«Жердің топонимикалық атаулары»
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын географиялық
атаулардың қалыптасуында да тарихи астар бар. Е.М. Поспеловтың бейнелі
түрде атап көрсеткеніндей, тарихи география “топонимиканың бесігінің
жанында тұрды, ал алғашқы топонимистер тарихи географтар болды”.
Географиялық
орнының ерекшеліктеріне орай, республика аумағы
тарихи кезеңдерде Сібір – Орал, Қиыр Шығыс - Орталық Азия, Орта Азия,
Солтүстік Кавказ және Оңтүстік Орыс жазығы аймағында жүрген саяси,
экономикалық оқиғалармен тығыз байланыста болды. Ескеретін мәселе,
еліміздің тарихи дамуында Оңтүстік Қазақстан ежелгі отырықшы
өркениеттің ошағы болған ұлы өзен Сырдарияның аңғарындағы суармалы
егіншілік пен қолөнердің, сауда мен қала мәдениетінің орталығы қызметін
атқарды. Сырдария бойында ежелден бері Орталық Қазақстанда тұрған
көшпенділердің қыстаулары орналасатын. Сыр бойындағы шұраттар мен
қалалар олардың жолдарында
ешқашан бөгеп тұрған жоқ, сол себепті
көшпенділер мен отырықшы халықтың арасында өзен жағалауындағы жер
дауы туындаған жоқ.
Далалық аймақтар мен отырықшы егіншілік өркендеген аудандар
аралығындағы шаруашылық - мәдени байланыстары жөнінен еліміздің
топонимикасы аздаған айырмашылықтарға қарамастан бірін-бірі
толықтырып, жалғастырып жатты.
Қарастырып отырған мәселенің өзектілігі
географиялық атаулардың
табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен
қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып-білу, қорыта
айтқанда оқушы жастарды еліміздің бай табиғаты мен атаулары туралы
мол мәлімет беру.
Топонимика — біріншіден, белгілі бір
территориядағы географиялық
атаулардың жиынтығы, екіншіден, тіл білімінің лексика саласындағы
географиялық жалқы атауларды зерттейтін үлкен бір бөлімі.
Топонимдерді зерттеудің ғылыми маңызы жоғары. Жер, су, теңіз, өзен,
көл, таулардың жалқы атаулары сол жерден ертеде өмір сүрген халықтың
тілінен алынған Бұл атаулар әлгі халықтар сол жерден басқа жаққа кетіп,
орнына басқа халық келсе де, алғашқы қалпында сақталып, ғасырлар бойы
өмір сүреді.
52