Нурафина иждагат шолтыровна


СОВЕТ ОДАҒЫНДАҒЫ ТОПОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Нурафина-География

СОВЕТ ОДАҒЫНДАҒЫ ТОПОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстан топонимикасының зерттелуі,
негізінен 1939 жылдан басталады. 1939 жылы Қазақстан Коммунистік
партиясы Орталық Комитетінің ұйымдастарған ғылыми, баспа, жер,
картография және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан мәжілісі
болды. Онда ҚСРО ғылым академиясы қазақ филиалының география
секторының бастығы П.В.Семенов Қазақстандағы географиялық атауларды
анықтау және түзету проекциясы туралы баяндама жасады. Бұл проект
С.А.Аманжолов, О.Р.Назаревский, П.В.Симоновтың географиялық
атауларды дұрыс жазу және аудармасын дұрыс беру үшін жазған
еңбектерін талқыға салудан туған еді. Олар 1500 жақын қазақтың
географиялық атауларын жинап, жаңа транскрипция бойынша жазу үлгісін
көрсеткен.
1939 жылы басылған С.Әлиевтің «Қазақстанның географиялық атаулары
дейтін мақаласы орыс оқушылары мен мұғалімдерін Қазақстан
топонимикасымен таныстыру мақсатында жазылған. Бұл мақалада су, көл,
теңіз т.б. осы сияқты географиялық жалпы атауларға түсінік беріліп,
оларды қара, сары, сөздермен қосса, көп атаулардың сыры ашылатындығы
айтылады.
Орта Азия топонимдерін дұрыс транскрипциялау мұқтаждығы XIX
ғасырдың өзінде-ақ практикада белгілі болған. Орта Азияны зертеген
В.Ф.Ошанин 1878 жылы былай деп жазған болатын: «Читая описания
путешествий по родным частям Туркестанского края и рассматривая карты
его, постоянно наталкиваешься на названия местностей, которые искажены
траскрипцией, иногда даже до такой степенй, что они становятся
совершенно неузнаваемыми.
Топонимдердің транскрипция мәселесі географиялық съездердің де
программаларыннан орын алады. Мысалы, 1917 жылы Ленинградта болған
Бүкілодақтық Географиялық екінші съезде топонимика жөнінде баяндама
жасаған А.В.Маракуев транскрипция мәселесіне де көп көңіл бөлді.
Ориенталистердің халықаралық екінші съезінде арнайы
«Транскрипциялық комиссия» жұмыс істеді. Сол сияқты топонимика
мәселесі 1936 ж. Амстердамда болған халықаралық географиялық съезінде
де сөз болды. Осы съездердің нәтижесінде 1938 ж. 25 июльден 20 июльге
дейін Парижде Халықаралық бірінші топонимикалық
және
антропонимикалық конгресс өткізілді.
37


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1932 жылдың жазында Орта Азия География Қоғамының жалпы
жиналысында Орта Азия географиялық атауларының транскрипциясы
талқыланды. Сөйлеген адамдар патша үкіметінің отарлық саясатына
байланысты кейбір әлі де орын алып отырған топонимдер бар екендігін
айтады.
1939ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық филиалындағы
География секторының қызметкерлерлері П.В.Симонов пен О.Р.
Назаревский және Тіл секторының бастығы С. Аманжолов бірігіп,
Қазақстандағы географиялық атаулардың транскрипциясының негізгі
ережелерінің проектісін жасады. 1200 жуық географиялық объектілердің
қосымша тізімі бар бұл прект Қазақстан Орталық Партия Комитетінің
ұйымдастыруымен талқыға салынды. Бұл мәжіліске қатысушылар
проектіні қолдап, бірсыпыра қосымшалар енгізіп мақұлдады. Мұнда
географиялық атаулардың бұрыннан келе жатқан көптеген
қолайсыздықтарын жоюдың жолы сараланып көрсетілген.
Қазақстан территориясында орыс тілінен топонимдер енуі XVIII
ғасырда, әсіресе Ертіс өзенінің бойында орыс әскерлерінің бекіністер
салуына байланысты көбейе түсті. Мәселен, орыс офицерлері Бухгольц
1716 жылы Омск (қазақша Омбы), Ступин 1718 жылы Семилалатинск
(Семей), Лихарев 1720 жылы Усть-Каменогорск (Өскемен) бекіністерін
салды. Ал 1752 жылы Қасиетті Петр мен Павел атындағы бекініс салынып,
ол 1807 жылдан Петропавловск деп аталды. 
1720 жылы Коряковская станица деп аталатын елді пункт салынды, оны
1861 жылдан бері Павлодар қаласы деп атайды. Павлодар қаласын қазақтар
Кереку деп атаған. Бұл атау жоғарыда аталған Коряково селосын қазақтар
өз тіліне ыңғайластыруынан тұған.
Октябрь революциясынан кейін социалистік құрылыстың орнауы
нәтижесінде жаңа объектілер пайда болды. Республика аумағында облыс,
аудан, ауылдық Совет, селолық Совет, колхоз, совхоз, жұмысшы
поселкелері, кәсіпшіліктер т. б. ұйымдастырылды. Осы объектілердін.
атауларының біразы сол жердің ескі атымен аталса, олардың басым
көпшілігі Ұлы Октябрь революциясы тудырған қоғамдык кұрылыстағы
құбылыстарға, оқиғаларға, халық сүйген ардагерлер аттары мен
фамилияларына, елді коллективтендіруге, тың игеруге, космосқа т. б. сан
алуан өзгерістерге тікелей байланысты болды.
Советтік қоғам өміріндегі өзгерістерді кеңінен қамтитын атаулар —
селолық советтер аттары. Мұнда халықтың ед ардақты адамдарының
аттары, фамилиялары қамтылған: Ленин, К.Маркс, Энгельс — көсемдердің
фамилиялары; Амангельді, Буденный, Володарский, Дзержинский,
38


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жангелдин, Жандосов, Қалинин, Қиров, Котовский, Куйбышев,
Луначарский, Менжинский, Свердлов, Фрунзе, Фурманов, Чапаев —
революция ардагерлері мен әсксри қолбасшыларының аттары мен
фамилиялары; Абай, Алтынсарии, Белинский, Горький, Жамбыл,
Лермонтов, Маяковский, Сейфуллин, Чехов, Шевченко — ақын,
жазушылардың аттары, фамилиялары; Ломоносов, Мичурин, Тимирязев,
Уолиханов— ғалымдар фамилиялары; Панфилов, Төлеген Тоқтаров,
Толбухин, Мәншүк Маметова — Ұлы Отан соғысы қолбасшыларының,
батырларының аттары мен фамилиялары; Алдабергенов, Гагарин, Тельман,
Чкалов — аттары дүние жүзіне белгілі кайраткерлердің фамилиялары.
Мұндай атаулардың тағы бір үлкен бөлегі коғамда болған өзгерістерді
көрсетеді, жаңалықтарды атайды: Бірінші Май, Большевик, Гвардия,
Жаңажол, Жаңақұрылыс, Жаңатұрмыс, Жеңіс, Жұлдыз, Еңбекші,
Еңбекшілер, Кеңес, Коминтерн, Коммунар, Қызылжүлдыз, Қызылтаң,
Қызылшаруа, Мәдениет, Ортақ, Орталык, Өндіріс, Рахат, Совхоз (ный),
Теңдік, Төңкеріс, Урожайный, Үлгілі малшы, Целинный, XXI партсъезд
атындағы т. б.
Ендігі бір топ атаулар әр кезеңде партияның халықты шақырған үндеу,
ұрандарына, халықтың қойған мақсатына, тілек-талабына байланысты
болып келеді: Алабас, Бірлік, Бірлікүстем, Бірік, Жаңатілек, Жетекші,
Еңбек, Мереке, Тегісшілдік, Ұйымдас, Ұмтыл, Ынталы, Ынтымақ т. б.
39


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет