстігінде
ертеде өмір сүрген сақ, түрік тайпаларына байланысты болды. Қазақстанға
қатысы бар ендігі топонимдер археологиялық зерттеулерге сүйеніп Ү
ғасырдан былай сөз етуге болады.
ҮІІІ ғасырдың 30-шы жалдарында Қазақстан территориясын басып
өткен Сюань-Цзянь Талас, Шу өзендерінің орталығында Гюйлосы, Бай-
Шунху деген қалалардың болғандығын атайды. Бұл атауларды
А.Х.Марғұлан Қойлысу, Байшұңқыр деп қарау керектігін айтады.
33
«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |