Нурафина иждагат шолтыровна



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата31.03.2023
өлшемі283,48 Kb.
#78108
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Нурафина-География

«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Биіктігі 3-4 м, ал тереңдігі 50-60 метрге жететін бұл үңгірдің
қабырғасындағы жартастан диаметрі 15-18 см қуыс бар. Осы қуыстан
оқтын-оқтын су атқылап тұрады. Табиғаттың бұл кереметі жергілікті халық
назарынан тыс қалмаған. Атауы арқылы әулиелі жер мәртебесіне ие болған
бұл географиялық нысанға туристердің, табиғат құдыретімен аурудан
айыққысы келетіндердің легі толастаған емес. Бірақ атау арқылы жанама
тыйым салудың арқасында халық бұл айрықша нысанды ластанудан қорғап
қалған. 
Тауалды аудандарында, шөлді аумақтарда тұрақты ағыны бар,
бұлақтардан бастау алатын өзендер мен жылғалар айрықша атаулар тобына
ие болған. “Әулиелік” сипатқа ие болған су көздерінің маңына қазақ мал
бақпаған, суын ластамаған. Бұл топонимдердегі ақпар арқылы бұл табиғат
ескерткіштерін қорғау ісінің жүзеге асырылғанын дәлелдейді. Табиғаттың
айрықша нысандарына табынудың, оларға ерекше ат берудің өзі соқыр
сенімнен емес, табиғатты қорғау қажеттілігін сезінуден туындаған. Облыс
аумағында Әулиесай, Дәубаба, Жылағаната, Қайнарата, Қошқарата,
Қызылата, Мансұратасай потамонимдері атіркелді. Сакральдық мәні бар
бұл атауларды қою арқылы жергілікті халық айрықша су көздерін қорғауды
мақсат еткен.
Үңгір атауларындағы (спелеонимдер) “әулие”, “ата”, “қожа” сөздері
арқылы осы айрықша нысандарды қорғау туралы ақпар берілген.
Спелеонимдердің көп жағдайда тиым салушы (табу) сипатқа ие болуы
үңгірлерді қорғау мақсатынан туындаған. Өйткені аруақтарды пір тұту
дәстүрінің өзі киелі, “әулие” атанған жерлерде табиғатқа қарсы әрекеттер
жасалынбауына жағдай жасаған. Е.А. Керімбаев Оңтүстік Қазақстандағы
Қарлығаш ата, Дуана қожа, Тамшы әулие, Жеті үңгір спелеонимдерінің
сакральдық маңызын жоғарыда аталған лингвистикалық компоненттердің
болуымен түсіндіреді. 
Қазақ халқында ағаштарды қорғау мақсатында оларды “қасиетті” деп
жариялап, тиісуге болмайтын табыну объектісіне айналдыру жиі кездеседі.
Көбінесе жалғыз ағаш немесе ағаш шоғы бұлақ басында өсетіндіктен,
жапандағы бұлақ атауы ерекше сипатта болған. Өткен-кеткен жолаушы
оның маңындағы ағаштарды қасиетті деп санап, шүберек іліп кететін
болған. Облыс аумағында біз Жаңғызағаш, Мүсірепағашбұлақ,
Талдыбұлақ, Шұбарағаш тәрізді бұлақ атауларын анықтадық, атауларында
олардың маңында ағаш өсетіндігі бейнеленген.
Сонымен қатар, көшпенді халықтарда айрықша қорғалатын аумақтар
(қазақша қорық, монғол тілінде хориқ) болғандығын көптеген жазба
деректер дәлелдейді. 
49


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Рашид-ад-дин өзінің XIV ғ. жарық көрген әйгілі “Жылнамалар
жинағында” Шыңғыс ханның “ұлы қорығын” мыңдаған сарбаздар
қорғайтындығы туралы жазған. Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі
қорықтарды арнайы зерттеген ғалым Р.Сәтімбеков қорықтық аумақтардың
негізінен өзен аңғарлары мен тауалды жазықтарындағы жануарлар
дүниесін қорғау мақсатында пайда болғандығын айтады. Ғалым
археологиялық зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, қорық ұғымының
қола дәуірінің өзінде пайда болғандығы жөнінде қорытынды жасайды. Осы
мәліметтерге сәйкес, XIV ғасырда Қаратаудың солтүстік бөктерінде
Тобалық-Қорық деп аталған орасан зор аумақты алып жатқан, арнайы
қорғалған аңшылық аудан орналасқан. 
Қазақстандағы бұрынғы қорықтық аумақтардың орнын топонимдер
арқылы көруге болады. Мәселен, Бадам және Арыс өзендерінің
аралығында Қорық атты жер, Бөген және Шаян өзендері аралығында
Қорықащы жылғасы, Сырдария бойында Қорықкелес деген жер, өзен
атаулары, Келес өзені бойында Қорықсай атты жер, ескі арна атаулары бар.
Олардың барлығы дерлік өзен аңғарларының бойында орналасқан.
Қорықсай топонимі – облыстағы қорық сөзімен байланысты айрықша
атаулар тобына енетін, ертеректе осы нысанның қорылатын (қорғалатын)
аумақ болғанынан хабар беретін атау. Жоғарыда аталған аудандар шөбі
шүйгін, шаруашылыққа қолайлы жерлер болып табылады. Осының
негізінде халық табиғаты көркем өңірлерді ғана емес, шаруашылық
маңызы зор аудандарды да қорғалатын аумақтар ретінде айрықша есепке
алған деуге болады.
Жалпы Қазақстан бойынша қорық сөзімен байланысты ондаған атаулар
кездеседі. ХХ ғасырдың басында Павлодар уезінде зерттеулер жүргізген
орыс ғалымдары таулардағы оқшауланған жайылымдар мен
шабындықтарды қазақтар “қорық” деп атайтыны туралы жазады және
мұны осы жерлердің шаруашылық маңызымен түсіндіреді. П.П.Румянцев
басқарған ресейлік экспедиция өздерінің жолжазбаларында сол кезеңде
Лепсі уезіне қарасты болған қазіргі Шығыс Қазақстан облысының
оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан “көктемгі және күзгі жайылым
ретінде пайдаланылатын Қорық даласы” туралы мәлімет қалдырған.
50


«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет