«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тотемдік сипатқа ие болған фитотопонимдер
қатарына Жиделіәулие,
Жыңғылдыәулие, Қарағашәулие, Шеңгелдіата жатады.
Оңтүстік өңірде ата-баба рухына табыну, аруақтарды құрметтеу дәстүрі
айрықша маңызға ие болған. Қазақтардың дәстүрлі мәдениетіндегі
аруақтарды құрметтеу, ол аудандардың табиғатына зиян келтіретін,
ластайтын, бүлдіретін жасауға тиым
салу негізінде ата-бабалар, ерекше
қабілетімен танылған әулие адамдар жерленген жерлер қасиетті деп
танылған. Олардың басына тәу етуге бару үшін рухани және дене
тазалығын сақтауға тырысқан. Ондай жерлердің топырағы да, өсімдігі де,
аң-құсы да қасиетті деп есептелген.
Жер-су аттарында кездесетін “ата”, “мола”, “мазар”, “баба/бап” сөздері
халықтың жергілікті жердегі табиғат нысандарын қорғауға бағытталған
осы әрекетінің нәтижесі болып табылады. Облыс аумағында мазар, мола
сөзімен
байланысты Қауынбаймола, Мазартөбе, Үркімбаймола,
Шыныбекмола оронимдері, Кемпірмоласай ойконимі тіркелді. Бұл
тұрғыда Ш.Уәлиханов жазбаларында мынадай деректер бар: “Сахараның
өн бойында көптеген көне әрі жаңа молалар… бытырап жатыр. Қазақ
тұрмысының бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі географиялық
жағынан анағұрлым маңызды, себебі жерленген адамдар аттары ел аузында
мәңгілік сақталып қалады да, қазақ өзінің жол бағдарын осы молалардың
тұсына қарап айқындайды”.
Оңтүстік Қазақстан облысында әсіресе ата және баба компоненттерінің
қатысуымен жасалған атаулардың басқа аудандарға қарағанда жиі
кездесетінін атап өткіміз келеді. Қырғыз – орыс сөздігін құрастырушы
ғалым К.К.Юдахин географиялық атаулар құрамындағыата сөзі сол жердің
“қасиеттілігін” білдіретін компонент екендігін атап көрсеткен. Әдетте бұл
атаулар нақты адамдардың
жерленген жерін көрсетеді, топонимикада
мұндай атаулар агиотопонимдер деп аталады. Олардың көпшілігі ерекше,
кейде емдік маңызы бар табиғат нысандарының атаулары болып табылады.
Облыс аумағында біз Арыстанбап, Артықата, Әкімата, Бабата, Ғайыпата,
Дәубаба, Жүсіп ата, Жылағаната, Жыңғылдыата, Ибата, Көктондыата,
Қауғаната, Қошқарата, Қоянбаба, Құмтиыната, Құмшықата, Құрышханата,
Лайқората, Леңгірата, Мұқымата, Сүзіката, Үйреката,
Шеңгелдіата және
т.б. агиотопонимдерді тіркедік. Бұлардан басқа, Найынсабата, Садырбаб
ойконимдерін анықтадық.
Облыс аумағында әулие жерлер деп танылған нысандардың атауларында
ата компоненті жиі кездесетіні туралы айттық.
Солардың бірі – Жылаған ата үңгірі. Түркістан қаласынан 80 км жерде
Қаратаудың осы аттас шатқалында орналасқан.
48